Жаратылыстану-математикалық бағытта бейіндік оқытудың әдістемелік ерекшеліктері


 Жаратылыстану-математикалық бағытта бейіндік-бағдарлы білім



Pdf көрінісі
бет3/34
Дата07.02.2022
өлшемі0,99 Mb.
#85336
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34
1.2 Жаратылыстану-математикалық бағытта бейіндік-бағдарлы білім
беруді дамытудың тұжырымдамалық негіздері
Мектептің негізгі орта білім деңгейін аяқтаған оқушылар таңдау бағытына
қарай жалпы орта білім беру деңгейінде оқуларын жалғастырады.
Жалпы орта білім беру оқушының табиғат, қоғам және адам туралы
біртұтас, аяқталған білім жүйесін меңгеруін, функционалдық сауаттылығының
дамуын, тұлғаның интеллектуалдық, рухани-адамгершілік және физикалық
дамуын, білім мазмұнын саралау, кіріктіру және бейіндеу негізінде болашақ
мамандығының бағытын таңдау жағдайын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар
оқушылардың бағдарлы бағыттар шеңберінде өз бетінше білімге деген
сұраныстары мен қызығушылықтарын анықтау, сондай-ақ олардың өмір бойы
оқуға дайындығын қамтамасыз ету және мамандық таңдауға дайындығы
негізінде әртүрлі типтегі білім беру мекемелерінде бейіндік-бағдарлы білім
беруге мүмкіндік береді.
Бейіндік-бағдарлы білім беру – оқушының тұлғалық және өмірлік өзін-өзі
анықтауын қамтамасыз ететін, оқытудың даралануы мен саралануын жүзеге
асыратын жалпы орта білім беруді аяқтау кезеңі. Бұл оқыту әрекетінің
ұйымдастыру жүйесінде жоғарғы сынып оқушыларының қызығушылығы мен
талабы, қабілеттері ескерілген жағдайда оқушының танымдық, болашақ кәсіби
бағдарына сәйкес дербес дамуы үшін бейіндік оқыту жүзеге асырылады [21].
Бейіндік оқыту – жалпы орта білім беретін мектептердің жоғары
сыныптарында даралап оқытуға, оқушының әлеуметтенуіне, сонымен қатар
орта және жоғары кәсіптік білім беру мекемелерімен ынтымақтастығына
бағытталған арнайы дайындық жүйесі [3].
12 жылдық білім беру жүйесіндегі бейіндік оқытудың мақсаты –
жаратылыстану-математикалық, қоғамдық-гуманитарлық
бағыттары және
олардың ішкі бағдарларға бөлінуі бойынша жалпы орта білім беру мазмұнын
саралау, жүйелеу, кіріктіру және кәсіптік бейімдеу жолымен оқушылардың
қабілеттеріне, бейімділіктеріне, өмірлік қажеттіліктеріне сәйкес жеке білім беру
бағдарламаларын таңдап алып, сапалы білімді игеруіне мүмкіндік беру болып
табылады.
Жалпы орта білім беру деңгейіндегі жоғары сыныптарға арналған типтік
оқу жоспарын шартты түрде үш бөлікке бөлуге болады:
1) жалпы білім беретін базалық пәндер. Бұл сыныптағы барлық оқушылар
үшін міндетті болып саналады;
2) белгілі бір бағыттағы таңдаған оқушылар үшін міндетті және сол
бағытты толық анықтайтын тереңдетілген бейіндік пәндер;
3) оқушылардың өз таңдауы бойынша енгізілетін таңдау (қолданбалы)
курстары.


12
Типтік оқу жоспарының алғашқы екі бөлігі (базалық және бейіндік пәндер)
инварианттық компоненттің, ал соңғы бөлігі (қолданбалы курстар) вариативтік
компоненттің құрамына енеді.
Бейіндік 
оқытудың
базалық
пәндері
және 
олардың
мазмұны
жаратылыстану-математикалық
және
қоғамдық-гуманитарлық
бағыттарда
біркелкі болады. Ал, бейіндік пәндердің білім мазмұны оқушылардың
мүдделерін, қабілеттері мен қажеттіліктерін есепке ала отырып тиімді
педагогикалық жағдайлар жасауға бағытталады. Сонымен қатар, ол барлық
оқушыларды жоғары оқу орындарының сәйкесінше мамандықтарында кәсіби
білім алуға қажетті дайындық деңгейімен қамтамасыз етеді.
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы бейіндік пәндер және олардың
мазмұны: оқушы тұлғасының интелектуалдық әлеуетін дамыту мақсатында
физика-математикалық және химия-биологиялық білім беруді; бағдар бойынша
базалық пәндерді тереңдетіп оқытуды;
қоршаған әлемді түрлендірудегі
математиканың, информатиканың, физиканың, биологияның және химияның
рөлі 
туралы 
түсініктерін
қалыптастыруды;
оқушылардың
логикалық,
математикалық, 
ғылыми-жаратылыстану, 
инженерлік 
ойлауын
қалыптастыруды, әртүрлі өмірлік жағдайларға және болашақ кәсіби қызметіне
қажетті оқушылардың аналитикалық, практикалық біліктері мен дағдыларын
жетілдіруді; оқытуды бейіндендіруге жағдай жасауды және оқушыларды одан
әрі кәсіби өзін-өзі анықтауға, өзін-өзі дамытуға даярлауды қамтамасыз етеді
[22, 23].
Жаратылыстану-математикалық білім жалпы білімнің құрамдас бөлігі
болғандықтан, оны іріктеудің негізгі ұстанымдарына: білім мазмұнының қоғам
сұраныстары мен талаптарына сәйкестігін; ғылымилығы мен жүйелілігін;
ізгілігі мен құндылығын; кіріктірілгендігі мен реттілігін; білім мазмұны
құрылымының
білім берудің
барлық
деңгейіндегі
сабақтастығы мен
үздіксіздігін; оқытудың мазмұндық және процессуалдық жақтарының бірлігін,
оқыту мен практиканың байланысын жатқызамыз. Білім мазмұны осы
ұстанымдарға бағынуы тиіс, өйткені мазмұнды таңдау мен оның құрылымын
түзудің дұрыстығы оқытудың тиімділігі мен сапасына ықпал ететін аса
маңызды фактор болып табылады [13, 24].
12 жылдық мектептегі жаратылыстану-математикалық білім мазмұнын
таңдап алу мен оның құрылымын түзудің тұжырымдамалық негіздері
жаратылыстану-математикалық білім беруді
құзыреттілік тәсіл негізінде
дамытудың теориялық моделін құруға мүмкіндік берді (1-сурет).
Құрылған модель мақсаттық, мазмұндық, процессуалдық және нәтижелік
құраушылардан тұрады, сондай-ақ онда жаратылыстану-математикалық білім
беруді дамытудың кезеңдері, құзырлардың құраушылары, жаратылыстану-
математикалық білімді игерудің білу, түсіну, қолдану, білік деп бөлінетін төрт
деңгейі қамтылған. Оқытудың күтілетін нәтижесі ретінде алған білімінің,
кәсіби дағдыларының негізінде өмірдің өзгермелі жағдайларында еркін
бағдарлай алатын, өзінің алған білімін іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және
адамгершілік тұрғыда өз бетінше дұрыс, жауапты шешім қабылдауға қабілетті
тұлға қалыптастыру көрсетілген.


13
1-сурет – Жаратылыстану-математикалық білім беруді құзыреттілік тәсіл
негізінде дамытудың теориялық моделі
Іс-әрекеттік
Білу
Түсіну
Қолдану
Жаратылыс-математикалық білім мазмұнының құрамдас бөліктері
Мотивациялық
Танымдық
Эмоцияоналдық-құндылық
Жаратылыс-математикалық білім беруді дамытудың педагогикалық шарттары
«Математика және
информатика»,
«Жаратылыстану» білім
салалары бойынша білім
беру және оқу
бағдарламалары, ОӘҚ
Құзырлылық тәсілді
жүзеге асырудағы
тұрғалық және іс-
әрекетке бағдарланған
педагогикалық
технологиялар
Нәтижеге бағдарланған
білім беру идеялары мен,
оқытудың дамытушы
технологияларын
меңгерген құзырлы
мұғалім
Оқушы мен мұғалімнің
бірлестікте өнімді қызмет етуіне,
оқушының өз бетімен танымдық
іс-әрекетін білімдерін кіріктіре
пайдалануға мүмкіндік беретін
педагогикалық орта
Әлеуметтік
ҚАЖЕТТІЛІК
МАҚСАТ -
жаратылыстану-
математикалық білім
беруді дамыту
Қоғам
Оқушы
Мектеп
Қоғамның
жасөспірімдерді 
оқыту 
мен
тәрбиелеуге
қоятын
әлеуметтік тапсырысы
ретіндегі ұлттық мақсат
Өмірлік маңызы бар жағдаяттарды шешуге
негіз болатын білімдік мақсат
Жалпы білім беретін пәндердің
мазмұны
арқылы 
жүзеге 
асырылатын 
білім 
беру
қызметтеріндегі оқыту мақсаты
Құзырлардың құраушылары
Білім,
білік,
дағды
Іс-әрекет
тәсілдері
Шығармашылық
іс-әрекет
Құндылық
бағдарлар
Өзін-өзі
ұйымдастыру
Іс-әрекеттік
мотивтер
НӘТИЖЕСІ: алған білімінің, кәсіби дағдыларының негізінде өмірдің өзгермелі жағдайларында еркін бағдарлай алатын,
өзінің алған білімін іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және адамгершілік тұрғыда өз бетінше дұрыс, жауапты шешім
қабылдауға қабілетті тұлға
Жаратылыс-математикалық білім беруді дамыту кезеңдері
Мотивациялық
бағдарлаушы
Іс-әрекеттік
орындаушылық
Рефлексивті-
бағалаушылдам
ытуға, табиғат
жайлы ық
Жаратылыс-математикалық білімді игеру деңгейлері
Білік


14
Сонымен 12 жылдық мектептегі жаратылыстану-математикалық бағытта
бейіндік-бағдарлы
оқытуды дамытудың
басымды бағыттарын былайша
тұжырымдауға болады:
– оқушылардың
жекелей
қабілеттері мен бейімділіктерін
ертерек
айқындау және тұлғалық пен кәсіби қалану болашағын ертерек жоспарлау;
– жоғары сынып оқушыларының өздігінен практикалық іс-әрекет ету мен
өзін-өзі дамыту бойынша білімдерін қолдану үшін түйінді құзыреттіліктері мен
қабілеттерін дамыту;
– бейіндік мектепте оқуға ынтаны күшейту, жаңашыл ойлау мен сыни
тұрғысынан ойлауды, өзіндік білім алуды қалыптастыру;
– білім беру мазмұнының қолданбалы сипатын нығайту және білім беру
үдерісі үшін оқу-өндірістік жағдай жасау арқылы оқушылардың тереңдетілген
түрдегі кәсіби-бейімделген оқуын ұйымдастыру [24];
– жоғары мектеп компонентін «Бейіндік мектеп» бағдарламасының
мазмұнына 
кіріктіру 
жолымен,
жаратылыстану-математикалық
бағытта
оқушылардың жоғары оқу орнында оқуларын жалғастыру үшін оңтайлы
жағдаймен қамтамасыз ету [3];
– кредиттік оқыту жүйесінің элементтерін енгізу және кәсіптік мектеп пен
өндіріс саласының арасындағы әлеуметтік серіктестікті дамыту жолымен
инновациялық
технологиялар мен
қазіргі заманғы
өндірістің
бастапқы
негіздерін игеру;
– ауыл жастарының мүдделерін ескере отырып, ауылды сақтау мен
дамыту мақсатында мамандықтардың алғашқы деңгейін ертерек игерулері үшін
ауылдық аймақтарындағы оқушыларға жағдайлар жасау;
– еліміздің индустриалдық-инновациялық дамуын және экономиканың
дамуының өңірлік ерекшеліктерін ескере отырып, өмірлік келешектерді саналы
түрде анықтауға оқушыларды дайындау;
– типтік оқу жоспарының вариативтік компоненті мазмұнын кеңейту
жолымен оқыту мазмұнын саралау және жеке білім беру бағдарламаларын
жүзеге асыру;
– оқушылардың жаңашылдықпен ойлауын және креативтілігін, өздігінен
ғылыми-зерттеу және жобалау іс-әрекеттерін жасау, өздігінен білім алу
дағдыларын қалыптастыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет