Адамның өмірлік жолы
Пренатальды кезең – ұрықтанғаннан бастап баланың туылуғанға дейін
|
Нәрестелік – туылғаннан 18-24 айға дейін
|
Алғашқы өмірдің 2 жылы-12-15 айдан 2-3жасқа дейін
|
Ерте балалық шақ – 2-3 жастан 5-6 жасқа дейін
|
Орта балалық шақ – 6 жастан 12 жасқа дейін
|
Жасөспірімдік және жастық шақ – шамамен 12жастан 18-27 жасқа дейін
|
Ерте ересектік – 18-27 жастан 40 жасқа дейін
|
Орта ересектік - 40-тан 60-65 жасқа дейін
|
Қарттық – 60-65 тен өлгенге дейін
|
Бірақ бұл кестеде келтірілген кезеңдер және жастық шектер әмбебап болмайды. Бұл кесте жалпы схеманы суреттейді.
. Адам дамуының мәселелері
Кейбір даму процестері, прентальды және бастапқы пубертатты кезең немесе, шаштың ағаруы биологиялық даму процесі болып табылады. Адам өмірі барысында болатын даму бөлігі биология мен тәжірибенің өзара әрекетінің жетістігі болып табылады. Адам-
дағы биологиялық бастама мен оның даму тәжірибесі орта мен тұқымқуалаушылықтың өзара әрекеті ретінде қарастырылады.»Өсу», «есею», «қартаю» терминдері биологиялық процеске жатады.Үйрету – практиканың немесе жинақталған тәжірибенің уақытқа қатысты болып отыратын өзгерісі. Есею мен үйрену мәселесі белгілі бір өзгеріспен жүретін дағдарыс кезеңдері болама, сонымен байланысты.Туғаннан кейінгі бірнеше сағатқа созылатын дағдарыс сәті импринтинг деп аталады.
Балалардың психикалық дамуы бір қалыпты болмайды, бала психикалық бейненің қандай да бір негізгі белгілерін ұзақ уақыт бойы сақтағанда дамудың біршама баяу, бірте-бірте өзгеретін кезеңдері және бұрынғы психикалық белгілердің азаюымен және жаңа белгілердің пайда болуымен байланысты,кейде баланы неғұрлым тез, өзгертіп жіберетін өзгерістер кезеңі байқалады. Осы секірмелі өзгерістерге өтуді даму дағдарысы деп атайды.Олар жас ерекшелігіне қарай бірнеше кезеңге бөлінеді.Олар балалық шақтағы: 1жастағы және 3, 7, 13-14, 17-18 жастадағы дағдарыс. содан соң 25, 33-35, 45-55, және есейген шақтағы дағдарыстар.
Достарыңызбен бөлісу: |