Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің картасы Күні


Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің картасы



бет7/10
Дата28.05.2020
өлшемі114,79 Kb.
#71440
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
растишка тех 2020 -

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің картасы
Күні: 04.11.19

Тобы: Ортаңғы «Б»

Білім беру саласы: Коммуникация

Бөлімі: Қазақ тілі

Күні: 04.11.19

Тақырыбы: Қыстап қалатын құстар

Мақсаты: Балаларға құстардың түрлерін соның ішінде қыстап қалатын құстар туралы түсінік беру.

Міндеттері: Сөздік қорларын молайтып, байланыстырып сөйлеу дағдыларын қалыптастыру. Балалардың бойында қамқорлық, мейірімділік қасиеттерін ояту. Қойылған сұраққа толық жауап алу.

Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап.

Белингвальді компонент: Қыс-зима, құстар-птицы.

Көрнекі құралдар: Суреттер, ойыншық құстар.


I. Кіріспе

Балалардың алдына қыстап қалатын (сауысқан, суықторғай, сары шымшық, қарға, торғай, тоқылдақ) құстардың суретін көрсету.


II. Негізгі бөлім

— Балалар, қалай ойлайсыңдар, құстар орманнан біздерге неге ұшып келді?
- Қандай құстар қыстап қалады?

— Олай болса, балалар, біз құстарға қамқорлық жасауымыз керек. Оларға жем берейік. Ол үшін мына суреттерге қарап, қыстап қалатын құстың атын қай бала дұрыс айтса, сол бала құстарға келіп жем шашады.

— Балалар, біреу есік қағып тұрған сияқты .

Мүмкін ол біздің құстарға келген Қыс апамыз шығар.


Есік ашылып, Қыс кіреді.
— Сәлеметсіздер ме, балалар! Мен сонау орманнан келдім, құстарымды іздеп келдім.
— Біз сіздің құстарыңызға қамқорлық жасадық.
— Жақсы, балалар, сендер құстар туралы өте жақсы біледі екенсіңдер. Менің сендерге орманнан алып келген сыйлығым бар.
(Қарағайдың жаңғақтарын алып балаларға таратады)

Сергіту сәті:





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет