Тәрбиелік міндеттер. Дене тәрбиесі процесінде кең ауқымды тәрбиелік
міндеттерді шешудің маңызы үлкен. Балаларда күн сайын дене жаттықтырумен
айналысуға деген қажеттілікті, әдетті қалыптастыру, балалар мекемелерінде,
үйде осы жаттығулармен ӛз бетінше айналыса білуді дамыту, неғұрлым
қарапайым жаттығуларды құрдастарымен және біршама кіші жастағы
балалармен бірге ӛткізу қажет. Балаларда спортқа деген сүйіспеншілікті, оның
нәтижелеріне, спортшылардың жетістіктеріне деген қызығушылықты
тәрбиелеу керек. Дене тәрбиесі процесінде адамгершілік, ақыл-ой, эстетика,
еңбек т.б. тәрбиелерді жүзеге асыруға үлкен мүмкіндіктер болады. Дене
жаттығуларын орындаған кезде мінездің жақсы жақтарын және адамгершілік
қасиеттерді тәрбиелеу үшін, сондай-ақ ерік-жігер қасиеттерінің кӛрініс беруі
үшін жақсы жағдайлар жасалады. Мектеп жасына дейінгі балаларда сергек, жайдарлы кӛңілді қамтамасыз
ете отырып, жағымды эмоцияларды тәрбиелеу, сондай-ақ жағымсыз
психикалық кӛңіл күйді тез жеңе білуді дамыту ӛте маңызды. Бұл жағымды
эмоциялардың барлық органдармен организм жүйелері жұмысына жақсы әсер
ететіндігімен, қимыл-қозғалыс дағдылары қалыптасуының шапшаңдығымен
беріктігін қамтамасыз ететіндігімен де қажет. Дене тәрбиесі эстетикалық
тәрбиені жүзеге асыруға жақсы жағдай жасайды. Дене жаттығуларын орындау
процесінде қимыл-қозғалыстың, дене тұлғасының сұлулығын, әсемдігін,
мәнерлігін, костюмдердің, дене шынықтыру жабдықтарының, айнала қоршаған
бүкіл ортаның әдемілігін қабылдау, сезіну, түсіну және дұрыс бағалау қабілетін
дамытуды қолдап отыру, эстетикалық жағынан лайықты мінез-құлыққа
ұмтылысты, әрекеттердегі, сӛздердегі, қылықтардағы дӛрекілікке тӛзбеушілікті
тәрбиелеу орынды. Дене тәрбиесі процесінде еңбек тәрбиесі жүзеге асырылады.
Еңбекке даярлаудың мәні мынада, балаларда қимыл-қозғалыс дағдыларын
шапшаң меңгеру қабілеті дамиды және еңбекке қажетті дене қасиеттері
тәрбиеленеді. Сонымен бірге балалар бӛлмені, балабақша үлескісін
жабдықтаумен, дене тәрбиесі құралдарын сабақтар кезінде орын-орнына қоюға
және жинауға байланысты еңбек дағдыларын меңгереді.