І Сұрақтар мен тапсырмалар: Сөздердің қандай тобы етістіктер қатарына жатады?
М.Оразов қазақ тіліндегі етістерді лексикалық мағыналары бойынша қандай топтарға бөлген? Ғалым етістіктерді топтастыруда қандай әдіс қолданған? Етістіктің лексика-семантикалық топтарының ерекшеліктерін жаттап ал.
Етістік түбіріне (лексика-грамматикалық негізіне) қандай гракмматикалық ерекшеліктер тән?
Етістіктің қандай түрін көмекші етістік дейміз? Көмекші етістіктер өз ішінен қандай топтарға бөлінеді?
Етістіктің аналитикалық формалары, аналитикалық формант ұғымдарына түсінік бер.
Етістіктің салттылық-сабақтылық, етіс және болымды-болымсыздық категориялары неліктен лексика-грамматикалық категориялар қатарына жатады? Салттылық-сабақтылық категориясы дегеніміз қандай мағыналардан тұрады? Етіс тұлғалары және етіс категориясы дегеніміз не? Қандай етісті өздік етіс дейміз? Қандай етісті өзгелік етіс дейміз? Қандай етісті ырықсыз етіс етіс дейміз? Қандай етісті ортақ етіс дейміз?
Етістіктің сөйлем мүшесі болуы қандай тұлғалардың мағыналарына қатысты?.