Қазақ тілі сабағында «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғыдан
ойлауды дамыту» бағдарламасын жүзеге асыру.
«Жаман мұғалім шындықты (білімді) өзгі айтып,
хабарлайды, жариялайды, ал жақсы
мұғалім шәкірттерді оны табуға үйретеді».
Афольф Дистервег
«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғыдан ойлауды дамыту» бағдарламасының ерекшелігі неде?
Бала өмірге, қоршаған ортаға сын көзбен қарауды, салыстыруды, айырманы талдауды, зерттеуді танып үйренеді. Бұл бағдарламаның әдіс- тәсілдерін орынды пайдаланғанда ғана өзінің оң нәтижесін береді.
Сабақ негізінен үш сатыдан тұрады:
Қызығушылықты ояту. Ойды қозғау мақсатында «Ассоциация» стратегиясы арқылы оқушының білік, білім дәрежесін тануға болады. Шәкірт сұрақ қоя біліп, мақсат қоюға үйренеді. Өзінің бұрынғы білім деңгейін анықтайды.
Мағынаны тани білу. Оқушы жаңа оқу материалдарымен танысып, білімін толықтырады. Бұл кезеңде «Дөңгелек үстел», «Түртіп алу әдісі», «Авторлық үстел», «Джик СО» сияқты стратегияларын пайдалануға болады. Оқушылар өз бетімен жұмыс жасайды, бір- бірімен ақпарат алмасады, өзгелерді құрметтеуге, пікір алмасуға дағдыланады.
Ой толғаныс. Шәкірт сабақтан түсінгенін қолданады. Жаңадан алған білімдерін басшылыққа ала отырып, жауапсыз қалған сұрақтарға жауап табады, ізденеді. Шығармашылықпен жұмыс істейді. Бұл кезеңде «Бес жол өлең», «Кубизм», «Соңғы сөзді маған қалдырыңыз», «Венн диаграммасы», «Семантикалық кесте» сияқты стратегияларды пайдалануға болады.
Осы кезеңдердің ұтымды өткізілуі мынадай нәтиже береді:
оқушылар басқалармен қарым- қатынас жасай біледі;
басқаларды тыңдауға, кез келген жауапқа сыйластықпен, түсіністікпен қарауға;
өз ойын топ алдында ашық айта алуға, қорғай білуге;
оқушының оқу мотивациясы өзгереді, өз бетінше ізденуге үйренеді;
ең бастысы сабаққа қызығушылығы артып, балалардың белсенділігі жоғары болады.
Осы технология бойынша жұмыс істегеннен бері сабақ өткізу мәнерімде көп өзгерістер бар. Мысалы, бұрын RWST бағдарламасына дейін сабақтарымда оқушының тілдік қарым- қатынасқа түсуі көбінен сұраққа жауап беру шеңберінде жүзеге асатын, оқу материалын оқушылар негізінен жаттап айтып беретін, сабаққа тұрақты қатысып отыратын балалар саны 5- 6 ғана, көпшілігі оқта- текте іске араласатын.
Ал қазіргі сабақтарымда оқушылар жаппай тілдік әрекетке түседі. Мысалы, Ы.Алтынсариннің «Жаман жолдас» әңгімесін талдау барысында әр оқушы өз ойын айтуға мүмкіндік алды. Алдымен оқушылар «Түртіп алу» әдісімен мәтінмен танысты, бір- бірін толықтырды. Кластер стратегиясы бойынша дос, жақсы, жаман жолдас, адалдық деген ұғымдарға түсінік берді.
Сабақ барысында оқушылар өз таңдаулары бойынша жаман жолдасты жақтаушы және жақсы жолдасқа қарсы екі топқа бөлініп, әр топ мүшесі өзі таңдап алған ұстанымды қорғап қалуға тырысты. Оқушылардың сабақ барысында айтылған ойлары, өз ұстанымдарын қорғау мақсатында келтірген дәлелдері мен мысалдары олардың сабақтың идеясын түсіну, оған ене алу мүмкіндіктерін байқатты. Оқушылар өздерінің, бір- бірінің ой- пікірлеріне сын көзімен қарай отырып, жаңа, тың идеялар туғызды.
Сөзімді түйіндей келе айтарым, ұстаз ұтымды әдістерді пайдалану арқылы оқушының білімге деген ынтасын ұштайды, таным көкжиегін кеңейтеді. Оқушы бірте- бірте ұстаз дәрісін жалыға тыңдаушыдан белсенді ойлаушы, ізденімпаз шәкіртке айналады. Бала тек белгілі мәліметті қабылдаушы емес, сонымен қатар терең ой иесі, жеке тұлға. Ол сын тұрғысынан ойланып, өз ойын дәлелдей білуі керек демекпін.
Сабақтағы әрбір жұмысты аяқсыз
қалдырмауға дағдыланады
Оқушылардың даму деңгейін
үнемі зерттеп отыру,
диагностикалау қажеттілікке айналады
Өзіне сын көзбен қарауды
меңгереді
Сабақ кезеңдеріне сәйкес стратегияларды
дұрыс қолдануға үйренеді
Ең бастысы сабаққа қызығушылығы артып, балалардың белсенділігі өте жоғары болады
Өз ойын топ алдында ашық айтып, қорғай біледі
Басқаларды тыңдаулы, кез- келген жауапқа сыйластықпен, түсіністікпен қарайды
Үлгерімі жоғарлайды
Оқушының оқу мотивациясы өзгереді, өз бетінше ізденуге үйренеді.
Оқушылар басқалармен қарым-қатынас жасай біледі.
Достарыңызбен бөлісу: |