Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің картасы Күні


Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің картасы



бет2/10
Дата28.05.2020
өлшемі114,79 Kb.
#71440
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
растишка тех 2020 -

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің картасы
Күні: 09.09.19

Тобы: Ортаңғы «Б»

Білім беру саласы: Коммуникация

Бөлімі: Қазақ тілі

Тақырыбы: Менің отбасым

Мақсаты: Балаларға қазақша әке, ана, ата, әже, апа сөздерін үйрету.

Міндеттері: Өз отбасы мүшелерін атай алуға жаттықтыру. Тіл байлықтарын дамыту. Отбасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері: тосын сәт, ойын, әңгімелесу, сұрақ-жауап, қимылды сергіту.

Билингвальді компонент: отбасы-семья, ана-мама, әке-папа, ата-дедушка, әже-бабушка.

Көрнекі құралдар: суретті сөздіктер, отбасымен түскен суреттер, фото альбом, үлестірмелі материалдар.


I. Кіріспе

- Қайырлы күн, балалар!

Күніміз сәтті болсын!

1.Шаттық шеңберіне тұрғызу.

- Балалар, сендерді аналарың еркелетіп, қандай жылы сөздер айтады?

2.«Ғажайып қоржын» дидактикалық ойыны.

Өткен тақырыпты естеріне түсіру.

Қоржыннан балалар ойыншықтарды бір-бірден алып, олардың атын атайды.

«Сұрақ-жауап» дидактикалық ойыны.

-Мынау не?

-Мынау кім?

-Мынау не?


II. Негізгі бөлім

3.Жаңа сөздермен таныстыру.

-Балалар! Қараңдаршы, бізге хат келіпті, әдемі хатқалтаның сыртында № 4 балабақшасына деп жазылыпты.

(Ішінде алдын ала салынған балалардың ата-аналарының суреті болады).

-Қандай керемет! Мына суреттерде кімдер бар?


4. Үлестірмелі материалдағы суреттермен жұмыс.

-Мынау –әке.

-Мынау-ана.

-Мынау-ұл.

-Мынау-қыз.

5.Сергіту сәтін өткізу.

Әкем менің қайратты,

Анам менің ақылды.

Ұл мен қызы жарасқан,

Татумыз біз осындай.



III. Қорытынды

6. Үлестірмелі материалдармен жұмыс.

Суретке қарап, сөздерді атау.

«Суреттер сөйлейді» сөздік ойыны. Тақтада ілінген суреттегі бейнелерді атау, бірге қайталау.





Есеп

+

-









Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет