75
Ол ауыл-аймағы жайлауға көшкенде, қонысын аударуға күйі келмей
ескі жұртта қалып қояды. Оның көшпей қалуы туралы ел арасында
жағымсыз сөздер тарай баастайды. Келінімен жақын қатынаста бол
-
ды деген айыппен Қодар мен Қамқаны өлтіру ұйғарылады.
Менің
ойымша, Құнанбай шешімі дұрыс.
Қодар мен Қамқаны өлтірмеске Құнанбайдың амалы болмады. Ру
басыларының жиынында Сүйіндіктің сөзіне: «Тергесең, Қодар сұм
-
дығын аңыз қып, көпке жайып әкеткен елді терге. ...Ел аузына қақпақ
болып көрші», - деп шарасыздық танытып сөйлейді.
Автор Құнан
-
бай мен Сүйіндік арасындағы тайталас арқылы оқиғаның өріс жайып,
шарықтап кеткендігін жеткізеді. Анық-қанығы айқындалмаса да, елге
тыйым салу қажет. Сондықтан Құнанбай үкімінің өлім болуы шара
-
сыздықтан туындаған.
Оған қоса, романнан тыс туындылар да шешімнің әділдігіне сен
-
діреді. Бұған Ш.Құдайбердіұлының «Қодардың өлімі» поэмасында:
«Ел бұзатын ерсі істі өршітпеске, дарға асып, таспен атқан өз ағасы»
деген жолдар негіз болады. Ғалым Т.Жұртбайдың «Жетпіс жыл жұр
-
тын сүйіндірген сұлу сөз» мақаласында «Атасы мен келінінің ара
-
сындағы зинаны тыю үшін Құнанбай дала заңына сүйене отырып,
оларды қоғамнан аластау туралы үкім шығарады. Екеуін дарға асып,
болашақта басына жастардың келуі мүмкін
деп қауіптеніп,
опасыз
оқиғадан ескерткіш қалмау үшін
денелерін қара жерге де бермей,
өртеп жіберген. Бірақ романда Қодар
жазықсыз кедей ретінде су
-
реттеліп, күнәсіз жандарды Құнанбай жер үшін өлімге қиған болып,
өмірлік шындық көркемдік шындыққа айналып кете береді», - дейді.
Бұл деректер оқиғаның растығына сендіреді. Сондықтан Құнанбай
-
дың үкімімен келіспеуге негіз жоқ, оны ұрпақ болашағын ойлаған ке
-
меңгер деп айтуға болады.
Қорытындылай келе, ақиқатқа негізделген жаза теріс өнеге қалды
-
рмауды көздеген. Ұлт ұрпағының бұзылуының
алдын алған қатал
шешім – көреген жанның ісі. Бұл оқиға әрбір оқырманын түзу жолдан
адаспауға тәрбиелейді.
[3.57]
Достарыңызбен бөлісу: