Жаттыѓу ж¦мысы


Жаттығуды ауызша талдауда мынадай талаптар қойылады



бет32/75
Дата05.02.2022
өлшемі1,58 Mb.
#13858
түріОқулық
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   75
Жаттығуды ауызша талдауда мынадай талаптар қойылады:

а) оқытылып отырған материалдардың өзіндік белгілері көп болмауы тиіс;


ә) тақырыптың анықтамасы сөйлем жағынан ықшам болуы қажет;
б) орындалатын жаттығудың мақсаты күрделі болмауы керек;
в) жаттықтыратын материалдан оқушылардың жалпы түсінігі болуы абзал.

Тақтадағы берілген түсіндірмелі талдау, яғни кеңейтілген мынадай методикалық жүйемен жүреді: тақтаға өтілетін тақырып жазылады.


Мәселен: жіктеу есімдігін өткенде қазақ тілі материалдарын еске түсіреді. Мұғалім осы есімдікке сай үш сөйлемді талдап, тақтаны үшке бөледі. Содан соң сөйлемдер жазылған карточканы таратып береді.
1-ші оқушы: «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» деген сөйлемді,
2- оқушы: «Адам деп мені, салмадың сен хат маған» (Абай) деген сөйлемді,
3-ші оқушы: «Менің атым Темір. Темір сенбісің?» (Ә.Әбішев) деген сөйлемдер жаздырады.
Басқа оқушылар тақтаға жазылған сөйлемдерді дәптерлеріне көшіріп отырады. Бұдан кейін бірінші оқушы тақтаға жазылған сөйлемін дауыстап оқып, жіберген қателерін түзетеді.
Тақтадағы екінші оқушы, үшінші оқушылар қателерін түзетіп, шартына сай объектіні ойлап, түсіндіруге дайындалып тұрады.
Бірінші оқушы өз сөйлемін төмендегіше түсіндіреді: «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» деген сөйлемде, мен жіктеу есімдігі, бірінші жақта тұр, екінші жақта сен, үшінші жақта ол. Осы жіктеу есімдіктерінің жекеше түрлері септеледі:
Атау- мен, сен, ол
Ілік- менің, сенің, оның
Барыс- маған, саған, оған
Табыс- мені, сені, оны
Жатыс- менде, сенде, онда
Шығыс- менен, сенен, одан
Көмектес- менімен, сенімен, онымен
Сөйтіп жіктеу есімдіктерінің жекеше септелуіне мына сияқты өзіндік белгілері барлығы байқалады:
а) жіктеу есімдігінің түбірі жіңішке болса (мен, сен), оған жалғанатын қосымша да жіңішке түрінде қосылады.
ә) бұл есімдіктердің түбірі жуан болса (маған, саған), оған қосылатын қосымша да жуан күйінде жалғанады.
б) ілік, барыс, жатыс және шығыс септіктерінде н дыбысы түсіп қалады;
в) атау , жатыс, көмектес септіктерінде түбір әр уақыт сақталады;
г) барыс септігінде түбір де, қосымша да өзгеріп (менге, сенге, олға емес) маған, саған, оған болып келеді.
ғ) көмектес септікте түбір мен қосымшаның аралығындағы ы, і дыбыстары қоланылады.

Қазақ тілі бойынша дайын материалдарды талдау тәсілдерінің тағы бір түрі- схемалар мен кестелер бойынша талдау.


1) Буын үндестігі мен дыбыс үндестігі бойынша өзгерген буын мен дыбысты жақшаға алып, дұрыс жазу.

2) Сөзді дұрыс жазып, өзгерген буынмен дыбысты үстіне көрсетіп жазу:





Буын үндестігі мен дыбыс үндестігі

Дүйсен-бек, жұмыс-шы


Дүйсен-м-бек, жұмыс-ш-шы



3) Кестедегі буын үндестігі мен дыбыс үндестігін ауызша талдау жасау:





Дыбыстар

Буын үндестігі мен дыбыс үндестігі.
Жуан- жіңішке, үнді-үнді, ұяң-ұяң, қатаң-қатаң, үнді- ұяң

Сөздер

Ілгерінді ықпал

Кейінді ықпал

Бы-лай жазыла-ды

Бы-лай айтыла-ды

Былай жазылады

Былай айтылады

Колхозшы-лар







Колхоз-шылар

Колхош-шылар

Шашса
Сағынтай

Шаш-са

Шаш-ша

Сағын-тай

Сағым-тай

Фонетикалық талдауды жүргізу методикасына тоқталсақ:


Ең алдымен таңдалған мәтінді не сөйлемді тақтаға немесе дәптерге жазар алдында оқушылар дауыстап оқып шығады.
Мысал: 1. Жасқа ұстаздық етсең, болашақтан тірек табасың (С.Бақбергенов) 2. Көптің мақұлдауынсыз колхоз қаражатын ешкім де жұмсай алмайды (Ә.Сланов).
Бірінші сөйлемдегі сөздер буынға бөлінеді:
Жас-қа ұс-таз-дық ет-сең, бо-ла-шақ-тан ті-рек та-ба-сың
Осы сөйлемнің ішінен жасқа, болашақтан деген сөздер таңдалады, олардың асты сызылады да, тақтаның сол жағына жазылады. Жасқа- 2 буынды, 5 әріпті, 5 дыбысты сөз. Ал болашақтан 4 буынды, 10 дыбысты, 10 әріпті сөз. Бұл сөздердегі дыбыс пен әріптер талданады. Ж- дауыссыз дыбыс, ұяң дыбыс; а- дауысты дыбыс, еріннің қатысына қарай езулік дыбыс, иектің қызметіне қарай ашық дыбыс, тілдің қызметіне қарай жуан дыбыс; с- дауыссыз, қатаң; қ- дауыссыз қатаң дыбыс; б- дауыссыз, ұяң дыбыс; о- дауысты, ерін қатысына қарай еріндік, иектің қызметіне қарай ашық дауысты, тілдің қалпына қарай жуан дауысты дыбыс; л- дауыссыз, үнді дыбыс; ш- дауыссыз, қатаң; т- қатаң дауыссыз дыбыс; н- үнді дауыссыз дыбыс.
Сондай-ақ жасқа дегенде жас- бітеу буын, қа- ашық буын. Бітеу буын 3 дыбыстан, ал ашық буын 2 дыбыстан құралған. Болашақтан дегенде: бо- ашық буын, 2 дыбысты; ла-ашық буын, 2 дыбысты; шаќ- бітеу буын, 3 дыбысты; тан- 3 дыбысты бітеу буын; Жасқа дегенде- екпін қа бынуына түседі, сөздің соңында тұрады; болашақ-тан дегенде екпін тан буынында болады.
Сонымен бірге, жасқа, болашақтан деген сөздерде буын және дыбыс үндестігі бар. Түбір сөз және соңғы буын жуан болса, оған жалғанатын қосымшалар жуан түрде қосылады. Жас-қа, болашақ-тан. Бұл сөздерде ілгерінді ықпал үндестігі кездеседі. Яғни түбі мен қосымша аралығындаѓы үндестік. Сөздің соңғы дыбысы қатаң болғандықтан, оларға қатаңнан басталған қосымшалар жалғанып тұр. Сөздер дыбысқа, буынға және буын үндестігіне талданатындығы қорытылады.
Тілдік материалды оқушыларға ғылыми негізде меңгертудің бір жолы- сатылай комплексті талдау. Талдау оқушыларға қазақ тілі ғылымының мазмұны мен жүйесін, оның сөздік құрамы мен әдеби тіл нормасын үйретіп, сауатты сөйлеу, жазу дағдысын қалыптастыру, тілден алған білімдерн басқа ғылым салаларын меңгеруге құрал етіп, білім беру үстінде пән мен пәнді байласныстыра меңгеріп, өз беттерінше іздеп біліп, шығармашылықпен жұмыс істеуге баулиды. Өтілген тілдік материалды оқушылардың түсінігіне балап, одан сапалы және терењ білім алу үшін және өтілген материалды тиянақты меңгеріп, оның ғылыми-практикалық негізін дұрыс түсіну үшін де сатылай комплексті талдаудың маңызы зор.
Аталмыш іс талдау барысында ерекше ұқыптылыққа, мақсатты түрде ізденушілікке, шығармашылықпен жұмыс жасауға дағдыландырады.
Сатылы комплексті талдауды жүргізуде басшылыққа тілдік материалды белгілі бір жүйемен орналастыратын сызба басшылыққа алынып, тілдің әрбір саласы оқулықта болсын, ғылыми еңбекте болсын белгілі бір жүйемен беріледі. Сызба осы жүйені негізге ала отырып, сатылай жасалған оқулықта берілген материалдар оңайдан қиынға, жеңілден ауырға деген оқыту принципіне негізделсе, сызба да осы принципті басшылыққа алады. Тілдің әрбір саласын меңгертуде сатылай комплексті талдау негізге алынып отырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   75




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет