Жауаптар Гос Әдістеме 1-билет Гравюра


Мектепке дейінгі жастағы балалардың тілін дамытуда байланыстырып сөйлеу түсінігі және мағынасы



бет12/49
Дата30.11.2023
өлшемі187,68 Kb.
#194266
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   49
Байланысты:
ответы 2 гос экзамен

14. Мектепке дейінгі жастағы балалардың тілін дамытуда байланыстырып сөйлеу түсінігі және мағынасы
Байланыстырып сөйлеу – тек қана сөйлемдердің тізбегі емес, ол сөйлемдердің бір – бірімен тиянақты, белгілі бір ретпен, кезектілікпен, мазмұны жинақы құрастырылған сөйлемдердің жүйесі. Бірақ, өз ана тілін білген адам, тек сөйлеп қана қоймайды, ол өз ойын байланыстырып сөйлеу тілі арқылы жеткізе біледі.
Балалардың сөйлеу тілін қалыптастыру үшін, ересек адамдармен эмоционалды қарым-қатынас жасауға, заттық және әр түрлі ойын әрекеттерінде, ойлау әрекетінің көрнекі-заттық түріне, естуіне, көруіне, иіс сезуіне, қоршаған ортаны бағдарлауына үлкен назар аудару қажет.
15. Күн тәртібіндегі дене шынықтыру – сауықтыру шаралары
Шынығу деп организмнің қоршаған орта факторларына, әсіресе, метеорологиялық факторларға (шынығудың арнаулы әсері) қарсы тұру мүмкіндігін арттыратын процедуралар жүйесін түсінеді. Сонымен қатар шынығу организмнің қызмет қабілетін жоғарылатады, әр түрлі ауруларға иммунобиологиялық қарсы тұру (арнаулы емес әсері) дәрежесін арттырады. Шынығудың тиімділігі төменде көрсетілген принциптердің сақталуына байланысты:
1. Процедураларды қолданудың жүйелілігі;
2. Тітіркендіргіштердің күшін ептеп ұлғайту;
3. Жасына, денсаулығына және шынығу дәрежесіне байланысты шынығуды бастаған кезде, жеке бас ерекшеліктерін ескеру;
4. Балалардың ең жақсы жылулық жағдайда болуы;
5. Баланың көңіл-күйінің дұрыстығы.
Балаларды шынықтырудың құралдары болып, негізінен табиғи факторлар алынады: ауа, су, күн радиациясы. Оларды шынығуға пайдалану үшін, белгілі гигиеналық талаптар қойылады. Ауа мен су таза және белгілі температурада болуы қажет. Сонымен қатар ауаның ылғалдылығы мен қозғалу жылдамдығы да есепке алынады. Күн сәулесінің түсетін бұрышы, әсер ету үстемдігі және ұзақтығы белгілі мөлшерде болуы қажет.
Дене тәрбиесінде балалардын күн тәртібінің негізгі мазмұны денені жаттықтыру болып табылады. Ол мынадай түрлерге бөлінеді.
- Таңертеңгілік жаттығу
- Қимыл- қозғалыс ойындары, спорт ойындары.
-Таза ауадағы дене шынықтыру.
1) Таңғы жаттығудың мәні
Таңертеңгілік жаттығу балаларды ақыл- ой адамгершілік, еңбек және эстетикалық жағынан тәрбиелеу жұмысын жүзеге асыруға, олардың сергек, шат көңілді және кұні бойы белсенді болуларына ықпал етуі тиіс. Таңертеңгі жаттығу балаларды сауықтыру мен тәрбиелеудегі бағалы құрал болып табылады. Таңертеңгі жаттығумен жүйелі айналысушылар да ұйқышылдық жоғалады, эмоционалдық өрлеу басталады, қабілеттілігі артады.
2) Қимыл-қозғалыс ойындары
Қозғалмалы ойындар – ұзақ ақыл-ой іс-әрекетінен кейінгі жақсы белсенді демалыс, сондықтан олар мектеп қоңырауларында, ұзақтылған күн топтарындағы сабақтар аяқталған кезде немесе мектептен келгеннен кейін үйде өте қолайлы.
Қозғалмалы ойындар сауықтандыру әсерін беретін ойын үрдісіндегі балаларда туатын функционалды және эмоционалды көтерілу аурушаң балалардың денсаулығын қалыпқа келтірудегі арнайы емдік мақсаттарға да қолданылады .
3) Таза ауадағы дене шынықтыру
Бала организміндегі мүмкіндіктерін арттыра түсу үшін таза ауадағы дене шынықтыруға көп көңіл бөлеміз. Таза ауадағы дене шынықтыру балалардың тек қана денесін шынықтырып емес, сондай-ақ тәрбиелік мәні бар білімін ұштастыруға септігін тигізеді. Бірін – бірі сыйлау, ұйымшылдыққа, адамгершілікке тәрбиелеуде мәні зор. Спорттық ойындар арқылы балаларды төзімділікке, қайратты шымыр болуға баулу қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет