71
ІІІ БӨЛІМ
Эссе түрлері және жазу тәсілдері - 13 сағат
Бұл бөлімде оқушылар эссе түрлерімен танысады, әрбір түрінің
жазу тәсілдеріне машықтанады.
Мұғалімге
Эссе түрлері эссенің жазу тәсілдерімен тығыз байланысты. Аргу
-
ментативті эссе – дәлелдеп жазу,
сараптау, талдау эсселерін талдап
жаз, шығармашыл (креативті) – баяндап,
сипаттап жазу, салыстыр
-
малы
эссе салыстыра талдап жазу, синтез эссе – жинақтау,
бағалау
арқылы талдап жазу. Осы эссе түрлері мен жазу тәсілін кеңірек түсіну
үшін әдеби эссе түрлері мен жазу тәсілдері туралы жазылған ақпарат
-
пен танысу керек. Олар: әдеби-талдау, әдеби-дәлелдеме, әдеби-салы
-
стырмалы, әдеби-синтез, әдеби-шығармашыл эсселер. Неге «әдеби»
сөзі қосарланып жазылады, себебі эссе әдеби туындыға байланысты
жазылады. «Әдеби» сөзінің екінші қосарламасы – эссе түрлері болып
есептеледі.
Достарыңызбен бөлісу: