Жауаптар Гос Әдістеме 1-билет Гравюра


Топтарда сурет салу сабақтарын ұйымдастырудың ерекшеліктері



бет15/49
Дата30.11.2023
өлшемі187,68 Kb.
#194266
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   49
Байланысты:
ответы 2 гос экзамен

20. Топтарда сурет салу сабақтарын ұйымдастырудың ерекшеліктері
Қазіргі заманда сурет салу оқу қызметін балабақшада оқытудың маңызы өте зор. Балалардың ой-өрісін кеңейтіп дамыту үшін сурет салу өнері ең қажетті ұйымдастырылған оқу қызметтерінің бірі болып саналады.Бұл жұмыс екі бөлімге бөліп қарастырылған,бірінші бөлімде балабақшада сурет слау оқу қызметін оқыту,затқа қарап заттың суретін салу және тақырыптағы ертегіні илюстрациялауға байланысты сурет салу. Сурет салу оқу қызметін осы жастардағы ортаңғы топтағы балаларға оқытудың басты мақсаты, ол балаларға өмірдегі кездесетін қарапайым заттарды бейнелеуді үйрету болып табылады. Балалар өздерінің жас ерекшеліктеріне байланысты салған суреттерінде заттардың ұзындығы мен көлемін ғана көрсете біледі. Сондықтан сурет салудың басты негізгі затты көріп, көрген бойынша заттың биіктігін, көлденеңін, сол заттың басқа заттан өзгешілігін ажырату арқылы салу. Затқа қарап салу тапсырмасын орындау барысында, бала заттардың өз түсін байқауға және басқа заттармен салыстыра білуді үйреніп меңгереді. Егерде балалардың осы қабілеттерін дұрыс қалыптасатын болса, мектепке барғанда баланың сурет салу мүмкіншілігі арта түседі. Сурет салуды үйрету балалардың көріп есте сақтау, қиял деңгейлерін дамытуға көп әсерін тигізеді.
Балаларға өзінің — қабілетін көрсете білуге мүмкіндік беру.
Мақсаты: Балаларға білім мен тәрбие беру үрдісінде шығармашылық іс-шараларды ұйымдастыру. Қоршаған болмыстағы құбылыстар мен заттарды бейнелеу тәсілдеріне үйрету негізінде эстетикалық талғамдарын қалыптастыру.
Міндеті: Жоғарыда көрсетілген зерттеу мақсатын жүзеге асыру үшін төмендегідей міндеттерді шешуіміз керек деп таптық.
Балалармен жүргізілетін шығармашылық жұмыстардың жүйесін құру.
Балаларды жас ерекшеліктермен сай білім беруді қарастыру және
шығармашыл тұлғаны қалыптастыру.
Болжамдап отырған нәтиже: 4-5 жасағы баламен бейнелеу өнеріне үйретуге бағытталған тапсырмалар жүйелі ұйымдастыра отырып төмендегідей жетістіктерге жетуге болады:
— балалардың шығармашылық қабілеті дамиды;
— өз бетімен еңбектену, іздену, жаңа нәрсені ойлап табу, талпыну қабілеттері ашылады;
— Саусақ маторикасы дамиды, ой-белсенділігінің артуы;
— өзін-өзі бағалай білуі, өздігінен жетілу дағдылары қалыптасып дамиды:
— белгілі бір іс-әрекетті орындағанда жігерлі еңбек етуі, шығармашылық тапқырлығы үстей береді.
Әдіс-тәсілдері:
— педагогикалық және психологиялық әдебиеттерді талдау;
— тәрбиешілердің іс-тәжірибелерімен танысып, зерттеу, байқау;
— педагогикалық эксперимент жүргізу;
— әртүрлі мәтінмен, сюжетті суретке әңгіме құрау әдістерін колдану;
— әңгіме, сауал сұрақтар, байқау, салыстыру;
— құзіреттіліктің бастапқы негіздерін қалыптастыру;
Баланың шығармашылық, ізденгіштік қабілеттерін дамыту ерте кезден бастап қолға алуды қажет етеді.Мысалы,тіл үйрету үшін біз баланың туған сәтінен бастап сөйлесе бастаймыз. Ал музыканттар жанұясында үнемі музыка естіп өскен баланың сол өнерге қабілеті өте ерте кезден ашылады. Бала жүйелі,тұрақты ұйымдастырылған шығармашылық әркет жағдайында болуы қажет. Дамыта оқыту ерекше ахуал-бала мен тәрбиеші арасындағы ерекше қарым-қатынас. Тәрбиеші бұл жағдайда дайын білімді түсіндіріп қоюшы, бақылаушы, бағалаушы емес, танымдық іс-әрекетті ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйытқысы.Тек осындай оқыту ғана баланың интеллектісін көзін ашып, шығармашылығын дамытады. Жоғарыды көрсетілгендей бейнелеу өнері екі бағытта жүргізіледі. Олар: Саусақ маторикасы дамытатын, негізгі қарапайым бейнелеу өнерінің әдіс-тәсілдері. Дәстүрден тыс әдіс-тәсілдері.
Сурет салу оқу қызметінде сурет салудың қарапайым әдіс-тәсілдерін меңгеруде төмендегі негізгі бағыттар ұсынылады:
-сурет салуға қажетті құрал жабдықтарды алдын ала баламен бірге таңдап,әзірлеп және ыңғайлы орынға орналастыру:
-суретке мұқият қарап,қарындашты,қылқаламды қалай ұстау керектігін балаға көрсету:
-ұсынылған үлгі бойынша әр түрлі сызықтарды бастыра сызып үйренуге бағыт беру:
-түрлі түсті бояуларды орналастыра басқа түс алуға және оны сурет салуда пайдалана білуге көмектесу, бағыт беру
Мектепке дейінгі жастағы баланы жан-жақты етіп тәрбиелеудегі басты мәселелердің бірі,оны шешудің негізгі бір тармағы-эстетикалық тәбие беру барысында ерекше үлес бейнелеу өнерінің еншісіне тиетіндігінде.Бұл жөнінде танымал ғалым Ф.Жұмабекова: «Бейнелеу өнері тәрбие құралы ретінде баланың жеке басының жан-жақты дамып, қалыптасуына тікелей әсер етеді»,-дейді
Сурет салу оқу қызметімен танысу барысында баланың ақыл-ойы жетіліп , жағымды мінез –құлықтары мен адамгершілік қасиеттері қалыптастырып, әсемдік пен сұлулықты қабылдау қасиеті артады. Яғни қоршаған ортаға, табиғатқа деген эстетикалық сезімі шыңдала түседі.
«Сурет салуы сүю-өмірді, табиғатты айнала қоршаған ортаны сүю. Ол адамның ақыл-ой парасаты өсіреді,танымын кеңейтіп, ізгілікке, әсемдікке үйретеді,өмірдегі келеңсіз құбылыстармен ымырасыз күресуге тәрбиелеп,халқына, еліне, жеріне деген сүйіспеншілікке баулиды» –дейді танымал ұстаз Ә.Төлеубаев.
Эстетикалық қабылдау әрқашанда заттар мен құбылыстардың тек сыртқы пішіндері мен белгілері ғана емес ,олардың ішкі сапалық белгілеріне баға берумен де байланысты.Сондықтан эстетикалық және идеялық құбылыстар өзара байланысты және үлкен танымдық мәні бар.Бұл мәселе жөнінде қазақтың заңғар жазушысы М.Әуезов : «Көркем өнердің міндеті табиғатқа еліктеу емес,оның сырын ашу.Көркем өнер біздің ішкі дүниеміз бен жан-жүйемізге әсер етіп,адамдық қалпымызды тәрбиелейді» ,-деген болатын.
Қорыта келгенде сурет салу оқу қызметі эстетикалық тәрбие беруде халық дәстүрлерін, ұлттық өнердің көбірек пайдалану қажет. Себебі балабақша балаларын халқымыздың өнрі, ұлттық ойындар және халық ертегілеріндегі кейіпкерлер бейнесі қызықтырады.Сурет салу эстетикалық талғамды қалыптастырып, негізгі мынадай іс-әрекеттерге тоқталу қажет. Жаңа оқу қызметін түсіндіру барысында көрнекіліктерді түрлендіре отырып, сұрақ-жауап, әңгімелесу әдістері қолдан
Ұйымдастырылған оқу қызметі ұлттық әдет- ғұрыптар мысалдарымен түрлендіріп жүргізу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет