Ақынның шығармалары
|
Ақынның аудармалары
|
«Сыныққа сылтау» (1967);
«Қасиетті тақия» (1972)
«Сәлем, саған мектебім» (1975);
«Кішкентай астрономдар» (1977);
«Мен мектепке барамын» (1982);
«Қандай болып өсемін» (1994).
|
«Ақымақ тышқан туралы ертегі»; «Степа ағай»;
«Менің атам»;
«Пілдің баласы»;
«Мен әлі сәбимін»;
«Сен тұрғанда».
|
Тапсырма №1
Сөйлемді көшіріп жазып, жалқы есімнің астын сызыңыз.
С.Қалиевтің балаларға арналған жинақтары: «Өлеңдер», «Дүрбі», «Қасиетті тақия», «Сәлем, саған мектебім», «Кішкентай астрономдар», «Бақыт деген не?», «Мен мектепке барамын».
С.Қалиевтің «Қасиетті тақияның» оқиғасы сәбидің әжесінен естіген әңгімесі ретінде баяндалады.
Тапсырма №2 (Топшама)
І топ
|
ІІ топ
|
Сөйлемге синтаксистік талдау жасаңыз.
Сұлтан Қалиев 1943 жылы Жамбыл облысының Жамбыл ауданында дүниеге келді.
|
Сөйлемге синтаксистік таладу жасаңыз.
Ақынның 1982 жылы «Мен мектепке барамын» өлеңі жарық көрді.
|
«Балдырған» сөзіне фонетикалық талдау жасаңыз.
|
«Жамбыл» сөзіне фонетикалық-математикалық талдау жасаңыз.
|
І топ
Балдырған
Б – дауыссыз, ұяң
а – дауысты, жуан, ашық, езулік
л – дауыссыз, үнді
д – дауыссыз, ұяң
ы – дауысты, жуан, қысаң, езулік
р – дауыссыз, үнді
ғ – дауыссыз, ұяң
а – дауысты, жуан, ашық, қысаң
н – дауыссыз, үнді
ІІ топ
Жамбыл
Т/қ: жуан (а, ы)
жіңішке
Ж/қ: ашық (а) Шешуі: 6 ꞊ 2 (а+ы)
қысаң (ы) 4 (ж+м+б+л)
Е/қ: еріндік
езулік (а, ы)
Сөйлемге морфологиялық талдау жасаңыз.
Ақынның біраз өлеңдері орыс, украин, грузин, әзірбайжан тілдерінде аударылды.
Ақынның – дара, негізгі, жалпы, деректі, -ның – ілік септігі
біраз – мөлшер үстеу
өлеңдері – дара, негізгі, жалпы, -дер – көптік жалғау, -і – тәуелдік жалғауының
ІІІ жағы
орыс –
украин –
грузин – дара, негізгі, жалпы, атау тұлғалы зат есім
әзірбайжан –
тілдерінде – дара, негізгі, жалпы, -дер – көптік жалғау, -і – тәуелдік
жалғауының ІІІ жағы, -нде – жатыс септігі
аударылды – болымды, -ыл – ырықсыз етіс, -ды – жіктік жалғауының ІІІ жағы
Сергіту сәті.
Оқушылар Сұлтан Қалиевтің жұмбақтарының шешуін табады.
Жасыл ине киімім,
Жайлаймын тау биігін.
Жаңа жылды тойласаң
Үйіңдемін төріңнің. (Шырша)
Дөп-дөңгелек қос шыны,
Бұзылмайды достығы.
Өмір бойы екеуі
Қол ұстасып өтеді. (Көзілдірік)
Қос қанатын иіп ап,
Жарға келіп қонады.
Қара киім киіп ап,
Балшықтан үй соғады. (Қарлығаш)
Жайшылықта жекесің,
Қарай қалсаң – екеусің. (Айна)
Кейде жарты, кейде бүтін дөңгелек,
Түн болғанда шомылады көлге кеп. (Ай)
Тапсырма №3
Сұлтан Қалиевтің «Сәлем, саған мектебім», «Мен мектепке барамын» атты шығармаларының тақырыбын негізге ала отырып, сурет бойынша шағын мәтін құрыңыз.
Жаңа сабақты бекіту:
Тест сұрақтары
1943 жылы Жамбыл облысының Жамбыл ауданында дүниеге келген балалар ақыны?
а) Қастек Баянбаев
в) Мұқан Иманжанов
с) Сұлтан Қалиев +
д) Бердібек Соқпақбаев
е) Ескен Елубаев
Сұлтан Қалиев 1957 – 1961 жылдар аралығында қай оқу орнында білім алды?
а) Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде
в) Жәңгір хан атындағы аграрлық университетінде
с) Ж.Досмұхаммедов атындағы педагогикалық колледжінде
д) Жүргенов атындағы Өнер академиясында
е) Абай атындағы педагогикалық училищесінде +
С.Қалиевтің Бақытжан Момышұлынан аударған әңгімесі?
а) «Менің атам»
в) «Мен әлі сәбимін» +
с) «Ақымақ тышқан туралы ертегі»
д) «Пілдің баласы»
е) «Степа ағай»
Ақынның «Мен мектепке барамын» атты туындысы қай жылы жарық көрді?
а) 1982 жыл +
в) 1983 жыл
с) 1984 жыл
д) 1985 жыл
е) 1986 жыл
С.Қалиев 1973 – 1991 жылдар аралығында қандай басылымда жауапты хатшы қызметін атқарды?
а) «Ұлан»
в) «Айгөлек»
с) «Мөлдір бұлақ»
д) «Балдырған» +
е) «Еңбек туы»
Ақынның аудармасын табыңыз.
а) «Қандай болып өсемін?»
в) «Ақымақ тышқан туралы ертегі» +
с) «Сәлем, саған мектебім»
д) «Сыныққа сылтау»
е) «Қомағай бақа»
Үйге тапсырма: Кесте толтыру
Ақынның
аты-жөні
|
Туған жылы, жері
|
Оқыған оқу орындары
|
Ақынның шығармалары
|
Сұлтан Қалиев
|
.............
|
................
|
..................
|
Бағалау:
Сабақта белсенділік танытқан оқушыларды бағалаймын.
|