ЖҰмыс бағдарламасы пән: «Клиникаға кіріспе» Мамандығы: 0304000 «Стоматология»



бет11/16
Дата24.04.2017
өлшемі3,14 Mb.
#14576
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

Тесттер:

  1. Брадипноэ дегеніміз не?

А) тыныс алудың жиілеуі

Б) тыныс алудың төмендеуі

В) тыныс алу жетіспеушілігі

Г) ентікпе

Д) тұншығу

2. Тамыр соғу ырғақтығы қалай сипатталады?

А) артериядағы қанның жалпы мөлшері

Б) минутына тамырдың соғуына

В) артерия қабырғасына түскен күшпен

Г) тебірену амплитудасымен

Д) тамыр соғутолқынының бір қалыптылығымен


  1. Гипертония дегенісіз не?

А) тамыр соғуының жиілеуі

Б) қан қысымының төмендеуі

В) қан қысымының жоғарлауы

Г) тамыр соғуының тапшылығы

Д) пульстік қысым


  1. Тамыр соғуының тапшылыгы дегеніміз не?

А) жүрек жиырылуының жиілігіне қарағанда тамыр соғуының ырғақтығы аз болса

Б) егерде тамыр соғу ырғақтығы біріңгай уақыт аралығында пайда болса

В) қан айналым көлемінің азайуынан және әлсіз толуынан байқалады

Г) артерия қабырғаларының тербелу амплитудасы азайғанда

Д) тамыр соғу толқыны баяу көтерілгенде және төмендегенде


  1. Тамыр соғуы қай кезде кенеттен жиілейді?

А) тыныш тұрған қалыпта, жүгіргенде, ұйықтағанда

Б) Ұйықтағанда, дәрі қабылдағанда, физикалық күш түскенде

В)Толқыну, атмомференың әсері, алькогольді және дәрі – дәрмекті қабылдағанда, физикалық күштің әсерінен

Г)Мимен жұмыс істегенде, жүгіргенде, қызба істегенде

Д) Физикалық жаттығулар кезінде, демалғанда, тамақ қабылдағанда


  1. Тахикардия дегеніміз не ?

А) Қан тамырларының толқуы

Б) Әлсіз тамырдың соғуы

В) Тамыр соғуының тапшылығы

Г) Тамыр соғуының жиілеуі

Д) Ырғақты тамыр соғуы

7. Тамырдың соғуы дегеніміз не ?

А) Сол жақ қарыншадан ортаға түскен қан

Б) Бір минутта артерия қабырғасының ырғақты тебіренуі

В) Артерия қабырғасының элластикалық жиырлуы және кеңейюі

Г) Жүректің оң жақ қарыншасының жиырлуы және артериялардағы қанның қимылы

Д) Венозды тамырдағы қанның қимылы

8. Тыныстың қай көрсеткіші науқасты бақылау кезінде анықталмайды

А) Жиілігі

Б) Көлемі

В)Ырғағы

Г)Түрі


Д)Тереңдігі

9. Тамыр соғуы, дененің қай бөліктерінде анықталады

А) Ұйқы артериясы, саусақ буыны

Б) Жамбас артериясы, өкпе, бауыр артериялары

В) Шынтақ артериясы, жүрек, ұйқы, самай артериялары

Г) Шынтақ венасы, самайда

Д) Самай, ұйқы артериясы, білезік, сан артериялары

10. Жүрек жиырлуының жиілігі төмендегілерге сәйкес

А) Минутына 16-20

Б) Минутына 40-70

В) Минутына 60-80

Г) Минутына 70-90

11. Дені сау адамның тамырының соғуына сипаттама

А) Аз, әлсіз, ырғақты

Б) Баяу толуы, күшті, ырғақты

В) Жақсы толықтығы, күшті, ырғақты

Г)Әлсіз толуы, күшті ырғақсыз

12. Пульстік қысым

А) Тамыр соғуының жиілігі

Б) Тамыр соғуының күштілігі

В) Тамыр соғуының толықтығы

Г) Систолық және диастолық қысым арасындағы айырмашылық

13. Артериядағы тамыр соғуын анықтау үшін білезік сүйегі басылады:

А) Бір саусақпен

Б) Екі саусақпен

В) Үш саусақпен

Г) Барлық саусақтармен

14. Қалыпты жағдайда ересектерде тыныс алу жиілігі:

А) Минутына 12-14

Б) Минутына 16-18

В) Минутына 22-24

Г) Минутына 26-28

Д) Минутына 30-32

15. Брадикардия дегеніміз не ?

А) Тамыр соғуының төмендеүі

Б) Ырғақты тамыр соғуы

В) Тамыр соғуының жиілеуі

Г) Әлсіз тамыр соғуы

Д) Аритмия

СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕР:

1. Мейірбике ауыр жағдайдағы науқастың қасына барып оның тыныс алу жиілігін науқасқа білдіре отырып және де оның бір минуттай әдеттегідей демалу қажеттігін айтты. Мейірбикенің тактикасын бағалаңыз.

2. Науқастың екі қолына да гипс қойылған. Тамыр соғуын білезік артериясында анықтап болмайтын жағдай. Мұндай жағдайда науқастың тамыр соғуын қалай анықтайды.

3. Науқастың тамыр соғуын санау кезінде, мейірбике науқастың ырғақсыз тамыр соғуын анықтады. Мұндай жағдайда пульсті қалай дұрыс анықтап температура парағын жазу керек. Тамыр соғуын анықтау үшін қанша уақыт қажет.

4. Мейірбике науқастың қан қысымын –өшеу кезінде тонды есітпеді. Манжеттен ауаны шығармастан 10 секунд өткеннен кейін мейірбике қан қысымын қайта өлшеді. Және де тондарды естімеді. Үшінші рет қайта өлшегенде тондарды есітті. Мейірбикенің іс-әрекетін бағалаңыз.

13. Сабақты қорытындылау: 4 мин (4%) оқытушымен кері байланыс, практикалық сабақ барысында туындаған қателіктер мен қиыншылықтар талқыланады. Әр оқушыға сабақта алған бағасы хабарланады.

14. Үйге тапсырма беру: 4 мин (4%)

4 – сабақ

1. Сабақтың тақырыбы: 7 Бөлім. Қарапайым физиотерапиялық емшаралар.

7.1. Тақырыбы. Қарапайым физиотерапиялық емшаралардың организмге әсер ету механизмі.

2. Сағат саны: 180 мин (100%)

3. Сабақ түрі: практика

4. Сабақтың мақсаты:


  • оқыту: қарапайым физиотерапиялық емшараларды жүргізу ережелері, мақсаттары, қолдану және қарсы көрсетілімдері, асқынулары.

  • тәрбиелік: бөлімшеде этика және деонтология нормаларына тәрбиелеу.

  • дамыту: қарапайым физиотерапиялық емшаралар мен жұмыс істеу қабілеттілігін дамыту.

5. Оқыту әдісі: көрме, пікірталас, аудиториялық.

6. Материалды – техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: компьютер, мультимедиялық құрылғы, маникендер.

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, буклеттер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.

б) оқыту орны: № 2, 3, 4, 5 бөлмелер.

7. Әдебиеттер:

Негізгі (Н)

  1. Мейірбике ісінің негіздері. Мұратбекова С.Қ. – Астана, 2007.

Қосымша (Қ)

1. Мейірбикелік іс бойынша тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар. С.К. Мұратбекова, ҚұспановаА.Р, Ахметова К.А.-Көкшетау, 2006.



8. Ұйымдастыру кезеңі: 10 мин (12%)

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.

9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру: 28 мин (30%)

  • тамыр соғуды. Тамыр соғуын анықтау орындары мен әдістерін

  • тамыр соғуының сипаттамасы: арғығы, жиілігі, толықтығы, күші, биіктігі, жылдамдығы

  • тамыр соғуының өзгеруіне әсер етуші факторлар

  • тасыр соғуының дене қызуы мен қысымына тәуелділігі

  • артериалды және венозды қысым туралы түсінік

  • танометр құрылысы

  • артериалдық қысымды өлшеу әдісі

10. Жаңа сабақты түсіндіру: 54 мин (60%)

Жоспар:


  • Компресті қоя білу

  • Сүліктерді қоя білу

  • Қолданған сүліктерді жою

  • Компрес және сүлікті қою үшін қажетті заттарды дайындау және орындау кезінде қолданған құралдарды өңдеу

  • Терінің анатомиялық құрылысы

  • Жүйке рецепторларының қызметі және құрылысы

- Ішкі мүшелерге теріден рефлекторлы реакцияның принциптері

- Компрестің түрлері, қою үшін қажетті заттар және орындау әдісі

- Процедураны орындау кезінде жеке қауіпсіздік шаралары және болуы мүмкін асқынулар

- Гирудотерапия туралы түсінік

- Медициналық сүліктерді қолдану, көрсетілімі және кері көрсетілімі

- Болуы мүмкін асқынулар және олардың алдын-алу

- Қолданған сүліктерді жою

Медбикелік деонтология- медициналық этиканың бір бөлігі болып табылады. Медициналық қызметкерлердің қоғам және науқас алдындағы парызы туралы ілім.

Этика- мораль, адамгершілік және оның таптық мәні туралы ғылым. Этика мен мораль – қоғамдағы адамдардың мінез-құлқын, олардың бір-біріне және қоғамдық құндылыққа деген қарым-қатынасын реттейтін ережелерге қажеттілігінен туған қоғамдық сананың формасы болып табылады. Оған медициналық қызметкердің жұмысына тән ерекшеліктер мен қоғамдағы жағдайына тән мінез құлық нормаларын реттейтін принциптер жиынтығы жатады. Ол медициналық қызметкердің науқастармен, оның туысқандарымен өзара қарым-қатынастарын, тән мен адамгершілік тазалығын қарастырады.

Қазіргі мораль адамдардың бір-біріне деген кішіпейілділікті, қарапайымдылықты, шындық пен адалдықты, принциптік пен табандылықты, еңбекті сүюді, ата-аналармен, балалармен, жолдастарымен, достарымен және т.б. өзара қамқорлықпен сыйластық қарым-қатынас жасауды талап етеді. Оған гуманизм, әділеттілік, ортақ игілік, жақсылық, адалдық туралы игі түсінік жатады және ол ұйымшылдылықпен ынтымақтастық рухындағы мінез-құлықтың жоғары адамгершілік нормаларын қалыптастырады.

Физиотерапиялық процедуралар қан айналым жүйесіне әсер етеді. Тері жүйке талшықтарына өте бай, сондықтан ішкі мүшелерге тері арқылы рефлекторлы реакция принципі бойынша қан айналымға әсер етуге болады. Жылы арқылы жүйке рецепторларын тітіркендірген кезде қан тамырлар кеңееді, ал суықпен аз уақыт әсер еткенде тарылады.

Физиотерапия (грекше physis-табиғат, therapeia-емдеу, синоним: физикалық терапия, физикальді терапия, физиатрия) емдік және алдын-алу мақсатында қолданылатын жасанды және табиғи физикалық факторлардың физиологиялық және емдік әсерін зерттейтін медицинаның белгілі бір аймағы болып табылады. Физикалық әдістермен емдеу жиынтығы және бұл практикада кеңінен қолданылады.

Көрсетілімі:перифериялық, региональді және орталық қан айналымды жақсартады, ауырсынуды басады, тіндердің трофикасын жақсартады, нейрогуморальді регуляцияны және бұзылған иммунды процесстерді қалыптастырады.

Қарсы көрсетілімі: лихорадка жағдайы, қабыну процессінің өршуі, ағзаның жүдеуі, жұқпалы аурулардың жіті сатысы, активті туберкулез процессі, қатерлі ісіктер және оларға күмәндану, қанның жүйелі аурулары, қансырау және қан кетуге бейім кездер, қан айналым жетіспеушілігінің ІІ дәрежесімен өтетін жүрек қан-тамыр аурулары, ірі қан тамырлардың және аортаның аневризмасы, орталық жүйке жүйесінің аурулары; ЕП-мекемеде, емханада, ауруханада және физиотерапиялық процедура бөлмелерінде физикалық факторлардың емдік және алдын-алу мақсатында қолдану, қажеттілігіне байланысты аурухананың палаталарында және науқастың үйінде де жасауға болады. Физиотерапиялық бөлмелер ауруханада орналасады және кем дегенде 50 орынды болу қажет. штатында 10 дәрігері бар емханаларда да арнайы физиотерапиялық бөлмелер болады.



Алдын-алу шаралары: бала бақшада, өндірістік жұмыстарда, демалыс үйлерінде және санаторияда жүргізіледі. Ірі ауруханаларда және емханаларда физиотерапия бөлімін дәрігер-физиотерапевт басқарады.

Компресс (француз тілінде compresse) – емдік таңу. Компресс құрғақ және ылғалды болады. Құрғақ компрессті зақымдалған аймақты (ушиб, жара) суықтаудан және ластанудан қорғау үшін қолдадылады. Ылғалды компресс 3-ке бөлінеді:

  1. қыздырма

  2. ыстық

  3. салқын

Кыздырма компресс қою

Мақсаты:Қан тамырларды бір қалыпты және ұзақ уақытқа кеңейту, ұлпалардағы қан айналымды жақсарту, сіңдіруді тездету және ауырсынуды басу.

Көрсетілімі:Жергілікті инфильтраттарды (инъекциядан кейінгі), бұлшықет және буындардағы қабыну процесін, лор-ауруларын емдеу, жарақат алудың (ушибы) екінші тәулігінде.

Қарсы көрсетілімі:Қан құйылулар, терінің іріңді аурулары, тері бүтінділігінің бұзылуы, әртүрлі этиологиялы ісіктер, соққы және жарақат алудың (ушибы) бірінші тәулігі.

Қажетті құрал-жабдықтар: 8 қабатты дәкелі салфетка, дәкелі салфетканы малу үшін ерітінді, (бөлме температурасымен бірдей су (20-25ºС), 40% спирт немесе 6% сірке суы (жарты литр суға 1 кіші ас қасық сірке суы) клеенка немесе компресті қағаз, мақта, бинт, қайшы.

Этаптар

Ескертулер

Процедураға дайындау

1. Конфиденциальді және жақсы қарым-қатынасты орнату.




2. Тексеру барысын және мақсатын түсіндіру.

Компресс көбінесе түнге қарай қолданылыды.

3. Науқасқа компресс қояр алдында, тері беткейін көру.

Қыздыру компрессіне қарсы көрсетілімнің жоқ екендігіне көз жеткізу:терінің іріңді аурулары, гипертермия.

Процедураны орындау

1. Ерітіндіге батырылған 6-8 қабатты дәкелі салфетканы теріге қою.

Дәкелі салфетка зақымданған ошақтан 2см жоғары болу керек.

2.Компресті қағазды (клеенкені) ылғалды салфеткадан 1,5-2см жоғары етіп жабады.

Компрестің әр келесі қабаты 2см-ге үлкейтіліп отырады.

3. Мақта қабатын қою.

Мақта қабаттың қалыңдығы 1,5-2см.

4. Компресті бинтпен орау.

Компресті бинтпен денеге тығыз жабыстырып орау.

Процедураны аяқтау

1. 5-30 минуттан кейін науқастан нені сезініп жатқанын сұрау.

Науқас жылуды сезінеді, компресс жүріп-тұруына кедергі жасамайды.

2. Уақытты белгілеу.

Компресті 6-12 сағатқа дейін ұстау, спиртті компресті 4-6 сағатқа ұстауға болады.

3. Компрестің теріге тиген қабатына саусақты сұғу арқылы дұрыс қойылғанын тексеру.

Қыздырма компресті дұрыс қойғанда, салфетка ылғалды болуы керек.

4. Компресті алып, теріні кептіру.

6-8 қабатты салфетка, компресті алғаннан кейін де ылғалды болып тұруы керек.

5. Компресс қойылған жерді құрғақ әрі жылы матамен орау.

Бұл үшін мақта, дәке немесе жүн орамал қолданылады.

Ыстық компрессті бауыр, бүйрек және ішектің спастикалық коликасы кезінде қолданады және бұл ауырсыну сезімін басады. Қою әдісі: t-60-70ºC ыстық суға дәкелі салфетканы батырады, сығады және дененің белгілі бір аймағына қояды. Үстін клеенкемен және науқастың үстіне көрпе жабады. Бұл компресті әр 5-10 минут сайын ауыстырады.

Суық компресті мұрыннан қан кету кезінде, әр түрлі жергілікті қабыну процестері кезінде, ауырсыну және қан тамырларды тарылтады. Суық компресті және де лихорадка жағдайында және бірден айқын психикалық қозу кезінде де қолданады. Бұл әдісті орындау үшін дәкелі салфетканы мұздай суға батырады, сығады және дененің белгілі бір аймағына қояды. Компресті әр 2-3 минут сайын бір сағат бойы ауыстырады. Екі дәкелі салфетканы қолданған жөн, яғни біреуі суда малынып тұрса ал екіншісі дененің белгілі бір аймағына қойылады. Науқастың жағдайына байланысты бұл процедураны бір саат ішінде қолданады.
Қыздыру компрессін қою әдісі: а-қажетті заттар, б- бинтпен байлау әдісі, в- қойылған қыздырма компрессінің жалпы көрінісі.

Гирудотерапия



Сүліктердің жарамдылығы:

  1. Сүліктің беті тегіс және жылтыр болуы керек

  2. Сүлікті ұстағанда оның денесі қысқа, қалың, қатты қалыпта болады.

  3. Активтілігі

Сүлікті қою орындары:

  1. 1см құлақ саңылауынан төмен, көлденең жолақта, емізік тәрізді өсінді аймағында.

  2. 1см көкіректен төмен жүрек аймағы, 3-5 қабырға аралығы

  3. Бауыр аймағы, қабырға шетін бойлап.

  4. Тромбофлебитте (көк тамырлы бойлай көк тамырдың екі жағынан 1см түсіп)

  5. Көлденең сызық бойынша көз кесіндісі деңгейіндегі самай аймағы (глаукомада)

  6. Аналь тесігі айналасы және құйымшақ аймағы (геморрой)

Қарсы көрсетілімі:

  1. Қансырау

  2. Қан түзуші мүшелердің ауруы

  3. Жұқпалы аурулар

Сүлікті қою.

Мақсаты: жергілікті қан алу, қанның қоюлануын төмендету

Көрсетілімі: артериялық гипертензия, бауырда венозды қалдықтың тұрып қалуы, ЖИА, венаның тромбозы және тромбофлебит, геморрой.

Құрал-жабдықтар: стерильді: лоток; пинцет; тампондар; салфеткалар; таңу материалы, медициналық банка, 70% спирт, 40% глюкоза ерітіндісі, мүсәтір спирті немесе натрий хлориді; ыстық су; 6-8 сүлік.

Жылумен емдеу – ағзаға жылумен әсер ету емдеу мақсатында. Жылулық әсер адам терісі жылулыққа тигенде әсер етеді, сонда жылу алмасу жүзеге асырылады жылу өткізгіштік заңдылығымен немесе жылу ағзаның ішінде пайда болады, жұтылған энергиямен физикалық факторлардың әсерінен пайда болады. Термин “жылу-емдеу” әдетте емдеу процедураларында кең тараған, сол кезде жылулық әсер жалғыз және анықталған кезде болады. Көп кезде оқиғаларда бұл тәсіл экзогенді жылулықты пайдалануда: грелка, күйдіру компрессоры, припарки, сумен емдеу тәсілдері, балшықпен, жарықпен емдеу және т.б.

Жылумен емдеуде әр түрлі озокерит және парафинмен емдеу, сол кезде жылытылған озокерит, парафин заттары қолданылады.

Озокериттпен емдеуде озокеритті қолданамыз – мұнайлық битумның минералды топтары. Жоғарғы жылуды қолдану, озокериттің эффективтілігі жылу тасмалдауының бәсең жылу беру және минемальді жылу өткізгіштігінде. Олардың қыздыру температурасы 40-50°С (бірінші қабат) және 60-70°С (екінші қабат) күйікті болдырмайды. Жылу берудің негізгі факторлары механикалық және химиялық. Озокеритпен емдеуде ванналар, жағулар, физиотерапиялық әдіспен аппликациялау (гальванизация, электрофорезбен, ультродыбысты терапия, жарықпен емдеу, массаж және т.б.).

Парафинмен емдеудің нәтижесі. Парофинде озокерит компрессивті әсер етеді. Парафин сулы баняда 65-100 °С жүзіп жүреді және ванна түрінде және аплекация түрінде қолдандады. Озакеритпен емдеуде, парафинмен емдеуде және жылумен емдеудегі көрсетілімдер мен терінің кері көрсеткіштері.

Жылумен емдеудің механизімі өзгеріп тұрады , жергілілікті және жалпы қан айналымда, қан ағуын жылдамдатады, копилярлардың қызыметін жоғарлатады . Жылумен ұзақ емдеуде тері қызуы жоғарлайды. Жылумен емдеу кезінде жүрекжиырылады, қан қысымы төмендейді,тынысалу тереңдігі және жиілігі жоғарлайды , бұлшықет тонусы кішірейеді, эндокринді бездердің функциясы өзгереді. Ішкі ағзалар өзгереді әсіресе жүрек-қан тамыр жүйесі, бірақта олардың функциональді жағдайына байланысты.

Жылумен емдеудің көрсетілімдері: Тірек қимыл аппаратының ауруларында, орталық және перифериялық нерв жүйелерінің аурулары және жарақаттан кейінгі өзгерісте, көптеген ішкі жүйелердің аурулары,периферияялық қантамырлары, тері аурулары, көз, құлақ, күйіктен және үсіктен кейін жылумен емдеудің обсалютті кері көрсетілімдер: Қатерлі және қатерсіз ісіктерде, туберкулердің активті түрінде, қан кетуде,қан айналым жетіспеушілік сатыларында.



Жылумен емдеу – ағзаға жылумен әсер ету емдеу мақсатында. Жылулық әсер адам терісі жылулыққа тигенде әсер етеді, сонда жылу алмасу жүзеге асырылады жылу өткізгіштік заңдылығымен немесе жылу ағзаның ішінде пайда болады, жұтылған энергиямен физикалық факторлардың әсерінен пайда болады. Термин “жылу-емдеу” әдетте емдеу процедураларында кең тараған, сол кезде жылулық әсер жалғыз және анықталған кезде болады. Көп кезде оқиғаларда бұл тәсіл экзогенді жылулықты пайдалануда: грелка, күйдіру компрессоры, припарки, сумен емдеу тәсілдері, балшықпен, жарықпен емдеу және т.б.

Жылумен емдеуде әр түрлі озокерит және парафинмен емдеу, сол кезде жылытылған озокерит, парафин заттары қолданылады.

Озокериттпен емдеуде озокеритті қолданамыз – мұнайлық битумның минералды топтары. Жоғарғы жылуды қолдану, озокериттің эффективтілігі жылу тасмалдауының бәсең жылу беру және минемальді жылу өткізгіштігінде. Олардың қыздыру температурасы 40-50°С (бірінші қабат) және 60-70°С (екінші қабат) күйікті болдырмайды. Жылу берудің негізгі факторлары механикалық және химиялық. Озокеритпен емдеуде ванналар, жағулар, физиотерапиялық әдіспен аппликациялау (гальванизация, электрофорезбен, ультродыбысты терапия, жарықпен емдеу, массаж және т.б.).

Парафинмен емдеудің нәтижесі. Парофинде озокерит компрессивті әсер етеді. Парафин сулы баняда 65-100 °С жүзіп жүреді және ванна түрінде және аплекация түрінде қолдандады. Озакеритпен емдеуде, парафинмен емдеуде және жылумен емдеудегі көрсетілімдер мен терінің кері көрсеткіштері.

Жылумен емдеудің механизімі өзгеріп тұрады , жергілілікті және жалпы қан айналымда, қан ағуын жылдамдатады, копилярлардың қызыметін жоғарлатады . Жылумен ұзақ емдеуде тері қызуы жоғарлайды. Жылумен емдеу кезінде жүрекжиырылады, қан қысымы төмендейді,тынысалу тереңдігі және жиілігі жоғарлайды , бұлшықет тонусы кішірейеді, эндокринді бездердің функциясы өзгереді. Ішкі ағзалар өзгереді әсіресе жүрек-қан тамыр жүйесі, бірақта олардың функциональді жағдайына байланысты.

Жылумен емдеудің көрсетілімдері: Тірек қимыл аппаратының ауруларында, орталық және перифериялық нерв жүйелерінің аурулары және жарақаттан кейінгі өзгерісте, көптеген ішкі жүйелердің аурулары,периферияялық қантамырлары, тері аурулары, көз, құлақ, күйіктен және үсіктен кейін жылумен емдеудің обсалютті кері көрсетілімдер: Қатерлі және қатерсіз ісіктерде, туберкулердің активті түрінде, қан кетуде,қан айналым жетіспеушілік сатыларында.



11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 62 мин (70%)

Мейірбикелер қыша, парафин, грелка, сүлік орната білуі қажет.

12. Жаңа тақырыпты бекіту: 18 мин (20%)

Оқушылардың білім деңгейін тест және ситуациялық есептерді шешуіне байланысты бағалау.

ТЕСТТЕР:

1.Физиотерапия – бұл.......

а) физикалық факторлардың әсер етуі

б) химиялық факторлардың әсер етуі

в) психологиялық факторлардың әсер етуі

г) дәрі-дәрмектің әсер етуі

2.Физиотерапия әсері.......

а) қан айналымды жақсартады

б) ауырсыну сезімін басады

в) иммунды процесстерді қалыптастырады

г) барлық жауабы дұрыс

3.Физиотерапияға қарсы көрсетілім:

а) лихорадка

б) ағзаның жүдеуі

в) жұқпалы аурулардың жіті сатысы

г) барлық жауабы дұрыс

4.Физиотерапия әдісін жүргізеді:

а) дәрігер

б) кіші медбике

в) аға медбике

г) науқасты бақылаушы

5.Сумен емдеуге қарсы көрсетілім:

а) бүйрек коликасы

б) буын аурулары

в) барлық аурулардың жіті сатысы

г) радикулит

6.Ванналар- адам ағзасына әсері, мынадан басқа:

а) сумен


б) ауамен

в) жылумен

г) күн сәулесімен

7.Сәйкестікті келтір:



  1. суық ванна

  2. жылы ванна

  3. ыстық ванна

а) зат алмасу процессін қалыптастырады

б) тыныштандырады

в) тонусын көтереді

8. Сәйкестікті келтір:



  1. суық ванна

  2. салқын ванна

  3. индифферентті ванна

  4. жылы ванна

  5. ыстық ванна

а) 20ºC дейін

б) 24-27ºC

в) 37-38ºC

г) 34-36ºC

д) 39ºCжәне одан жоғары

9.Адам денсаулығына зиян ванналарды ата:

а) дәрі-дәрмекті

б) родонды

в) минеральді

г) вибрациялы

10.Қандай ванналар жеке қауіпсіздік шараларын сақтауды және орындау кезінде бақылауды қажет етеді?

а) калий перманганатымен және натрий гидрокарбонатымен

б) дәрі-дәрмекті және минеральді

в) родонды және сероводородты

г) барлық жауабы дұрыс

11.Гидротерапия курсын көрсет:

а) 10-16 дан 25-35 процедураға дейін

б) 5-10 нан 20 процедураға дейін

в) 40 процедураға дейін

г) 60 процедураға дейін

д) 12-15 тен 20-30 процедураға дейін

12.Жалпы ваннаны t-ºC на және қолдану ұзақтығына байланысты көрсет:

а) t-37ºC тан 40-42ºC дейін 20 минут

б) t-20-30-32ºC дейін 15 минут

в) t-34-40-45ºC дейін 20 минут

г) t-28-36-37ºC дейін 20-30 минут

д) барлық жауабы дұрыс

13.Гидротерапия - дегеніміз......

а) емдік және алдын-алу мақсатында суды қолдану

б) ауруды емдеу барысында емдік мақсатта суды қолдану

в) әр науқасқа емдеу терапиясымен бірге сумен емдеуді де қолдану

г) барлық жауабы дұрыс

д) барлық жауабы дұрыс емес

14. Қыздыру компрессіне көрсетіліміне жатады:

а) жергілікті инфильтратты емдеу, бұлшықет және буындардағы қабыну процестері, ЛОР-аурулары

б) жергілікті инфильтратты емдеу, жарақаттарды алғашқы тәулікте емдеу

в) бұлшықет және буындардағы қабыну процестері, ЛОР-аурулары, әр түрлі этиологиялы ісіктер

г) барлық жауабы дұрыс

д) барлық жауабы дұрыс емес

15. Қыздыру компрессіне қарсы көрсетіліміне жатады:

а) қан толулар, терінің іріңді аурулары, тері бүтінділігінің бұзылуы, әр түрлі этиологиялы ісіктер, жарақаттарды алғашқы тәулікте емдеу

б) қан толулар, терінің іріңді аурулары, ушибтарды 2-ші тәулікте емдеу, инъекциядан кейінгі жергілікті инфильтраттарды емдеу

в) әр түрлі этиологиялы ісіктер, бұлшықет және буындардағы қабыну процестері

г) жарақаттарды алғашқы тәулікте емдеу, ЛОР-аурулары

д) барлық жауабы дұрыс

16. Қыздыру компрессін қанша уақытқа қояды:

а) 2-3 минут

б) 30-60 минут

в) 6-8 сағат

г) 3-5 сағат

17. Сәйкестікті келтір:


  1. суық компресс

  2. қыздыру компресс

  3. ыстық компресс

а) ауырсыну сезімін басады

б) сіңдіру қызметін атқарады

в) қан тамырларды тарылтады

18. Сүлік қанды сору үшін адам денесінің белгілі бір бөлігіне бекінгенде бөледі:

а) гепарин

б) гирудин

в) гастрин

г) гистамин

19. Сүліктердің жарамсыз белгілерін атаңыз:

а) денесі бір тегіс, жылтыр

б) сүлік денесі жасыл түсті, ұзындығы 6-8см

в) денесі бір тегіс, кедір-бұдырлы

г) денесі жұмсақ, кілегеймен қапталған және түйіні бар

20. Сүлікті қоюға қарсы көрсетілім:

а) қансырау

б) қан аздық

в) сепсис

г) барлық жауабы дұрыс

21. Сулы баняда парофин қойма температурада жүзіп жүреді.

А Жүзбейді.

Б 50-65

В 65-100


Г 100-120

22. Банканы қандай дизинфекциялық ертіндімен жүргіземіз:

А Спирт.

Б 3% хлоремин ертіндісі.

В Ағынды сумен.

Г 17.хлоремин ертіндісі.

23. Жылумун емдеудің абсолютті кері көрсеткіш:

А Күйіктен кейінгі қалдықтары.

Б Тері ауруы.

В Туберкулездың активті формасы.

Г Барлығы дұрыс.

24. Қышанның әсеретуы.

А Теріні тітіркендіреді,қан тамырларды кеңейтеді.

Б Капиляр функцыясының қызметін жоғарлатады.

В Жалпы қан айналымды жақсартады.

Г Барлығы дұрыс.

25. Жылумен емдеудің әсері:

А Пульсты төмендетеді; АД-төмендеті.

Б Бұлшығет тонусын әлсіретеді.

В Тынысалу жүйелігін жоғарлатады.

Г Барлығы дұрыс.

26. Қышанның әсеретуы.

А Теріні тітіркендіреді,қан тамырларды кеңейтеді.

Б Капиляр функцыясының қызметін жоғарлатады.

В Жалпы қан айналымды жақсартады.

Г Барлығы дұрыс.

27. Жылумен емдеудің әсері:

А Пульсты төмендетеді; АД-төмендеті.

Б Бұлшығет тонусын әлсіретеді.

В Тынысалу жүйелігін жоғарлатады.

Г Барлығы дұрыс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет