21
Алгебра және анализ бастамалары курсымен орта мектептегі алгебраны
оқыту аяқталады. Берілген курс анализ бастамаларына қатысты ұғымдарды,
тұжырымдар мен
әдістерді
мазмұндық
ашумен, олардың
тәжірибелік
маңыздылығын айқындаумен сипатталады.
Алгебра және анализ бастамаларын игеру оқушылардың ой-өрісін,
логикалық пайымдау, дәлелдеулер жүргізу,
практикалық есептерді шығару
барысында математикалық білімдерін қолдану біліктігін дамытуға бағытталған;
математикалық
оқу
қызметіне
оқушыларды
қатыстыруға,
олардың
математикалық материалды түсінуіне бағытталған жұмыстардың белсенді
түрлерін көбейтуді көздейді. Сонымен қатар математиканы оқытудың бір
құрамдас бөлігі ретінде визуальды оқытуды күшейту
мақсатында ақпараттық
технологияларды қолдануға көңіл бөлінеді.
Пәнді оқытудың мақсаты
: ғылымның универсал тілі, құбылыстар мен
процестерді моделдеудің құралы ретінде математика туралы түсінікті
қалыптастыру;
қоғамдық
прогресс
үшін математиканың
маңыздылығын
түсіндіру; мектептегі жаратылыстану-математикалық циклі
пәндерін игерудің
және болашақ кәсіптік қызметке байланысты білімді жалғастыруда негізі
ретінде алгебра және анализ бастамаларының базистік негіздерін игеру.
Пәнді оқыту міндеттері
:
–
оқушылардың математиканың ауызша және жазбаша тілдерін; түрлі
есептерді шығару барысында ауызша және жазбаша қатынастың әртүрлі
құралдарын қолдану біліктігін меңгеруі;
математикалық ойлау
мен интуицияны, математикалық қабілеттілікті
дамыту;
–
алгебра және анализ бастамаларының
қолдану
аймағы
туралы
оқушылардың түсініктерін кеңейту; математиканың есептерін шығаруда жаңа
тәсілдерді игеру; есепті шығаруда таңдаған тәсілін басқа да мүмкін болатын
тәсілдермен салыстыру арқылы негіздей алу;
Достарыңызбен бөлісу: