Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің картасы Күні
бет 1/10 Дата 28.05.2020 өлшемі 114,79 Kb. #71440
Байланысты:
растишка тех 2020 -
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің картасы
Күні: 02.09.19
Тобы: Ортаңғы «Б»
Білім беру саласы: Коммуникация
Бөлімі: Қазақ тілі
Тақырыбы: Менің балабақшам
Мақсаты: Балаларға балабақша туралы түсінік беру.
Міндеттері: Балабақша, топ, үстел, орындық сөздерін дұрыс айтуға , қойылған сұраққа жауап беруге үйрету. Байланыстырып сөйлеу дағдысын дамыту. Балабақшасын мақтан етуге баулу.
Әдіс-тәсілдері: тосын сәт, ойын, әңгімелесу, сұрақ-жауап , қимылды сергіту.
Белингвальді компонент: балабақша – детский сад, топ – группа, үстел – стол, орындық – стул, балабақша әдемі- детский сад красивый.
Көрнекі құралдар: суретті сөздіктер , өз топтарына арналып жасалған слайд, үлестірмелі материалдар.
I. Кіріспе
-Сәлеметсіздер ме!
1.Шаттық шеңберіне тұрғызу.
Балалар дөңгелене тұрып, қатар тұрған көршілерінің аттарын атап , бір-біріне қолдарын ұсынады.
-Балалар, осы шаттық шеңберінде қол ұстасып тұрып, бір-біріміздің жылу-лығымызды сезінейк. Осы жақсы көңіл күйімізбен ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін бастаймыз.
II. Негізгі бөлім
1.«Ғажайып қоржын» дидактикалық ойыны.
Ойыншықтарды ала отырып, олардың атын атату.
-Мынау не?
2.Топты бағдарлап , не көріп тұрғандарын сұрау.
«Есіңе сақта» дидактикалық ойыны.
-Біздің балабақшамыз үлкен, жарық, таза, әдемі. Кәне, мына сөздерді қайталайық: балабақша.
- Сендер қайда отырсыңдар?
-Кітаптар қайда тұр?
-Сендердің топтарың «Күншуақ » деп аталады.
- Кәне, бәріміз топ (группа ) деген сөзді қайталайық.
3.Сергіту сәтін өткізу.
Балабақша әдемі,
Балалардың әлемі.
Орындық пен үстелде,
Отырамыз әдемі.
4.Дыбыстық жаттығуларды өткізу.
ТО-ТО-ТО-ТОП
БА-БА-БА-БАЛА
БА-БА-БА-БАҚША
III. Қорытынды
5. Үлестірмелі материалдармен жұмыс.
Суретке қарап, сөздерді атау.
Балалардың есте сақтау қабілеттерін жетілдіру , тілдерін дамыту мақсатында бөлмедегі заттарды орналастыру (үстел, орындықты тауып жабыстыру).
«Қайсысы қайда орналасады?» дидактикалық ойыны.
Достарыңызбен бөлісу: