Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар Математика 3-сынып Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 3-сынып білім алушыларына «Математика»


«Көбейту және бөлу» бөлімі бойынша жиынтық бағалау



бет2/11
Дата15.01.2020
өлшемі334,22 Kb.
#55915
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
8-СОР Математика 3-сынып

«Көбейту және бөлу» бөлімі бойынша жиынтық бағалау




Бөлімше

    1. Сандармен амалдар орындау

    2. Шамалар және өлшем бірліктер

5.1 Есептер және математикалық модель

Оқу мақсаты







3.1.2.3 Көбейтудің ауыстырымдылық, үлестірімділік, терімділік қасиеттерін тиімді есептеулер жүргізу үшін қолдану

3.1.3.3 см2, дм2, м2 өлшем бірліктерін салыстыру және амалдар орындау

3.5.1.4 Шамалар арасындағы тәуелділікке берілген есептерді талдау және шығару


Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Тиімді есептеу үшін көбейтудің қасиеттерін қолданады

  • Атаулы сандармен амалдар орындайды

  • Шамалар арасындағы тәуелділікке берілген есептерді шығарады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Орындау уақыты

20 минут

  1. тапсырма

Тиімді тәсілмен орында.
3 ∙ 100 ∙ 2 = (8 + 4) ∙ 5 =


  1. тапсырма

Өрнектердің мәнін тап.

(34 дм2 + 56 дм2 ) : 3 = 57 см 12 мм – 34 см 9 мм =




  1. тапсырма

Есепті шығар.
Бір қорап қарындаштың бағасы 40 теңге. 360 теңгеге осындай неше қорап қарындаш сатып алуға болады?

Бағалау критерийі

Тапсырма



Дескриптор

Балл

Білім алушы

Тиімді есептеу үшін көбейтудің қасиеттерін қолданады

1

көбейтудің терімділік қасиетін қолданады;

1

өрнектің мәнін табады;

1

көбейтудің үлестірімділік қасиетін

қолданады;



1

өрнектің мәнін табады;

1

Атаулы сандармен амалдар орындайды

2


қосындының мәнін табады;

1

бөліндінің мәнін табады;

1

айырманың мәнін табады;

1

Шамалар арасындағы тәуелділікке берілген есептерді шығарады

3


есептің қысқаша шартын құрастырады;

1

есептің шарты бойынша санды өрнек

құрастырады;



1

өрнектің мәнін табады.

1

Барлығы

10

«Көбейту және бөлу» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған

рубрика
Білім алушының аты-жөні:


Бағалау критерийі

Тапсырма



Оқу жетістіктерінің деңгейі

Төмен

Орта

Жоғары

Тиімді есептеу үшін көбейтудің қасиеттерін қолданады

1


Есептеу барысында көбейтудің қасиеттерін қолдануда қиналады.

Есептеу барысында көбейтудің терімділік/ үлестірімділік қасиеттерін қолдануда қателіктер жібереді.

Есептеу барысында көбейтудің қасиеттерін дұрыс қолданады.

Атаулы сандармен амалдар орындайды

2


Атаулы сандармен арифметикалық амалдар орындауда қиналады.

Қосындының/бөліндінің/айырманың мәнін табуда қателіктер жібереді.

Атаулы сандармен арифметикалық амалдарды дұрыс орындайды.

Шамалар арасындағы тәуелділікке берілген есептерді талдайды және шығарады

3


Шамалар арасындағы тәуелділікке берілген есептерді шығаруда қиналады.

Есептің қысқаша шартын құруда/есептің шартына сәйкес санды өрнек құрастыруда/ өрнектің мәнін есептеуде қателіктер жібереді.

Шамалар арасындағы тәуелділікке берілген есептерді дұрыс шығарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет