40
жеңіл әрі қызықты оқытудың тәсілдерін қолдану керек.
Ұлттық болмысты сақтаушы -
абзацта берілген, талданған пікір
лердің түйіні.
классикалық әдебиетті қазіргі әдебиетпен байланыстыра оқыту жол
-
дарын қарастырған жөн. Тілі, оқиғалары ХХІ ғасыр оқушыларына
күрделілігін ескере отырып, жеңіл әрі қызықты оқытудың тәсілдерін
қолдану керек –
эссені қорытындылаушы сөйлем.
2 – эссені талдау, бағалау
ХХІ ғасыр оқушыларына классикалық әдебиетті оқыту өзекті ме?
Эсседе
• Осы тақырыпты түсінуі туралы жазылған сөйлем кездесе ме?
• Классикалық әдебиет туралы жазылған ба?
• Классикалық әдебиетті оқыту мәселесі туралы айтылған ба?
• Тезис бар ма?
• Тезис эссе тақырыбына сәйкес қойылған ба?
• Құрылым талапқа сәйкес келе ме?
Жоғарыда берілген үлгідегі эссені бағалау қиындық тудырады. Эссе
жазушы эссе тақырыбын түсінбеген, ХХІ ғасыр оқушыларына клас
-
сикалық әдебиетті оқытудың өзектілігі туралы емес, кітап оқу мәсе
-
лесі туралы жазған. Эссе тақырыбын түсінбегендіктен, тақырып
өзектілігі де, тезис те дұрыс емес. Тезис қойылмаған. Кіріспе, негізгі
бөлім, қорытындыдан тұратын құрылымға сәйкес емес. Эссе тек қана
кіріспе бөлімнен тұрады, себебі эссенің соңғы сөйлемі «ХХІ ғасыр
оқушыларының классикалық шығармаларды оқығандары дұрыс деп
ойлаймын» деп аяқталған. Бұл – тезис, эссе жазушының эссе тақы
-
рыбына қатысты ұстанымы. Тезис эссе құрылымы бойынша кіріспе
бөлімде болуы керек.
Бірнеше пікірлер кездеседі, бірақ эссе тақырыбына сәйкес емес.
• Қазіргі ғылым мен техниканың
дамыған уақытында көркем
шығарма оқушылар жоқтың қасы.
• «Кітап – білім бұлағы...» дегендей, кітап оқып, көркем сөздер
-
мен сусындамаған адамдарды жан-жақты дамыған тұлға деп
айту да қиын болар.
•
Оқығысы келсе, техника да кедергі жасамайды.
[3.17]