50
мазмұны жоғары
ғылыми деңгейде, бірақ
оқушыларға түсінікті түрде
қабылдануын қамтамасыз етеді.
Жаратылыстану-математикалық бағытта «Биология» пәнін
оқытудың
мақсаты:
тірі материя, оның биологиялық құрылым деңгейлері туралы негізге
алынатын түсініктерді қалыптастыру;
тірі және өлі материяның жалпы белгілерін оқушыларға ұғындыру;
жасушалық теорияның негізгі қағидалары туралы білім қалыптастыру;
өсімдік және жануар жасушаларының құрылысы туралы түсінік
қалыптастыру;
органикалық және бейорганикалық заттардың рөлі туралы білім
қалыптастыру;
организмнің жеке даму заңдылықтары туралы түсінік қалыптастыру;
органикалық дүние дамуының негізгі ретінде генетикалық заңдылықтар
туралы түсінік қалыптастыру;
адамның
тұқымқуалаушылығына
қоршаған
ортаның
қолайсыз
факторларының зиянды әсері туралы түсінік қалыптастыру;
Оқытудың міндеттері:
түр және оның критерийлері туралы түсініктің мәнін ашып көрсету;
эволюциялық ілімнің негіздері туралы білім қалыптастыру;
экология пәні және экологиялық факторлар, экологияның міндеттері,
экожүйелер, биоценоз, биосфера түсініктерінің мәнін ашып көрсету;
экологиялық жүйелерге адамның іс-әрекетінің әсерін ашып көрсету;
табиғатты қорғау бойынша қазақ халқының салт-дәстүрлерінің мәнін
ашып көрсету;
Қазақстанның табиғатын қорғау туралы Қазақстан Республикасының
заңдарын негіздеу;
цитологияның міндеттерін игеру;
жасушалық теорияның негізгі қағидаларын меңгеріп алу;
энергия алмасудың кезеңдерін және оның жасушадағы рөлін сипаттау;
органикалық дүниедегі көбею әдістері мен жасушалардың бөліну
типтерін игеру;
организмнің дамуын және орта жағдайларын сипаттау;
тұқымқуалаушылықтың негізгі заңдылықтарын ашып көрсету;
өзгергіштіктің негізгі заңдылықтарын ашып көрсету;
селекция және биотехнология негіздерін сипаттау.
Жаратылыстану-математикалық бағытта биологияны оқытудағы күтілетін
нәтижелер келесі құзыреттіліктердің қалыптасу деңгейлеріне сәйкес болуы
керек [33, 34, 35, 36]:
Достарыңызбен бөлісу: