Жас мамандарға арналған көмекші әдістемелік құрал



бет3/4
Дата25.12.2016
өлшемі335,95 Kb.
#4674
1   2   3   4

О

Қ

У

Ш

Ы

Л

А

Р



Сабақтың тақырыбы: Деректі фильм.

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушылар мәтіннің мазмұнын ашады. Деректі

фильмдер туралы жаңа ақпарат алады.

2. Қажетті материалды толық игеру, практикалық түрде

пайдалану арқылы сөйлеу тілін дамыту. Сөйлеу

дағдыларын жетілдіре отырып,

қарым- қатынастық формасын дамыту.

3. Эстетикалық тәрбие беру. Өнерсүйгіштікке, өнер

адамдарына құрметпен қарауға тәрбиелеу.


Көрнекіліктер: «Қазақ кино жұлдыздары» көрмесі, тірек схемалар, таблица,

үлестірме карточкалар, «Бес жол өлең» үлгісі.



Сабақтың барысы:
І. Қызығушылықты ояту.

1. Сабақтың мақсатымен таныстыру.
алғашқы кино «Амангелді»

1928ж. хроникалық кино 4 салаға бөлінеді:

фильм шықты 1. көркем фильм

2. мультипликация

3. ғылыми- көпшілік

4. деректі фильм


ІІ. Мағынаны тани білу.

1. Деңгейлік тапсырмалар:

Үшінші деңгей: берілген сөздерді аударады.

Екінші деңгей: берілген сөздермен сөз тіркестерін құрастырады.

Бірінші деңгей: осы сөздермен сөйлем құрастырады.



2. Мәтінмен жұмыс жасау.

А) - Мәтінді «Түртіп алу» әдісімен оқып шығу.

В) – Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңдер.

- Деректі кино деген не?

- Деректі фильмнің негізі неде?

- Деректі кино неше түрге бөлінеді?

- Қазақстанда алғашқы деректі фильмдер қай жылы түсіріле бастады?

- Режиссер С.Әзімовтың фильмінде не бейнеледі?

- Семей полигонындағы ядролық жарылысқа қарсы «Невада – Семей» қозғалысы туралы қандай фильм түсірілді?

С) – Мәтін ішінен етістіктерді табыңдар:

Бөлінеді, шығады, түсіріле бастады, түсірген, алды.



  • Осы етістіктер қай райда тұр?

  • Етістіктің райларының қанша түрі бар?

Етістіктің райлары


Ашық рай Бұйрық рай Қалау рай Шартты рай


Д) Топпен жұмыс.

1- топ: 2- топ 3- топ

«Түсіру» сөзін бұйрық «Түсіру» сөзін қалау «Түсіру» сөзін шартты

райға айналдырып, райға айналдырып, райға айналдырып,

жіктеңдер. жіктеңдер. жіктеңдер.
Е) «Бес жол өлең» құрастыру.

Кино.


Қызықты, күлкілі.

Дамиды, түсіріледі, көргің келеді.

Деректі кино – шынайы өмір.

Өмір.
Д) «Сен режиссер болсаң, қандай кино түсірер едің?» (5 минуттік эссе).


ІІІ. Ой толғаныс.

  1. Тестілеу. (10 сұрақ) (өзі- өзін бағалау)

  2. Үй тапсырмасы: «Түртіп алу картасын» толтыру, мәтіннің мазмұнын айту.

  3. Бағалау.

Кері байланыс:

  • Бүгін сабақ қалай өтті?

  • Қандай сұрақтар туды?

  • Қандай жаңа ақпарат алдыңдар?


Сабақтың тақырыбы: Жаман жолдас.

Сабақтың мақсаты: Оқушылар сөздік қорын молайтады, білімдерін

кеңейтеді.



Міндеттері:

1. Әңгімені оқып, танысады. Мазмұнын ашады. Кейіпкерлерді салыстырып, айырмашылықтары мен ұқсастарын сипаттай алады.

2. Кейіпкерлердің ісіне талдау жасай отырып, бағалайды.

3. Мәтіннің түсініксіз жерлерін айқындайды; бір- бірімен пікірлесе отырып, ортақ қорытынды шығарады.


Бағалау: «Алдын ала болжау» стратегиясы, эссе.
Сабақтың барысы:

І. Қызығушылықты ояту.

Ой қозғау.

Адал достық пен амал достың айырмасы неде?


Адал достық

Амал достық

мейірімді




Жолдас




қиын шақта теріс бұрылады



өтірік айтады

жанын қияды


сатып кетеді

ІІ. Мағынаны тани білу.

«Жаман жолдас» әңгімесін оқып, танысайық.

Осы әңгіме кім туралы болады деп ойлайсыңдар? Өз ойларыңды дәлелдеңдер.

1 бөлімді оқу.

Сұрақтарға жауап беріңдер:


  • Әңгіме не жайында?

  • Кім туралы?

  • Ары қарай не болады деп ойлайсыңдар?

Жұмыс түрі:

  1. Жеке.

  2. Жұппен.

  3. Топпен.

  4. Авторлық үстел. (Әр топтан бір оқушы шығып, ойларын ортаға салады)

Жауап: 1- бөлім екі дос туралы. Достардың бірі әлсіз, ауру екен. Екіншісі

дені сау жігіт. Алдарынан аю шығады. Біздің ойымызша, сау жігіт әлсіз жолдасын тастамайды. Бірге аюдан қашып кетеді.

2- бөлімді оқу.

Сұрақтарға жауап беріңдер:



  1. Оқиға қалай жалғасты?

  2. Ары қарай қалай жалғасады деп ойлайсыңдар?

Жауап: Дені сау жігіт бірден ағашқа шығып кетіп, ауру жолдасын тастап кетеді. Ауру жолдасы қаша алмай аюға тап болады.

3- бөлімді оқу.

Сұрақтарға жауап беріңдер:


  1. Әңгіме қалай аяқталады?

  2. Кейіпкерлерді бағала.

Жауап: Екеуі де аман қалады. Сау жігіт дұрыс істеген жоқ. Жолдасын тастап кетті. Өзін ғана ойлаған жігіт. Әлсіз жігіт –ақылды. Өзінің ақылымен ажалдан аман қалды. Қиын кезеңдерде жолдасын тастамайды.

ІІІ. Ой толғаныс.

1. Жолдас туралы шағын шығарма жазу. Маржан Аққошқарова шығармасы.

«Жолдас... Бұл сөздің өзінде үлкен мағына жатыр. Жолдас- жолдағы досың, өмірлік, қиындықты бөлісетін серігің. Дос деген сөздің мағынасын екінің бірі түсіне бермейді. Ертеректе: «Дос үшін басыңды ал»,- деген ер азаматтар көп болса, қазіргі уақытта, өкінішке орай, достықты тек жеке басының пайдасы үшін пайдаланатын адамдар көп.

Жолдас деген ұғымды түсінетін адам – қиындықта жанынан табылатын, қуанышын бөлісетін, қол ұшын беретін жаныңа жақын жан».

2. Үй тапсырмасы: әңгіменің мазмұнын айту, Венн диаграммасын құрастыру.


  1. Сабақтың қорытындысы.


Сабақтың тақырыбы: Ұлттық тағамдар.

Сабақтың мақсаты: Оқушылар мәтіннің мазмұнын ашады.

Міндеттері: 1. Мәтінді оқып, танысады. Мазмұнын ашады. Тағамдарды

салыстырып, айырмашылықтары мен ұқсастықтарын сипаттай

алады.


  1. Өзінің алдына қойған мақсатына еңбек ету арқылы

жететінін түсінеді. Оқушылар бірін- бірі толықтырады.

Сұрақтарға жауап береді.



  1. Бірігіп жұмыс істеу барысында оқушылардың жауапкершілігі

артады, өз ойын ортаға салады, тыңдай біледі.
Бағалау: Топтағы қорытынды жауаптар, бес жол өлең, кластер, түртіп алу

әдісі.
Сабақтың барысы:



І. Қызығушылықты ояту.







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет