Ұйымдастырудағы мектепішілік менеджмент «Оқытудың ақиқаты мақсатты білім емес, іс-әрекет»


Ғылыми-әдістемелік жұмысты нәтижеге жеткізу үшін төмендегі мақсаттарды орындау керек



бет2/5
Дата31.01.2022
өлшемі10,19 Kb.
#116644
1   2   3   4   5
Байланысты:
Мектептің жаңашыл ғылыми

Ғылыми-әдістемелік жұмысты нәтижеге жеткізу үшін төмендегі мақсаттарды орындау керек:

  • тәжірибені зерттеу, талдау және технологияландыру;

  • білім ғылыми-әдістемелік ғылыми-әдістемелік консалдингін құру;

  • педагогтарды кәсіби өсіру және өзіндігінен дамыту;

  • поликәсіптік бірлестіктер құру;

  • жаңа педагогикалық тәжірибелерді жобалап, моделін құру;

  • ұстаздардың кәсіби өсу ынталарын дамытуға жағдай жасау.

Ғылыми-әдістемелік жұмыстың мазмұны технологиялық (Ақпараттық-коммуникативтік технологиясын, қазіргі білім технологияларын үйреніп, қолдану), психологиялық (өзекті психологиялық концепцияларды зерттеу), мәдениеттанымдық (ұстаздың методологиялық, психологиялық, технологиялық, әдістемелік мәдениетін қалыптастыру) мәселелерді көздейді.

Келешек ұрпақты әлемдік бәсекеге дайындау және оқу-тәрбие үдерісін жаңа бағыт алу үшін 2020-2021 оқу жылы біздің мектеп «Халықаралық сапа талабына сай соңғы нәтижеге бағытталған деңгейлеп және жекелеп білім беру» атты мектептің тақырыбын таңдадық. Таңдаған тақырып бойынша өткен екі оқу жылында «Жаңашыл педагогикалық технологиялар», «Білім сапасы және оған жеткізетін тиімді жолдар», «Педагогикалық құзырлылық – бүгінгі таң талабы» атты семинар практикумдар өткізілді. Педагогикалық, әдістемелік кеңестер нәтижесі бойынша рефлексия өткізіліп отырылады. Мектептің ғылыми-әдістемелік жұмысы осы тақырыптар өңірінде атқарылады.

Алғашқы жартыжылдықтан кейін мұғалімдердің жұмыстарындағы позитивті және негативтік жақтары көрінді. Сонымен, жұмыс нәтижесінде диагностикасыз (зерттеу) менеджмент мәселерін тиімді шешу мүмкін емес екеніене көзіміз жетті.

Педагогты тұлға ретінде зерттеу және қызметін зерделеу – ғылыми-әдістеме жұмысының сапасы мен тиімділігін арттыру үшін қажетті жағдай.
Диагностика:

  • ұстаздардың педагогикалық шеберлігін әр тарапынан зерделеуге;

  • аралық және соңғы нітижелерді әділ бағалауға;

  • шығармашылық қызметтің дамуына қолайлы жағдай жасаудың болашағын белгілеуге;

  • ұжымның оқу-тәрбие жұмысын жетілдірудің арқасында әр мұғалімнің педагогикалық шеберлігін жетілдіру бағдарламасын белгілеуге;

  • әдістемелік жұмысты ұйымдастыру кезеңінде кәсіби білім алуға бір-біріне көмектесу ғана емес, әдістеме топтар, жас ұстаз мектебі, озық тәжірибе мектебінде педагогтардың психологиялық тілтабысушылығын еске алуға;

  • ғылыми-әдістеме жұмысын жалпы мәдениетті ой-өрісімен тығыз қамтамасыз етуге;

  • әдістеме жұмысын тиімді жоспарлауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

      Педагогикалық ұжымның диагностикалық картасын жасау үшін «Ұжымдағы психологиялық ахуал», «Білемін және қолымнан келеді» атты педагогтардың кәсіби көзқарасын зерттейтін тесттер, «Педагогтардың кәсіби құзырлылығы» атты диагностикалық сауалнама, ұстаздың жұмысындағы қиындықтарын зерттеу, жаңашылдықты қолдануға ұстаздың кәсіби дайындығын зерделеу және т.б. диагностикалық тәсілдер қолданылады.

            Зерттеу жұмыстарының нәтижесінде ұстаздарды үш деңгейге бөлдік:

  • төменгі (интуициялық);

  • орташа (ізденушілік);

  • биік (шеберлік).

Педагогикалық шеберлік деңгейіне сәйкес ұстаздар әдістеме топтарына бөлініп жеке әдістеме нұсқалар жасалынды.

Жас мамандар және тәжірибесі аз ұстаздар теориялық, тәжірибелік білімдерін меңгеру үшін «Жас ұстаз мектебінің» жұмысы ұйымдастырылды.

Орташа деңгейлі педагогтар үшін ерекше әдістеме семинарлар ұйымдастырылады және олар турлі онлайн курстарға қатысты.

Биік деңгей көрсеткен ұстаздар «Озық тәжірибе мектебінің» мүшелерінің қатарына енді. Аталмыш педагогтар өзіндік әдістеме жүйесін жасайды.

Әдістеме жұмысын басқару жүйелі және тиімді болуы үшін, біріншіден,  оның маңызы мен формалары міндеттері мен мақсаттарына сәйкес болуыекіншіден, ғылыми-әдістеме жұмысы нақты жоспарлаған кезеңдерге бөлулі болуы қажет.

Сонымен, өткен оқу жылында «Жетістіктер мектебі» эксперименті негізінде ғылыми-әдістеме жұмысы жалпы педагогтар ұжымы 4 кезеңге бөлінеді:



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет