3-билет 7. Қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру бойынша мектепке дейінгі балалардың уақытты бағдарлауды қабылдау ерекшеліктері-багдарлама 8. Музыкалық дыбыстар және оның ерекшеліктері Музыкалық дыбыс – музыкалық жүйеде нақтылы орны бар, тұрақты биіктіктегі дыбыс. Дыбыстарды екі түрге бөлуге болады:
1) музыкалық дыбыстар;
2) шулы дыбыстар.
Музыкалық дыбыстардың шулы дыбыстардан айырмашылығы – оның белгілі бір дыбыс тонының, биіктік шегінің болуында, ұзақтығы, күші және тембрі (үн бояуы) бар дыбыстар.
Музыкалық дыбыстарды жазу үшін «нота» шарты қолданылады. Нота (лат., итал., «nota» - «таңба» - деген мағынаны) білдіреді. Музыкалық дыбыстардың биіктігін жазу үшін, ноталық бес сызық қолданылады. Бес сызықтың реттік саны төменнен жоғарыға қарай санала отыра, музыкада қосымша сызықшаларда қолданылады. Нота таңбалары жазылатын бес сызыққа кілт белгісі қойылады, кілттің үш түрі пайдалынады:
1) скрипка (соль) кілті;
2) бас (фа) кілті;
3) альт (до) кілті.
Скрипка (соль) кілті музыкада қолданылатын жоғарғы регистр дыбыстарын жазуға арналған, бас (фа) кілті төменгі регистрдегі дыбыстарды жазуға, ал алть (до) кілті ортаңғы регистрдегі дыбыстарды белгілеуге қолайлы.
Дыбыс шығарушы серіппелі дене тербелісінің жиілігі мен жылдамдығы музыкалық дыбыстың биіктігі деп аталады. Дыбыс күші тербеліс қозғалысына, яғни серіппелі дененің тербеліс ауқымына қарай өлшенеді. Мысалы, дыбыстар боянуына байланысты жұмсақ, қатты, жуан, жіңішке дыбыстар болып анықталады. Осы мақсаттарға қол жеткізу үшін студентті дыбыстың үндестігінің дұрыс орындалуына үйрету керек.
Студенттердің музыкалық – көркемдік қабілеттерін дамыту үшін оларды көркемдік эстетикалық мазмұны жағынан сан-алуан жаңа пьесалармен үнемі таныстырып отыру қажет. Әр түрлі жанрдағы шығармалармен таныстыру, жұмыс жасау.
9. Түстану. Перспектива Бейнелеу өнерін оқытудағы негізгі мақсаттың бірі – оқушыларға көркемдік білім беру болып табылады. Бейнелеу өнерінің бейнелеу ептейліктері мен дағдыларының қалыптасуына ерекше әсер ететін – бейнелеудің жарық пен көлеңке, перспектива, композиция және түстану заңдылықтарын түсінеміз.
Түстану – түс туралы ілім жүйесі. Түс — адамның көзімен қабылданатын физиологиялық сезім. Әр - түрлі түстер адамға эмоциялық әсер береді. Мысалы, күңгірт, қара түстер адамға кері әсер етіп, ашық түстер жақсы әсер беріп, көңіл - күйді көтереді. Түстік шеңбер – бір - біріне біркелкі өтетін спектр түстері.
Бейнелеу өнерінде үш түс: сары, қызыл және көк — негізгі түстер деп есептеледі.
Қосымша түс негізгі түстердің қосындысы арқылы алынады.
Түстер хроматикалық және ахроматикалық болып бөлінеді. Хроматикалық түстерге түрлі-түсті түстер жүйесі кіреді. Ахроматикалық түстерге ақ және қара түстер жатады. Барлық хроматикалық түс үш параметрмен ашықтылықпен, түстік өңмен және қанықтылықпен сипатталады. Ахроматикалық түстер бір-бірінен тек бір белгісі бойынша – ашық (ашық сұрғылт немесе қара сұрғылт) бойынша ерекшеленеді. Түстік өң бұл «қызыл», «сары» және т.б. сөздермен анықталады. Мысалы қызыл, таза қызыл немесе сұрғылт қызыл. Бұл қызылға қосылған сұрғылт қоспа түстің өңін өзгертпейді қызыл түс қызыл болып қалады. Ахроматикалық қоспадан, хроматикалық түстің қанықтығы азаяды. Мұндай қоспада ахроматикалық түс неғұрлым аз болған сайын, оның қанықтығы арта түседі.
Хроматикалық түстерді шартты түрде жылы түсер және суық түстер деп бөлінеді. Жылы түске түс спектрінің сары-қызыл бөлігі, ал суық түске көгілдір бөлігі жатады, жылы түстерді күн мен оттың түсімен, суық түстерді аспан, су мен мұздың түсімен сиппатауға болады. Күлгін және жасыл түстер аралық жағдайда пайда болады. Бұларды басқа түстермен қатынасына байланысты бірде жылы, бірде суық түске жатқызуға болады. Контраст түстер – бір біріне қарама қарсы түстер. Ақ түске, қара түстер қарсы ақ пен қызыл т.б. түстер конраст сипатын береді.
Суретшілер екі өлшемді бетке (қағаз немесе кенепте) үш өлшемді объектілерді табиғи және шынайы көрінетін етіп ұсыну үшін перспективаларды пайдаланады. Перспектива кеңістіктің және тереңдіктің жалпақ беттегі (немесе сурет жазықтықта ) елесін жасай алады.
Перспектива көбінесе сызықтық перспективаға жатады, оптикалық елесін конверген сызықтарды және жойылатын нүктелерді пайдаланып, олар объектілерді көрерменнен алыстатады. Перспективаның үш негізгі түрі - бір нүктелі, екі нүктелі және үш нүкте -перспективалық иллюзияны жасау үшін пайдаланылатын жоғалу нүктелерінің санын білдіреді. Ең көп пайдаланылатын екі нүктелі перспектива.