Сезіну етістіктері. Бұл етістіктерде сезім мүшелері арқылы түйсіну мағынасы бар. Өз ішінен төмендегі топтарға бөлінеді:
Көру етістіктері: қарау, тесілу, көру, телміру, көз қырын салу, сығалау, көзін алмау, қараңдау, ағараңдау, көздеу, т.б.;
Есту етістіктері: тыңдау, есту, құлақ салу, құлақ түру, құлаққа жету, т.б.;
Иіс етістіктері: сасу, мүңку, аңқу, иістену, мұрынды жару, т.б.;
Терімен сезіну етістіктері: тоңу, жаурау, қышу, ұю, т.б..
Ойлау етістіктері. Адамның ойлану әрекетін білдіретін етістіктердің басқа ЛСТ-ғы етістіктерге қарағанда саны аз: ойлау, еске түсіру, ойдан шығару, түсіну, аңдау, аңғару, ескеру, есііне алу, есіне салу, басы қату, басы айналу, т.б..
Көңіл-күй етістіктері. Бұл қатардағы етістіктер адамның психологиялық және эмоциялық қалпымен байланысты қимыл-әрекеттерді білдіреді. Өз ішінен екіге бөлінеді:
Психологиялық көңіл-күй етістіктері: ұялу, қысылу, тартыну, бетінен оты шығу, абыржу, сескену, қорқу, т.б.;
Эмоциялық көңіл-күй етістіктері: ұнату, жақтыру, еркелеу, ардақтау, әлпештеу, ғашық болу, қаплану, ашулану, ренжу, жылау, долдану, мейірі түсу, мұңаю, т.б
Достарыңызбен бөлісу: |