Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар
Математика 3-сынып
Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 3-сынып білім алушыларына «Математика» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар (қазақ тілінде білім беретін) бастауыш сыныптың (1- 4-сыныптары) «Математика» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. 1-сыныпта жиынтық бағалау 3 және 4-тоқсандарда өткізіледі.
Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныстарда бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Тапсырмалар мен рубрикалар ұсыныс түрінде берілген.
Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу үшін спецификацияда тапсырма үлгілері мен балл қою кестесі ұсынылған. Спецификация стандартталған және оны тоқсандық жиынтық бағалауды өткізуде басшылыққа алу міндеттелген.
Әдістемелік ұсыныстар бастауыш сынып мұғалімдеріне, мектеп әкімшілігіне, білім беру бөлімінің әдіскерлеріне, критериалды бағалау бойынша мектеп, өңірлік үйлестірушілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.
Әдістемелік ұсыныстарды дайындау барысында ресми интернет-сайттағы қолжетімді ресурстар (суреттер, фотосуреттер, мәтіндер, аудио және бейнематериалдар) қолданылды.
Мазмұны
ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР 4
«1000 көлеміндегі сандар. Қосу және азайту» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 4
«Көбейту және бөлу» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 7
«Кестелік көбейту және бөлу» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 10
1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУДЫҢ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 13
ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР 17
«Үлес» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 17
2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУДЫҢ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 26
ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР 31
«Кестеден тыс көбейту және бөлу» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 31
«Кестеден тыс көбейту және бөлу» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика 33
«Кеңістік фигуралар» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 34
3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУДЫҢ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 41
ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР 45
«Жазбаша көбейту және бөлу» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 45
«Жазбаша көбейту және бөлу» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика 47
«Есепті шешу жолдары» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 48
4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУДЫҢ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 54
1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР «1000 көлеміндегі сандар. Қосу және азайту» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Бөлімше
|
Натурал сандар және 0 саны. Бөлшектер
Сандармен амалдар орындау
Санды және әріпті өрнектер
Теңдік және теңсіздік. Теңдеу
|
Оқу мақсаты
|
3.1.1.3 Үш таңбалы сандардың разрядтық және кластық құрамын және разрядтық бірліктердің жалпы санын анықтау, разрядтық қосылғыштар қосындысына жіктеу
3.4.3.1 1000-ға дейінгі сандар, мыңдықтармен миллионға дейінгі сандар тізбектерінің заңдылығын анықтау
3.2.1.2 Әріптердің берілген мәндерінде екі әрпі бар әріпті өрнектің мәнін табу
3.2.2.1 Қарапайым теңсіздіктердің шешімдер жиынын табу
|
Бағалау критерийі
|
Білім алушы
Үш таңбалы сандарды разрядтық қосылғыштардың қосындысына жіктейді
Сандар тізбегіндегі заңдылықты анықтайды
Екі айнымалысы бар әріпті өрнектердің мәнін табады
Қарапайым теңсіздіктердің шешімін анықтайды
|
Ойлау дағдыларының деңгейі
|
Білу және түсіну Қолдану
|
Орындау уақыты
|
20 минут
|
тапсырма
Берілген санды жаз: 4жүзд. 8 онд. 7 бірл. =
Санды разрядтық қосылғыштардың қосындысы түрінде жаз.
Санда барлығы неше ондық бар?
тапсырма
Тізбектегі келесі екі санды жаз.
956, 935, 914 ...
10 000, 30 000, ...
тапсырма
а = 574, b = 412 деп алып, а + b, a – b өрнектерінің мәнін тап.
тапсырма
Егер y = 560 болса, 900 – у > 300 теңсіздігі ақиқат бола ма? Тексер.
|
Бағалау критерийі
|
Тапсырма
№
|
Дескриптор
|
Балл
|
Білім алушы
|
Үш таңбалы
сандарды разрядтық қосылғыштардың қосындысына жіктейді
|
1
|
разрядтық құрамы негізінде үш таңбалы
санды жазады;
|
1
|
үш таңбалы санды разрядтық
қосылғыштардың қосындысы түрінде жазады;
|
1
|
үш таңбалы санның ондықтарының жалпы
санын анықтайды;
|
1
|
Сандар тізбегіндегі
заңдылықты анықтайды
|
2
|
мың көлеміндегі сандар тізбегін кему
ретімен жалғастырады;
|
1
|
миллионға дейінгі сандар тізбегін
мыңдықтармен өсу ретімен жалғастырады;
|
1
|
Екі айнымалысы бар
әріпті өрнектердің мәнін табады
|
3
|
қосындының мәнін табады;
|
1
|
айырманың мәнін табады;
|
1
|
Қарапайым
теңсіздіктердің шешімін анықтайды
|
4
|
айырманың мәнін табады;
|
1
|
теңсіздікті тексереді.
|
1
|
Барлығы
|
9
|
«1000 көлеміндегі сандар. Қосу және азайту» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат
ұсынуға арналған рубрика Білім алушының аты-жөні:
Бағалау критерийі
|
Тапсырма
№
|
Оқу жетістіктерінің деңгейі
|
Төмен
|
Орта
|
Жоғары
|
Үш таңбалы сандарды разрядтық қосылғыштардың қосындысына жіктейді
|
1
|
Үш таңбалы сандардың разрядтық құрамын анықтауда қиналады.
|
Разрядтық құрамы негізінде үш таңбалы санды жазуда/ санды разрядтық қосылғыштардың қосындысына жіктеуде/разряд бірлігінің жалпы санын анықтауда қателеседі.
|
Үш таңбалы сандардың разрядтық құрамын анықтайды.
|
Сандар тізбегіндегі заңдылықты анықтайды
|
2
|
Көптаңбалы сандар қатарындағы заңдылықты анықтауда қиналады.
|
Мың көлеміндегі сандар тізбегін кему ретімен / миллион көлеміндегі сандар тізбегін өсу ретімен жалғастыруда қателіктер жібереді.
|
Көптаңбалы сандар тізбегінің заңдылығын анықтайды.
|
Екі айнымалысы бар әріпті өрнектердің мәнін табады
|
3
|
Екі айнымалысы бар әріпті өрнектер жазуда және мәнін табуда қиналады.
|
Айнымалының мәнін қойып, санды өрнек жазады, үш таңбалы сандардың қосындысының/ айырмасының мәнін табуда
|
Екі айнымалысы бар әріпті өрнектер құрастырып жазады және мәнін дұрыс есептейді.
|
қателіктер жібереді.
|
|
|
|
|
Қарапайым теңсіздіктердің шешімін анықтайды
|
4
|
Қарапайым теңсіздіктерді шешуде қиналады.
|
Теңсіздіктің шешімін табуда/теңсіздікті тексеруде қателіктер жібереді.
|
Қарапайым теңсіздіктерді дұрыс шешеді.
|
Достарыңызбен бөлісу: |