Ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік кабинеті «Мектептегі логопедиялық жұмысты ұйымдастыру» атты


Логопедиялық құжаттар және оларды жүргізу



бет2/34
Дата09.06.2022
өлшемі130,39 Kb.
#146275
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34
Байланысты:
Логопед әдістеме

Логопедиялық құжаттар және оларды жүргізу

- Оқу жылына арналған әдістемелік жылдық жұмыс жоспары.


- Сөйлеуінде кемшіліктері бар балаларды есепке алу журналы.
- Директормен бекітілген логопедиялық сабақтар кестесі.
- Оқушылардың ауызша және жазбаша тілін тексерудің логопедиялық сөйлеу карталары.
- Логопедиялық пунктке қабылданған сөйлеу кемістігі бар оқушылардыңлогопедиялық сабақтарға қатысуын тіркейтін журнал.
-Логопедиялық жұмыстың күнтізбелік-тақырыптық жоспары (оқу жылына оқушылардың әр тобына).
-Оқу жылының басында «Логопунктке түзету сабақтарына балаларды қабылдау туралы» бұйрық.
-Логопедиялықжұмыстың күнделікті сабақ жоспарлары (оқушылардың
әр тобына).
- Оқушылардың жұмыс дәптерлері.
- Үй тапсырмаларына арналған немесе ата-аналарымен байланыс дәптерлері (оқушыларда болады).
- Логопедиялық кабинеттің төлқұжаты.
-Жыл бойы өткізілген логопедиялық жұмыс жайлы есеп.
- Нормативтік құжаттар және ақпараттық-әдістемелік хаттар, ұсыныстар.
1.Оқужылына арналған әдістемелік жылдық жұмыс жоспары(бекітілген үлгідегі (қосымша № 1)ағымдағы жылдың1 қыркүйегіне дейін құрылады. Жоспар тор көзді дәптерге жазыладынемесе А-4 ақ қағазына басылып шығарылады.
Бірінші бетінделогопедтің ____ оқу жылына арналған әдістемелік жұмыстыңжалпы жоспары.
Жоғарғы оң жақ бұрышына: «Бекітемін» _______ (қолы) мектеп директорының мөрімен бекітіледі.
Жоспарға логопед-мұғалімнің жұмысының негізгі бағыттарыкіреді:

  • Ұйымдастыру іс – шаралары. Жаңа оқу жылына дайындық(сынып, жоспарлар), 1-4 сыныптарды ауызша және жазбаша тілін тексеру; топтарды құру; сабақ кестесін құру және бекіту.

- Оқу - педагогикалық жұмыстар.Мұғалімдермен, ата-аналармен өзара әрекет ету; сабақтарға қатысу, психолог,дәрігерлермен бірлескен жұмыс; логопедиялық сабақтардынасихаттау (әңгіме, дәріс, әдістемелік бірлестіктер, ата-аналаржиналысының тақырыбы; ПМПК жұмысына қатысу; мектепмәселесімен, кабинетті жасақтау бойынша жұмыс).
- Кеңестік-әдістемелік жұмыс (педагогтарға, әкімшілік, ата-аналарға жеке және топтық кеңес беру; қоғаммен жұмыс, мақала,газет-журналдарға мақала жазу; «Логопед бұрышын» безендіру; түзету жұмыстың мониторингін жүргізу; зерттеужұмыстары, т.б.).
-Кәсіби біліктілікті көтеру (бастауыш сынып және қазақ тілімұғалімдерінің әдістемелік бірлестік жұмысына, логопедтердіңоблыстық семинар-практикумына қатысуы, жеке логопедтердің жұмыс тәжірибесін зерттеу, қазіргі технологиялар мен әдістемелердіенгізу, әдістемелік әдебиеттерді зерттеу, т.б.).
Жоспарды 3-5 жыл сақтау шарт.
2.Сөйлеуінде кемшіліктері бар балаларды есепке алу журналы үлкен форматтағы (А4) қалың дәптерде тіркеледі. Дәптертігіледі, беттері номерленеді, соңғы бетінде байлау желімделіп, келесіжазу жазылады:
___________бет
___________ басталды
___________ аяқталды
Мектеп директорының қолы және мөрі қойылады. Журнал көпжыл жүргізіледі, сондықтан жыл сайын зерттеу жылы жазылады (Мысалы:2015-2016 о.ж.). Тексеру кезінде журналға келесі мәліметтеренгізіледі:



Р/с №

Аты- жөні

Жасы

Сынып

Тексе
ру күні

Мекен
жайы

Үлгерімі

Логопед
қорытындысы

Ұсыныс
тар

Ескер
ту

Қазақ тілі

Ана тілі



Матема
тика

1

Амиров Аман

6

1 «а»

4.09.15

Достық 56-5










Жалпы тіл кемістігінің ІІІдеңгейі

ІІІ деңгейілі ЖТК-нің № 1 тобына қабылданды

Психолог
тың кеңесі

«Ұсыныстар» бағанында «№ топқа қабылданды», «кезекте тұр»,«кеңес берілді», «ата-аналарға, мұғалімге ұсыныстар жасалды» дегенжазу жазылады.


«Ескерту» бағанында баламен жүргізілген жұмыстың соңғынәтижесі жазылады: «шығарылды», «қалды». Журнал тізімдегі барлық оқушылардың толығымен оқуды аяқтау кезіне дейін, логопедиялық пунктте сақталады, яғни 9 жылдан кем емес.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет