Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар Дүниетану 2-сынып



бет5/12
Дата03.12.2023
өлшемі9,38 Mb.
#194843
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
ЖБ Дүниетану 2-сынып
2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР «Менің мектебім» бөлімі бойынша жиынтық бағалау, 1токсан, Математикадан дидактикалық ойындар мен қызықты тапсырмалар 2 сынып, Дүниетану тест, Адамның қаңқасы
Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Мектептегі оқу және оқудан тыс әрекет түрлерін анықтайды

  • Оқу әрекеттерінің қызметін атайды

  • Мектеп қауымдастығындағы мінез-құлық нормаларын анықтайды

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Білу және түсіну
Қолдану



Орындау уақыты

15 минут



Тапсырма

  1. Балалар спорттық секцияларға не үшін қатысады ? 2 себебін жаз.

1) ____________________
2) ____________________



  1. Мысалдарды оқы. Сабақта балалар тағы немен айналысады? Жаз.




  1. Топта жұмыс істеу ережелерін белгіле ().




  1. Әр адамның пікірін тыңдау.

  2. Бір-бірінің сөзін бөлу.

  3. Бірлесе жұмыс істеу.

  4. Басқаның пікірін құрметтеу.

  5. Жұмысқа қатыспау.

  6. Ортақ шешім қабылдау.




Бағалау критерийі

Тапсырма


Дескриптор

Балл

Білім алушы

Мектептегі оқу
және оқудан тыс әрекет түрлерін анықтайды

1


оқудан тыс әрекет түрлеріне қатысу себептерін сипаттайды:
- біріншісін;
- екіншісін;

1
1

Оқу әрекеттерінің қызметін атайды



2

мектептегі оқу әрекеттеріне мысалдар келтіреді:
- бірінші мысал;
-екінші мысал;

1
1

Мектеп қауымдастығындағы мінез-құлық нормаларын анықтайды

3

топта жұмыс істеу ережелерін анықтайды:
- бір ережені;
- екінші ережені;
- үшінші ережені;
- төртінші ережені.

1
1
1


1

Барлығы

8


«Менің мектебім» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты
ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика


Білім алушының аты-жөні ______________________________________________



Бағалау критерийі

Тапсырма




Оқу жетістіктерінің деңгейі

Төмен

Орта

Жоғары

Мектептегі оқу және оқудан тыс әрекет түрлерін анықтайды


1


Мектептегі оқудан тыс әрекеттерге қатысу себептерін анықтауда қиналады.



Мектептегі оқудан тыс әрекеттерге қатысу себептерін анықтауда қателіктер жібереді

Мектептегі оқудан тыс әрекеттерге қатысу себептерін дұрыс анықтайды.

Оқу әрекеттерінің қызметін атайды

2



Мектептегі оқу әрекеттерінің түрлерін анықтауда қиналады.

Мектептегі оқу әрекеттерінің түрлерін анықтауда қателіктер жібереді.

Мектептегі оқу әрекеттерінің түрлерін дұрыс анықтайды.

Мектеп қауымдастығындағы мінез-құлық нормаларын анықтайды

3


Топта жұмыс істеу ережелерін анықтауда қиналады.



Топта жұмыс істеу ережелерін анықтауда қателіктер жібереді.



Топта жұмыс істеу ережелерін дұрыс анықтайды.





«Менің туған елім» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау





Бөлімше

1.3 Менің атамекенім
3.5 Қазақстан тарихы: тәуелсіздік, мемлекеттілік және патриотизм



Оқу мақсаты

2.1.3.2. Қазақстан картасынан ірі өзен-көлдерді, қалаларды, жолдарды, өз облысын көрсету
2.3.5.1 Қазақстан Республикасы мемлекеттік
рәміздерінің маңызын түсіндіру



Бағалау критерийі

Білім алушы




Ойлау дағдыларының
деңгейі

Білу және түсіну
Қолдану



Орындау уақыты

15 минут

Тапсырма

  1. Картамен жұмыс

1) Қазақстан картасынан өз облысыңды белгіле ().
2) Өз облысыңның орталығын (қаланың атауын) жаз.




Облыс орталығы - ________________________________ қаласы.

3) Картадан Арал теңізін тауып, қоршап сыз.



  1. Сөйлемдерді толықтыр.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне ___________________, ___________________ және _______________________ жатады. Олар мемлекеттің


__________________________________ білдіреді.






Бағалау критерийі

Тапсырма


Дескриптор

Балл

Білім алушы

Қазақстан картасынан ірі өзен-көлдерді, қалаларды, өз облысын анықтайды

1



картадан өзі тұратын облысты анықтайды;

1

облыс орталығын – қаланың атауын жазады;

1

картадан Арал теңізін анықтайды;

1

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін сипаттайды

2

мемлекеттік рәміздерді анықтайды:
- елтаңбаны;
- туды;
- әнұранды;

1

1

1

мемлекеттік рәміздердің мағынасын анықтайды.

1

Барлығы

7



«Туған өлкем» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты
ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика


Білім алушының аты-жөні ______________________________________________



Бағалау критерийі

Тапсырма


Оқу жетістіктерінің деңгейі

Төмен

Орта

Жоғары

Қазақстан картасынан ірі өзен-көлдерді, қалаларды, өз облысын анықтайды

1


Қазақстан картасынан өзінің облысын анықтауда және облыс орталығының атауын жазуда, Арал теңізін анықтауда қиналады.

Қазақстан картасынан өзінің облысын анықтауда / облыс орталығының атауын жазуда/Арал теңізін анықтауда қателіктер жібереді.

Қазақстан картасынан өзінің облысын және Арал теңізін дұрыс анықтайды, өз облысы орталығының атауын жазады.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін сипаттайды

2


Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін анықтауда және маңызын түсіндіруде қиналады.





Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін анықтауда / мемлекеттік рәміздердің мағынасын сипаттауда қателеседі.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін анықтайды және олардың мағынасын дұрыс сипаттайды.

2-тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы




1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты

Тоқсан бойынша жиынтық бағалау білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы оқу бағдарламасының мазмұнына сәйкес білім алушылардың оқу мақсаттарына жеткендігін тексеруге және тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларын анықтауға бағытталған.


Спецификация 2-сыныпта «Дүниетану» пәні бойынша тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұны мен өткізу рәсімін сипаттайды.


2. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар

«Дүниетану» пәні бойынша (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) бастауыш мектепке арналған оқу бағдарламасы (1 - 4-сыныптар).




3. 2-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу


3.1 Ұзақтығы - 40 минут
Балл саны - 15


3.2 Жиынтық бағалаудың құрылымы

Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әртүрлі: көп таңдауы бар, қысқа және толық жауапты қажет ететін тапсырмалар қолданылады.


Көп таңдауы бар тапсырмаларда білім алушы ұсынылған жауап нұсқаларынан дұрысын таңдайды.
Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмаларға білім алушы сөздер немесе сөйлемдер
түрінде жауап береді.
Толық жауапты қажет ететін тапсырмаларда максималды балл жинау үшін білім
алушыдан тапсырманың шешімін табудың әр қадамын анық көрсетуі талап етіледі.
Тапсырма бірнеше құрылымдық бөліктерден/сұрақтардан тұруы мүмкін.
Берілген нұсқа көп таңдауы бар, қысқа және толық жауапты қажет ететін
5 тапсырмадан тұрады.







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет