Жаратылыстану математикалық факультетінің деканы Қарағойшин Ж. М



бет29/39
Дата20.06.2018
өлшемі1,37 Mb.
#43562
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   39

Әдебиет:


1. Нұғыманұлы И. Химияны оқыту әдістемесі. Алматы, 1993, ХІ - тарау,

138 -150 беттер.

2. Нұғыманұлы И. Химияны оқыту әдістемесі. Алматы, 2005, ХІ - тарау,

167-178 беттер.


3 дәріс



Тақырыбы: Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары туралы қалыптастыру.

Дәріс мақсаты: Тақырыптық бағдарламадағы орны мен көлемін көрсете отырып, оларды оқыту әдәстемесіне тоқталу.

Дәрістің мазмұны:


  1. Бейорганикалық қосылыстардың маңызды кластары туралы

ұғымдардың оқу-тәрбиелік маңызы және орны.

  1. Оқу материалының орналасуы және берілетін білімнің көлемі.

  2. Бейорганикалық қосылыстардың маңызды кластары

жөніндегі білімді қорытындылау.

  1. Бейорганикалық қосылыстар арасындағы генетикалық байланыс.

  2. Бейорганикалық қосылыстардың маңызды кластары

туралы ұғымның дамуы.
Тірек сөздер: оксид, негіз, қышқыл, тұз, генетикалық байланыс.

Оқушылар заттардың құрамы, жіктелуі, табиғатта таралуы, алынуы және қолданылуы жайында нақтылы ұғымдар алады. Әр класқа жататын заттардың жалпы және жеке қасиеттерімен тәжірибе жүзінде танысады. Денеге, киімге бүлдіре әсерін тигізетін қышқылдармен, сілтілермен және басқа заттармен жұмыс істеуге үйренеді. Эксперимент жасаудың білімі мен дағдысына машықтанады.

Химиялық реакциялардың жүру жағдайлары, белгілері, механизмі және типтері туралы алған білімдерін жетілдіреді, реакцияның жаңа типтерімен танысады.

Атом- молекулалық ілімнің негізгі қағидалары жөніндегі білімді заттардың қасиеттерін болжау, түзілетін заттардың құрамын бағдарлау, химиялық реакциялардың бағытын және қалай жүретінін түсіну үшін пайдаланады.

Химиялық элемент, жай зат және күрделі зат ұғымдары жаңа сатыға көтеріледі. Бейорганикалық қосылыстар кластарының арасындағы генетикалық байланыстарды ашу арқылы периодтық заң мен периодтық жүйені саналы игеруге әзірленеді.

Оқушылардың химиялық тіл туралы білімі тереңдейді. Заттардың құрамы мен қасиеттері тұрғысынан терминдерді, оксидтер, қышқылдар, негіздер және тұздар номенклатурасының негіздерін үйренеді. Валенттілік, химиялық формулалар және теңдеулер құрастыру жөніндегі білімі мен біліктері нығаяды.

Оқу- тәрбиелік маңызы зор болғандықтан, химияның бағдарламалары мен оқулықтарында бейорганикалық қосылыстардың маңызды кластарына едәуір мол орын беріліп келеді.

1935-1950 жылдарда бөлек тақырып ретінде оқытылып, 7-класта басталып 8-класта аяқталды. Оқу материалы концентризм принципі бойынша орналастырылды. VII класта өтілетін деректі материалдың көлемі үлкен болғандықтан оқушыларға ауыр тиді. Оның үстіне бейорганикалық қосылыстар жөнінде аяқталған білім беруге тырысу байқалды. Бұл кезеңде материалды орналастырудың генетикалық негізі үстем болды. Алдымен оксидтер қарастырылып, олардың гидраттануы арқылы негіздерге және қышқылдарға ауысу жүзеге асырылды. Мұның кемшілігі оқушылар іс жүзінде жүрмейтін реакциялардың теңдеулерін жазды, білімнің үстірт болуына әкеліп соқты.

Бейорганикалық қосылыстардың мазмұны, оқылу реті, методикалық тәсілдері бірнеше рет өзгергенімен алғашқы ұғымдарды қалыптастыруды теориялық деңгейі атом- молекулалық ілімнің сатысында қадып отырды. Алмасу реакцияларының ақырына дейін жүру жағдайларын, иондық механизмін қарастыру мүмкін болмады.

Оксидтер, негіздер, қышқылдар және тұздар туралы алғашқы ұғымдар қалыптасуының үш кезеңі бар. Бірінші кезеңде бұл заттардың құрамы және кейбір химиялық қасиеттері атом молекулалық ілім тұрғысынан түсіндіріледі. Екінші кезең периодтық заң және периодтық жүйе, заттың құрылысы өтілгеннен кейін басталады. Әр класқа жататын заттардың химиялық байланыстарының түрлері, кристалл торлары және қасиеттері электрондық теорияның тұрғысынан қарастырылады. Үшінші кезеңде (ІХ класс) бейорганикалық қосылыстар туралы ұғымдар электрон- иондық көзқарастармен байытылып дамиды. Оқушылардың біліімі жаңа сатыға көтеріледі. Үш кезеңге сәйкес оксидтер, негіздер, қышқылдар және тұздар туралы берілетін білімнің көлемі мен орнын келтіреміз.

Оксидтер туралы алғашқы ұғым оттегінің қасиеттерін өткенде беріледі. Металдарға және бейметалдарға жаттатын жай заттардың оттегімен тотығуының нәтижесінде күрделі заттар- оксидтер түзіледі. Тәжірибелерді бақылау нәтижесінде оқушылар түзілген күрделі заттар екі элементтен тұратыны, оның оның біреуі оттегі екені жөнінде қорытындыға келеді.

Осы белгі оксидтерді анықтауға негіз болады. Оксидтер туралы жалпы ұғым металл оксидтері және бейметалл оксидтері деп екіге жіктеледі. Олардың физикалық қасиеттерін зерттейтін зертханалық жұмыс өткізіледі. Бақылау нәтижелері кесте түрінде жазылады.

Оқушылар тұздармен алғашқы рет металдарды қышқылмен әрекеттестіріп сутек алғанда танысады. Мұнда да ұғымды анықтаудың негізгі белгісі- құрамы. Тұздар металл атомдары мен қышқыл қалдықтарынан тұрады. Оқушылар еритін және ерімейтін, орта және қышқыл тұздармен танысады. Қышқылдардың металл оксидтерімен, бейметалдар оксидтерінің сілтілермен әрекеттесуін және бейтараптану реакциясын өткенде тұздар алудың жолдары туралы оқушылардың білімі нығаяды. Бұл алғашқы кезеңде тұздардың химиялық қасиеттері қарастырылмайды.

Әңгімелесуден кейін оқушылардың өздігінен істейтін жұмыстары ұйымдастырылады. Заттарды кластарға бөлу, заттың қай класқа жататынын дәлелдеу (эксперимент есебі), құрамы бойынша затты атау, аты бойынша формуласын жазу тапсырмалары орындалады, мысалы:

Келесі сабақта оксидтердің жіктелуі мен химиялық қасиеттері қорытылады. Оксидтердің анықтамасы, жіктелу негіздері, әр типке жататын оксидтердің белгілері туралы әңгімелесу ұйымдастырылған соң өздігінен жұмыс орындалады. Оқушылар өткенде кестеге жазылған оксидтерді немесе мұғалім формулаларын берген оксидтерді жіктеп кесте түрінде жазады, оксид түзуші элементтердің валенттілігін көрсетеді. Бір элементтің төмендігі валенттлігінде негіздік оксидтің, ал жоғарғы валенттілігінде қышқылдық оксидтің қасиеттерін білдіретініне назар аударады, мысалы: MnO - негіздік оксид, Mn2O7 - қышқылдық оксид.

Бір жағынан бұл теориялық материалды өтуге дайындаса, екіншіден өзі сол қөзқарастар тұрғысынан қайта қаралып, дамуының екінші кезеңіне өтеді. Бұл кезеңде оқушылардың білімі электрондық тұрғыдан кеңейеді. Заттың құрылысы мен қасиеттерінің арасындағы тәуелділік тереңірек түсіндіріледі. Негіздік оксидтер иондық байланысы бар заттар, оксид түзуші элементтің ион заряды да екіден аспайды. Иондық торы болатын бұл оксидтер, сумен, қышқылдармен және қышқылдық оксидтермен әректтескенде металдың оттегімен химиялық байланысы үзіледі. Қышқылдық оксидтер полюсті ковалентті байланысы бар заттар, оксид түзуші элементтердің тотығу дәрежелері жоғары +4 – тен +7 –ге дейін жетеді. Бұларда элементтердің оттегімен байланысы берік келеді. Екінші кезеңде қышқылдардағы сутегімен қышқыл қалдығы, бейметалмен оттегі арасындағы байланыстардың сипаты ашылады. Негіздердің құрылысы мен қасиетінің кристалл торлары типіне тәуелділігі айқындалады. Тұздар түзетін кристалл тордың типі және иондар арасындағы байланыс электрондық теория тұрғысынан түсіндіріледі.



Өзін- өзі тексеретін сұрақтар:

  1. Бейорганикалық қосылыстар туралы ұғымдардың оқу- тәрбиелік маңызы қандай?

  2. Бейорганикалық қосылыстардың маңызды кластары туралы ұғымдар қалыптасуының неше кезеңі бар?

  3. Бірінші кезеңде оқу материалы қалай орналастырылады? Бұл саладағы методикалық пікірдің дамуын сипаттаңдар.

  4. Оксидтер туралы ұғымның қалыптасуы және дамуы ретімен баяндаңдар.

  5. Қышқылдар туралы ұғымның қалыптасуы және дамуы қалай жүзеге асады?

  6. Негіздер туралы ұғымның қалыптасуы және дамуы ретімен баяндаңдар.

  7. Тұздар туралы ұғымның қалыптасуы және дамуы қалай жүзеге асады?

  8. Оксидтер, негіздер, қышқылдар және тұздар туралы білімді қорытындылаудың методикалық мәселелерін сипаттаңдар.

  9. Бейорганикалық қосылыстар арасындағы генетикалық байланысты қалай ашу керек, бұл материалдың ғылыми қөзқарас қалыптасуындағы маңызын көрсетіңдер.

Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет