СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕР:
Қыша қойу техникасы және айтып түсіндіріп беріңіз.
Банка қою техникасын көрсетіңіз.
Науқас мұрнынан жағымсыз иіс сезінуде, түшкіреді. Қышаны қалай қолданамыз.
Науқас А. Туберкулездің активті формасымен ауырады. Сіз оны парафинмен емдейсіз бе?
Қыздыру компрессін қою үшін қажетті заттарды дайында және орындау бойынша жалпы ережелері қандай?
Сүлікті қою үшін қажетті заттарды дайында және орындау бойынша жалпы ережелері қандай?
Сүлікті қойып болған соң оларды қалай аласыз?
Сүлікті қою кезінде медбикенің міндетіне не жатады?
13. Сабақты қорытындылау: 4 мин (4%) оқытушымен кері байланыс, практикалық сабақ барысында туындаған қателіктер мен қиыншылықтар талқыланады. Әр оқушыға сабақта алған бағасы хабарланады.
14. Үйге тапсырма беру: 4 мин (4%)
5 – сабақ
8.2. Тақырыбы. Егу кабинетінің жұмысын ұйымдастыру.
2. Сағат саны: 180 мин (100%)
3. Сабақ түрі: практика
4. Сабақтың мақсаты:
оқыту: егу кабинетінің санитарлы-эпидемияға қарсы тәртібі. Егу кабинетінің құрылысы және ондағы мейірбикенің міндеттері.
тәрбиелік: егу кабинетінде санитарлы-эпидемияға қарсы тәртіпті үйрету.
дамыту: егу кабинетінде мейірбике қызметінің міндеттерін дамыту.
5. Оқыту әдісі: рольдік ойындар, пікірталас, аудиториялық.
6. Материалды – техникалық жабдықталуы:
а) техникалық құралдар: компьютер, мультимедиялық құрылғы, егу столы мен құрылғылары.
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, буклеттер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.
б) оқыту орны: № 2, 3, 4, 5 бөлмелер.
7. Әдебиеттер:
Негізгі (Н)
Мейірбике ісінің негіздері. Мұратбекова С.Қ. – Астана, 2007.
Қосымша (Қ)
1. Мейірбикелік іс бойынша тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар. С.К. Мұратбекова, ҚұспановаА.Р, Ахметова К.А.-Көкшетау, 2006.
8. Ұйымдастыру кезеңі: 10 мин (12%)
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Сабақтың мақсаты мен міндеті.
9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 28 мин (30%)
Дәрілік заттардын негізгі топтары
Организмге дәрілердін түсу жолдары, олардын басылымдылғы және жетіспеушілігі
ЕПҰ емдеу бөлімшесінін дәріханадан дәрілік заттарды жаздырып алу ережелері
Жалпы талаптар, бөлісмшеде ұсынатын дәрілерді сактау
Наркотикалык,психотроптык және катты әсер ететін дәрілерді сақтау ережелері
Емдеу бөлімшелерінде наукастарға дәрілерді тарату ерекшеліктері және ережелері
Дәрігердің тағайындау кағазы
10. Жаңа сабақты түсіндіру: 54 мин (60%)
Жоспар:
- Процедуралық кабинеттің құжаттамасын дұрыс толтыру:
- Процедуралық медбикенің функционалдық міндеттерін атқаруы:
- Процедуралық кабинеттегі ағымдағы және жалпы жиыстыруды жүргізу
- Процедуралық кабинетті жұмысқа даярлауы:
- Инъекция (егу) тағайындалған науқастардың кезектілігін құруы:
- Қызыл сызық ерехесін сақтау;
- Процедуралық медбикенің жұмыс орнындағы қауіпсізідігінің жалпы шараларын сақтау.
Процедуралық кабинет – стерильдік ережелерін сақтау қажет бірқатар медициналық процедураларды жүргізуге арналған арнайы бөлме. Процедуралық кабинетте қан алу үшін венепункция, инъекциялар, трансфузия, кейбір медициналық процедуралар жүргізіледі. Процедуралық кабинеттер стационар (аурухана, клиника) амбулаторида да болады. Процедуралық кабинетке ауданы 15м2 кем емес, жақсы жарықталған және желдетілетін,суық және ыстық сумен жабдықталған жарық бөлмені арнайды. Кабинеттің едені мен қабырғасы жинау үшін қолайлы болуы тиіс. Әр процедуралық кабинетте анық бөлмелеріне қарамастан ыстық және суық су ағатын рановина болуы тиіс. Реновинаны есікке жақын орналастырады. Процедуралық кабинетте науқастардың өтуіне рұқсат етілметін, кабинеттің стерильді аймағын шектейтін майлы болуымен салынған еденде «қызыл сызық» болады, онда пердесіз стерильді халаты, бас киімі жоқ мед жұмысшылардың өтуіне де рұқсат етілмейді. Процедуралық кабинетте күн сайын екі рет ылғалды жинау жұмыстың алдында және жұмыс күнінің соңында жүргізіледі, ал қажет болғанда, ағымдағы жиыстыруды жүргізеді. Аптасына бір рет процедуралық кабинеттің қабырғаларын, еденін құрал- жабдығын жуып, жалпы жинастырады.
Процедуралық кабинетті келесі жабдықтар болуы тиіс: шкаф немесе аспаптармен дәрі- дәрмектерді сақтауға арналған үстел; стерилизациялық препараттар (бикстер), парцинтез, плевральді пункция, т.б. жүргізуге даяр аспаптар жинағымен, шприцтермен, системалармен инелермен; аспаптар мен шприцтер үшін дизинфкциялдық қайнатушы: дистиллетор: үстелдік цептрифуга; бактерицидті там; ұзақ қоюлар үшін штативтер: таза прабиркалар үшін штативтер: қан тобын анықтауға арналған жиынтық; сары су, қан, дәрі- дәрмектерді сақтаутоңазытқышы; медициналық құжаттама үшін үстел; медициналық құжаттама қызметші киімін сақтау үш пластикалық алжапқыш; лас аспаптармен қолды тазалау үшін эмалданған таз немесе, күре тамырдың ішіне қою үшін орындық пен клиника мен қапталған кушетка; электротартқыш.
Процедуралық медбикенің жұсым күні процедуралық кабинетті қарап шығу мен ылғалды суртуде басталады. Процедуралық бике кезекші қызметкеркабинетті түн мезгілінде пайдаланған ба, жоқ па тексереді. Қолданылған және ластанған материалды ол 1 сағатқа дезинфектан ертінділердің, біріне салып қояды (3 % хлорамин, 1,5% кальци гипохлорид ертіндісі, 6 % сутегі тотығы, сосын тастайды, ал қолданылған медициналық аспаптарды, шприцтерді де дезинфектант ертінділердің бірінде жуып, дезинфекциялайды сосын 2% сабын-содалы ертіндімен (200 г. Сабын, 200г. Сода 10 л суға) бөлменің ылғалды жинауын жүргізеді. Осыдан кейін процедуралық бике стерильді хала киіп шашын бас киімінің астына жасырып қолын тазалайды. Аспаптар стерильдеуге қояды стерильді материалы бар бискстерді қояды. Сосын осы күні қан алуы, күре тамырдың ішіне қан құйылады, дәрі тамызғыш қою қажет науқастардық тізімін қарап, кезекке қояды. Алдымен биохимиялық зерттеулер үшін, қан алуды қажет болса қан тобын резус факторды анықтау керек. Осыдан кейін процедуралық бикс дәрігер тағайындаған күре тамырды егуді жүргізеді және күре тамырға дәрі тамызғышпен құюға дайындауды жүргізіп тек сосын ғана науқастарға дәрі тамызғыш қояды. Алдымен мүмкіндігінше ауыр науқастарға қызмет көрсетеді. Қажет болса процедуралық бикс медициналық аспаптарды торакоцентез немесе парацентез жүргізуге даярлайды. Осы медициналық манипулияцияларды жүргізуге дәрігерге көмектеседі және науқастың күйін қадағалайды. Процедуралық кабинеттің дәрі дәрмек қорын аға медбикеден толықтырады. Жұмыс күнінің соңында процедуралық кабинетті ылғалды тазалайды. Жұмыс біткенде процедуралық бикс бактерицидті шамды жағып есікті кілітпен жауып кетеді. Процедуралық кабинеттің кіліті бөлімнің кезекші медбикесінде сақталады. Процедуралық жұмыс кабинеттің тәртібі осындай. Процедуралық кабинетте келесі медициналық құжаттамалар болады;
1) Қан тобы мен резус факторды тіркедің бақылау журналы.
2) Қан плазма құюды тіркеу журналы.
3) Қан алмастырушылар мен ақуыздың преппараттар есебі журналы.
4) Биохимиялық зерттеулер үшін қан алу есебі журналы.
5) Күре тамырға құю есебі журналы.
6) Күре тамырға тамызып құю есебі журналы.
7) Вассерман реакциясына қан алуды тіркеу журналы.
8) Күре тамырға құю системасы мен инелерінің шприцтердің есебі журналы.
9) Анафилактикалық шокта дәрігерге дейінгі көмек көрсету мен процедуралық кабинетті санитарлық өңдеу бойынша нұсқаулар.
10) Улануларды қолданылатын уға қарсы дәрілер кестесі.
11) Процедуралық кабинеттің жалпы жинастыруын тіркеу жураналы.
12) Бактеризидті лампоның жұмысын тексеру журналы.
13) Тоңазытқыштағы температураның тексеру журналы.
Процедуралық медбикені неғұрлым тәжірибелі медбикелердің арасынан іріктеп алады, ол медициналық монипуляциялар техникасын жетік білуі және гигиена ережелерін қатаң сақтауы және қажетті денгейде процедуралық какбинеттің санитарлық тазалық күйін сақтап отыруы тиіс. Жұмыс орнындағы процедуралық медбикенің қауіпсіздігінің жалпы шаралары:
Медбике міндетті:
1. Қолды жуудың денгейін сақтауы.
2. Биологиялық сұйықтықпен, соның ішінде қанмен байланысты қолғап киюі.
3. Қолғапты шешкен соң дереу қолды жууы.
4. Төгілген немесе шашылған инфекцияланған материалды дереу алып тастау.
5. Қолданылған аспаптарды, күту заттарын, құрал жабдықтар мен таңу материалдарын қолданғаннан кейін дереу нармативтік құжаттардағы дезинфекция құралын, тәртібін, кәсібінің ұсынысына сәйкес дезинфекциялау тиіс.
11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 62 мин (70%)
Ампуладан және флаконнан дәрілерді сорып алу, антибиотиктерді еріту, инсулин дозасын есептеу.
12. Жаңа тақырыпты бекіту: 18 мин (20%)
Оқушылардың білім деңгейін тест және ситуациялық есептерді шешуіне байланысты бағалау.
ТЕСТТЕР:
1. Процедуралық кабинеттің жалпы жиыстыруды қандай жиілілікте жүргізеді ?
А). Айына 1 рет.
Б) 2 аптада 1 рет
В) аптасына 1 рет
Г) аптасына 2 рет
Д) күн сайын
2. Процедура кабинетінің медбикесі жұмыс күінің басынан бастап орындайтын шаралардың тезектілігі қандай.
А) стерилді халат киіп, қолын тазалайды
Б) процедура кабинетін қарап шығады
В) стерилді материалы бар бикстерді қойып, аспаптарды қайнатады
Г) биохимиялық зерттеу үшін қан алады
Д) процедура кабинетінің ылғалды тазалығын жасайды
3. Процедуралық кабинетке қандай санитарлық тазалық талаптар қойылады
А) қабырғалары ақталған болуы тиіс
Б) раковина мен міндетті түрде жабдықталған болуы тиіс
В) кабинеттің ауданы 10 м2 кем болмауы тиіс
Г) кабинет жақсы жарықтандырылған және желденетін болуы тиіс
Д) кабинеттің ауданы 15 м2 кем емес. Науқастардың дұрыс камбинациясын таңдаңыз
А) 1,2,4,5
Б) 2,3,5,6
В) 1,2,5,6
Г) 1,4,5,6
4.Процедуралық кабинетте келесі манипуляциялар жүреді
А) қанның тобын анықтау
Б) клизма қою
В) плевралдық пункция
Г) инъекциялар
Д) несеп қуығын катетрлеу
Е) қан алу үшін вене пункция жауаптардың дұрыс камбинициясын таңдаңыз
А) 1,3,4,6
Б) 1,3,5,6
В) 2,3,4,6
Г) 1,2,4,6
Д) барлық жауап дұрыс
5. Процедуралық кабинеттің жабдығына не жатпайды
А) кушетка
Б) аспаптар мен дәрі дәрмектерді сақтау шкафы
В) тоңазытқыш
Г) ингаляциялық наркоз аппараты
Д) бактерицидті шам
Е) электро сорғыш
6. Процедуралық кабинетте жұмасына бір рет жүргізілетін тазалық аталады.
7.Қандай манипуляциялар
1. процедура кабинетінде жүргізіледі
2. таңу кабинетінде жүргізіледі.
сәйкестікті табыңыз
а) апперациядан кейінгі науқастарды таңу
б) инъекциялар
в) күре тамырға қою
г) жарақатты кварцтеу
д) лепероцентез
е) қанның тобын анықтау
8. Қандай медициналық құжат
1.процедуралық кабинетте
2. таңу кабинетіне қатысты
сәйкестікті табыңыз
а) қанның тобының резусфакторының тіркеуді бақылау журналы
б) таза жаралы науқастарды таңу есебінің журналы
в) күре тамырға құюдың есебі журналы
г) күре тамырға құюдың инесін системасын шприцтерінің есебі журналы
д) іріңді жарақаты бар науқастардың таңудың есебі журналы
9. Қандай манипуляцияларды
3. процедуралық бикс
4. таңу биксі жүргізіледі
сәйкестікті табыңыз
а) стирильдік столды даярлау
б) СЭС-ке опперациядан кеінгі жарақаттың іреңдеуі туралы хабарлайды
в) плевралдық пункция жургізуге дәрігерге көмектеседі
г) абцесті ашуда дәрігерге көмектеседі
д) күре тамырға құю үшін системаны толтырады.
а) антибиотикке сезімталдыққа тері астылық сынама жасайды
10. Процедуралық кабинеттегі сары су мен қанның препораттары сақталуы тиіс:
11. Бактереситті лампаны жаққанда процедуралық кабинетте жүретін процесс -------------------------деп аталады
12. Кұре тамыр манипуляцияларды жүргізгенде манипуляцияларды медбике әрекеттерінің тізбектелуі қандай?
а) күре тамырлық тамызып құю үшін бір реттік системаны толтырады
б) биохимиялық зерттеулер үшін қан алуды жүргізеді
в) қанның биохимиялық зерттеуін, күре тамыр инъекциясы мен құюды тағайындалған науқастардық тізімін қарап шығады
г) науқастарға дәрі тамызғыш қояды
д) күре тамырға инъекция жасайды
СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕР:
1) Процедуралық кабинеттің медбикесі азанда жұмысқа келіп, процедуралық кабинеттің еденінде жатқан қолданылған шариктермен тампонды көреді. Оның тактикасы
2) Процедуралық кабинет медбикесі 17-00 де жұмысын аяқтап кабинетті жапты. Процедуралық кабинеттің кілтін кімге тапсыру керек?
3) Дәрігердің тағайындау қағазын қарап шығып, процедуралық медбике екі науқасқа кұре тамырына инъекция, 4 науқасқа күре тамырға тамызып құю, 3 науқастан биохимиялық зерттеуге қан алу тағайындалғанын көрді. Медбике бұл манипуляцияларды қандай кезекпен орындайды?
13. Сабақты қорытындылау: 4 мин (4%) оқытушымен кері байланыс, практикалық сабақ барысында туындаған қателіктер мен қиыншылықтар талқыланады. Әр оқушыға сабақта алған бағасы хабарланады.
14. Үйге тапсырма беру: 4 мин (4%)
6 – сабақ
8.3. Тақырыбы. Тері ішіне, тері астына, бұлшықетке және көктамырға инъекцияны орындау.
2. Сағат саны: 180 мин (100%)
3. Сабақ түрі: практика
4. Сабақтың мақсаты:
оқыту: парентеральді әдіспен дәрі-дәрмектерді енгізу.
тәрбиелік: дәрі-дәрмектерді енгізудегі ережелерді сақтауды үйрету.
дамыту: егу бөлмесінде жұмыс істеу қабілеттілігін дамыту.
5. Оқыту әдісі: көрме, пікірталас, аудиториялық.
6. Материалды – техникалық жабдықталуы:
а) техникалық құралдар: компьютер, мультимедиялық құрылғы, фантом, маникендер.
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, буклеттер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.
б) оқыту орны: № 2, 3, 4, 5 бөлмелер.
7. Әдебиеттер:
Негізгі (Н)
Мейірбике ісінің негіздері. Мұратбекова С.Қ. – Астана, 2007.
Қосымша (Қ)
1. Мейірбикелік іс бойынша тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар. С.К. Мұратбекова, ҚұспановаА.Р, Ахметова К.А.-Көкшетау, 2006.
8. Ұйымдастыру кезеңі: 10 мин (12%)
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Сабақтың мақсаты мен міндеті.
9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 28 мин (30%)
- Процедуралық кабинеттің құжаттамасын дұрыс толтыру:
- Процедуралық медбикенің функционалдық міндеттерін атқаруы:
- Процедуралық кабинеттегі ағымдағы және жалпы жиыстыруды жүргізу
- Процедуралық кабинетті жұмысқа даярлауы:
- Инъекция (егу) тағайындалған науқастардың кезектілігін құруы:
- Қызыл сызық ерехесін сақтау;
10. Жаңа сабақты түсіндіру: 54 мин (60%)
Жоспар:
Шприцтер мен инелердің түрлері , жұмыс істеу
Ережелері
Инъекция өткізу кезіндегі асептика және
Антисептика ережелері
Инъекциядан кейінгі асқынулар
Қолданылған құралдарды тазарту
Медбикенің жеке қауіпсіздік барьерлерін
шприцтерді , инелерді қолдана білу
инъекция жасау кезінде асептика және антисептика ережесін сақтау
Тері ішіне инъекция жасауды
Тері астына инъекция жасауды
Бұлшық етке инъекция жасауды
Күре тамырға инъекция жасауды
Егулерді өткізуге медбикенің жұмыс орнын ,
құралдарды , медбике қолдарын және науқас
терісін дайындау
Қолданылған құралдарды тазарту
Инъекция дегеніміз дәрі- дәрмек заттарды тері ішіне , тері астына , бұлшық ет ішіне, сүйекке ,жұлын каналына шприцпен жіберу. Бұл тәсіл асептика ережелерін қатаң сақтауды талап етеді, себебі асептика ережесі бұзылған кезде организмге микробтар еніп, кейде өлім қаупін төндіргенге дейін асқынады. Сондықтан медбике аспаптарды зарарсыздауға дайындау ережелерін орындап, сырқаттың терісі мен қолдарын тазалап жууды , дәрілік заттарды парентеральді енгізу техникасын, ең бастысы асептика ережелерін сақтауы тиіс. Дәрілік заттарды парентеральді енгізу кезінде пайдаланатын аспаптар зарарсызданған , ал инъекция алдында медбике қолы мұқият жуылған болуы керек. Инъекцияны жасауға шприцтер және инелерді пайдаланады. Шприц- бір жақ ұшында ине кигізуге арналған конусы бар қуыс цилиндр; екінші ұшы поршень кигізу үшін ашық болады, поршень тұтқасы бар стерженьге отырғызылған. Кейде цилиндрге поршенді бекіту үшін алмалы – салмалы қақпағы болады. Поршенді тартқанда цилиндрге теріс қысым пайда болады, соның салдарынан ұштығы немесе қуыс ине арқылы ауа немесе сұйықтық сорылады да шприц толтырылады. Поршенді басқан кезде ауа немесе сұйықтық шприцтен шығады.
Шприц тығыз тұруы тиіс, яғни цилиндр мен поршеннің арасына ауада, сұйықта өтпеуі тиіс, әйтпесе ол пайдалануға жарамсыз болады . Поршень цилиндрдің ішкі кенерелеріне жанаса отырып еркін қимылдауы тиіс . Тығыз жабылғандығын тексеру үшін цилиндрдің конусын сол қолдың саусағымен қатты басып, оң қолмен поршенді цилиндрден итеріп шығарады.Егер шприц тығыз тұратын болса,онда поршен алғашқы қалпына қайта оралады .
« Рекорд » шприці бір жақ ұшында тығыз орнатылған тот баспайтын болаттан жасалған воронка бекітілген шыны цилиндрден тұрады, цилиндрдің екінші ұшында метал сақинасы бар.
Поршень қысқа метал цилиндр түрінде шыны цилиндрге дәл келтіріледі , бұл мұқият жабылу үшін жасалынады . Поршенге метал стержень бұрап енгізілген , онда жалпақ тұтқа бар.
Сыйымдылығы шамалы арнайы белгіленетін шприцтерде тарылтылған әрі ұзартылған цилиндр болады,оның арқасында өте қашықтан құйылады әрі неғұрлым дәл бөлімдерге , мысалы: 0,02 және 0,03мл бөлінген. Бұл қатты әсер ететін дәрі-дәрмектерді , инсулин , вакцинамен қан сарысуларды неғұрлым дәлірек енгізуге мүмкіндік береді. Медициналық практикада пластикалық заттарды енгізуге байланысты еліміздің өнеркәсібі сынбайтын шприцтер шығарады. Олардың артықшылығы беріктігімен жеңілділігі. Олар тез жуылып,жақсы зарарсызданады. Кемшілігі -олардың нашар мөлдірлігі.
Соңғы кезде бір рет қолдануға арналған шприцтер- тюбиктер кеңірек қолданылуда. Оларды пластмассадан жасап , фабрикалық жағдайда зарарсыздайды. Мұндай шприц әсіресе алғашқы жәрдем көрсетуге өте қолайлы. Шприц-тюбикті қолданғанда инесін жауып тұратын қалпағын айналдыра отырып , қалпақты шприц корпусына тірелгенше итереді, сөйтіп иненің мандренімен оның каналын жауып тұрған мембрананы теседі. Кері бағытта айналдыра отырып, қалпақты мамбренімен бірге шығарады да, инені жоғары көтере отырып, инеден ауаны шығарғанша корпус кенерелерін итереді. Инені сұққаннан кейін корпусты басыңқырап отырып , дәрі жібереді. Мұнда инеге қол тигізуге не ұстауға еш болмайды. Люэра шприцтері өте аз қолданылады.
Бұл шприцтің поршені мен цилиндрі шыныдан жасалған . Люэра шприцінің сыйымдылығы 1-20 мл. Шприцті қайнатса , жақсы зарарсызданады , алайда тығыз кигізілмейді.
Инъекцияға арналған инелер бір ұшы қиғаш кесіліп, ұшқырланған іші қуыс тар металл түтік. Иненің екінші ұшына муфта бекітілген , ол ауа кіргізбеу үшін шприц ұштығына тығыз кигізіліп жатуы тиіс. Инелер әдеттегі немесе таттанбайтын болаттан жасалады.
Түрлі инъекция үшін иненің алуан түрі болады:
1.веналық дәрі құюға арналған 0,3-тен 0,5 мм-ге дейін саңылауы бар ұзындығы 5-6 см инелер;
2.тері асты инъекциясына арналған 0,5-тен 1мм-ге дейін саңлауы бар ұзындығы 3-4 см инелер ;
3. бұлшық инъекцияға арналған 0,8-ден 1,5 мм-ге
дейін саңлауы бар , ұзындығы 8-10 см инелер.
Дәрілік заттарды тері ішіне құю.
Тері ішіне инъекциясын диагностикалық мақсатта ,сондай-ақ белгілі бір жердің ауырғанын жеңілдету үшін қолданады. Бұл тәсіл белгілі бір дағдыларды қажет етеді. Ұзындығы 2-3см-ден аспайтын әрі саңлауы тар, кішкентай ине таңдау керек. Дәрілік заттарды тері ішіне жіберу үшін әдетте білектің ішкі бетін алады. Инъекция жіберетін теріні спиртпен , содан кейін эфирмен жақсылап сүртеді. Тері кепкен соң инені тері қалыңдығына онша тереңдемей иненің ұшы тек терінің мүйізгек қабығынан өтетіндей етіп енгізеді. Ине тері астындағы май клеткасына тимеуін қадағалау қажет, ондай бола қалса , дәрінің ешқандай нәтижесі болмайды. Инені тері бетіне параллель бағыттай отырып 0,5 см тереңдікке ендіреді де , 1-2 тамшы тамызады, соның салдарынан теріде лимонның қабығы сияқты ақшыл томпақ пайда болады . Инені біртіндеп жылжыта отырып шприцтен бірнеше тамшы ағызады, сөйтіп тері ішіне дәрі барлық қажетті мөлшерде енгізіледі.
Осындай тәсілмен диагностикалық аллергиялық сынақтар өткізіледі, сондай-ақ сырқаттың дәрі -дәрмекке сезімталдығын анықтайды . Тиісті аллергенді (стрептококк , үй шаңы т. б.) енгізген жер 24-48 сағаттан кейін қызарып іседі. Аллергиялық әсер болмаған жағдайда тері өзгеріссіз болады .
Теріасты инъекциясы және дәрі жіберу.
Тері астындағы май қабаты қан тамырларына өте бай болуына байланысты, дәрілік заттар неғұрлым тез әсер етуі үшін тері асты инъекциясы қолданылады. Әсіресе болбыр теріасты клетчаткасы тең сіңіретін әрі оған тигізбейтін дәрі ерітінділері жіберіледі. Теріастына сұйықты шағын мөлшерден 2 литрге дейін енгізуге болады.
Теріасты инъекциясын жасағанда ірі тамырлар мен нерв сабақтарының қашық болуы керек. Инъекция үшін неғұрлым қолайлылары иықтың сыртқы беті немесе білектің кәрі жілік жағы, жауырын асты , жамбастың алдынғы беті, құрсақтың бүйір жағы және қолтық қуысының төменгі бөлігі. Терінің бұл бөліктерін жиырып ұстауға онай және қан тамырларын , нервтерді сүйек қабығын зақымдауға қаупі төнбейді . Теріасты май клетчаткасы іскен немесе алдыңғы салынған инъекциялардан қалған тығыздалған жерлерге инъекция жіберуге болмайды .
Инъекция салмастан бұрын теріні спиртпен мұқият сүртеді де, сол қолымен негізгі төмен қараған үшбұрыш түрінде теріні жиырады, оң қолдың 2 саусағымен инені, 5 саусақпен поршенді, ал басқаларымен цилиндрді ұстайды .Сол қолдың 1 және 2 саусақтары арасына жылдам қимылдап инені үшбұрыштын негізіне 45.С бұрышпен 1-2см тереңдікке енгізеді. Иненің ұшы тері арқылы өтіп, теріасты клетчаткада екеніне көз жеткізген соң жайлап ерітінді жібереді. Егер шприцте шамалы ауа көпіршіктері болса, дәрі баяу жіберіледі, бар ерітіндіні құймай , шамалы шприцте көпіршікпен бірге қалдыру керек . Барлық ерітіндіні құйып болған соң , жылдамдатып инені шығарып алады да , дәрі құйған жерден оның ағуын тездеп тоқтатады. Дәрі жіберген жерді қайтадан спиртпен сүртіп, соған малынған зарарсызданған мақта тампонмен біршама уақыт қысып ұстайды . Егер дәрілік заттарды шприцке құйылған мөлшерден көбірек жіберу керек болса , инені шығармай тұрып одан шприцті босатып алады, оған мөлшерді үстеп құйып жібереді де инъекцияны аяқтайды .
Теріасты инъекциясын жасағанда ине тамырға тиіп , теріасты клетчаткасына енгізетін дәрі- дәрмектер оған енеді . Әсіресе тамырға майлы ерітінділердің (камфора майы) түсуі қауіпті .Сондай-ақ дәрілік заттарды теріасты клетчаткаға емес , теріге жіберуге болмайды, ол инені терең тықпауынан болады. Иненің мұқалуы қан тамырларын жарақаттайды да инъекция салған жерде қабыну процесінің дамуына әкеп соқтырады. Инъекциядан кейін теріасты инфильтратты пайда болуы мүмкін, ол қыздырылған майлы ерітінділерді енгізген соң , сондай-ақ егер барлық асептикалық
және антисептикалық ережелер сақталмаған жағдайда неғұрлым жиі пайда болады. Осындай асқынуларды болдырмау үшін инъекцияны тиісті инемен жасап , жасалу орнын астырып отыру керек .
Мейіркеш ине тыққан жердің тығыздалып қалғанын немесе қызарғанын көрсе 40% спирт ерітіндісінен қыздырғыш компесс салып немесе басқы (грелка) қойып қыздыру керек бұл жөнінде емдейтін дәрігерге хабарлауы тиіс . Абсцесс бола қалған жағдайда оны кесіп ағызады.
Теріасты көп мөлшерде сұйық жіберу үшін тамшылап құятын приборларды айдаланады . Теріастына ертінді құяарда мейіркеш сырқат жанынан кетпей , оның жалпы күйін ,иненің қалпын, сұйықтың температурасын зер салып қадағалауы қажет
Организм көп сұйық жоғалтқанда (тоқтамайтын құсу, іщ ауру, қан ағу ,құю), сондай-ақ сырқатқа сұйық ішуге болмайтын операциядан кейінгі алғашқы күндері ,уланғанда т .б. тері астына сұйық енгізеді .
Неғұрлым жиі натрий хлоридінің изотоникалық ерітіндісін , 5% глюкоза ерітіндісі мен құрамында тұз бар организмге қажетті бір қатар зарарсызданған ерітінділер енгізіледі .Тәулік бойы сұйықтық мол мөлшерде енгізіледі . Теріге тәулігіне 3 литрге дейін сұйық енгізуге болады . Бір мәрте енгізетін сұйықтық мөлшері 500мл-ден артық енгізуге болмайды. Әйтпесе теріастындағы клечатканың зақымдануы мүмкін . Тәулі бойына енгізетін сұйықтың бір жартысын 9-15 сағатқа дейінгі , ал екінші жартысын 18-24 сағатқа дейінгі кезендерде енгізеді .Теріасты ұзақ уақыт сұйық енгізіуге неғұрлым ыңғайлы жер ұршықтың алдыңғы сыртқы беті болып саналады . Теріастына сұйық енгізу үшін арнайы ампулаларды немесе түтікшелер жүйісі бар флакондарды пайдалануға болады , олар қан құю үшін қолданады .
Жүйені былаиша толықтырады:ампуланы немесе клапанды қыздырылған , зарарсызданған ерітіндімен толтырған соң , түтіктегі ауаны сұйықпен айдап шығу шығу үшін және ине мен оған жалғанған түтікшені көтеріп, сұйықтық толып , инеден сыздықтап аға бастағанда біртіндеп түсіреді . Осыдан соң жүйені бұрындалы немесе қан тоқтататын қысқышпен қосады .Теріні мұқият сүртіп , теріні табаны төмен қараған үшбұрыш тәрізді етіп қысып ұстап инемен теседі де , оны теріасты клетчаткасына өткізіп резенке түтікшеден
қосады , сонан соң қысқышты шығарып алады .Инені лейкопластырмен бекітеді немесе аяққа бинттеп қояды .
Құйылатын сұйық ыдысы арнайы тіреуішке бекітілген .Инені теріастындағы клечаткаға енгізгеннен кейін түтікше ішіндегі сұйықтық қысымымен теріастына енеді , түтіктің ұзындығы 60-100см болуы тиіс : ыдысты 1,5м биіктікке көтереді .
Тамшылатып қоюға арналған жүйенің неғұрлым мәнді бөлігі – тамызғыш , ол сұйықтың енуі жылдамдығын бақылайды .Тамызғыш – екі бұрышты , ішіне капилляр бар шағын шыны баллон . С ұйықтың тамызғыштың капилляры арқылы түсу жылдамдығы тамызғыштан төмен қойылған бұрандамен немесе Моро қысқышымен реттеледі . Резеңке түтікшенің бос ұшы ерітіндісі бар ыдысқа түсірілген , екінші ұшы капилляры жоғары тұруы үшін тамызғыштың бұры-шымен жалғанған. Тамызғыштың қарсы ұшына соңында инеге сәйкес келетін канюлясы бар екінші ұзын түтікше кигізіледі . Тамызғышы бар жүйені былайша толтырады: алдымен ыдысты тіреуішке бекітіп , тамызғышпен бүкіл жүйені сұйықтықпен толтырады .
Дәріні сырқатқа құймастан бұрын ерітіндінің зарарсызданғанын зат таңбадағы жазуы , бекітілуі мен сырқаттың мөлшерлігі бойынша көз жеткізу қажет . Мейіркеш сырқат жанында кетпей ,оның жалпы күйін , иненінң қалпын, сұйықтың температурасын зер салып қадағалап отыруы тиіс.
Дәрілік заттарды тамызып енгізу сырқатқа көп мөшлерде сұйықтық қою немесе ұзақ уақыт дәрілік заттар енгізуге тура келгенде ғана қолданылады .Іс жүзінде диометірі 7 мм ,ұзындығы 10,15 және 50см резеңке түтікшелерден , шыны тамызғыштан , ұзындығы 5м екі шыны бақылау түтікшелерінен Моро және Кохер немесе Пеан қысқыштары мен инеге арналған канюлядан тұратын арнайы жүйенің көмегімен жасайды . Жүйені тамшылатып енгізуге арналған зарарсызданған ерітіндімен қосады.
Тамшылатып құюға арналған жүйенің барлық құрамдас бөліктерін мейіркеш дайындайды. Жаңа резеңке түтікшелерді қажетті ұзындықта кеседі де, сыртынан жылы құбыр суымен жуады .Түтікшенің сабынды су ағынымен жуады . Түтіктерді оқта –текте топтастырып қояды . Содан соң түтікшені 2 сағат бойы мынадай есеппен :1% сутегі асқын тотығының 1 литріне 30г «ЛОТОС» ұнтағын (судын температурасы 50 С ) салып еітіндіге малып қояды да , содан түтіктерді сумен қайта жуып , дистилденген суда 20 минут бойы қайнатады . Бұрын қолданған резеңке түтікшелерді өңдемес бұрын ,оның бүтіндігін тексеру керек . Зақымдалған түтікшелерді пайдалануға болмайды . Түтікшелерді өндеу процесі (жаңасын ,бұрын пайдаланылғанын да) олардың қысымын көтермей автоклавта 30 минут бойы зарарсыздап ,одан кейін кептірумен аяқталады.
Жаңа инелер мен канюляны тазартып , олардың каналдарын мандренаның көмегімен спиртке малынған мақтамен сүртеді . Инелерді қайрайды .Канюлялар мен өткірленген инелерді 30 минут бойы қайнатады да, одан рі ыстық құрғақ шкафта 1 сағат бойы 160 С температурада немесе 1,5 атм қысыммен автоклавта 30 минут бойы өңдейді .
Жүйнің шыны бөліктерін ( жаңасын, бұрын қолданғанда ) мұқият жуған соң 2 сағатқа резеңке түтікшені өңдеу үшін пайдаланатын ерітіндіге салады, содан соң 20 минут бойы дистилденген суда қайнатады , құрғатып сүртеді де таза мата қаптарда сақтайды .
Жүйені орнату -өте жауапты жұмыс , оны мейіркеш таза үстел үстінде қолдарын мұқият жуған соң жасайды . Монтаждау кезінде мейіркеш жекелеген бөліктерді дұрыс қосуды өте мұқият қадағалауы керек .
Орнатылған жүйені пергамент қағазға немесе сүлгіге орап бинтпен байлап , таңбалайды да автоклавта 1,2атм қысыммен 1 сағат бойы зарарсыздайды . Шұғыл жағдайда дистилденген суда 45 минут бойы қайнату жолымен де зарарсыздауға болады . Сүлгіге оралған жүйенің сақталу мерзімі 1 тәулік , перментке оралған жүйенің сақталу мерзімі 5 тәулікке дейін .
Зарарсызданған тамызғышты былайша толтырады: оны ерітіндімен толтырмас бұрын ыдыстан таралатын түтікшеге Моро қысқышын және иненің қасынан қан тоқтататын қысқыш салады :бақылау түтікшесі тамығыш пен иненің ара-сында болады . Тамызғышты толтырмас бұрын екі қысқыш та тығыз жабылған болуы тиіс .Содан соң қан тоқтататын қысқышты шығарып алады да, Моро қысқышын босатып , тамызғышты төңкерілген күйде толтыра бастайды.
Жартысына дейін толтырып оны баяу әдеттегі қалыпқа түсіреді де , бақылау түтікшелері арқылы ауа көпіршіктерінің өтуін бақылай отырып жүйені толтырады .Шамалы сұйық жіберіп , ауа көпіршіктерінің шыққанына көз жеткізген соң қан тоқтататын қысқышты канюлядан 3-4 см қашықтыққа қойып , Моро қысқышымен минутына таматын тамшы жиілігін реттейді . Тамшының саны дәрігердің белгілеуіне сәйкес , дәрігер құрамына , сырқат жай-күйіне, жасына байланысты 20- дан 80- ге дейін болуы тиіс . Әрбір қолданғаннан кейін жүйені шығарып алып , барлық түтікшелерді , инесі мен канюлясын жеке-жеке жуу қажет .
Қазіргі кезде орамасында қолдану жөнінде ңұсқауы бар бір рет пайдаланатын жүйе кеңінен қолданылып отыр .Құюдан бұрын заттаңбасындағы жазу бойынша ерітіндінің зарарсыздығына , орамасының бүтіндігіне , сұйықтың мөлдірлігіне көз жеткізу қажет .
Дұрыс жасалған теріасты дәрі құюларынан кейін әдетте асқынулар болмайды. Қолданғаннан кейін бүкіл Жүйені мұқйят өңдеп жуудың маңызы зор . Өйткені қайталап қолданғанда оның зарарсыздығын қамтамасыз ету мүмкін емес.
Теріасты инъекциясын салған кезде неғұрлым жиі жіберілетін кателер мен кемшіліктер :1) инъекция жасайтын жерді дұрыс таңдап ала алмау бұл жағдай тез жазылмайтын инфильтрат пайда болады : 2)асептиканы бұзу , бұл жағдайда сол жердің және жалпы инфек циялық асқынулары болады.
Достарыңызбен бөлісу: |