Ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік кабинеті «Мектептегі логопедиялық жұмысты ұйымдастыру» атты (Әдістемелік ұсынымдар) Уральск 2015



бет2/7
Дата29.03.2018
өлшемі1,11 Mb.
#39789
1   2   3   4   5   6   7

Дыбыстымашықтандырукезеңіндегілогопедиялықсабақжоспарыныңүлгісі

- Сабақтың басталуын ұйымдастыру.

- Мақсатты қою.

- Артикуляциялық гимнастика.

- Дыбыс артикуляциясын нақтылау, оның оқшауланған

айтылуы келесі сипатталуымен.

- Дыбысты буындарға, сөздерге, сөз тіркестеріне, байланысқан

сөйлемге енгізу.

- Дыбыстық анализ бен синтезді қалыптастыру бойынша

жұмыс.


  • Үй тапсырмасы.

- Рефлексия. (Сабақ қорытындысы)
Дыбыстыажыратукезеңіндегілогопедиялықсабақжоспарыныңүлгісі

  • Ұйымдастыру кезі.

  • Артикуляциялық гимнастика.

  • Артикуляциядағы араластырылатын дыбыстырдың ұқсастығы

мен айырмашылықтарын нақтылау және оларды сипаттау.

Дыбыстардың символдармен белгіленуі.



  • Дыбыстық анализ бен синтез бойынша жұмыс.

  • Үй тапсырмасы.

  • Рефлексия. (Сабақ қорытындысы)


Жазуменоқубұзылыстарынжоюбойыншалогопедиялықсабақжоспарыныңүлгісі

  • Ұйымдастыру кезі.

  • Қайталау.

  • Сабақ тақырыбын айту.

  • Дыбыстырдың артикуляциясының ұқсастығы мен

айырмашылықтарын табу және дыбыстарды сипаттау.

  • Оқытылатын дыбыстарды ажыратуға, анықтауға

арналған жаттығулар (ауызша және жазбаша түрде).

  • Дыбыс пен әріп байланысын бекітуге жаттығулар.

  • Сергіту сәті.

  • Дыбыстық анализ бен синтезді қалыптастыру, бекіту

бойынша жұмыс.

  • Өздік жұмысы.

  • Өздігінен оқу сәттері.

  • Үй тапсырмасы.


ІІІ деңгейліжалпы тіл кемістігін жою бойыншалогопедиялық сабақ жоспарының үлгісі

  • Сабақты ұйымдастыру.

  • Үй тапсырмасын тексеру.

  • Сабақ тақырыбын айту.

  • Дыбыс артикуляциясын нақтылау. Дыбыстың сипаттамасы.

  • Дыбысты буындарда, сөздерде, сөйлемдерде дұрыс айтудыбекіту.

  • Оқытылатын дыбысы бар сөздерді талдау.

  • Сөздік қорды байыту бойынша жұмыс.

  • Сөйлеу тілінің грамматикалық құрылысын жетілдірубойынша жаттығулар.

  • Үй тапсырмасы.

  • Рефлексия. (Сабақтың қорытындысы)

Ескерту: жұмыс кезеңіне байланысты сөздік қорды,фонетикалық жағын және грамматикалық құрылысын қалыптастырумен жетілдіру бойынша жұмыстың көлемі ауысып отырады.

Қазіргі түсініктерді пайдаланып, ұйымдастыру кезін психолого-педагогикалық дайындық деп, ал сабақ қорытындысын рефлексия депатауға болады.

Сабақ жоспарына тыныс алу, қолдың ұсақ моторикасын дамытужаттығулары, сергіту сәттері, кинезиологиялық жаттығулар жәненегізгі психикалық процестерді түзету мен дамыту бойыншатапсырмалар кіреді.

9. Оқушылардың жұмыс дәптері жазу дәптерінде жүргізіледі.

(1 сынып – жіңішке жолды, 2-4 сыныптар кең жолды дәптерде).

№ _____ мектептің ____ сынып оқушысы

____________________________ (баланың аты-жөні)

логопедиялық сабақтарға арналған дәптері

Дәптерде күн жазбаша түрде жазылады. «Сынып жұмысы»деген жазу жазылмайды. Дәптерде бірегей орфографиялық тәртіпсақталуы қажет. Жұмыс түрлері арасында бір жол қалдыруға болады,әсіресе буындық, буындық-дыбыстық үлгілер және сөйлемдердіңүлгілері алдында және солардан кейін.

Әр сабақтың соңында логопед-мұғалім жұмыстарды тексеріп,қателерді түзетеді және талдайды. Жазбаша үйжұмыстары көбінесе берілмейді. Ауызша тапсырмалар келесі түрдеболуы мүмкін: берілген дыбысқа сөздер қатарын табу; жаңылтпашты,өлеңді жаттап айту; әңгімені аяқтау.

Жұмыс дәптерлері логопунктте арнайы папкаларда топбойынша сақталады.



10. Логопедиялық үй тапсырмаларына арналған немесе ата-аналарымен байланыс дәптерлері (оқушыларда болады) дәптерлері барлық балаларға ашылады. Бұнда логопед сабақтың өткізілу күнін, тақырыбын,лексикалық материалын, үйдегі өздік жұмысына арналғантапсырмаларды жазады. Оқушылар бұл дәптерлерді үйде сақтайдыжәне әр сабаққа әкеліп отырады.

11. Логопедиялық кабинеттің төлқұжаты(бекітілген үлгідегі (қосымша № 5)болуы қажет. Оған келесі бөлімдер кіреді:

- Кабинет туралы жалпы мәлімет

- Логопед мұғалім туралы жалпы мәлімет

- Құрал-жабдықтар: аппараттар,аспаптар, инструментарий.

- Оқулықтар, әдебиеттер

- Профильдер. Тыныс алу гимнастикасы.Артикуляциялық

жаттығулар.

-Ұсақ моториканы дамыту үшін жаттығу және тренажерлер.

Құжат логопункттің жұмыс істеу жылдары бойы сақталады.

12. Логопедтің оқу жылында жүргізген жұмысы жайлы есепүш данада жасалады және тапсырылады: біріншісі қалалық білім беру бөліміне, екіншісі – мектеп әкімшілігінежәне үшінші дана логопедиялық кабинетте арнайы папкадасақталынады.

І. № ОМ-дегі логопункт жайлы мәлімет.

Ашылды ______________________________

№ _______ орта мектептердің оқушыларына қызмет көрсетеді.

___________ бастауыш сынып

___________ ТДО сыныптары

___________оқушы зерттелді

___________оқушы есепке алынды


ІІ. Логопед-мұғалім жайлы мәлімет:

Аты-жөні, туған жылы, білімі, нені және қашан аяқтады,логопед-мұғалім болып істегенінің жалпы педагогикалық өтілі, осылогопунктте жұмыс істеу уақыты, кәсіби біліктілігін қашан жәнеқайда арттырды, жүктемелері.

ІІІ. Атқарылған жылдық жұмыс туралы есеп (жазбаша).Мұнда жылдық әдістемелік жұмыс жоспарының пунктілерін орындауанализі беріледі. Логопункттің жұмыс істеген барлық жылдарыбойынша есеп берулер сақталады.

13. «Нормативтік құжаттар және ақпараттық-әдістемелік хаттар. Ұсыныстар» - бұл мұғалім-логопед жұмысқа керектінормативтік құжаттарды жинайтын папка. Мысалы:

- Мұғалім-логопедтің қызметтік міндеттері.

- Дәреже бойынша біліктілікке (сапаны бағалауға) талаптар.

- Жалпы мектептердегі логопедиялық пункттер жайлы қағида т.б. Мұнда мұғалім-логопедтердің семинар-практикумынанұсыныстар да кіреді.


Логопедиялық кабинетке қойылатын негізгі талаптар.

Жұмыстың топтық және жеке сипаты есепке алынып, логопед-мұғалімге жеке кабинет бөлінуі керек. Оптимальді ауданы – 20 м2.

Кабинеттің есігіне логопедтің аты-жөні, жұмыс уақыты жазылғанкесте ілінеді.

Логопедиялық кабинетте келесі жабдықтар болуы керек:

1. Логопедиялық жар айнасы (50X100) – 1шт.

2. Жеке жұмысқа үстел айнасы (9х12) – 8 шт.

3. Логопедиялық зондтар, шпател.

4. Қол жуғыш –1 шт.

5. Сынып тақтасы– 1 шт.

6. Әдістемелік құралдарға сөрелер– 2–З шт.

7. Канцелярлық үстел– 1 шт.

8. Отырғыш – 5 шт.

9. Парта –отырғыш–8 шт.

10. Қиынды жар әліппесі–1 шт.

11. Әріп кассасы–10 шт.

12. Құм сағаты–1 шт.

13. Секундомер –1 шт.

14. Магнитофон – 1 шт.

15. Оверхед-проектор –1 шт.

16. Экран –1 шт.

17. Компьютер –1 шт.

18. Видеомагнитофон –1 шт.

19.Оқуқұралдары

20.Үстелдік ойындар, ойыншықтар, конструкторлар.

Логопедтің кабинеті эстетикалық жағынан жақсы безендірілуікерек, бөлме гүлдері өсіп тұруы қажет. Түзету процесімен байланысты емес материалдардың ілініп тұруы қажет емес.

Демалыс кезінде логопед-мұғалімнің жұмыс уақытын бөлу
Демалыс кезінде логопедиялық сабақтар өткізілмейді.

Күзгі демалыс кезінде логопед-мұғалім 2-4 сыныпоқушыларының жазбаша жұмыстары бойынша жазудың бұзылысыбар балаларды анықтау үшін олардың жазбаша тілінің күйін тексереді.Жазу бұзылысы бар балалар тобында бос орын болса, оған жаңаоқушыларды қабылдайды.

Қысқы демалыс кезінде логопед-мұғалім 1-сыныпоқушыларының жазбаша тілінің күйін олардың дәптерлері бойыншатексереді. Сонымен қатар ол логопед кабинетін жұмысқа керектікөрнекі құралдармен, кітаптармен, кесте, плакаттармен, т.б.толтырады; аудандық (қалалық) әдістемелік кабинетке және басқалогопедтерге тәжірибемен алмасу үшін барады; логопункттеоқытылатын оқушылардың ата-аналарымен әңгіме және кеңесжүргізеді.

Аталған жұмыстардан басқа логопед-мұғалім демалыс кезінделогопункттегі балаларды қажет кезінде дәрігер-мамандарға(психоневролог, невропатолог, отоларинголог) көрсетуге ата-аналарға ұсыныс береді, жекекүрделі балалар бойынша өзінен тәжірибелі логопедтерді кеңес беругешақырады. Баланың дәрігер-маманға қаралуы ата-ананың рұқсатыменжәне олардың біреуінің қатысуымен ғана болуы мүмкін екендігін деесепке алу керек.

Логопед-мұғалім демалыс кезінде аудан тұрғындары мен ата-аналар арасында насихат жұмысын жүргізе алады.
Логопед жұмысының мұғалім, тәрбиеші, педагог-психолог,

дәрігер, ата-аналармен өзара байланысы
Логопедтің мұғаліммен қатынасы логопедиялық жұмыстыңбарлық кезеңдерінде іске асуы мүмкін: біріншілік тексеруден (сыныпжетекшісі немесе тәрбиешіге нәтижені жеткізу керек) бастапоқушының мектепті аяқтауына дейін. Қажет кезінде мұғалім(тәрбиеші) логопедтің кеңесі бойынша оқушыға белгілі жағдайлар(жазудың бұзылуының күрделі жағдайларында қазақ тілінен бақылаужұмысының жекешеленуі, тұтығатын балаларға тілдік ереженіұйымдастыру т.б.) жасау керек.

Логопунктке қатысатын оқушылардың айту күйі жайлы ақпараталу үшін қандай дыбыс қойылғандығы және оқушыдан дыбыстауданені талап ету керектігі жазылған дыбыстау кестесі қолданылуымүмкін.

Логопедиялық сабақтар аяқталғанда логопед мұғалімге(тәрбиешіге) жеткен дағдыларды сынып және сабақтан тыс уақыттатолық машықтандыруға дейін жеткізу амалдарын айтады.

Логопед сөйлеу бұзылыстары бар балалардың сөйлеумүмкіндіктерін тексеру мақсатымен ана тілі, тіл дамыту сабақтарына(логопедиялық сабақтардан бос уақытта) қатыса алады. Өз кезегіндемұғалімдер мен тәрбиешілер оқушылармен жүргізілетін жұмысжөнінде хабардар болуы үшін логопедиялық сабақтарға қатыса алады.

Логопед бағдарламалық талаптарды, ана тіліне оқытудыңәдістері мен амалдарын жақсы білуі және оларды өз жұмысындаесепке алуы керек. Егер логопед сыныпта өтілетін бағдарламатақырыбына сәйкес дидактикалық материал қолданса, логопедиялық сабақтардың нәтижелігі және алынған дағдыларды оқу үрдісінекірістіру біршама артады.

Бірінші және екінші сыныптарда логопед мұғалімдерге кеңесбереді, фонематикалық қабылдауды дамыту, дыбыстық анализдіқалыптастыру бойынша топтық сабақтарды ұйымдастыруға керекәдістемелік әдебиетпен қамтамасыз етеді; бұл сабақтарда ерекше мәнаралас дыбыстарды анықтауға және дифференциялауға берілу тиіс.Осы сабақтарды өткізу үшін мұғалімдер логопедиялық жұмыстыңнегізгі принциптерімен және амалдарымен танысуы керек. Сондықтанмұғалімде арнайы білімі болмаған жағдайларда логопедтің көмегі асамаңызды.

Логопед жеке оқушылармен де, топ оқушылармен де сабақөткізе алатын және көрсетілетін тілдік бұзылыстарды, логопедиялықжұмыстың амалдарын түсіндіре алатын педагогикалық семинаржұмыстың ең тиімді түрі ретінде саналады. Логопедтіңмұғалімдермен (тәрбиешілермен) жұмысы басқа да түрде болады:жеке әңгімелесу, ашық сабақтар, әдістемелік бірлестік жиналысындаоқушылардың оқуға түскенде және оқуды бітіргендегі сөйлеуініңжазбасын көрсету, жұмыстың түрлі кезеңіндегі жазбаша жұмыстардысалыстыру.

Логопед оқушылармен тілдік жұмысты ұйымдастырудапедагогтарға көмектесуі керек. Оқушылардың сөйлеу тіліне белгіліталаптарды қосумен қатар мұғалім (тәрбиеші) логопедпен құрылатын«логопедиялық минуттарды» өткізуі тиіс. Тәрбие сағаттарына тілдікойындар қосылуы мүмкін.

Мұғалім (тәрбиеші) белгілі бір мақсат қойып (темпін,анықтылығын, сөйлеу мәнерін қалыптастыру, сөздік қорды бекіту т.б.), логопедпен бірге ойын кезінде балалардың эмоционалдыққызығушылығын пайдаланып, оларға керекті талаптар қояды.

Логопед педагог-психологпен тығыз қатынаста болуы тиіс,өйткені педагог-психологтың оқушылармен жұмысы олардың тілдікәрекетінің психологиялық негізін қалыптастыруға көмек тигізеді.

Оқу жылының соңында логопед оқуын аяқтаған оқушылар өзтабыстарын көрсете алатын тілдік іс-шараларды өткізе алады. Бұл іс-шараларға сөйлеу бұзылысы бар оқушылардың барлығы (оқытукезеңіне тәуелсіз) қатыса алады.

Логопедтің мекеме дәрігерімен де қатынасы маңызды. Логопедбұзылысқа сәйкес дұрыс және тиімді түзету жолдарын қарауды табумақсатымен этиологияны және сөйлеу бұзылысының сипатыннақтылау үшін медициналық тексеру нәтижелерімен таныс болуықажет.

Ата-аналар жиналысына қатысу, оларда баланың сөйлеу тілінедұрыс қатынасын ұйымдастыру және үй жұмыстарын орындаудакөмектесу үшін балалармен тілдік жұмысқа қатыстыру логопедтіңата-аналармен жұмысына жатады.
Сыныптан тыс сөйлеу тілі іс-шараларын өткізуге арналған

ұсыныстар
Дұрыс сөйлеу тілін тәрбиелеу тек логопедиялық сабақтаржағдайында ғана емес, сонымен сабақтан тыс уақытта сөйлеу тілі іс-шараларын ұйымдастырудың түрлі формалары арқылы іске асады.

Сөйлеу тілі іс-шараларының мақсаты – тілдік қатынастыдамыту, логопед қойған дыбыстарды сөйлеуде бекіту, байланыстырып сөйлеуді, фонематикалық түсініктерді дамыту, сөздік қорды байытужәне белсендіру, сөйлеу тілінің грамматикалық құрылымынжетілдіру. Сонымен бірге ойлауды, зейінді, есте сақтауды түзетужұмыстары жүргізіледі. Тілдік іс-шара материалының мазмұныарқылы тәрбие міндеттері шешіледі.

Сыныптан тыс іс-шараларды өткізу формалары түрлі болады:тақырыптық кештер, диафильмдерді көрсету және дыбыстау,қуыршақ театры, тілдік кештер т.б.

Сыныптан тыс сөйлеу тілі іс-шарасының анализінің үлгіжобасы.



  • Іс-шараның тақырыбы және мақсаты.

  • Іс-шара жоспарының толық ойластырылып жасалуы.

  • Іс-шараны өткізу кезінде арнайы әдістемелік әдебиеттердіқолдану.

  • Бөлмені безендіру сапасы.

  • Қосымша құралдарды қолдану (ТСО, музыкалықинструментер).

  • Оқушылардың іс-шараны дайындауға қатысуы.

  • Іс-шараны өткізу.

  • Іс-шараның ұзақтығы.

  • Тілдік материалдың қол жетімдігі.

  • Тілдік әрекет түрлері және балалардың сөйлеу тілініңбелсенділігі.

  • Іс-шараның түзетушілік-дамытушылық, тәрбиелікбағыттылығы.

  • Іс-шара барысында дифференцияланған қарауды іске асыру.

  • Пәнаралық байланысты іске асыру.

  • Сөйлеу тілі іс-шарасын өткізу үрдісінде оқушыларды белсендіетудің амалдары мен әдістері.

  • Педагог пен оқушылардың орны және тәртібі.

  • Оқушылардың іс-шараны өткізуге қатысуы, қатысу түрі:көпшілік, өздігінен орындауы, жауапкершілік.

  • Іс-шараны өткізу барысында оқушылардың қызығуы жәнетәртіптілігі.

  • Логопедтің ұжыммен жұмыс істей алуы, жұмысындағы стиль:тапқырлық, эмоционалдық, педагогикалық такт.

  • Жалпы қорытынды:

  • Логопедтің жұмыстың бұл түрін өткізуге дайындық деңгейі.

  • Болашақта оқушылармен жұмыстың бұл түрін жетілдірубойынша ұсыныстар.

Қосымшалар


№1 қосымша

Логопед мұғалімінің жалпы әдістемелік, түзету жұмыстарының

жылдық жоспары



Жұмыс мазмұны

Мақсаты

Мерзімі

Логопедиялық тексеру жұмыстары

1



Оқушылардың ауызша және жазбаша сөйлеу тілін тексеру.

Ауызша және жазбаша сөйлеуінде әр түрлі бұзылыстары бар балаларды анықтау.



Логопед, сынып мұғалімдерімен бірлесе отырып, оқушылардың сөйлеу тілін тексеріп, анықтау.

01.09-15.09.2013
15.05-25.05.2014

2


Медициналық қорытындымен танысу, анамнез жинау.


Сөйлеу тілінің бұзылыстарының себептерін анықтау.

01.09-15.09.2013



3


Сөйлеу карталарын толтыру.


Оқушылардың сөйлеу тілінің тексеру қорытындысын сөйлеу картасына түсіру.

01.09-15.09.2013


4


Сөйлеу тілінің кемшіліктері бар балаларды топтарға жинақтау.



Сөйлеу қабілеті жеткіліксіз балаларды сөйлеу кемістігіне байланысты топтар мен кіші топтарға бөліп, тізімді тіркеу.

01.09-15.09.2013


Логопедиялық түзету жұмыстары

1

Сөйлеу тілінің кемшіліктері бар балалармен жүргізілетін жұмыс мазмұның жоспарлау

Мектеп бойынша сөйлеу тілінің кемістігі бар оқушыларда тіркеу, сабақ кестесін құру, осы оқушылармен жүргізілетін жұмыс мазмұнын жоспарлау.

01.09-15.09.2013


2


Балалармен түзете-дамыту жұмыстарын жүргізу.


Оқушылардың сөйлеу тілін дамыту, ауызша және жазбаша сөйлеуінде бұзылыстары бар оқушылармен логопедиялық түзету сабақтарын жүргізу.

15.09.2013-15.05.2014

Оқу-әдістемелік жұмыстары

1


Логопедиялық білімін жетілдіру.



Ғылыми-практикалық семинар, курстар, әдістемелік кеңестерге қатысу арқылы білімді жетілдіру.

Айына бір рет


2


Кабинетті оқу жабдықтармен толықтыру.



Логопедиялық бөлмеде әдістемелік әдебиеттермен дидактикалық құралдарды жүйелеп, әрі оларды толықтыра түсу.

Жыл бойы


3



Кабинетке қажетті іс-қағаздар мен құжаттарын, сабақ жоспарларын жүргізу.

Логопедиялық кабинетке қатысты жалпы ережеге сәйкес қажетті құжаттарды толықтыру, күнделікті сабақ жоспарларын жүргізу.

Жыл бойы



4


Логопедиялық жұмысқа анализ жасау, жылдық қорытындылау.

Атқарылған түзете-оқыту жұмыстарына талдау жасау, жылдық қорытындылау

15.05-25.05.2014

Ата-аналар, мұғалімдермен профилактикалық ағарту жұмыстары

1

Ата-аналарға профилактикалық ағарту жұмыстарын жүргізу.

Ата-аналар арасында логопедтік сабақтар жөнінде насихат жүргізу, түзету сабақтарының ерекшеліктері туралы ата-аналар жиналысында сөз сөйлеу.

Жыл бойы

2

Логопедтік пункттарға келетін балалармен жұмыс жасайтын психолог, педагогтармен жүйелі түрде байланысты жүзеге асыру, сөйлеу бұзылыстарына байланысты үлгермеушілік мәселелері бойынша педагогтарға кеңес беру.

Сөйлеу бұзылыстары бар мектеп оқушыларының үлгермеушілігінің алдын алу және болдырмау жөніндегі логопедтік түзеу ерекшелігі туралы бастауыш сынып мұғалімдері арасында кеңестер жүргізу.

Жыл бойы

3

Психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссия кеңесіне қатысу, ПДПК-нің мамандарымен байланысты жүзеге асыру.

Психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссия кеңесінің отырыстарына қатысу, оқушылардың психофизикалық жағдайын нақтылау үшін қажет болған жағдайда дәрігерлер немесе ПДПК-нің мамандарына кеңес алуға жіберу.

Жыл бойы

4

Дефектология, логопедия сұрақтары бойынша іздену.


Ата-аналар мен балаларға арналған әдістемелік-танымдық бұрыштар шығару, баспасөз басылымдарына мақалалар әзірлеу.

Жыл бойы

№ 2 қосымша


Сөйлеу тілінің картасы

(мектеп жасына дейінгі балалар)


1.Фамилиясы,аты, әкесінің аты ___________________________________

2. Туған жылы, жасы ____________________________________

3. Ұлты ______________________

4.Мекен-жайы _________________________________________________

5. Мектебі _______________________________________________

Сыныбы ____________________

6. Логопунктке қабылдау күні ________________________

7. Мұғалім мен ата-анасының шағымы _____________________________

8. Психоневрологтың қорытындысы _______________________________

Анамнез

Жалпы анамнезі

1. Ата-анасында, басқа балаларда тіл кемістігі, нерв жүйесінің тұқым қуалайтын-дегенеративті аурулар болды ма? ___________________________

____________________________________________________________________________________________________________________________________

2. Жүкті болуы: нешінші рет жүкті болуы (жүктілік кезіндегі аурулары)?

____________________________________________________________________________________________________________________________________

3. Босануы (уақытынан бұрын, уақытымен, уақытынан асып; босану кезіндегі асқынуы) _________________________________________________

4. Баланың туғандағы салмағы, бойы ____________________________

Қорытынды: __________________________________________________

______________________________________________________________
Психомоторлық дамуы


  1. Мойнын ұстауы:____________________

  2. Отыруы _________ Еңбектеуі __________ Жүруі ______________

  3. Бірінші тістерінің шыққаны: _______________________________

  4. 2/3 жасқа дейін қандай аурулармен ауырды: _________________


Сөйлеу тілінің дамуы

  1. Уілдеуі _____________ Былдырлауы __________________

  2. Ересек адамның сөзін түсінуі _________________________

  3. Алғашқы сөздерді айтуы _____________________________

  4. Тіл кемістігі қашаннан бастап байқалды? ___________________

  5. Тәрбие жағдайы (3 жасқа дейін қайда, кіммен болды, сөйлеу ортасы)______________________________________________________________________________________________________________________________

6.Ойыны және баланың құмарлығы (балаға ертегі, әңгіме айтып, оқып, өлең, жаңылтпаш айтып үйретті ме?) ________________________________


Каталог: images
images -> 6 Хромтау гимназиясы тәрбие жұмысының жылдық жұмыс жоспары Азаматтық-патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие
images -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
images -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
images -> АҚПараттық хат қҰрметті әріптестер!
images -> Абай Құнанбайұлы (1845—1904)
images -> Автобиография кандидата в депутаты районного маслихата по избирательному округу №5
images -> «Қазақстан тарихы» пәнінен «6М020300-тарих» мамандығына арналған жазбаша емтихан сұрақтары 1 блок
images -> Мазмұны Қазақстандағы жоғары білім, Ғылым және МӘдениет
images -> Үлгілік оқу жоспары
images -> Сембі Жансая Хасанқызы Қазақ тілі мен әдебиеті


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет