Логопедиялық кабинетке қойылатын негізгі талаптар.
Жұмыстың топтық және жеке сипаты есепке алынып, логопед-мұғалімге жеке кабинет бөлінуі керек. Оптимальді ауданы – 20 м2.
Кабинеттің есігіне логопедтің аты-жөні, жұмыс уақыты жазылғанкесте ілінеді.
Логопедиялық кабинетте келесі жабдықтар болуы керек:
1. Логопедиялық жар айнасы (50X100) – 1шт.
2. Жеке жұмысқа үстел айнасы (9х12) – 8 шт.
3. Логопедиялық зондтар, шпател.
4. Қол жуғыш –1 шт.
5. Сынып тақтасы– 1 шт.
6. Әдістемелік құралдарға сөрелер– 2–З шт.
7. Канцелярлық үстел– 1 шт.
8. Отырғыш – 5 шт.
9. Парта –отырғыш–8 шт.
10. Қиынды жар әліппесі–1 шт.
11. Әріп кассасы–10 шт.
12. Құм сағаты–1 шт.
13. Секундомер –1 шт.
14. Магнитофон – 1 шт.
15. Оверхед-проектор –1 шт.
16. Экран –1 шт.
17. Компьютер –1 шт.
18. Видеомагнитофон –1 шт.
19.Оқуқұралдары
20.Үстелдік ойындар, ойыншықтар, конструкторлар.
Логопедтің кабинеті эстетикалық жағынан жақсы безендірілуікерек, бөлме гүлдері өсіп тұруы қажет. Түзету процесімен байланысты емес материалдардың ілініп тұруы қажет емес.
Демалыс кезінде логопед-мұғалімнің жұмыс уақытын бөлу
Демалыс кезінде логопедиялық сабақтар өткізілмейді.
Күзгі демалыс кезінде логопед-мұғалім 2-4 сыныпоқушыларының жазбаша жұмыстары бойынша жазудың бұзылысыбар балаларды анықтау үшін олардың жазбаша тілінің күйін тексереді.Жазу бұзылысы бар балалар тобында бос орын болса, оған жаңаоқушыларды қабылдайды.
Қысқы демалыс кезінде логопед-мұғалім 1-сыныпоқушыларының жазбаша тілінің күйін олардың дәптерлері бойыншатексереді. Сонымен қатар ол логопед кабинетін жұмысқа керектікөрнекі құралдармен, кітаптармен, кесте, плакаттармен, т.б.толтырады; аудандық (қалалық) әдістемелік кабинетке және басқалогопедтерге тәжірибемен алмасу үшін барады; логопункттеоқытылатын оқушылардың ата-аналарымен әңгіме және кеңесжүргізеді.
Аталған жұмыстардан басқа логопед-мұғалім демалыс кезінделогопункттегі балаларды қажет кезінде дәрігер-мамандарға(психоневролог, невропатолог, отоларинголог) көрсетуге ата-аналарға ұсыныс береді, жекекүрделі балалар бойынша өзінен тәжірибелі логопедтерді кеңес беругешақырады. Баланың дәрігер-маманға қаралуы ата-ананың рұқсатыменжәне олардың біреуінің қатысуымен ғана болуы мүмкін екендігін деесепке алу керек.
Логопед-мұғалім демалыс кезінде аудан тұрғындары мен ата-аналар арасында насихат жұмысын жүргізе алады.
Достарыңызбен бөлісу: |