72
Мақсат, жазылу ерекшеліктері эссе тақырыптары арқылы айқында
-
лады. Эссе тақырыптары шығарманың ерекшелігіне, эссе түрлеріне
қарай әртүрлі құрылады. Мысалы,
•
«М.Әуезовтің «Абай жолы» романэпопеясының «Қайтқанда»
бөліміндегі кейіпкер Абайдың елге сағынышын жеткізудегі автор
тәсілдерін талдап жаз».
Әдеби-талдау эссе автор қолданған тәсіл
-
дерді тауып, талдап жазады. Автор
кейіпкер Абайдың ауылына де
-
ген сағынышын оқырманына баяндау, суреттеу, сипаттау әлде моно
-
лог, жанама мінездеу немесе тағы басқа қандай тәсілдерді қолдану
арқылы жеткізді. Ол қаншалықты сенімді әрі ұтымды болды. Оқыр
-
манын әсерлендіре алды ма? Осы сияқты әртүрлі сұрақтар төңірегін
-
де ойланып, талдай отырып жазады.
•
«М.Әуезов «Абай жолы» романэпопеясындағы Қодар мен Қамқа
оқиғасын автор неге «Қайтқанда» бөліміне енгізді?»
Әдеби-сыни
эссе. Автордың бұл бөлімге осы оқиғаны не үшін енгізгені туралы
айтқан ақпараты жоқ. Эссе жазушы
сыни көзқараспен талдай оты
-
рып жазады. Ол үшін «қайтқанда» сөзінің қолданысы туралы талқы
-
лау жүргізеді. Оның лексика-семантикалық қолданысына тоқталады.
Кіріспе бөлімін осы сөзді талқылаудан бастап, соңында тезис шыға
-
рады. Бөлімнен нақты аргументтер келтіре отырып, эссе тақырыбына
жауап береді.
•
«М.Әуезовтің «Абай жолы» романэпопеясындағы және сол дәуір
туындыларындағы кедейлер өмірі авторлардың кедей табына де
ген жанашырлығы».
Әдеби-синтез эсседе бірнеше туындылардағы
кедей мәселесінің көтерілуін талдай келе, өзіндік бағасын шығарады.
Өзіндік көзқарасы тұрғысынан шығарылған бағасына талдау жүргі
-
зеді. Синтез эссе – бірнеше ресурстардан
ақпаратты синтездеп, бір
тақырып немесе бір ойды қорғап жазылатын эссенің түрі. Синтез
эссенің тақырыбы бірнеше байланысы бар ресурсты қолдануға бола
-
тындай ауқымды болуы керек. Дегенмен байланысы жоқ ресурстар
қолданылатындай да тым жалпылама тақырып та болмауы қажет.
Мысал келтірсек: Әлеуметтік жүйелердің қазақ тіліне әсері – син
-
тез эссе жазуға қолайлы тақырып. Эссе жазу барысында кем деген
-
де 2-3 ресурстың материалдары қолданылуы қажет. Синтез эсседегі
тезис – берілген тақырыпты зерттеп,
ресурстарды оқығаннан кей
-
ін, сол тақырып жайлы қалыптасқан ойыңыз, позицияңыз. Тезисті
эссенің
кіріспесінде жазып, негізгі бөлімінде дәлелдеп, қорғайды.
73
Негізгі бөлімде сөйлемдер тек үшінші жақтан жазылады.
•
«М.Әуезовтің «Абай жолы» романэпопеясындағы Қодар мен
Қамқа оқиғасына шығарған Құнанбай үкімі дұрыс па?»
Әдеби-дәлел
-
деме эсседе білім алушы өз позициясын /ұстанымын/ танытады. По
-
зициясын аргументтер арқылы дәлелдеп жазады. Аргумент келтіруде
роман-эпопеямен ғана шектелмей, неғұрлым өзге дереккөздерден ар
-
гументтер келтірген сайын, соғұрлым эссе бағасы жоғарылайды. Қо
-
рытынды бөлімде кіріспедегі тезиске қайта оралады. Тезис ашылды
ма? Өз позициямды талдап жеткіздім бе? – деген сұрақтар бойынша
ойланады. Негізгі бөлімдегі тезисті талқылау пікірлерінің түйінін
шығарып, қорытынды бөлімге жазады. Соңында эссені қорытынды
-
лаушы сөйлем жазылады.
•
«М.Әуезов «Абай жолы» романэпопеясындағы Абайсың. Күт
пеген жерден Қодар мен Қамқа өлімінің үстінен түстің. Осы сәт
тегі сезіміңді сипаттап жаз.
Әдеби-шығармашыл эссе жазуда Абай
рөліне енеді, сезімін, жай-күйін сипаттап жазады.
Сипаттама эссе
сіздің оқырманыңызға сөзбен салынған суретті көрсетеді, иісті, дәмді
сездіртеді, музыканы естіртеді, киноны көрсетеді, әлдебір заттармен
жанасқандай болады, сезеді. Сипаттама эсседе фактілер мен мысал
-
дар болмайды.
[3.41]
Достарыңызбен бөлісу: