ЖҰмыс бағдарламасы пән: «Клиникаға кіріспе» Мамандығы: 0304000 «Стоматология»



бет14/16
Дата24.04.2017
өлшемі3,14 Mb.
#14576
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

ТЕСТТЕР:

1. Тыныс мүшелерінің негізгі қызметі:

А) ағзаны өттегімен қамтамасыз ету

В) Көміртегі алмасуына қатысу

С) тілдерге және денеге қоректік заттарды жеткізу

Д) Зарасыздандыру

2. Ортопноэ термині нені білдіреді?

А) Горизонтальды жағдай

В) Вертикальды жағдай

С) Сол жақта

Д) Төмен қарағанда

Е) Барлығы

3. Көрсетілген шаралардың қайсысы өкпе ісінуін

де транссудаттың тартылу беткейін және көлемін азайтады?

А) Аяқтарға жгут қою

В) Жартылай отырғызу

С) оттегі және этил спирті қосындыларын ингаляция жасау

Д)Зәр жүргізетін заттар енгізу

Е) Жүрек гликозидтерін енгізу

4. Науқасты бақылау кезінде тыныстың қандай көрсеткіші зерттелмейді?

А) ООС

В) Тыныс көлемі



С) Тыныс түрі

Д) Тыныс жиілігі

5. Тыныс сиреуінің қандай түрінде (брадипноэ) дәрігер бақылауы керек?

А) 12 – ге дейін

В) 12 - 16

С) 16 -20

Д) 20 - 40

Е) 40 – тан жоғары

6. Тыныс жиілеуінің қандай түрінде (тахипноэ) дәрігер бақылауы керек?

А) 12 – ге дейін

В) 12 – 16

С) 16 – 20

Д) 20 – 40

Е) 40 – тан жоғары

7. Тұншығу – бұл:

А) Тыныстың жиілеуі

В) Кенеттен ауа жетіспеушілік сезімі

С) Тыныс алу ритмінің бұзылуы



8. .Қан жүйесіне жатады, мынадан басқа:
а) жүрек

б) көк тамырлар

в) өкпе

г)артериялар

9. Жүрек канша камерадан тұрады:
а)2

6)3

в)4

г)5

10. Кіші кан айналым шеңбері қажет:

а) канды оттегімен байту үшін

б) оттегіні тіндер мен мүшелерге өткізу үшін

в) жүрекке кан жеткізу үшін

г) миды қанмен камтамасыз еиу үшін

11. Үлкен кан айналым шеңбері қажет:

а) канды О2-мен байыту үшін

б) О2-ні тіндермең мүшелекрге жеткізу үшін
г) жүректі қанмен камтамасыз ету үшін

12. Кіші қан айналым шеңбері басталады:

а) сол карыншадан аорта аркылы

б) он карыншадан екпе бағаны аркылы

в) сол жүрекшеден өкпе артериясы аркылы

г) төменгі және жоғарғы куыс венасы арқылы он жүрекшеден

13. Үлкен кан айналым шенбері басталады

а) сол карыншадан аорта аркылы

б) он карыншадан өкпе арқылы

в) сол жүрекшеден өкпе артериялары арқылы

г) төменгі және жоғарғы куыс веналары аркылы оң жүрекшеден.

СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕР:

  1. Сіз кардиология бөлімінде жүмыс істейміз. Сізді бірден суык тер және әлсіздік пайда болғаннан наукаска шақырды, наукас бозарған. Пульсі жиі, ырғакты, өлсіз толады, кернеуі әлсіз. АҚ кысымы 70-20 мм сын.б. Бүл пульс калай аталады. Сіздің
    әрекетініз ?

  2. Мейірбикені бірден төс артында кысып ауырсыну, оның сол кол мен жауырынға
    берілуі пайда болған, наукас көршісіне шакырды. Онын әрекеті кандай болды.

  3. Кардиология белігіндегі наукасты туыстарымен кездесуден кейін бас ауру (желке
    түсында), бас айналу, жүрек айну пайда болған мейірбнке өрекетІ?

  4. Хирургиядаң тәжірибеде жүрген К деген студент кан көру кезінде бозарып, есін жоғалтып, күлап калды. Не болды? Мейірбике әрекеті ?

13. Сабақты қорытындылау: 4 мин (4%)

оқытушымен кері байланыс, практикалық сабақ барысында туындаған қателіктер мен қиыншылықтар талқыланады. Әр оқушыға сабақта алған бағасы хабарланады.



14. Үйге тапсырма беру: 4 мин (4%)

8 – сабақ

1. Сабақтың тақырыбы: 12 Бөлім. Ас қорыту мүшелері ауруларымен ауыратын науқастарды бақылау және күту.

12.1. Тақырыбы. Ас қорыту мүшелері ауруларының негізгі симптомдары, науқастарды бақылау және күту.

2. Сағат саны: 180 мин (100%)

3. Сабақ түрі: практика

4. Сабақтың мақсаты:

  • оқыту: ас қорыту мүшелері ауруларымен ауыратын науқастарды күтудегі емшараларды орындау іс-әрекеттері. Клизмалар, олардың түрлері.

  • тәрбиелік: клизма жасағанда, науқас құсқанда көмек көрсету кезінде этика және деонтологиялық нормаларға тәрбиелеу.

  • дамыту: бөлімшеде жұмыс істеу қабілеттілігін дамыту.

5. Оқыту әдісі: көрме, пікірталас, рольдік ойындар, аудиториялық.

6. Материалды – техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: компьютер, мультимедиялық құрылғы.

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, буклеттер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.

б) оқыту орны: № 2, 3, 4, 5 бөлмелер.

7. Әдебиеттер:

Негізгі (Н)

1. Мейірбике ісінің негіздері. Мұратбекова С.Қ. – Астана, 2007.



Қосымша (Қ)

1. Мейірбикелік іс бойынша тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар. С.К. Мұратбекова, ҚұспановаА.Р, Ахметова К.А.-Көкшетау, 2006.



8. Ұйымдастыру кезеңі: 10 мин (12%)

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.

9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 28 мин (30%)

- Тыныс мүшелері анатомиясын

- Тыныс мүшелері физиологиясын

- Тыныс мүшелерінің жиі кездесетін сырқаттары

- Тыныс мүшелері зақымдарының белгілері

- Тыныстың патологиялық түрлері



-науқастың жағдайын кадағалау;

-АҚ кысымын өлшеу, пульсті есептеу;

10. Жаңа сабақты түсіндіру: 54 мин (60%)

Жоспар:

  • Асқорыту жүйесінің анатомиясы

  • Топографиялық анатомиясы

  • Асқорыту жүйесінің физиологиялық ерекшелігі

  • Сілекей, асқазан сөлі және өттің түзілуі; бұлардың функциональді маңыздылығы

  • Ауыз қуысының, өңештің, асқазанның, ішектің, бауыр және өт жолдарының аурулары

  • Негізгі симптомдары: асқазан тұсындағы ауырсыну, тенезмдер.

  • Асқазан диспепсиясы: қыжылдау, дисфагия, кекіру, тәбетінің төмендеуі,көңілінің аунуы және құсу

  • Ішек диспепсиясы: іш өту, іш қату, метеоризм және үлкен дәретін ұстай алмауы

  • Асқорыту жүйесінен қан кету: «кофе тұнбасы тәрізді» құсу және «мелена» қан аралас нәжіс

  • Асқорыту жүйе аурулары кезінде медбикелік процессті ұйымдастыру

Ауырсыну диспепсиялық бұзылыстар (көңілінің айнуы, кекіру, қыжылдау, тәбетінің бұзылуы, аузынан жағымсыз иістің шығуы, іш қату, жиі іш өту, метеоризм), сарғаю – асқазан ішек жолдарының аурулары кезінде жиі кездесетін негізгі симптомдар болып табылады.

Асқазан ішек жолдарының аурулары кезінде медбике науқас ішегінің қызметін бақылайды. Бұл кезде үлкен дәретке отыруын, жиілігін, консистенциясын және түсіне көңіл аудару керек. Қан аралас нәжістің бөлінуі – асқазан ішектен қан кетудің бірден – бір белгісі болып табылады. Бұл жағдайда медбике тез арада дәрігерді шақыру, ол науқасты төсекке жатқызу керек. Асқазан ішек жолдарының ауруларын емдеу кезінде тамақтану тәртібін дұрыс сақтау үлкен маңызға ие. Дәрігер науқасқа белгілі бір өз ауруына сәйкес диетаны тағайындайды, ал медбике науқастың тағайындауларды орындауын қадағалайды.

Асқорыту мүше қызметінің бұзылыстары және ауруларымен ауыратын науқастарды күту және бақылау: лабораториялы және инструментальді диагностикалық тексеру әдісіне науқастарды дайындау, ішек қызметінің бұзылыстары, диспепсиялық бұзылыстар, асқазан тұсындағы ауырсыну кезінде науқасқа көмек көрсету бойынша арнайы әдістерді қолдану, жеке тазалығы, санитарлы-гигиеналық және тамақтану тәртібін сақтау бойынша жалпы шараларды қамтиды. Жеке гигиеналық ережелерді қатаң сақтау, палатаның тазалығы (палатаның есігін немесе терезесін ашып желдету, жүйелі ылғалды тазалықты үзбеу) бойынша жалпы шаралар және емдік сақтандыру тәртібінің талаптарына сәйкес науқастарды күтіп бақылайды. Ауыз қуысын күту бойынша ерекше көңіл бөлу керек. Асқорыту мүше ауруларының жиілігімен, асқорыту мүше ауруларымен және сондай-ақ ауыз қуысының жағдайының арасындағы байланысты ескере отырып дәрігерлер ауыз қуысын және тілді «асқазанның көз айнасы» деп атайды. Сондықтан асқорыту жүйе ауруларын емдеу және алдын-алу кезінде ауыз қуысының күтіміне ерекше көңіл бөледі. Асқазан-ішек ауруларына шалдығуларын ескерту мақсатында және ол аурулар анықталған кезде тіс және тіс жегісінің санациясының маңыздылығын, әр тамақты қабылдап болған соң ауыз қуысын шаю және тісін үнемі тазалау қажеттілігін науқасқа медбике түсіндіру керек. Диеталық тәртіпті сақтауын қадағалау және бұл диетаның маңыздылығын түсіндіру керек.

Ауыз қуысы (cavum oris)- асқорыту жүйесі ауыз қуысынан басталады. Ауыз қуысының кілегей қабаты және сілекей ағзаның маңызды – барьерлі қызметін атқарады. Ауыз қуысының негізгі қызметінің бірі – тамақты шайнау болып табылады. Ауыз қуысының функциональді бұзылыстары (шайнау қызметінің бұзылуы) асқорыту жүйе қызметіне кері әсер етеді.



1.Тәбетінің бұзылу симптомы.

Тәбетінің төмендеуі – асқорыту бездерінің секреторлы қызметінің бұзылысы кезінде байқалады. Тәбетінің болмауы (анорексия) – психикалық бұзылыс – бұл кезде науқас адам тамақ қабылдаудан бас тартады. Тәбеті жоғары немесе ашқарақтықтан науқас көп мөлшерде тамақ қабылдайды және дене салмағы қалыптыдан жоғарылайды. Булемия – үнемі тамақтанғысы келеді және тамаққа ашқарақтық сезім пайда болады. Бұл кезде ауруханада емделген жөн.



2.Заеда симптомы – езудің жыртылуы, тіс протезінің аузында дұрыс тұрмауынан немесе дәрумендер және темір препаратының ағзаға жетіспеушілігімен байланысты болады.

Өңеш (esophagus) – жұтқыншақ пен асқазанды байланыстыратын асқорыту жүйесіне жататын мүше болып табылады.

Тамақты жұтқыншақтан ары қарай жұтуға қатысады және өңеш бұлшықетінің перистальтикалық жиырылуы тамақтың асқазанға түсуін қамтамасыз етеді.



3.Дисфагия симптомы (dysphagia; грекше dys+phagein жеу, жұту) – жұтынудың қиындауы; өңеш ауруының симптомы болып табылады. Кейде жұтынудың қиындауы афагия (мүлдем жұта алмауы) дәрежесіне дейін жетеді. Науқас тамақтың ары қарай өтпеу тұрып қалғанын және ауырсыну сезімін сезеді. Науқас дәрігердің кеңесін қажет етеді және сұйық тамақтарды қабылдаған жөн.

Асқазан (ventriculus, gaster) – асқорыту жүйесінің қуысты мүшесі болып табылады. өңеш және он екі елі ішек арасында орналасқан; асқазанның негізгі қызметі болып ауыз қуысынан түскен тамақты механикалық және химиялық өңдеу; химустың түзілуі және оның он екі елі ішекке эвакуациялануы болып табылады. Асқазан ауруларынан пайда болған ауырсыну сезімі эпигастральді аймақта локализацияланады. Асқазаннан қан кету массивті және жасырын болуы мүмкін. Массивті қан кету алқызыл түсті қан құсу немесе "кофе тұнбасы тәрізді" құсады, қан аралас нәжіс (мелена) бөлінеді. Тұз қышқылымен қандағы гемоглобиннің химиялық реакциясының нәтижесінде түзілетін тұз қышқылды гематин нәжіс және құсық массасын қара түске бояйды. Темір жетіспеушілік анемиясы кезінде асқазаннан жасырын қан кетуі мүмкін.

4.Ықылық қату симптомы.

Ықылық – диафрагманың рефлекторлы кенеттен ұстамалы жиырылуы, дыбысты қатты демалумен байқалады.

Тоқтаусыз ықылық қату – жедел көмекті қажет ететін өте ауыр жағдай. Асығыс құрғақ тағаммен асқазан тез толса, жауап ретінде қысқа мерзімді ықылық пайда болады. Мидағы қан айналымның бұзылуынан, невроз кезінде, ішек өтімсіздігі кезінде, құрсақ қуысына хирургиялық араласулардан кейін және өт аурулары кезінде ықылық ұзаққа созылады.

Науқасқа көмек көрсету кезінде оны ең алдымен тыныштандыру, ыңғайлы отырғызу, көкірегін қысып тұрған киімін шешу, таза ауа жұтқызу (палатада болса терезесін не есігін ашу арқылы таза ауа кіргізу, ал үй жағдайында болса далаға шығару), 1-2 жұтым су ішкізу. Ықылық ұзақ уақытқа созылса 0,5 % новокаин ерітіндісінен 1-2 ас қасықпен ішуді ұсыну керек.

5.Кекіру симптомы.



Кекіру - өңеш арқылы газдың асқазаннан шығуы. Кекіру кезінде жұтынғанда асқазанға түскен ауа және де газдың (асқорытылу және ақуыздың ыдырауы кезінде түзілген метан және көмірсутек) шығуы. Кекірудің салдарынан аузынан жағымсыз иіс шығады. Кекіру құрсақ және асқазан рефлекстерімен шақырылады. Дені сау адамда кекіру – тағаммен асқазаны толғанда байқалады. Асқазан аурулары кезінде қышқылды кекіреді, өт ауруы кезінде – тұрып қалған не ашыған, ал асқазанда ауа көп мөлшерде жиналса ауалы кекіру болады. Кекіру ауру емес, симптом – сондықтан науқас жиі кекіруге шағымданса негізгі ауруын емдеу қажет. кекіру көп тамақ жегенге байланысты болса, онда аз мөлшерде қабылдау қажет. емделу барысында ең алғашқы тамақты жәймен асықпай шайнап аз-аздан жұту және активирленген көмірді қабылдау (карболен) керек. Тамақты тойып жеп жатуға болмайды, аз болсада жүру қажет. ұйықтар алдында тамақтануға болмайды.

6.Қыжылдау симптомы.

Өңешке асқазандағы қышқылды құрамның көтеріліп өңештің кілегей қабатын тітіркендіруіне немесе күйдіруіне байланысты, өңеш жолы бойымен күйдіру сезімі пайда болуын айтамыз. Қыжылдауды басу үшін сілтілісу не ас содасын қолданады. Науқасқа жарты стакан сүт немесе минеральді су (Боржоми, Смирновский, Поляна, Квасова, Ессентукки) немесе 1 ас қасықтан күніне 3-4 рет алмагель беруге болады.



7.Көңілінің айнуы.

Көңілінің аунуы – іштің жоғарғы бөлігіндегі жағымсыз сезім, ауырлық сезімін сезіну, кейде адамның бет әлпеті бозарады, қатты терлейді, жүрегі тарсылдайды, сілекей ағады және де тыныс алу жиілігі баяулайды.

Көңілі айныған науқасты тыныштандыру, жалбыздың 1-2 тамшы тамызылған суды ішкізу керек. Көңілінің айнығанын басу үшін жалбызды және хлороформды судың 1-2 ас қасығын ішу, палатаға таза ауа кіргізу, науқастың көп сөйлемеуін сұрану және тыныштық орнату. Тоқтаусыз және қайталамалы құсық кезінде тез арада дәрігерді шақыру керек.

Ұсыныс: көңіл айну ұстамалары қиындаса тамақ қабылдамау, аз-аздан қайнаған су ішу және бұл сезім басылғанша немесе жағдайының жеңілденуіне әкелмейтін құсу кезінде жата тұру керек.

8.Құсу симптомы.

Құсу – диафрагма, асқазан бұлшықеттерінің қатысуымен болатын күрделі рефлекторлы акт. Ауыз арқылы сыртқа асқазаннан құсық массасының шығуы нәтижесінен болады. Құсу - асқазан-ішек жолдарының, жұмсақ таңдай, жұтқыншақтың, тілдің кілегей қабатының тітіркенуі, улану, артериальді гипертензия және жүйке жүйесінің күрделі ауруларының белгісі болуы мүмкін.

Науқастың құсу себебін анықтайтын анализ кезінде неге көңіл бөлу керек?

Науқастан құсқан уақытын анықтау (азанда, тамақтанып болған соң, тамақтанғанына бірнеше сағат өткен соң), құсық массасының көлемі, түсі, иісі, консистенциясы, реакциясы, тамақ қалдықтарының сипаты, өттің, қанның және патологиялық қосылыстардың болуын және т.б. анықтау керек. Жиі және қайтымсыз құсық ауыр бұзылыстарға алып келеді: электролитті ығысуымен сусыздану, соңынан жүрек қан-тамыр және бүйрек қызметінің бұзылыстарымен байқалады.



Құсу кезінде алғашқы көмек.

Дайындау: науқасқа процедура барысын түсіндіру;

Қажетті заттар: клеенкелі алжапқыш, салфетка, жам, шелек, су және лоток.

Процедураны орындау:

  1. науқасты тыныштандыру, отырғызу, алжапқышты кигізу немесе алдына жайма төсеу, екі аяғының ортасына жам не шелек қою.

  2. маңдайын алақанмен ұстау арқылы науқастың басын ұстау.

  3. науқас құсып болған соң аузын шаю үшін су беру, бетін және қолын жуу, жатуына көмектесу.

  4. жамды алып шығу, қажет болса дәрігерге көрсету.

Науқастың жағдайы ауыр болса бір қырымен жатқызу;

Орындау:

  1. науқасты бір қырымен жатқызу, тыныс алу жолдарына құсық массасының түспеуі үшін басын бір жағына бұру; науқас үнемі бақыланады.

  2. науқас мойнын немесе көкірегін салфеткамен жабу.

  3. науқас аузының астына лоток қою.

  4. құсып не құстырып болған соң ауызын сумен немесе 2% натрий гидрокарбонат ерітіндісімен шаю.

  5. лотоктағы құсық массасын дәрігерге көрсету.

Болуы мүмкін асқыну: ал қызыл түсті немесе "кофе тұнбасы тәрізді" құсса науқасты тез арада жатқызу, асқазан тұсына мұзды мұйық қою және дәрігерге хабарлау.

Науқасқа ұсыныс:



  1. көңілінің айнуы және құсу тоқтағанша қатты тамақты қабылдауға болмайды.

  2. көп мөлшерде сұйықтық ішу.

  3. темекі тартпаңыз.

  4. дәрі-дәрмек қабылдамаңыз.

  5. өз-өзін бақылау және өміріне қауіп төнгенде дәрігерді шақыру.

9.Ауырсыну симптомы.

Асқорыту жүе ауруларында жиі кездеседі және тамақты қабылдау уақытына байланысты. Ауырсынуды бағалау кезінде: оның түрін, интенсивтілігін, локализациясын, иррадиациясын, ұзақтығын, кезектілігін, физикалық күш түсіргеніне, дефекация актына немесе тамақты қабылдауымен байланысын анықтау керек. Асқорыту жүйе аурулары кезінде ғана емес және де неврологиялық ауруларда, тыныс алу ауруларында (крупозды пневмония), жүрек қан-тамыр ауруларында (миокард инфарктісі) да асқазан тұсындағы ауырсыну сезімі болады. Бұл диагностикалық қателік жіберудің себебі болып табылады. Дәрігердің тағайындауынсыз науқасқа ауырсыну сезімін басатын дәрі-дәрмек беруге, грелка қоюға, компресс және клизма жасауға тиім салынады.

Ішек – аш және тоқ ішекке бөлінеді. Аш ішектің ұзындығы 160-430 см, ал тоқ ішектің ұзындығы 1,5м болып табылады. Ішек патологиясының негізгі симптомына ішектің бұзылыстары жатады.

10.Іш қату симптомы.

Ішекте 48 сағаттан көп іштің ұзақ қатуын айтамыз. Перистальтиканың және ішек мускулатурасының әлсіреуінен пайда болады. Іш қату кезінде тазалау клизмасы арқылы, ал ұзақ және тұрақты іш қату кезінде ішекті сифонды клизма көмегімен тазалайды. Копростаз кезінде – нәжісті механикалық жолмен шығарады. Ұзақ және созылмалы іш қату кезінде науқасқа ұсынылады: диета, кефир, қара шөрік, қызылша, қырық қабат, сәбіз, банан және т.б. яғни ішек перистальтикасын жақсартатын тамақтарды қабылдау қажет.



11.Іш өту симптомы.

Іш өту – нәжісінің сұйылуын айтамыз. Себебптері: ішектегі сіңірілу процессінің бұзылуы және ішектегі қабыну процестері және т.б. Іш өту кезінде науқасты төсекке жатқызу, бөксесінің астына резиналы астауша қою, үстін жылы етіп жабу және ыстық шәй беру қажет. әр дефекация актісінен кейін дәрет алдыру және құрғату, анальді тесік айналасына вазелин майын жағу. Терісінің қызаруы кезінде: синтомицин эмульсиясын жағу. Қабылдайтын тамағында ақуыз көп, дәруменге бай және жеңіл сіңірілетін болу керек. Ұзақ уақыт іш өткенде науқастың жүрек қан-тамыр жүйесін, пульсін және дене температурасын бақылау керек.

12.Метеоризм симптомы.

Бұл ішінің кебуі. Себептері: ішекте газ түзілу, ішектің қимыл-қозғалыс қызметінің бұзылуы, ішек қабырға арқылы газ сіңірілуінің төмендеуі. Метеоризм кезінде диета тағайындалады, тағам рационынан мына тағамдарды алып тастау керек: қырық қабат, жаңа піскен нан, картоп, ұннан жасалған тамақ өнімдері. Науқасқа карболеннің 0,5-1,0г күніне 3-4 рет береді, жерментті препараттардан – фестал, дигестал, мезим-форте, маалокстүймедақтарын беруге болады.



Айқын метеоризм кезінде газ шығаратын түтікті қолданады!

13.Асқазан-ішектен қан кету.

Асқазан ішектен қан кетудің жасырын кезеңінде – ал қызыл түсті қан құсу және қан аралас нәжістің пайда болуы байқалады. Содан соң бас айналу, жалпы әлсіздік, терісінің бозаруы, пульсінің жиіленуі 100-140 рет минутына дейін, тыныс алуының жиіленуі, мұздай тердің шығуы, құлағына шудың естілуі, көз алдында шіркейлердің елестеуі, жүрек тұсындағы ауырсыну болуы мүмкін. Науқас өзіне не болғанын білмей, есін жоғалтуы мүмкін. Қан аралас нәжіс және көңілі айнып қан аралас құса бастайды.



Асқазан-ішектен қан кету кезінде алғашқы көмек.

  1. дәрігерді шақыру.

  2. науқасты төсекке жатқызу және аяғын жоғары көтеру.

  3. эпигастральді аймаққа мұзды мұйық қою.

  4. пульсін санау және артериальді қысымын өлшеп қадағалау.

  5. тамақ және су бермеу.

11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 62 мин (70%)

Құсқан науқасқа көмек көрсету, асқазанды сүңгілі және сүңгісіз әдіспен жуу, науқасты тазарту, майлы және дәрілік клизмаларды қою.

12. Жаңа тақырыпты бекіту: 18 мин (20%)

Оқушылардың білім деңгейін тест және ситуациялық есептерді шешуіне байланысты бағалау.

ТЕСТТЕР:

1)Асқорыту жүйе қызметі бұзылысы кезіндегі клиникалық симптомдарға жатады:



  1. асқазан тұсындағы ауырсыну, бүкіл денесінің сарғаюы, кекіру,лоқсу, сілекей ағу, іш өту және іш қату.

  2. асқазан тұсындағы ауырсыну, кекіру, лоқсу, құсу, қыжылдау, дисфагия, асқазан-ішектен қан кету, іш өту және іш қату.

  3. жүрек тұсындағы ауырсыну, бас ауру, бас айналу, АҚ-жоғарылауы, мұрын-ауыз үш бұрышының көгеруі, аяқ-қолдарының ісінуі.

  4. кеуде қуысындағы ауырсыну, ентігу, мұрын-ауыз үш бұрышының көгеруі, жөтел, қақырық тастау, қан түкіру, өкпеден қан кету.

2)Сәйкестікті келтір:

  1. асқазан тұсындағы ауырсыну

  2. кекіру

  3. лоқсу, көңілінің айнуы

  4. құсу

  5. қыжылдау

  6. дисфагия

  7. асқазан – ішектен қан кету

  8. іш өту

  9. іш қату

  10. метеоризм

А)асқазан ойық жара ауруында жиі кездеседі, тұз қышқылының әсерінен гемоглобиннің тұз-қышқылды гематинге айналуынан болады.

Б)жұтынудың қиындауы.

В)рефлекторлы акт, кезеген нервтің тітіркенуінен болады.

Г)құсу орталығының қозуымен болатын күрделі-рефлекторлы акт б.т.

Д)жіті және созылмалы ішек инфекциясы кезінде болады.

Е)асқазан немесе өңеште жиналған ауаны шығару.

Ж)тамақтанып болған соң эпигастральді аймақта пайда болатын сезім;

З)асқазан сөлінің қышқылдығының көбеюінен және өңештің кілегей қабатының тітіркенуінен болады.

К)obstipatio-ішекте нәжістің ұзақ уақыт тұрып қалуы.

Л)ішек қабырғасы тонусының баяулауынан, ішектің қозғалту қызметінің бұзылуы және аэрофагия.

3)Асқорыту мүшесіне жатады:


  1. ауыз қуысы, мұрын қуысы, жұтқыншақ, көмей, брох, өкпе.

  2. ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш, асқазан, он екі елі ішек, аш және тоқ ішек, сигма тәрізді және тік ішек.

  3. ауыз қуысы, мұрын қуысы, жұтқыншақ, көмей, өңеш, бронх, өкпе, асқазан, он екі елі ішек, аш және тоқ ішек, сигма тәрізді және тік ішек.

4)Асқорыту мүшесінің физиологиялық ерекшеліктерін сәйкестір:

  1. ауыз қуысы

  2. жұтқыншақ

  3. өңеш

  4. асқазан

  5. он екі елі ішек

  6. аш ішек

  7. тоқ ішек

  8. тік ішек

А-нәжісті сыртқа шығарады.

Б-су сіңіріледі, нәжіске айналады.

В-асқазанға түседі.

Г-ас қорытылады.

Д-асты бөлшектейді.

Е-дәрумендер және минералдар сіңіріледі.

Ж- жұту қызметін атқарады.

З-тістің көмегімен шайнау қызметін атқарады, ауыз қуысында альфа амилаза бөлінеді.

5)Асқорыту жүйе қызметі бұзылысы кезіндегі медбикелік процессті сәйкестір:


  1. асқазан тұсындағы ауырсыну

  2. асқазан-ішектен қан кету

  3. дисфагия

  4. кекіру

  5. қыжылдау

  6. лоқсу,көңілінің айнуы

  7. құсу

  8. метеоризм

  9. ықылық қату

  10. іш қату

А)тағамды жақсылап шайнау және аз мөлшерден жұту, карболенді қабылдау, тамақтанып болған соң жата салмай сәл жүру.

Б)минеральді сулар:Боржоми, Ессентуки, Асем-ай, Алекс, Бонаква; гидрокарбонат натрий шәй қасықтың ⅓ себелеп беру немесе алмагельді тәулігіне бір ас қасықтан 3-4 рет беру.

В)сұйық тағамдарды беру.

Г)науқасты тыныштандыру, ыңғайлы жатқызу, қысып тұрған киімін шешу, палатаға таза ауа кіргізу, бір-екі жұтым су беру; ұзақ ықылық қату кезінде ішке вале (1-2 ас қасық 0,5% новокаин ерітіндісі) қабылдау қажет.

Д)дәрігерге хабарлау, ауырсынудың себебін анықтағанша ауырсынуды басатын д-дәрмекті беруге және жылу процедураларын істеуге болмайды.

Е)науқасты тыныштандыру, мята тұндырмасынан 1-2 тамшыны салқын суға тамызып ішкізу, палатаға таза ауа кіргізу, науқасқа психикалық және физикалық тыныштық орнату, дәрігерге хабарлау, церукал таблеткасын беру.

Ж)диета тағайындалады, тағам рационынан алынатын өнімдер:капуста, ыстық нан, картоп, ұннан жасалған тағамдар және т.б. карболенді тәулігіне 0,5-1,0г 3-4 рет беру, тез және айқын метеоризм кезінде газ шығаратын түтік қою қажет.

З)тез арада дәрігерді шақыру, науқасты төсекке жатқызу және аяғын жоғары көтеру, эпигастральді аймаққа мұзды мұйық қою, АҚ және PS-қадағалау, су ішкізбеу және тамақтандырмау.

К)тазалау клизмасын жасау қажет, диета тағайындау қажет оның құрамына: кефир, қызылша, сәбіз, банан, капуста;

Л)науқасты тыныштандыру, фартук тағу, екі аяғының ортасына тазик қою, науқастың маңдайынан алақанмен ұстау, құсып болған соң аузын шайдыру, науқасты бір қырымен жатқызу.

6)Құсу орталығы қай жерде орналасқан, дұрыс жауабын көрсет:


  1. гипофизде

  2. мишықта

  3. сопақша мида

  4. аралық мида

  5. гипоталамуста

7)Асқорыту жүйе қызметі бұзылысы кезіндегі науқастарға қандай диета тағайындалады:

  1. № 5

  2. № 10

  3. № 7

  4. № 15

  5. № 1

8)Құсудан кейінгі болуы мүмкін асқынулар:

  1. кофе тұнбасы тәрізді немесе алқызыл түсті құсық кезінде науқасты тез арада жатқызу, эпигастральді аймаққа грелка қою, дәрігерге хабарлау.

  2. кофе тұнбасы тәрізді немесе алқызыл түсті құсық кезінде науқасты тез арада жатқызу, эпигастральді аймаққа мұзды мұйық қою, дәрігерге хабарлау.

  3. кофе тұнбасы тәрізді немесе алқызыл түсті құсық кезінде науқасты тез арада жүргізу, ыстық қою шәй беру, дәрігерге хабарлау.

9)Құсудан кейін медбике науқасқа беретін ұсынысы.

  1. көп мөлшерде сұйықтық ішу, темекі тартпау, дәрі-дәрмек қабылдау, жағдайы нашарласа дәрігерді шақыру.

  2. көңілінің айнуы және құсу басылғанша ауыр тағамдарды қабылдамау, көп мөлшерде сұйықтық ішу, темекі тартпау, дәрі-дәрмек қабылдамау, жағдайы нашарласа дәрігерді шақыру.

  3. көңілінің айнуы және құсу басылғанша көп мөлшерде сұйықтық ішу, темекі тарту, дәрі-дәрмек қабылдау, жағдайы нашарласа дәрігерді шақыру.

10)Ықылық қату дегеніміз не?

А- жұтынудың қиындауы.

Б- құсу алдында болатын процесс

В- эпигастральді аймақта және төс артында күйдіруді сезіну

Г-диафрагманың рефлекторлы кенеттен ұстамалы жиырылуы, дыбысты және қатты демалумен байқалады.

Д- ішекте нәжістің ұзақ уақыт тұрып қалуы

11.«Мелена» melena-дегеніміз

А- қара түсті сұйық консистенциялы нәжістің бөлінуі

Б- құсу алдында болатын процесс

В- эпигастральді аймақта және төс артында күйдіруді сезіну

Г- кофе тұнбасы тәрізді құсық (қою қоңыр түсті).

Д- ішекте нәжістің ұзақ уақыт тұрып қалуы

12.Қанша уақыт өткеннен кейін іш қату деуге болады:

А- 40 сағат

Б- 48 сағат

В- 58 сағат

Г- 68 сағат

Д-78 сағат

13.Сәйкестір:

1өңеш


2он екі елі ішек

3аш ішек

4тоқ ішек

А- 150-430см яғни 3м

Б- 1,5м

В- 20-25см



Г- 25-30см

14.Асқазан тұсындағы ауырсыну сезімін сәйкестір:

1«ерте»

2«кеш»


3«түнде»

4«аш қарынға»

А- тамақтанып болған соң 0,5-1сағаттан кейін, ауырсыну 1,5-2 сағатқа созылады.

Б- түнде жатқанда ауырсыну мазалайды.

В- тамақтанып болған соң 6-7 сағаттан кейін және науқас қайта тамақтанғаннан кейін қояды.

Г- тамақтанып болған соң 1,5-2 сағаттан кейін.

15.Функциональді іш қату түрлерін көрсет, мынадан басқа :


  1. алиментарлы

  2. неврогенді

  3. экзогенді

  4. тоқ ішектің қабыну процестерімен байланысты

  5. токсикалық

  6. эндокринді

  7. физикалық қозғалыстың шектелуі



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет