Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің картасы Күні


Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің картасы



бет4/10
Дата28.05.2020
өлшемі114,79 Kb.
#71440
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
растишка тех 2020 -

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің картасы
Күні: 30.09.19

Тобы: Ортаңғы «Б»

Білім беру саласы: Коммуникация

Бөлімі: Қазақ тілі

Тақырыбы: Алтын күз

Мақсаты: Күз мезгілімен таныстыру.

Міндеттері: Балаларға күз туралы түсінік беру. Күз, жаңбыр, алма, жапырақ сөздерін дұрыс айтуға үйрету.

Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру,  көрсету,  әңгімелеу,  сұрақ-жауап, дидактикалық-ойын,  тақпақ

Белингвальді компонент:Күз - осень, астық - уражай, дождь - жаңбыр.

Көрнекі құралдар: Жомарт күз суреттері,  картиналар жемістер мен көкөністер суреті,слайд,презентация.  Жапырақтар,  күз көрінісі.

 I. Кіріспе

Күз өлеңін музыкамен қосылып айту.

Күз келгенде тамаша

Ән саламыз жараса

Жеміс - жидек піскенде

Жейміз оны таласа.

Өлең не жайында айтылады? Олай болса бүгінгі біздің іс-әрекетіміз «Алтын күз» туралы.

Балалар барлығы көңілді айтып береді.


II. Негізгі бөлім

Балалар қазір қандай жыл мезгілі?

Күзде ауа райы қандай болады?

Ал ағаштардан не түседі?

Ал күзді біз қандай күз дейміз?

Неліктен, өйткені балалар күзде астық піседі, жапырақтар сарғайып түседі, жеміс - жидектер піседі, сондықтан күзді біз алтын күз деп атаймыз.

Қандай жеміс- жидек, көкөністерді білесіңдер?

Суреттерді көрсету

- Күз


- суық, жаңбырлы

- жапырақтар

- Алтын күз

Д/ойын “жапырақты түсіне қарай жина”

Суретке қарап көкөністерді ата.

Қызығушылықпен ойнайды.

Көкөністерді айыруға және ажыратуға үйренеді.                        

 


III. Қорытынды

Біз бүгін «Алтын күз» туралы не үйрендік?

Қазір жылдың күз мезгілі?

Күзде күн суытады, жауын көбейеді

Күзде бақшада жемістер, көкөністер пісіп, жапырақтар сары , жасыл, қызыл түске енеді.



Күз жылдың берекелі мезгілі.




Есеп

+

-









Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет