Жауаптар Гос Әдістеме 1-билет Гравюра


Мектепке дейінгі дене тәрбиесінің міндеттері



бет16/49
Дата30.11.2023
өлшемі187,68 Kb.
#194266
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   49
Байланысты:
ответы 2 гос экзамен

21. Мектепке дейінгі дене тәрбиесінің міндеттері
Дене тәрбиесі жүйесінің барлық буындарында бір мақсат - ӛмірге, еңбекке, Отан қорғауға
даярлау жүзеге асырылады. Мектепке дейінгі балалық шақ дене тәрбиесінің
міндеттері жалпы мақсаттық бағытты сақтай отырып, жас ерекшеліктерін
ескере нақтыланады. Мектепке дейінгі жаста дене тәрбиесінің сауықтыру, білім
беру, тәрбиелік міндеттері жүзеге асырылады.
Сауықтыру міндеттері. Мектепке дейінгілер дене тәрбиесінің міндеттері-ӛмір
қорғау және денсаулық нығайту балалардың организмін шынықтыру болып
табылады. Жақсы денсаулық барлық органдар мен организм жүйелерінің
нормаға сай жұмыс істеуімен анықталады. Денсаулық нығайту міндеттері бала
организімінің даму ерекшеліктерінен туа отырып, әр жүйе бойынша әлдеқайда
нақты түрде анықталады: дұрыс және уақытылы сүйектенуге, омыртқа
иілістерінің қалыптасуына, табан үзінділігінің дамуына, байланыс буындық
аппараттың нығаюына кӛмектесетін, дене бӛліктерінің дұрыс арақатыста
дамуына, сүйектердің ӛсуі мен салмағын реттеуге себепші болып; бұлшық
еттердің барлық топтарын кеуде, арқа, аяқ-қол, алақан, табан, мойын, ішкі
органдар, оның ішінде жүрек, қан тамырлары, бұлшық еттерін дамыту,
тыныс жолдары еттерін нығайту, кеуде клеткасының қозғалғыштығын дамыту, тыныс алудың тереңдеуіне ауаны үнемді жұмсауға, мұрын арқылы дем алуды үйрету;
ішкі органдардың дұрыс қызмет етуіне кӛмектесу, теріні зақымданудан сақтау
және оның дұрыс қызмет етуіне жәрдемдесу; қозу және тежелу процестерінің
тең қалыптылығына, олардың қозғалмалығына, белсенді тежелістің дамуына,
сондай-ақ қимыл-қозғалыстық анализатордың, сезім мүшелерінің жетілуіне
себепші болу.
Білім беру міндеттері. Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесі
процесінде білім беру міндеттерін шешудің де маңызы аз емес. Қимыл-
қозғалыс дағдыларын қалыптастыру, денені түзеу ұстау, гигиена дағдыларын
бойға сіңіру, дене тәрбиесі туралы білімді игеру. Қимыл-қозғалыс дағдылары қоршаған ортамен байланыс жасауды жеңілдетеді және оны танып білуге кӛмектеседі: мәселен, еңбектеуді үйренген бала оны қызықтыратын заттарға ӛзі жақындайды да олармен
танысады, шаңғы, велосипед тебе білетін балалар қардың, желдің қасиеттерін
оңай танып біледі, жүзу кезінде балалар судың қасиеттерімен танысады. Дене
жаттығуларын дұрыс орындау бұлшық еттердің, буындардың, бунақтардың,
сүйек жүйесінің жетілуіне тиімді әсер етеді. Қалыптасқан қимыл-қозғалыс дағдылары баланың күш үнемдеуіне
мүмкіндік береді. Осының арқасында жаттығуды кӛп рет қайталауға және
жүрек қан тамырлары, тыныс жүйелеріне әлдеқайда тиімді әсер жасауға,
сондай-ақ дене қасиеттерін дамытуға мүмкіндік туады. Дене тәрбиесіне қатысты
білімдер балалар ӛскен сайын кеңейе түседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет