Жазылу жолдары



Pdf көрінісі
бет24/36
Дата16.10.2023
өлшемі23,11 Mb.
#185662
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   36
Байланысты:
Эссе және оның жазылу жолдары

Дәлел жинақтау
Эссе тақырыбын түсінгеннен кейін тақырыптың негізгі идея-
сына сәйкес дәлелдер жинақтайды. Әдеби-талдау (Ы.Алтынса
-
рин әңгімелеріндегі автордың баяндау тәсілдерін басым қолда
-
ну себептерін талдап жаз), әдеби-сыни (Ы.Алтынсарин «Бай 
баласы мен жарлы баласы» әңгімесіндегі кейіпкері Асанға 
аяушылық сезім білдіреді деп ойлайсыз ба?) бойынша дәлел


60
үшін ресурс көзі - тек қана жазушының әңгімелері. Эссе жазушы 
пікірін тереңірек бекіткісі келсе, өзге тұлғалардың пікірін аргумент 
ретінде қоса алады. Ал әдеби-дәлелдеме (Ы.Алтынсарин ағартушы 
ма әлде жазушы ма?) әдеби-синтез (ХІХ ғасырдың ІІ жартысы: қазақ 
ағартушылары және қоғам) эсселерді жазғанда бір ғана туынды жет
-
кіліксіз. Әртүрлі қайнаркөздерден, көркем туындылардан дәлелдер 
келтіру керек. Әдеби-салыстырмалы (Ы.Алтынсариннің өз туындысы 
«Қыпшақ Сейітқұл» әңгімесіндегі кейіпкер Сейітқұлдың әрекеттерін 
автордың ағартушылық жолындағы әрекеттерімен салыстыра талдап 
жаз) салыстыруға қажетті объект эссе тақырыбында берілгендіктен, 
дәлелдер де содан алынады. Әдеби-шығармашылық эссе оқушының 
бай сөздік қоры мен ұшқыр ойын қажет етеді. Бұл эссе басқа эссе түр
-
леріне ұқсамайды. Құрылымды сақтамайды. Себебі шығармашылық 
жазба жұмыс. Мысалы осы сабақта «Ы.Алтынсариннің ХІХ ғасыр
-
дың соңында жазылған «Әке мен бала» әңгімесін ХХІ ғасырда жа
-
зылған «Әке мен бала» әңгімесі ретінде жаз» деген тақырып берілсе, 
оқушы фанфик ретінде жаңа әңгіме жазып шығады. Бұл талдаулардан 
шығатын қорытынды, эссеге дәлел жинақтау эссенің тақырыбы, түрі, 
тезисіне қарай орындалады.
Тезис құрастыру
Жинаған дәлелдердің бәрін тексеріп, эссе сұрағына қалай жауап 
беру түсінікті болса, онда тезис құрастыру сатысына келгендігін біл
-
діреді. Тезис – пікір, аргументтер, айғақтармен талдануы тиіс эссе 
тақырына қатысты пікір. Тезис – әдеби анализ эссенің жүрегі, эссенің 
басым бөлігі тезисті дәлелдеуге жұмсалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет