Болуы мүмкін асқынулар. Аппендикстің тесілуі, аппендикулярлы абсцесстің дамуы, перитонит, медициналық көмекке кеш жүгінген кезінде аппендикулярлы инфильтраттың түзілуі.
Болуы мүмкін асқынулар. Аппендикстің тесілуі, аппендикулярлы абсцесстің дамуы, перитонит, медициналық көмекке кеш жүгінген кезінде аппендикулярлы инфильтраттың түзілуі.
Ажыратпа диагностика. Құрсақ құысының барлық жедел ауруларымен, әйелдерде – жатыр және оның қосалқыларының ауруларымен жүргізеді.
Емі – хирургиялық
Госпитализацияға көрсеткіштер. Жедел аппендицитке күмән туған кезде жедел түрде науқасты стационардың хирургиялық бөлімшесіне госпитализациялау керек. Зембілге жатқызып тасымалдау керек.
Холециститке тән арнайы симптом — оң жақ қабырғасында қарқынды тұрақты ауырсыну, оң иық, жауырынға, оң жақ бұғана асты аймағына таралады. Ауырсыну жиі науқастың мазасыздығымен қатар жүреді, ол өзіне ыңғайлы, ауырсынуды жеңілдететін қалып іздейді.
Ұйқы безінің зақымдалуы қатар жүргенде ауырсыну белдемелі түрге ауысады.
Лоқсу, қайталама құсу, дене қызуының жоғарлауы байқалады.