Жаратылыстану математикалық факультетінің деканы Қарағойшин Ж. М


Дәрістің мазмұны: Факультатив сабақтарының оқу- тәрбиелік мәні



бет28/39
Дата20.06.2018
өлшемі1,37 Mb.
#43562
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   39

Дәрістің мазмұны:

  1. Факультатив сабақтарының оқу- тәрбиелік мәні.


  2. Факультатив сабақтарының жіктелуі.

  3. Факультатив сабақтарының формалары мен әдістері.

Оқушылардың қабілеті мен икемділігі ескерілмей бірыңғай бағдарламалармен оқытылған кездің өзінде кейбіреулердің жеке ғылымдар саласына деген құштарлығы, көбірек білгісі келетіні байқалып жүрді. Осындай оқушылар үшін 1966 жылдан бастап факультативтік сабақтар ұйымдастырылды. Бұлардың кәдімгі сабақтардан айырмасы тереңдетіп оқитын факультативтік пәндерді оқушылардың өздері таңдайды.

Химиядан екі түрлі факультативтік курстар өткізу ұсынылды. Біріншісі- орта мектепте өтілетін химияның салаларынан білімді тереңдету факультативтері, олар: «Жалпы химияның негіздері», «Органикалық заттардың құрылысы мен қасиеттері». Екіншісі – химияның халық шаруашылығнда қолданылуымен байланысты арнайы факультативтер: «Өнеркәсіптік химия», «Ауыл шаруашылығындағы химия», «Химиялық анализдің негіздері».

Факультативтердің әрқайсысына бөлінетін уақытты бағдарламасын, оқу құралдарын халыққа білім беру министрліктері бекітеді. Факультативтік курстарды мұғалімдер, жоғарғы мектептің мұғалімдері, ғылыми қызметкерлер, өнеркәсіптің және ауыл шаруашылығының мамандары жүргізеді.

Факультативтік сабақтар дәріс, әңгімелесу, оқушылардың өздігінен істейтін жұмыстарды, т.б. арқылы өткізіледі. Мұнда іздеу, зерттеу әдістерін жиі қолдануға зор мүмкіндіктер туады. Оқушылар өздігінен жұмыс ретінде рефераттар баяндамалар мен кестелер әзірлейді, құралдар құрастырады, оқулықтармен, оқу құралдарымен, анықтамалармен және ғылыми- көпшілік әдебиеттермен танысады және қысқаша жазбалар жазады. Факультативтік курстар оқу материалындағы өлкелік деректердің үлесін артыруда, кәсіптік бағдар беру арқылы жергілікті қажеттіліктерді неғұрлым толық өтуге жағдайлар жасайды.
Өзін- өзі тексеретін сұрақтар:


    1. Факультатив сабақтарының мақсаты қандай?

    2. Факультатив сабақтарының негізгі сабақтарға ұқсастығы мен айырмашылығы?

    3. Факультатив сабақтары қандай үш топқа жіктеледі?

    4. Факультатив сабақтарының негізгі тақырыптары.

    5. Факультатив сабақтарының формалары мен өткізу әдісі қандай?

Әдебиет:


1. Нұғыманұлы И. Химияны оқыту әдістемесі. Алматы, 1993, ІХ - тарау,

124-127 беттер.

2. А.Мырзабайұлы. Химияны оқыту әдістемесінің педагогикалық негіздері.

Алматы, 2004, , ІІ бөлім, ХІІ - тарау, 144 - 154 беттер.

3. Нұғыманұлы И. Химияны оқыту әдістемесі. Алматы, 2005, ІХ - тарау,

152-156 беттер.

4. Факультатив сабақтар. // Химия мектепте, 2005, №2, 13-19 беттер
2 дәріс

Тақырыбы: Химияның алғашқы ұғымдары мен түсініктерін қалыптастыру.

Дәріс мақсаты: Химияның алғашқы ұғымдарын қалыптастыру әдістемесімен таныстыру. Зат туралы түсінік қалыптастыру.

Дәрістің мазмұны:

  1. Химия кіріспе бөлімінің оқу – тәрбиелік маңызы.


  2. «Зат, таза зат және қоспа» ұғымдарын қалыптастыру.

  3. Заттың өзгерістері туралы ұғымдарын қалыптастыру.


Тірек сөздер: зат, таза зат, қоспа, химиялық реакция, физикалық және

химиялық құбылыстар.

Химиялық ұғымдарды қалыптастыру тақырыпта берілетін түрлі химиялық түсініктермен қатар, оқушылар ғылыми деректерді, заңдарды меңгереді.

Мысалы, зат массасының сақталу заңы, құрам тұрақтылық заңы, атом-молекулалық ілімнің негізгі қағидалары сияқты заңдылықты меңгерумен қатар, оқушының логикалық ой-өрісі дамып, жаңа идеяны қабылдауы, пәнге қызығушылығы артып, белгілі бағытта ғылыми дүние – танымы, соған қатысты материалистік көзқарасы қалыптасады.

Тақырыпты оқып-үйренудің негізгі міндеті төмендегідей: заттар жайлы химиялық түсініктер мен деректердің қалыптасуы; зат қасиеттерінің құрамы мен құрылысына тәуелділігі; қолданылуы; заттардың бір-біріне айналуы нәтижесінде олардың көп түрлілігі; оларды жіктей білу; табиғаттағы құбылыстардың өзара байланыстылығын түсіндіру арқылы химиядан алған білімді қорытындылай білу және атом-молекулалық ілімнің негізгі қағидалары арқылы табиғаттағы заттарды танып-білу сияқты процестермен таныстыру.

Тақырыпты өтіп болған соң, оқушылардың алған білімді игеруі мен лабораториялық тәжірибені орындаудағы икемділік дағдысы едәуір қалыптасып қалатыны анық.

Оқытудың мақсаты мен мазмұнына қарай «Бастапқы химиялық түсініктер» тақырыбын төмендегідей бөліп қарауға болады.

Заттар және олардың қасиеттері. Бұл тақырыптың негізі – молекула-кинетикалық теория. Физика пәнінің кейбір тақырыптары қайта қарастырылады.

Атом. Химиялық элементтер. Химиялық реакциялар. Химияның бастапқы тақырыптары атом-молекулалық ілім негізінде басталады.

Жай және күрделі заттар. Құрам тұрақтылық заңы. Химиялық формулалар. Бұл бөлімдегі тақырыптың мәні – оқушыларға заттың химиялық формуласындағы атомдардың арақатынастарын ескере отырып, олардың массалық мөлшерін есептеуді үйретеді.

Зат массасының сақталу заңы. Химиялық теңдеулер. Бұл тақырыптың мақсаты – химиялық реакция теңдеуін жазудың басты себебін түсіндіреді.

Химиялық реакция типтері. Бұдан бұрын оқылған материалды қайталай отырып, химиялық тәжірибені орындай білудің алғашқы дағдысын қалыптастыру.


Өзін- өзі тексеретін сұрақтар:

    1. Химияның алғашқы ұғымдарын екі жүйе бойынша жіктеп, сызбанұсқа сызыңдар:

а) зат ұғымдарының жүйесі

ә) химиялық реакция ұғымдарының жүйесі.

2. Химияның пәнімен таныстырғанда пәнаралық байланыс қалай жүзеге асады?

3. Таза зат және қоспа ұғымдары қалай қалыптасырылады?

4. Заттардың қасиеттерімен танысуға арналған зертханалық жұмыстың жазбаша

нұсқайын әзірлеңдер.

5. Заттың өзерістері туралы ұғымдар жүйесін сатылары бойынша сипаттап,

химиялық реакция ұғымына анықтама беріңдер.

6. Атом, химиялық элемент, жай зат және күрделі зат ұғымдары арасындағы өзара

байланысты көрсетіңдер, оларды анықтаудағы методикалық тәсілдерді


сипаттаңдар.

Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет