Жылғы №1 басылым беттің беті 1 глоссарий агглютинация


Қысқартып жазылатын тіркесті сөздер



бет21/95
Дата05.02.2022
өлшемі1,27 Mb.
#24626
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   95
Қысқартып жазылатын тіркесті сөздер. АҚШ,ТМД, ЖШС, т.б. с.с. әр сыңарының бірінші әрпі ғана жазылатын, шартты түрде қысқарған сөздер деп танылып жүрген нұсқалардың, біріншіден, сөз екендігі күмәнды, екіншіден, бұлардың әрқайсысының бірнеше сөзден құралған күрделі атау екені, яғни, құранды немесе құрама тіркесті сөзден қалыптасқаны белгілі: Америка құрама штаттары, Тәуелсіз мемлекеттер достастығы, жауапкершілігі шектеулі серіктестік.

  • Фразеологиялық тіркестер немесе тұрақты тіркестер. Қазақ тіл білімінде тұрақты сөз тіркестері деген терминмен беріліп жүрген, өз ішінен фразеологиялық тізбек, фразеологиялық тіркес, фразеологиялық оралым т.б. болып жіктелетін қой аузынан сөз алмау, сарымайдай сақтау, үріп ауызға салғандай, тауы шағылу, беті қайту, т.б. тілдік бірліктердің қанша сөзден құралса да бейнелі бір ұғымды атайтыны, яғни, бір ғана лексикалық мағынаға ие екені белгілі. Ендеше бұлар да – бір ғана лексикалық мағынаны білдірсе, қанша сыңардан тұрса да, бір сөз ғана. Бұлар да сол бір лексикалық мағынасы арқылы белгілі бір сөз табының қатарынан орын алып, сол сөз табына тән түрлену жүйесімен әрқилы түрлене береді. Мысалы, тауы шағыл-ды, тауы шағыл-ған, тауы шағыл-ма-й-ды, тауы шағыл-а жазда-ды, тауы шағыл-ып жүр, т.б. Сондықтан бұл қатардағы барлық тілдік нұсқаларды түрленуші ретінде тіркесті сөздер қатарына жатқызамыз. Тіпті бұл қатардағы сөздерді тұрақты сөз тіркестері дегеннен гөрі тұрақты тіркесті сөздер деп атау орынды сияқты.



    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   95




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет