Жауаптар Гос Әдістеме 1-билет Гравюра


Мектепке дейінгі ұйымдардағы құрастыру іс-әрекетінің құрылымы, мазмұны



бет10/49
Дата30.11.2023
өлшемі187,68 Kb.
#194266
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   49
Байланысты:
ответы 2 гос экзамен

12. Мектепке дейінгі ұйымдардағы құрастыру іс-әрекетінің құрылымы, мазмұны
«Құрастыру» термині латынның «construere» сөзінен шыққан, бұл әр
түрлі жеке заттарды, бөлшектерді, элементтердің моделін жасауды,
құрастыруды, белгілі тәртіпке келтіруді және өзара қатынасын білдіреді.
Құрастыру – оның функционалды мақсатына сәйкес келетін, белгілі,
алдын-ала жоспарланған нақты өнімді алуға бағытталған, мектеп жасына
дейінгі баланың өнімді іс-әрекетінің түрі.
Балаларға арналған құрастыру деп құрылыс материалдарынан,
конструктор бөлшектерінен әр түрлі құрылыстар мен модельдерді жасауды,
қағаздан, картоннан, түрлі табиғи және қалдық материалдардан қолөнер
бұйымдарын жасауды түсінуге болады.
Мектепке дейінгі жастағы құрастыру ойынмен тығыз байланысты және
балалардың қызығушылықтары мен қажеттіліктеріне жауап беретін іс-әрекет
болып табылады. Әдетте балаларға арналған құрастыру өнімдері ойында
практикалық қолдануға арналған. Балаларға арналған құрастыру, әсіресе
техникалық (құрылыс материалдарынан, конструктор бөлшектерінен, ірі
модульдерден жасалған құрастыру) ойын іс-әрекетімен тығыз байланысты.
Балалар құрылыстар салады (машинаға арналған гараж, рыцарь сарайы және
т.б.) және олармен ойнап, ойын барысында оларды бірнеше рет қайта
құрастырады.
Құрастыру затты көру қабілетін, оның мақсатын анықтау қабілетін
дамытады, сол зат құрылуы тиіс бөлшектердің түрлі қасиеттері туралы
неғұрлым толық түсінікті қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Құрастыру түрлері
Құрастыруды екі түрге бөледі: техникалық және көркемдік.
Құрастырудың техникалық түріне мыналар жатады:
-құрылыс материалдарынан құрастыру (геометриялық пішіндегі
ағаш боялған немесе боялмаған бөлшектер);
-бекітудің түрлі тәсілдері бар конструктор бөлшектерінен
құрастыру;
-ірі көлемді модульдік блоктардан құрастыру;
-компьютерлік бағдарламалар негізінде құрастыру.
Техникалық құрастыруда балалар негізінен шын мәнінде бар
объектілерді бейнелейді, сондай-ақ ертегі, фильмдерден көрген бейнелерді
елестету бойынша құрылыстар жасайды. Бұл жерде олардың негізгі
құрылымдық және функционалдық белгілерін үлгілейді: шатыры, терезесі,
есігі бар ғимарат; палубасы, азығы, штурвалы бар кеме және т.б.
Құрастырудың көркемдік типіне: пейзаждық, сәндік және сюжеттік
композицияларды құрастыруда кағаздан және табиғи материалдан құрастыру
қолданады, өйткені оларды өзгертуге, қосуға, алып тастауға, ауыстыруға,
болады.
Балалар құрастыру іс-әрекетінде пайдаланылатын материал түрі
құрастыру түрін де айқындайды:
1. Құрылыс мавтериалдарынан құрастыру – мектеп жасына дейінгі
балалар үшін құрастырудың неғұрлым қолжетімді және оңай түрі болып
табылады.
Құрылыс материалы, өз алдына, түрлі пішіндес геометриялық денелер
болып табылады (текше, цилиндр, призма және т.б.).
2. Конструктор бөлшектерінен құрастыру (пластмасса, металл),
оларды бекіту түрлері алуан түрлі: паздар, штифтер, сомындар, кертіктер
және т.б.
3. Ірі көлемді модульдерден құрастыру – көлемді және жазықтық
құрастыру құралдары ретінде салыстырмалы түрде жуырда ғана пайда
болды, көбіне 5-7 жастағы үлкен мектеп жасына дейінгі балалардың ой және
дене мүмкіндіктеріне сәйкес келеді.
4. Компьютерлік құрастыру – бұл құрастыру процесінің өзіне тән
ерекшелігі кеңістіктік көріністі (бейнелерді) жасау және түрлендіру
(құрамдастыру) болып табылады.
Мектеп жасына дейінгі балаларды құрастыруға оқытуды
ұйымдастыруды мынадай түрлерге бөледі:
1) үлгі бойынша құрастыру;
2) талаптар бойынша құрастыру;
3) ойы бойынша құрастыру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет