Жақсы ұйықтау үшін түнге қарай триоксазин, элениум дәрілері беріледі.
Емдеу кезінде жүкті әйелдің салмағы мен тәуліктік зәрін қадағалап отырудың маңызы зор. Жүктілік шеменімен ауырған әйелді босану үйінде ісік толық қайтып, тәуліктік зәр өз қалпына келгеннен кейін ғана үйге қайтаруға болады.
Кеш басталатын гестоздардың келесі бір түрі жүктілік нефропатиясы.
Преэклампсия - жүктілік нефропатиясы өз уақытында толық емделмесе, гестоздың ауыр түрі – преэклампсияға ауысады. Бұнда нефропатияда айтылған ауру белгілерінің барлығы болады (гипертензия, протеинзия, протеинурия, ісіну). Оған қоса бұдан басқа да қосымша белгілер пайда болады. Аурудың асқынғаны сонша, жүйке жүйесінің қозуы біліне бастайды. Науқастың басы ауырады, көзі қарауытып, бұлдырап, көруі нашарлайды, көз алдында кішкентай шіркейлер ұшқандай болып көрінеді. Кейде көзі тіпті көрмей де қалады. Жүрегі айнып, құсады, асқазан тұсы қатты ауырады. Кейде мұндай ауруларды тамақтан уланған деп болжап, емді уақытында қолданбай, асқындырып алатын да жағдайлар кездеседі. Кейбір әйелдерді ұйқы басады, ал кейбіреулері, керісінше, абыржып, ашушаң, жылағыш болады. Тез уақытта ем қолданбаса, преэклампсия асқынып, эклампсияға ауысады.
Эклампсия - гестоздың ең ауыр түрі. Ми ұлпаларының оттегімен қоректенуі нашарлап, ісінуі салдарынан, жүйке жүйесінің жұмысы бұзылады. Әйел есінен танып, бүкіл денесі, бұлшық еттері құрысып, эклампсия басталады. Эклампсияны қазақша «жүкті әйелдің талмасы» десе де болады. Ол төрт кезеңнен тұрады:
Достарыңызбен бөлісу: |