АТТАНАР АЛДЫНДА Әлем жұртшылығына ежелден белгілі Байқоңыр ғарыш айлағындағы қозғалыс бүгін таң алагеуімнен басталған. Жұлдызаралық сапарға ай сайын болмаса да, тоқсан сайын бір кеменің аттанып жататынына қарамастан мұнда адамдар көп жиналған. Жер бетінен тек оның төңірегіне ғана сапар шегетін ғарышкерлерді шығарып салу рәсімі де мұнан кем болмайтын. Және олар ғарышкерлерді телеэкран арқылы бақылап тұратын да, кеме ат- танатын сәтте ғана олардың өздерімен жүздесетін. Содан кейін кеме люктері нығыз жабылып, тарс еткен дыбыс шығып, кеме көзді ашып-жұмғанша көк аспанға сүңгіп жоқ болатын. Ол қозғалысты бірнеше есе баяулата алатын телекамералар ғана адам көзіне оны баяу ғана ұшып шыққандай етіп көрсететін. Ал бүгінде ғарыш кемелері өйтіп тік атылып ұшпайды. Ертеректегі әуе кемелері сияқты жайымен ғана қалықтап барып көтеріліп кетеді. Ғарышкерлер де кәдімгіше қол бұлғап қоштасып, кемеге мініп, өзді-өзді орындарына жайғасады. Ал Күн жүйеміздегі ғаламшарларға ұшатын ғарышкерлерге мұндай шығарып салу рәсімі жасалмайды. Олар жергілікті жұлдыз жүйесініңғарышкерлері саналады. Олардың бірінің Байқоңырдан ұшып, екіншісінің аман-есен қайта келіп қонып жатқаны да күнделікті үйреншікті көрініс сияқты еленбейді. Ал бүгінгі аттанудың жөні бөлек. Үлкен, жұлдызаралық сапарға арналған алаңда екі қабырғасына да ақ бояумен «Ақлағыл» деген үлкен, айшықты да әдемі жазуы бар жұлдызаралық кеме келген жұрттың назарын ерекше аударады. Ал оның киіз үйге ұқсатылып келген пошымы мен қабырғаларындағы қазақы небір әдемі ою-өрнектер көздің жауын алады. Жиналғандардың көбі дерлік ғарышкерлерден гөрі соған көбірек қызыға қарайтын сияқты. Кейбірі осы әдемі қазақы жұлдызаралық кеменің жұлдызды кеңістікте ұшып бара жатқанда сырттан бақылаған саналы адам баласына қандай әдемі болып көрінетінін де көз алдына елестетіп үлгерген. Олар бір бірімен дабырлап сөйлеспейді де. Керісінше бәрі де бір ғажайып ой-арманға терең беріліп, мына дүние басқа бір тұрғыдан көз алдарына келе бастағандай да болады. «Шіркін-ай, неге ғарышкер болмадым екен» деп жеңіл күрсінгендері де аз емес-ті, сірә. Олардың басты назары үстеріне ақшаңқай, қазақы ою- өрнекті жеңіл комбинезон киген алты ғарышкерге ауа түскен.
Алты ғарышкер бір ата-анадан туғандай жарасым тауып, жиі-жымиып, кейде тұрғандарға оң қолдарын көтеріп қойып тұр. Қимыл-қозғалыстары ширақ, оған жинақы тігілген комбинезондары да мол мүмкіндік беретін сияқты. Әуелгі бір кездегідей қозғалуға қолайсыз, ауыр комбинезон кимеген. Бастары жалаңбас. Шаштары анда-санда үп ете түскен жеңіл самал желге желп-желп етіп ерекше жарасым табады. Тәкен олардың бәрінен де ерекше көрінеді. Қоштасу алаңына келгенде де қызмет дәрежелеріне қарай рет ретімен тұра қалған. Тәкен, Азамат, Сәлмен, Жақан, Сәрсенбі, соңында Сейдолла. Сәлден соң шығарып салушылар тобы әуелден бар арнайы мінберге көтерілді. Соңынан ғарышкерлер шықты. Бірақ әдеттегідейешкім де қол соғып, артық қошемет көрсеткен жоқ. Бұл жиналыс та, концерт те емес, ғарышкерлерді алыс жұлдызаралық сапарға шығарып салу рәсімі. Сондықтан да жиналғандар енді толқулы. Бәрі де енді шамалы уақыттан соң кез алдарынан ғайып болатын, алыс жұлдызаралық сапарға аттанып кететін ғарышкерлерден көз тайдырмайды. Осы кезде шығарып салушылардың басшысы Мәди Қанатұлы сүлбесі ұйып тұрған кепшілікті сергітіп;
-Құрметті осында жиналған ағайындар, достар, ғалымдар, кеме құрастырушылар мен меймандар, - деп бастады сөзін, — бүгін біз алты бірдей азамат-арыстарымызды алыс жұлдызаралық сапарға шығарып салуға жиналып тұрмыз. Әлемге әйгілі Байқоңырымыздан, осы алаңдардан жұлдызды әлемге аттанып кетіп жатқан, аман-есен қайтып келіп жатқан ғарышкерлерді бәріміз де жақсы білеміз. Бүгінгі орындалғалы отырған сапар да ешқайсымызға жаңалық емес. Бұл көп сапардың бірі. Өткеннің жалғасы ғана. Бірақ бұл сапар өзінің аса ұзақтығымен, күрделі де қиындығымен ерекшеленеді. Соған қарамастан сонау тұңғиық жұлдызды әлемнен саналас туыстар табу мақсатымен алты бірдей ер жігіттеріміз аттанып барады. Әрине Жердегі уақыт пен кеме ішінде өтетін уақыттың айырмашылығының болатынын сіздер болса да жақсы білесіздер. Сондықтан да мына аз ғана уақытта ол жайлы түсіндіріп жатудың қажеті шамалы. Алдын ала жасаған есептеуіміз бойынша ғарышкерлеріміз кұдай амандығын берсе, үш жылдан соң қайтып оралулары тиісті. Ал ұшып өту мерзімі аз болғанымен болса да екіарадағы жол мейлінше ұзақ. Әрі қиын да қауіпті. Біздің қазіргі әрбір минутымыз бен сағатымыз санаулы. Сондықтан сәзімді де қысқартайын. Негізгісін айттым. Бар тілегім, жігіттеріміз бұл сапардан дін-аман оралсын. Жолдары ашық болсын! Аман барып, сау қайтындар! Елбасымыздың ақ тілегі де осы! Ол кісінің жігіттерімізді осыдан шамалы күн бұрын ғана қабылдап, сәт сапар тілегені белгілі. Бүгін де соны айтып бейнетелефон соққан. Сапар барысында да елбасы жігіттерімізбен жиі-жиі сөйлесіп отыратын болады. Ал, хош енді! Аман-есендікте қайта жүздесіп, қуанышта қауышайық!
Шығарып салушылар легі толқындай теңселіп кетті. Күбір-күбір сөздер де бар. Бәрі де алты жігітке соңғы рет қимай қарағандарын жасыра алмайды. Жігіттер де қатты толқулы. Тек жігіт болған соң, ғарышкер болған соң көз шараларына ыстық жас үйіруге ұялады. Сөйте тұра қай қайсысы да «Шіркін, осы адамдардың арасында қосыла алмай кетіп бара жатқан сүйген қызым тұрар ма еді» деп те армандайды. Шығарып салушыларға қарап қайта-қайта қолдарын бұлғайды. Қол бұлғаған сайын осыдан бірнеше күн бұрын ғана қоштасқан туған туыстары мен сүйген қыздары көз алдарына елестеп те кетеді. Енді оларды бұл жерге жақындатпайды. Өйткені, жігіттердің ұшар алдындағы көңіл-күйлері қатты бұзылмақ. Ол үшу кезінде денсаулық пен кемені дұрыс басқаруға үлкен зиян мен қауіп келтірмек. Енді бәрі де уақыт құзырында. Қазір мінберден түскен бойда арнайы жолшамен жүріп отырып барып «Ақлағыл» кемесіне мінеді. Содан кейінгі екі жақты көрініс телеэкарнға көшеді. Бірақ шығарып салушылар легі кейін шегінбейді. Сол орындарында үлкен бір әуе кемесін көзбен ұзатып тұрғандай кейіпте қала береді.
Шығарып салушылар тобының басшысы сөйлеп болған соң, одан кейін тағы бір-екі адам сөйлеген соң кезек Тәкен Нартайұлына келген.
- Құрметті халайық! Достар! Ғалым ағалар! Кемемізді жасаған маман ағалар! -деді ол қатты толқып, - біз алыс жұлдызаралық сапарға аттанғалы тұрмыз! Енді санаулы минуттардан соң мына өздеріңіз көріп тұрған «Ақлағыл» жұлдызаралық кемесімен ғарышқа қарай самғаймыз. Жер бізден әрбіріңіздей кішкене болып алыстап қалатын болады. Жерге, елге деген сағынышымыз қазірдің өзінен-ақ басталып тұр десем де артық кеткенім емес деймін. Бірақ біз жігіттерміз, ғарышкерлерміз. Жастайымыздан осы мамандықты таңдадық, игердік. Сөйтіп, жұлдызаралық сапарға ұшсақ деген арманымызға да жеттік. Бірақ арман шіркін таусылған ба, ол жеткізген бе. Енді міне, алдымызда ұзақ сапар тұр. Сіздердің бізге деген таза ықылас-ниеттеріңіз, ақ баталарымыз оны жеңілдетіп жібергендей. Бізге ерекше бөлек күш пен жігер сыйлағандай. Бұл күш пен жігер тек атта- нар тұста ғана емес, барып қайтқанға дейінгі барлық уақытта да бізге күш бермек. Біз қандай қиын жағдайларды басымыздан кешсек те сіздер сеніп тапсырған тапсырманы толығымен орындайтын боламыз. Біз, өздеріңіз жақсы білетіндей, жұлдызды әлемнен саналы туыс іздеп барамыз. Олар бар ма, жоқ па, ол жағы әзірге белгісіз. Бірақ біз бара жатқан ғаламшарда қандай да бір тіршілік иелерінің дәурен құрып жатқаны анық. Бұл бақылау-зерттеу құралдарымен анықталған жайт. Ал оның нақты нәтнжесін біз аман-есен барып келген соң білетін боласыздар. Не айтамын, басқа. Ұшатын уақыт келді. Сау-саламатта болыңыздар. Амандықпен жүздесейік!
Ғарыш кемелері айлағында біршама үнсіздік орнады. Әйелдер жағы көздеріне жас алған. Бәрі де толқулы. Ғарышкерлер өздерін өздері ұстап, бастарын көтеріңкіреп, шығарып салушылардың көңіл-күйлерін бұзбауға тырысады. Сөз сөйленіп, ақ тілектер айтылып болғаннан кейін қазақтың күйлері орындалды. Күй күмбірі айнала дүние әлемін жаңғырықтырып, күңірентіп кеткендей әсер берді бәріне. Күй ойнаған кезде тұрғандардың бәрі де ерекше болек толқып та кеткен. Жаңағы жаңағы ма, енді кез шараларына жас алғандар көбейген. Ғарышкерлер де енді ездерін әзер ұстап тұр. Осы кез- де күтпеген жерден келіп қалған алты жігіттің қыздары қолдарына ұстаған бума-бума әдемі де хош иісті гүлдерін халықты жарып өтіп келіп ұсынды. Оларға енді халық сақшыларының өздері де дәрменсіздік танытқандай. Егер ол қыздармен осы кезге дейін отау тіккен болса, бұл көрініс басқаша бөлек сипат алып та кеткен болар ма еді. Олар әлі үйленбегендіктен, өздері жайлы ел білмейтіндіктен мұндай рәсімге тән әрекет жасап, гүл ұсынып қана қала берген. Бірақ ғарышкерлер үшін де, қыздар үшін де дәл мұндай сәттен артық әсерлі сәт болмақ емес ешқашанда.
Осы көріністен соң бір сәтке тоқтап қалған күй сазы одан әрі қарай жалғасын тапты. Күй сазымен қабаттаса ғарышкерлер шығарыпсалушыларға тағы да қолдарын бұлғады. Сол кезде шығарып салушылардың арасынан қолдарына гүл ұстағандары мінберге қарай ұмтылысып, гүлдерін ғарышкерлерге қарай лақтырып жатты. Мінбер үстін әп-сәтте гүл жауып кетті. Ғарышкерлерді бастап алып жүргендер мен олардың көмекшілері ол гүлдерді құшақ-кұшақ етіп жерден көтеріп алын, кемеге қарай жүрді. Қоштасу рәсімі аяқталуға таяды. Ғарышкерлер әрі қарай бұрылып, қолдарындағы заттарымен алып кемеге қарай кетті. Халық әлі толқып тұр. Гүл ұсынған сүйген қыздарының көздері болса да қызарып үлгерген. Бірақ, амал не, уақыт келді. Енді созбалақтауға ешқандай да негіз жоқ. Секундтар мен минуттар саналып жатты. Ғарышкерлер «Ақлағылға» мініп, есігі нығыз жабылды. Енді алаңға орнатылған голографиялық экраннан кемеге мінген ғарышкерлердің бет-бейнелері шығарып салушыларға ап-анық көрініп тұрды. Қол бұлғау екі жақта да болып жатыр. Кемедегі ғарышкерлер де ондағы телеэкраннан сырттағы халықты жақсы көріп, олардың бет-қимылдары мен толқыныстарына дейін бақылап отырды. Олар тіпті, халық арасында тұрған сүйген қыздарының бет-жүздерін де арнайы жақындатып көрсететін құрал арқылы анықтап көріп, кемедегі бейнетаспаға түгелдей жазып алып жатты.
- Уақыт келді. Соңғы секундтар зымырап жылжып өтіп жатты. Бірақ қол бұлғасып қоштасу тоқтаған жоқ. «Ақлағыл» кең алаңда жайымен жылжи берді. Біраз жүрген соң күншығыс жаққа қарай бұрылды. Сол жерде ол ертеректегі әуе кемесі сияқты біршама уақыт кідіріп тұрды. Тұрғандардың бірі қозғалатын емес. Бәрі де біршама уақыт кідіріп тұрып қалған. Бәрі де алапат жұлдызаралық кеменің Жерден ажырай көтеріліп, күншығысты бетке алып, ғарышқа қарай самғағанын көруге асық. Сәл өтпей ол уақыт та келген. Кемеден қатты дыбыс шықты. Соңғы жағынан от шашты. Сөйтіп барып алға қарай зымырап жүгіре жөнелді. Енді оған қараған адам арқа-жоны көрініп, мұхит бетінде зымырап жүзіп кетіп бара жатқан, алапат Китті көзге елестетер еді. Уақыт жылжыған сайын оның жылдамдығы арта берген. Бірақ халық алдындағы голографиялық экранда ол баяу ғана жылжып кетіп бара жатқандай болады. Жылжуы да анық, «Ақлағыл» деген жазуы көзге ұрады. Терезелерінен әлі де талмай қол бұлғаған ғарышкерлердің бет-жүздері ап-анық көрінеді. Бірақ олар сәлден соң алдарына қарап, басқару пультіне назарларын аудара бастады. Бұл кезде алапат кеме де Жерден ажырап, жаңағы дыбысы аспанға тарағандай болып қатты гүрілдеп те кеткен еді. Жұрт енді ғана демдерін еркін алып, бір біріне қарап сөйлесе бастады. Бұл, болса да түсінікті жағдай еді.
Бәрі де енді қозғала бастаған. Кеменің дөңгелектері жерден біржолата ажырап, кеудесі көкке қарай көтеріліп, биіктеп, Байқоңыр айлағын бір айналып өткенде, тұрғандар да онымен бірге айналғандаи бұрылып кетті. Кеменің дыбысы енді бүкіл дүние әлемін одан да бетер жаңғыртқандай, шығарып салушылармен сөйтіп бір қоштасқандай күй орнатты. Дыбыстың қаттылығы сонша тұрғандар амалсыздан қос құлақтарын сұқ саусақтарымен бітесіп, бір біріне қарасып, сәздері естілмеген соң ымментүсіністі. Бірақ дыбыс ұзақ мазалаған жоқ оларды. Уақыт өткен сайын кеме алыстап, дыбысы да азая берді. Енді оның бет-бейнесі голографиялық экранда да кішірейген. Енді тек оның жан жақтарындағы түрлі-түсті шамдары ғана жарқ-жұрқ етіп көзге анық шалынады. Біраздан соң алаңдағылар онан ұшатын беймәлім дененің бейнесін көргендей де әсер алды.
Кеме голографнялық экраннан да жақсы көрінбеуге айналғанда, халық гулеп кейін қарай жүрді. Бәрі де ғарышкерлерге батылдықпен алғаш болып гүл ұсынған алты қызға риза. Қыздар болса, әлі көз жастарын тыя алар емес. Бір бірін құшақтап та қояды. Оларды көріп ақ жаулықтарымен кез жастарын сүрткен аналар да аз емес. Бірақ толқу басылған Олар жылағаннан гөрі әңпмелерін көбірек айтады. Ғарышкерлердің сүйген қыздары болса да өздерінше бөлек топтанып келеді. Ел де енді олардың ғарышкерлердің сүйген қыздары екендерін сезе бастаған. Іштей аяп келе жатқандары да жоқ емес. Қыздар бір бірімен шешіліп сөйлеспейді. Жаңағы қоштасу оларды шынымен-ақ қатты әсерлендіріп тастаған сияқты. Бойларын жас қыздарша еркін жаза алмайды. Тек олар ғана емес, шығарып салушылардың көбіне дерлік қатты әсер қалдырған бұл сапар. Көздеріне қаиталап жас алған әйел қауымы болса да көз жастарын орамалдарының ұшымен сүртіп алып, ештеме болмағандай бір күйін көрсетуге тырысады. Гулегей халықтан айнала-төңіректегі анау-мынау шу да бәсең естіледі. Адамдардың біразы әлі де болса аспанға қарауда. Барлық көрініс түс көргендей бір әсермен өте шыққандай-ау. Жаңа ғана көз алдарында қабырғасында «Ақлағыл» деген жазуы бар, өне бойында қазақтың тамаша ою-өрнектері бар алапат жұлдызаралық кеме мен алты жігіт күлімсіреп тұрған еді. Енді бұл алаңда ештеме де болмағандай. Өмірдің, уақыттың ғажабы деген осы. Ғарышкерлердің алыс-жақын туыстары да өздерінше бір төбе болып келеді. Олардың жаныңда ғарыш кемелері аттандырылатын алаңның қызметкерлері мен кеменің ұшуын қадағалап, бақылап отыратын орталықтың басшылары бар. Олар әлі де ғарышкерлердің жайын айтып, олардың аман-есен оралуларына шын жүректен тілек білдіретіндерін жеткізуде. Әдетте, адам баласының басына ауыртпалық түскенде, оған араласып, жеңілдететін сөз айтқан жақсы әсер қалдырады. Ауыртпалықты жеңілдеткеңдей болады. Адам сол үлкенге арқа сүйейді. Жұбанады. Ұялады. Қазір ғарышкерлердің туыстары іштей қаншама қиналып келе жатса да, жаңағы сөздерден кейін өздерін өздері ұстап, ештеме болмағандай бір күйге ауысып та келеді. Бұл да емірдің бір қыры. Енді қай қайсысы да іштеи қанша қиналса да, өкінсе де, оқша атылып, кең кеңіетікті қақ жарьш, тұңғиық жұлдызды әлемге еніп бара жатқан жұлдызаралық кемені кейін қайтара алмайды. Бұл жағы болса да белгілі. Ендігі бар үміт те, жұбаныш та олардың аман-есен оралуын тілеп жүру.
Ғарышкерлердің аман-есен оралуларынтілеген жақсы. Ал бірақ Жер бетіндегілердің жай-күйі қалай болмақ. Мәселе екіжақты. Олар Жерге аман-есен оралып «Уһ» дегенде осындағылар жоқ болып шықса, одан өткен қасірет болмақ емес. Жұлдызаралық сапарға аттанғандар осы жағында ойлаған. Жерде қалатындардың да өздерін өздері ұстай алмай толқып, тіпті, көз шараларына ыстық жас үйіргендері де содан емес пе еді? Тағдыр жағдай талғамайды. Ажал жетсе, түп-түзу көше бойымен келе жатып- ақ адам пенде мәңгілікке кез жұмбақ. Ал оған керісінше қиын-қыстау жұлдызаралық сапарда жүріп, небір қатерлерді басынан еткеріп, дін-аман Жерге оралатындар да бар. Сондықтан да шығарып салушылардың негізгі тілектері екі жаққа да амандық. Осыны ойлаған ғарышкерлердің туыстары көпке дейін толқыды. Содан кейін ғарыш кемелерін ұшу сапарына дайын- дайтын орталықтағы арнайы үлкен залға келіп, жаңға ғана кез алдарынан өткен аттандыру сапарын бейнефильмнен қайталап керді. Оның езі де бір жұбаныш еді. Содан кейін ғарышкерлердің алыс-жақын туыстары бір бір бейнетаспадан алып өзді өзді елдеріне қайтты. Олардың қай қайсысының ендігі армандары да, ақ тілектері де жұлдызаралық сапарға аттанып кеткен алғы жігітпен осы Байқоңырда аман-есен қауышу
Ал бұл кезде кемедегілер өздеріне тиесілі жұмыстарына қызу кірісіп те кеткен. Олар оған дейін Жерді бақылап, неше қырынан суретке түсіріп алған. Байланысты да үзбеген. Айға жақындағанда алдарынан бірнеше ғарыш кемесі ұшып шығып, алапат «Ақлағылдың» жанармайын толықтырды. Кемелерінің бірін мұнымен түйістіріп, арнайы мамандар «Ақлағылдың» ішкі техникалық жағдайын тексерді, анау-мынау сыр бере бастаған жүйелеріне жөндеу жұмыстарын жүргізді. Бірақ олар кеменің ұшу жылдамдығына ешқандай да кедергі келтірген жоқ. Соңғы кездері сапар уақытын үнемдеу үшін жұлдызаралық кемеге жанармай құюдың осындай әдісі қолданатын болған. Бұрын кемелер жанармай толықтыру мен ішкі-сыртқы жүйелерін тексерту үшін Айға да, Нептун мен Плутонға да қонатын. Сөйтіп кеп уақыт жоғалтатын. Ал бұл әдістің ешбір кедергісі жоқ. Кемелердің бірі жаңағыдай түйіседі де, қашан тексеру, жөндеу жұмыстары біткенше бірге ұшады. Содан соң адам денесіне қонған шыбындай лып деп ұшып, өз бағытымен кете барады. Ол кемелер дегендері бір бір роботтық күрделі жүйе. Олар барлық әрекетті ойдағыдай жүзеге асырады. Олардың ішінде екі-үш ғарышкерден болады. Жаңағы істің бәрін де сондай кемелер мен ғарышкерлер атқарған еді.
Сөйтіп, сапар одан әрі қарай жалғаса берген. Бұл уақыттан ұтудың тамаша тәсілі де. Ал кемедегі алты жігіт ешқандай әбіржуді білмейді. Сол отырған орындарында отырып, тек кемені басқаруды реттейді. Анау- мынау қара жұмыстар мен тамақ жасау, дастархан жаю жұмыстары болса да кемеге алынған биороботгардың үлесінде. Күн жүйесінің кеңістік аумағы бүгінде жұлдызаралық кемелер үшін ауыл мен ауылдың арасындай ғана қашықтық. Кеме нағыз жылдамдығын алған кезде осы жүйедегі ғаламшарлар қара аспанға шашып тасталған ақ моншақтардай болып бытырап, кейін қарай лақтырылғандай, бірте-бірте бір уысқа жиналғандай көрініс беріп жатады. Кеме ішінде ондай көріністерді арнайы баяулатып көрсететін құрал болмаса, олардың қайсысының қай ғаламшар екенін ажы- рату да қиынға соғар еді. Кеме ішінде керіністерді баяуяатып керсететінғана емес, басқа да қажетті күрделі құралдар жеткілікті. Алыстағы жеке жулдыздар мен ғаламшарларға тікелей бақылау жүргізетін «Әл-Фараби» атты қуатты сыңардүрбі де орнатылған кемеде. Радио сыңардүрбісі тағы бар. Осындай ретпен жарақтандырылған алапат «Ақлағыл» жүлдызаралық кемесі Күн жүйесінен шыққан бетте жылдамдығын күшейте түсті.
ЕГІЗДЕР Күн жүйесі кейінде қалып, кеме ішінде өзіндік тіршілік басталысымен, ғарышкерлер өздері бара жатқан Егіздер шоқжұлдызының ерекшеліктеріне назар аударған. Ол шоқжұлдыз жайлы қай қайсысы да көп біледі. Жерден ұшар алдында да талай рет естеріне түсірген. Жер шарындағы ең ірі деген расытханалардағы қуатты бақылау құралдарымен де талай рет көзбен бақылаған. Оның екі ерекше жарық жұлдызы қай кезде де ерекше бөлек лапылдап жарқырап тұрады.
Қазақ халқы Егіздер шоқжұлдызына ежелден-ақ назар аударған. Сол Егіздердің жанындағы Делбеші шоқжұлдызына да көңіл бөліп, екеуін ойша тұтастырған. Әр халық жеке жұлдыздарға да, шоқжұлдыздарға да өздерінше ат қойып отырған. Ерекшелеріне лайықты аңыз ойлап шығарған. Қазақ халқы Егіздердің екі жарық жұлдызы мен Делбешінің екі жарық жұлдыздарын ойша қосып Босаға деп атаған. Өйткені, осы төрт жұлдыз батыс көкжиекке барып батуға таяғанда қатарласып тап ақ босағаны көзге елестетеді. Оған қараған адам баласына ерекше бөлек әсер де береді.
Ғарышкерлер кемені басқару жүйесі бар бөлімге келіп, негізінен бара жатқан шоқжұлдызына көбірек назар аударады. Бірақ мынандай ұшу жылдамдығында болатын ығысудан көп нәрсені аңғару да қиын еді. Бұл жағына Сәрсенбі Сапарұлы маман. Кеме ішінде өткен көп уақыттан соң бір сәттерін көздеп ұшып бара жатқан «Ақлағылға» бұруды жөн санаған. Бәрі де Егіздер шоқжұлдызына әуелден қанық. Соған қарамастан қайтадан естеріне түсіріп, кеме ішінен бақылап алуды жөн санаған. Кеме ішінде ол жайлы нақты да, қосымша да ғылыми мәліметтер беретін күрделі құралдар жетеді. Сәрсенбі өзі отырған жұмсақ орындықтың оң жағындағы қабырғадағы шағын панельден керекті бір ток қосқыш түймені жай ғана нұқыды. Соның артынша қарсы алдарындағы үлкен дөңгелек экранда жұлдызды әлем пайда бола қалды. Бұл бейнекарта болатын. Сондықтан да ғарышкерлердің қай қайсысына да қажетті деген жұлдыздар көздеріне оттай басылды. Енді бір кезде олар өздерін кеме ішінде емес, Жер ғаламшарының үстінде тұрғандай сезініп те кеткен. Енді бір мезетте бейнекөрініспен бірге жай да байсалды сөйлеген адамның қоңыр дауысы естілді.
- Қазақ халқы жақсы білетін Егіздер шоқжұлдызы өзінің ерекшелігімен көңіл аудартады, - деп бастады ол сөзін, жұлдызды аспанда Егіздер шоқжұлдызы оқшауландырылып көрсетіле бергенде, - оның екі жарық жұлдызы көрші шоқжұлдыз Делбешінің екі жарық жұлдызымен байланыстырылады. Ғылымда алғашқы жұпты Кастор, Полллукс, ал екінші жұпты Капелле және Бета жұлдызы дейді. Кастор мен Поллукстың табиғаты екі басқа. Кастордың төңірегінде бірнеше серігі бар. Олардың екеуі Кастор А және Б делінеді. Ал олардың жанында Кастор С делінетін тағы бір серігі бар. Ол ергейжейлі, түсі қызғылт жұлдыз. Осы үшеуін мұқият зерттегенннен кейін олардың әрқайсысының қос жұлдыз екені анықталды. Сөйтіп бұл жұлдыз алты жұлдыз болып шықты. Кім білсін, олардың арасында тіршілікке қолайлы ғаламшарлар да бар болар. Егер олай болса, онда ондағы ғаламшардың аспанында алты бірдей Күн жарқырап нұр сәулесін шашып тұрмақ.
Осы сөз айтылып бола бергенде бейнекөріністің дыбысы күрт сөнді. Экран беті жыбырлап ала жөнелді. Сәрсенбі елең етіп, жаңағы оң жағындағы панельден тағы бір түймені нұқып қалды. Артынша бейнеқұрылғы да өшкен. Енді кемедегі басқажүйелердің дыбысы мен алдарындағы жалпақ панельдегі жыпылықтаған неше түрлі шамдар көңілдерін бөлген. Алтауы да бір сәтке үнсіз қалған. Кеменің дөңгелек терезесінен көрінген ақ сызықтар кейін қарай ағып кетіп жатыр. Ол сызықтардың жақын деген жұлдыздардың созылыңқы жарық сызықтары екені белгілі еді. Ара-тұра кеңістіктен олардан басқа да тозаң заттар байқалады. Ондай мезеттерде кемедегі сезгіш заттар ызыңдап ала жөнеледі. Өтіп кеткен соң қайта тынышталады. Ал алыстағы тұмандықтар ман жұлдыз шоғырлары сол баяғы қалпындағыдай қозғалыссыз.
Тәкен Нартайұлы сол ғажайып әлемге үңіле ұзақ қарап қалған. Жерден ұшып шықса, Күн жүйесінен алыстаса болды, Егіздер шоқжұлдызына жете қалатындай көрінген оған. Енді ойлап қараса, мына дүние әлемінде расында да шек жоқ екен. Бұл кезге дейін Күн төңірегіндегі ғаламшарларға жасаған сапарлары да алыс сияқтанып көрінетін еді. Ал мына қашықтықты игеру үшін үш жыл емес, үш жүз жыл керек сияқты. Былайша қарағанда кеме аса бір жылдамдықпен ұшып келе жатқан сияқты. Ал жұлдызды әлемге көз жіберсе, онымен салыстыра қарағанда кеме бір орында қозғалмай тұрғандай. Кей кейде жылт ете қалатын жарық жұлдыздардың жарығы мен кеңістікте қалықтап, өз орнын таба алмай жүрген тозаңдар ғана кеменің соншалықты жылдам ағып ұшып келе жатқанын аңғартады. Тәкен осы ғажайып дүние әлемі мен кеме терезелерінен көрінген көріністерге ұзақ қарап барып сөз бастады.
Е, жігіттер, Жерден қарағанда, жұлдызды аспан қандай сұлу, қандай әдемі еді. Ал енді мынандай жарық сәулесіне пара-пар жылдамдықта оларды бір бірінен онша ажырата да алмайды екенбіз. Жаңағы бейнежазба қандай жақсы еді. Бәрін есімізге түсірді. Иә, Кастор, өзімізше атағанда, «Ақлағыл» жүйесіндегі ғаламшардың сырын ашатын да күн туар-ау. Неге үнсіз жатыр екен олар? Әлде даму дәрежесі төмендеу ел болды ма екен, олар бізден?
Оны енді бара көрерміз, - деді Жақан Артықұлы.Жерімізге ұшып келіп, ұшатын беймәлім табақтар атанып жүргендер осы ғаламшардың ғарышкерлері мінген кемелері болып жүрмесін? – деді Сейдолла.
Олай болуы да мүмкін. Бірақ жұлдызды әлемдегі тіршілік иелері тек бұлар емес қой, - Сәрсенбі алға қарай сәл еңкейіп қойды.
Бәрін айт та бірін айт, олардың ғаламшарының аспанына алты бірдей Күн жарқырап қатарласа көтерілгенде, ондағылар қалайша күйіп-пісіп қалмайды екен? – деп қойды. Сәлмен басын шайқап.
Табиғат бәрін де реттейді. Бұл жарық дүниеде ештеме де артық жаратылған емес. Алтау болса, сол алты Күннің жарығы мен ыстығына төзімді шығар тұрғындары., - деп Азамат Амангелдіұлы орындығына шалқая берген.
Осы сөзден кейін басқару пульті алдына тыныштық орнады. Бұл әңгіме талай рет қозғалған. Бірақ қанша рет айтылса да аяқсыз қалып жататын. Оның үстіне қанша рет айтылса да негізгі мәселе шешілмеген соң оған қайтып оралуға тура келетін. Жерден, Күн жүйесінен асқандарына қаншама уақыт өтсе де, кеме іші қанша кең болса да, енді бәрі де елді еске жиі алатын күйге кешкен. Жерден ұшпай тұрғанда да бәрі де осыны сезінген еді. Қанша кең деген, даладай деген кеме дәліздері мен бөлімдері, бөлмелер енді шағын бір ғана бұрыш секілденіп те кеткен. Егер ғарышкерлер бұдан да кең кемеге ауысар болса, онда «Ақлағылдың» іші бұдан да тарылып кеткендей көрінер еді. Қанша кең болса да кеме ішінде айналшақтай берген соң үйренеді екен, үйренбей қайда барсын.
Осындай орталарда бола тұра ғарышкерлер тыныш қала алған жоқ.Олар Егіздерге тікелей бақылау да жүргізді. Кеңістікпен салыстырғанда нүктедей ғана болып көзге шалынатын кеменің ішінде алты бірдей азамат отыр. Олар кісі болғанымен дүние кең. Жарық дүниедегі ең алып хайуанат та, ең құртақандай деген шыбын-шіркейлер де бұл әлемнің ғажайыптарын өз деңгейлерінде көреді. Тек әрқайсысының жарықты көруі, түсті ажыратуы мен қимыл-қозғалыстары, тіршілік етуге деген талпынысы әртүрлі. Жалпы дүние әлемінде, оның ішінде Жер ғаламшарында саналы адам баласынан артқан ақыл иесі жоқ. Сол саналы адамдардың алты өкілі енді мына кең кеңістікке жұлдызаралық кемемен ағып ұшып келеді. Бағыттары Егіздер шоқжұлдызы. Адам баласының ой-арманы қашан да өзінің физикалық ерекшелігінен қашан да асып түсіп, ұзап жатады. Адам өзі жасап алған қуатты сыңардүрбісі арқылы көзі жететін жұлдыздар мен ғаламшарға бақылау да жасады. Көптеген жұмбақтарды ғаламшараралық автоматты кемелер арқылы, оларға орнатылған тележүйелер арқылы барып қайтқандай тамашалады. Құлағы естімегенді естіді. Сонау алыс Жұлдызаралардағы небір құпия құбылыстарды Жер төңірегіндегі ғарыш расытханасы арқылы анықтады.
Енді міне, кемеге мініп алып сол алыс жұлдызды жүйелерге сапар шеге алатын күйге де жетті. Солардың бір мысалы, осы жұлдызаралық сапар. Кеменің басты бөлімі басқару бөлімі. Одан кейін жұмыс бөлімі, демалыс бөлімі деп кете береді. Жұлдызаралық сапар айтуға ғана оңай. Ал оған шыққан адам кеме ішінде минут сайын қиындық пен қатарді сезініп отырады. Бұл кездері Күн жүйесінің өзі де қауіпті аймаққа айналған. Метеорлар, астероидтар белдеулерін былай қойғанда, тынымсыз ұшып жүрген ғарыш кемелері де Жер аспанындағы мың-сан әуе кемелері сияқты бір біріне қатер төндіріп жатады. Ол маңнан өтерде қайсыбір жұлдызаралық кеменің ғарышкерлері де үлкен сақтық шараларын жасайды. Ал онан бері шыққан соң кеме қазақтың кең даласындай бір кеңдікке тап болады. Одан кейін зымырап ұша берсін, жұлдызаралық кеме! Енді ойлап қараса, сол кең деген далада кезігетін түрлі сай-жыра, бұталар, онан қалса қатерлі хайуандар мен жыртқыштары, бауырмен жорғалаушыларының болатыны сияқты, мына ұшы-қиыры жоқ кеңістіктің де өзіндік қиындықтары мен қатерлері кездеседі екен.
Жерден ұшып шыққан ғарышкерлер бірнеше рет кеме ақауларын да кезіктірді. Онан кейін кеңістікте бейберекет ұшып жүрген аса майда шаң-тозаңдар кей-кейде кезігетін ірілі-ұсақты тастар да қауіп төндірген. Бұл жігіттердің көздерін ұлы кеңістіктің де бос емес екеніне жеткізді. Ол майда тастардың қайдан, қалай келе қалатынына да ғарышкерлердің көздері жеткен жоқ еді. Одай ғажайыптарды суретке, бейнефилмге түсіріп алған жігіттер оларды зерттеп, бір бірлерімен пікірталасқа да түсіп жатады. Кеңістіктің мұндай кең жерінде сондай ғажайып тастар болады дегенге кез келеген адам баласы да сене бермейді. Бірақ ол факт. Сол тұрғыдан келгенде, жігіттердің өздері де неше қилы ойға қалып жатады. Көріп тұрған нәрсе жөнінде ойланбау да еш мүмкін емес. Оның үстіне сурет пен бейнефильмге түскен нәрсе, қашан да көз алдарында. Солардың бәрін мұқият қарап шыққан астрофизик Сәрсенбі Сапарұлы өзінің жұмыс бөлмесіне келген соң мынаны айтты.
Менің пікірімше, бұл тастар бір кездері біздің Жерге қарай аттанған жұлдызаралық кеменің қалдық бөлшектері. Бұлар кеңістікте ұзақ уақыт ұшу мен бүлінудің нәтижесінде осындай тас сияқты кейіпке көшкен. Мен олардың бірнеше майдасын арнайы іліп алғаш құрылғымен кеме ішіндегі зертханаға алдырып мұқият зерттеп те көрдім. Осындай тұжырымға келдім. Мұны мен ә» дегеннен айта алған жоқпын. Ондай қатерлі әрекетке басшымыз қарсы бола ма деп те ойлаған едім.
Оның сөзіне үлкен дөңгелек үстелді айнала отырған жігіттер елең еткен. Тәкен сабырлылық сақтады. Әдетте, мұндай нәрсеге төзбейтін. «кемедегінің жаны бір» дегндей, ол енді қандай қателік жіберіліп жатса да, бәрін де ақыл елегінен өткізіп, өзін байсалды ұстайды. Жерден, Күн жүйесінен ұзаған сайын бар ауыртпалық пен жауапкершіліктің негізінен өзіне түсетін ол жақсы сезінген. Енді міне, Жермен телерадиобайланыс уақытша үзілген мезетте барлық күрделі нәрсені тек қана өздері ғана ақылдасып шешетін болады. Бұл сабырлылық сол салдарлы басшылыққа деген бөлек бір дайындық еді. Айналасындағы жігіттер өзінен бір жауап күткендей қадала қарағаннан кейін ол сәл қозғалып алды да;
Мұның ақыл болған екен, Сәрсенбі, - деді қоңыр үнімен, - Расында да ешқандай ғаламшарлар жүйесі жоқ, мынандай кең кеңістікте неғылған майда тастар мен тозаңдар деп едім. Әрине, кеңістік тозаңсыз болмайды.
Мұнда да тынымсыз қозғалыс. Ал енді өзінің ол кемені қай шоқжұлдыздағы тіршілікке қолайлы ғаламшардан ұшып шыққан деп болжалдайсың?
Оны болжалдаудың қажеті жоқ, - деді Сәрсенбі кейінгі жақтағы қабырғадағы ашылмалы-жабылмалы экранға көз салып, - мына ұлғайтқыш құралдарымызбен кесектердің бет- пішіндерін анықтап көріп алайық.
Жақсы, - деп оған бірден келісімін берді Тәкен.
-Жігіттер де соны қолдады. Сәрсенбі жаңағы айтқандарынан басқа тағы да бірнеше істі құпия жасапты.Өзі тап бір емтиханға дайындалғандай дайындық жүргізіпті ісін дәлелдеу үшін. Онысы көрініп -ақ тұр. Бейнефильм сияқты түсіріп алған көріністері тіпті де ғажап! Тастарды жан-жағынан анықтап түсірген. Ал оның бірнешеуінің арнайы қабылдау қорабында жатқаны енді жігіттерге қуаныш ұялатқан. Экрандағы көріністерден талай нәрсені аңғаруға да болар еді.
Мыналардың пошымы Күн жүйеміздегі Қызыл ғаламшардың серіктерінің пошымдарынан аумайды екен. Кәдімгі картопты да көзге елестетеді. Бұларды жарылысқа ұшыраған қандайда бір ғаламшардың қалдық тастары деу де қиын. Табиғаты да келмейді екен оған, - деді достарының бет-жүзін барлап алған Сәрсенбі.
Ал егер осы тастардың бірін жарып көрсек қалай болады? – деп сұрау сала қарады достарына Азамат Амангелдіұлы.
Иә, геологтар тек осылай! – деп әзілдеп қойды Тәкен.
Егер мұны тас деп есептесеңдер, мен оның химиялық құрамын анықтап бере қояр едім, - деп жымиды Сәлмен.
Осы бір сәтте Сәрсенбінің жұмыс, зертхана бөлмесінің іші тіріліп, ғарышкерлер өздерінің кеңістік қиырында жарық сәулесінің шапшаңдығындай бір жылдамдықта ұшып кетіп бара жатқандарын да бір сәтке ұмытқандай болды. Адамның өзі қалайтын бір ісіне кірісіп кеткенде осындай күйге түсетіні бар емес пе? Тас дегендері кеме жұрнағы болып шықса, одан өткен әсерлі жаңалық, қуаныш бар ма? Егер алдарынан күтпеген жерден саналы әлдекімдер ұшыраса қалса, көп жұмбақтың бірі өз өзінен ашыла қалар еді. Тасқа қарап отырып ол жағын бір ойлап қойған еді жігіттер.
Тастың бірін абаймен, арнайы құралдар арқылы, манипуляторлардың көмегімен бөлек шыны ортада жарып көрелік, - деді сәлден соң өзінің нақты тұжырымын білдірген Тәкен, - біздің Егіздерге ұшып кетіп бара жатқанымыздағы басты мақсатымыз да ол жақтан саналы тіршілік иелерін табу емес пе? Менің мұндай тұжырымға келуімнің тағы бір себебі, тек Егіздер жағынан ғана емес, сонау кейінде, алыста қалған туған Жерімізден де бір кездері ұшырылған автоматты, ішінде адамы жоқ кемелеріміз бар емес пе? Ол кемелер де бәлкім, осы сияқты бөлшектеніп, тас-кесектерге айналып, неше түрлі пошымданып та кеткен болар ендігі. Олардың Жерден аттандырылғаны қашан. Егер біз осылай қарай ұшып шықпасақ, оларды осылай ұшыратпасақ, ол тастар әлі қанша заман кеңістікте қаңғып қалықтап ұшып жүрер еді. Ал онан соң одан бірдеме қала ма, жоқ па, оны бір құдайдың өзі ғана білсін. Сондықтан да мұның ішкі құрылымын анықтаудың еш артықтығы жоқ.
Мұныңызды біз жақсы қолдаймыз, - деді соның артынша Сәрсенбі кәдімгідей жадырап, - тағы бір айта кететін нәрсем, бұл тастардың бағыт-бағдары тап өзіміз мына алапат жұлдызаралық кемемен ұшып бара жатқан Егіздер шоқжұлдызынан келе жатқанын аңғартады. Сондықтан да менің ойымша, біз бұл тастар арқылы өзіміздің аяғымыз әлі жете қоймаған Егіздер шоқжұлдызындағы ғаламшардың бірінің құпия сырын да аша аламыз.
-Ләйім, солай болғай,- деді Тәкен Сәренбіге қадала қарап тұрып.
Осы сөзден кейін жігіттер орындарынан ширақ тұрды. Сыр етіп, екі жарты шыны бөлігі екі жаққа қарай жылжып ашылған босағадан өтіп, дәліз бойымен зымырап жылжитын арнайы пневмокөлікпен жүріп өтті. Мұндай көлікпен кеменің кез келген бөлігіне көзді жұмып отырып та жетуге болады. Ал негізгі жұмыс та, зерттеу-бақылау да болса да осы басқару пульті бар бөлімде.Кеменің ұшу бағыты мен ұшу барысы дұрыс болған жағдайда ғана ғарышкерлер бой жазып, өзге бөлімдерді аралайды. Ғарышкерлер басқару пультіне келген соң оның алдындағы жартылай сфера болып келетін үлкен шыны терезеден қарсы алдарындағы менмұндалап тұрған Егіздер шоқжұлдызына тағы бір мұқият қарап алды.Кеме оған қарайқанша жылдам ұшып бара жатса да ол жұдыздар ештемеден қорықпайтын адамдай міз бақпай, жарқырап тұр. Алапат кеменің өзі де бір орнында табандап тұрып қалғандай. Кеменің жер көлігі сияқты сілкінісі де, дірілі де жоқ. Тек іштегі, бөлім бөлімдегі күрделі жүйелердің дыбысы ғана тынымсыз шығады. Кемедегі әрбір бөлім өзінше бөлек бір әлем. Хайуанаттар мен құстар әлеміне барған адам ғана өзін басқаша бөлек сезінеді. Ал ну орманды, шағын көлмен өзенді көзге елестетін, оның шағын бір бөлігіндей орын алатын оранжереяға барған адам болса да Жер ғаламшарына қайта оралғандай бір күйге түседі. Ғарышкерлер қазақ жерін, туған жерін қатты сағынбас үшіноранжереяда әрбірінің туып өскен ауылының табиғатына сай көріністер жасалған. Оны көрген әрбір ғарышкер шын мәнінде өз ауылында болып қайтқандай әсер алады. Сергіп, өткен балалық балдәурен шағын есіне түсіреді. Жерден аттанғалы ғарышкерлер сол оранжерея, хайуанатар мен құстар бөлімдерінің арасында тынымсыз жүріп, өздерінше бір тамаша күй кешіп те келеді. Кеме іші дегендері болмаса, сол бөлімдерден бөлімдерге жетудің өзі де уақыт алар еді. Оған қашан да кемедегі пневмокөліктер көмекке келеді. Ғарышкерлер бір бағыттан, бір тектес бөлімдерден жалықпаулары үшін бөлімдердің өзгермелі болу жағы дақарастырылған. Сол өзгерістерді жасау арқылы ғарышкерлер кеме ішінде Жер шарындағы кез келген елдің табиғатын, қалаларын да көзге елестете алады. Бөлімдердегі отырып демалатын орындықтар да жылжымалы. Ол орындықтар әрі жоғары қарай да, төмен қарай да жылжи алады. Оларды ғарышкерлер қатты шаршаған жағдайда қолданады.
Ғарышкер-ғалым жігіттер жұлдыздары аздап болса да жыпылық қаққандай болып тұрған Егіздерге қадала қарап біраз тұрды. Кеменің ұшу жылдамдығы мұнан баяулау болса, онда жұлдыздар тіпті де қозғалмайтындай болар ма еді. Жылдамдықтың өзі де адамның қарау қашықтығына байланысты өзгеретіндей болады. Егер кеменің жанында бірдеме көрінсе, ол кейін қарай адам көзі көріп үлгермейтіндей жылдамдықпен ағып өтер еді. Ал онан алысырағы сәл баяулау, ал одан алыстағы тіпті де баяу қозғалғандай көрінбек. Сөйтіп, кеңістіктегі заттың көрінісі кемеден алыс-жақындығына қарай өзгере бермек. Бірақ қазіргі мақсат оны қызықтау емес, алдағы шоқжұлдыздің құпия-сырын ашу болатын. Сондықтан да Тәкен алдындағы пульт панелінен неше түрлі түймелерді саусақтарымен жай-жай ғана басып, Егіздер шоқжұлдызының әрбір жұлдызын арнайы дөңгелек пішінді эканға кезегімен ұлғайтып әкелумен болды. Әрбір жұлдыздың өзіндік түсі, өзіндік физикалық қасиеті бар. Ал мына жұлдыздардың ерекшеліктері айрықша көз тартады. Өздері көздеп келе жатқан «Ақлағыл» жұлдызының маңындағы жүйе де ерекше көз тартады. Ғарышкердің мұндай бақылау жүргізгендегі мақсаттары әлгі табылған, кеменің қармағына ілінген майда және ірілеу кесек тастардың табиғатын салыстыру еді. Соны зеттеу алдында жасалған бақылау бұл.
Осыдан кейін, күрделі жүйелер арқылы жұлдыздар төңірегіндегі ғаламшардың спектрлік анализдерін алғаннан кейін Тәкен бастап, кеменің Астрофизика бөліміндегі зертханаға қарай бет алды. Ол зертханаға кеменің қабырғасымен жанасқан кеңістіктегі үлкенді-кішілі заттар арнайы түп-жол арқылы жетеді. Жол-жөнекей түрлі тазарту жүйелерінен өтеді. Ендігі мақат та сол зертханада тастардың бірін жарып көру еді. Ғарышкерлер соған асыққан.