Ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік кабинеті «Мектептегі логопедиялық жұмысты ұйымдастыру» атты


Логопедиялық үй тапсырмаларына арналған немесе ата-аналарымен байланыс дәптерлері



бет9/34
Дата09.06.2022
өлшемі130,39 Kb.
#146275
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   34
Байланысты:
Логопед әдістеме

10. Логопедиялық үй тапсырмаларына арналған немесе ата-аналарымен байланыс дәптерлері (оқушыларда болады) дәптерлері барлық балаларға ашылады. Бұнда логопед сабақтың өткізілу күнін, тақырыбын,лексикалық материалын, үйдегі өздік жұмысына арналғантапсырмаларды жазады. Оқушылар бұл дәптерлерді үйде сақтайдыжәне әр сабаққа әкеліп отырады.
11. Логопедиялық кабинеттің төлқұжаты(бекітілген үлгідегі (қосымша № 5)болуы қажет. Оған келесі бөлімдер кіреді:
- Кабинет туралы жалпы мәлімет
- Логопед мұғалім туралы жалпы мәлімет
- Құрал-жабдықтар: аппараттар,аспаптар, инструментарий.
- Оқулықтар, әдебиеттер
- Профильдер. Тыныс алу гимнастикасы.Артикуляциялық
жаттығулар.
-Ұсақ моториканы дамыту үшін жаттығу және тренажерлер.
Құжат логопункттің жұмыс істеу жылдары бойы сақталады.
12. Логопедтің оқу жылында жүргізген жұмысы жайлы есепүш данада жасалады және тапсырылады: біріншісі қалалық білім беру бөліміне, екіншісі – мектеп әкімшілігінежәне үшінші дана логопедиялық кабинетте арнайы папкадасақталынады.
І. № ОМ-дегі логопункт жайлы мәлімет.
Ашылды ______________________________
№ _______ орта мектептердің оқушыларына қызмет көрсетеді.
___________ бастауыш сынып
___________ ТДО сыныптары
___________оқушы зерттелді
___________оқушы есепке алынды

ІІ. Логопед-мұғалім жайлы мәлімет:


Аты-жөні, туған жылы, білімі, нені және қашан аяқтады,логопед-мұғалім болып істегенінің жалпы педагогикалық өтілі, осылогопунктте жұмыс істеу уақыты, кәсіби біліктілігін қашан жәнеқайда арттырды, жүктемелері.
ІІІ. Атқарылған жылдық жұмыс туралы есеп (жазбаша).Мұнда жылдық әдістемелік жұмыс жоспарының пунктілерін орындауанализі беріледі. Логопункттің жұмыс істеген барлық жылдарыбойынша есеп берулер сақталады.
13. «Нормативтік құжаттар және ақпараттық-әдістемелік хаттар. Ұсыныстар» - бұл мұғалім-логопед жұмысқа керектінормативтік құжаттарды жинайтын папка. Мысалы:
- Мұғалім-логопедтің қызметтік міндеттері.
- Дәреже бойынша біліктілікке (сапаны бағалауға) талаптар.
- Жалпы мектептердегі логопедиялық пункттер жайлы қағида т.б. Мұнда мұғалім-логопедтердің семинар-практикумынанұсыныстар да кіреді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет