Жұмыс оқу бағдарламасының Нысан титулдық парағы пму ұсн 18. 4/17



бет2/2
Дата17.06.2018
өлшемі151,5 Kb.
#42502
1   2

Оқу жұмыс бағдарламасының Нысан



бекіту парағы ПМУ ҰСН 7.18.4/17




БЕКІТЕМІН

ОІ жөніндегі проректоры

________________ Пфейфер Н.Э.

20___ ж. «___»_____________

Құрастырушы: аға оқытушы Жунусова А.Р.



Психология және педагогика кафедрасы

5В090500 – «Әлеуметтік жұмыс» мамандығының сырттай оқу нысанындағы студенттеріне арналған

«Кәсіби қазақ тілі» пәні бойынша

ОҚУ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ


Оқу жұмыс бағдарламасы 5В090500-Әлеуметтік жұмыс мамандығының типтік оқу бағдарламасы ҚР Үкіметінің 23 тамыз 2012 жылы бекіткен № 1080 жоғары және жоғары оқу орнынан мемлекеттік жалпы білім беру стандарты қаулысына сәйкес және ҚР БжҒМ 16 тамыз 2013 жылы бекіткен № 343 5В090500-Әлеуметтік жұмыс мамандығының типтік оқу бағдарламасына сәйкес жасалған.

Психология және педагогика кафедра отырысында ұсынылды 20__ж.«_____»__________№___хаттама

Кафедра меңгерушісі _____________ Е.И.Бурдина 20__ж.«_____»__________

Гуманитарлық-педагогикалық факультетінің оқу-әдістемелік кеңесінде мақұлданды “___” _________ 20 ж. № ____ хаттама
ОӘК Төрайымы ____________ С.К.Ксембаева 20__ж.«_____»__________

ОӘБ бастығы _____________ Е.Н. Жуманкулова 20__ж.«_____»__________

Университеттің оқу-әдістемелік кеңесімен құпталған

20__ж. «____»_____________№___ хаттама


1 Пәннің төлқұжаты

Пәннің атауы «Кәсіби қазақ тілі»

Компоненттің міндетті пәні



Оқу мерзімі мен кредит саны

Барлығы – 2 кредит

Курс: 2

Семестр: 4

оnline – 10 сағат (практика – 5, ОСӨЖ – 5)

offline – 80 сағат (СӨЖ).

Жалпы – 90



Пререквизиттер. Қазақ тілі

Постреквизиттер. Философия, Әлеуметтік жұмыстың теориясы
2 Пәні, мақсаттары мен міндеттері

Жоғары мектепте мамандарды кәсіби негізде даярлаудың мазмұнын қайта құрумен байланысты қоғамның қазіргі дамуының өзекті қажеттіліктері Қазақстанда кәсіптік білім беру саласының алдына күрделі міндеттер қойып отыр. Жоғары кәсіптік білім беруді жаңартудың басты кұжаттарында ең негізгі мақсат білікті маман даярлау деп көрсетілген.

Пәнді оқу мақсаты: өз мамандыгы бойынша қазақ тілінде еркін сөйлей алатын тілдік тұлға қалыптастыру.

Пәннің міндеттері:

  1. Қазақ тіліндегі төл дыбыстарды дүрыс айтуға, олардың жазылуына ерекше мэн беру, мәнерлеп сөйлеу дағдысын қалыптастыру;

  2. Әлеуметтік саладағы жұмыстары туралы хабарлама жасай білуге, сонымен қатар, түйіндеме, рецензияларды, қүттықтау хахтарын, құттықтауларды жаза білуге, есеп беруге дағдыландыру;

  3. Әлеуметтік сала бойынша сөйлеу деңгейлерін кеңейтуге, терминдерді еркін пайдалана білуге, кез келген жағдаятта еркін сұрап, жауап беруге, эңгімеге араласуға қалыптастыру;

  4. Қазақ тіліндегі кэсіби бағдарлы жарнамаларды, іс- қағаздарды, хабарламаларды, жаңалықтарды, нұсқауларды оқып, түсіну, ол туралы айта жэне жаза білу дағдыларын қалыптастыру;

  5. Монолог түрінде берілген мэтіннің жеке магыналық боліктері бойынша негізгі ойды, ақпаратты есту, тыңдау арқылы түсіне білу жэне ол туралы сөйлесу дағдысын дамыту;

  6. Кәсіби багыттагы создіктерді еркін пайдалана білуге және сауатты түрде аударма жасауға үйрету;

  7. Әлеуметтік ортада кәсіби қатынас саласындағы танымдық-қатысымдық міндетті шешуге керекті ақпаратты тыңдау арқылы түсіне білуге дағдыландыру, ол туралы пікірін айта білуге қалыптастыру;

  8. Өз мамандығы бойынша гылыми мәтіндерге пікір беруге, гылыми мақала, баяндама жазуға машықтандыру, еркін тақырыптарда шыгарма жаза білуге үйрету;

  9. Ауызекі сөйлеу стилі, көркем әдеби стиль, публицистикалық, кәсіби стилдің қолдану жағдайларын айыра білуге үйрету;

  10. Теледидар, радио, интернет, компьютерлік жүйе арқылы берілген ақпараттарды, өз мамандығы бойынша сұхбаттарды түсініп, өз сөзімен айта білуін қалыптастыру;

  11. Әр түрлі стильде жазылған мәтіндер, өз мамандығына сәйкес еңбектер мен ғылыми зерттеулерді оқып, негізгі ақпараттарды ала білу және оны түсініп, айтып беру дағдысын қалыптастыру.


3 Дағды, икемділік, білім мен құзыреттілікке қойылатын талаптар

Берілген пәнді оқу нәтижесінде студенттердің түсініктер туралы болу қажет:

- кәсіби қазақ тілінің грамматикалық, лексикалық, фонетикалық ережелері жайлы білімдер;

Білу қажет:

- монолог түрінде берілген мәтіннің жеке мағыналық бөліктері туралы негізгі ойды, ақпаратты есту тыңдау ережелер жайлы білімдер;

Істей білу кажет:

- өз мамандығы бойынша хаттар, баяндамалар, пікірлер, эссе жазу, радио, теледидардан ақпараттар тыңдап, түсінуге машықтандыру;

- ауызекі сөйлеу стилі, ғылыми стильдердің, сандай-ақ кәсіби тілдің қолдану жағдайларын айыра білу;



Тәжірибелік дағдыларды иелену:

- өзі туралы ақпаратты, түйіндеме, құттықтау хаттарын жаза білу дағдылары;

- белгілі бір кәсіби қарым-қатынас саласындағы танымдық-қатысымдық міндетті шешуге керекті ақпарат тыңдау арқылы түсіне білуге дағдылары;

Құзіретті болу:

Коммуникативтік құзіреттілік – студенттердің кәсіби қазақ тілінде еркін сөйлесіп, түрлі жағдаяттарда қарым-қатынас орнатып, қолдай алу мүмкіндігі.

Лингвистикалық құзіреттілік – мазмұнына коммуникативтік, кәсіптік қарым-қатынаста тіл жүйесінің дыбыстау, лексикалық-фразеологиялық, грамматикалық ерекшеліктерін білу, қолдана алуы.

Дискурсттық құзіреттілік – студенттердің белгілі бір әлеуметтік қарым-қатынасты белгілі бір коммуникантпен оның ниетіне сай орнатып, жалғастыра алуы.

Мәдени-лингвистикалық құзіреттілік – тіл үйренушілердің қарым-қатынасты қазақ халқының ұлттық-мәдени ерекшеліктерін ескере отырып, белгілі бір жағдаятта тиімді құруы.

Кәсіби құзіреттілік – сабақ үдерісінде түрлі кәсіби-әлеуметтік білік-дағдылардың жиынтығын іске асыру арқылы қалыптастырылуы.
4 Пәнді оқытудың тематикалық жоспары
Сабақ түрлері бойынша академиялық сағаттардың бөлуі

п/п

Тақырыптың атауы

оnline

байланыс

offline

дәр.

Практ.

Лаб. байл.

ОСӨЖ

Лаб. байл.

СӨЖ


Әлеуметтік саладағы тілдік стильдердің қолданылу аясы мен ерекшеліктері

1

Ауызекі сөйлеу тілінің стилі.

-

0,5

-

-

-

5

2

Ғылыми стиль. Әлеуметтік педагог қызметі.

-

0,5

-

-

-

5

3

Публицистикалық стиль. Тәрбие жэне әлеуметтік жұмыс.

-

0,5

-

-

-

5

4

Көркем әдебиет стилі. Ұлылардан ұлағат.

-

0,5

-

-

-

5

5

Ресми іс қағаздар стилі. ҚР нормативтік құқықтар.

-

0,5

-

-

-

5

6

«Жұмыспен қамту туралы» ҚР Заңы.

-

0,5

-

-

-

5

Әлеуметтік жүйедегі іс-қағаздар үлгілері. Түйіндеме. Өмірбаян. Сауалнама. Мінездеме.

7

Өтініш. Анықтама.

-

-

-

0,5

-

5

8

Келісімшарт. Жеке іс парағы.

-

-

-

0,5

-

5

Әлеуметтік жұмыс мамандығы әлемінде

9

ҚР Президенті Н:Ә.Назарбаевтың «Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам » атты багдарламалық мақаласы.

-

-

-

0,5

-

5

10

Салалық терминдер. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру.

-

-

-

0,5

-

5

Мен және мені қоршаған әлеуметтік орта

11

Әлеуметтік ортадағы қарым-қатынас.

-

0,5

-

0,5

-

4

12

Халықты жұмыспен қамту мәселелері.

-

0,5

-

0,5

-

4

13

Жастар тәжірибесін ұйымдастыру.

-

-

-

-

-

4

Салауатты өмір сүрудің негізгі әлементтері

14

Адамгершілік - асыл қасиет.

-

-

-

0,5

-

4

15

Міндетті әлеуметтік сақтандыру.

-

-

-

0,5

-

4

Әлеуметтік саясат

16

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек.

-

0,5

-

-

-

5

17

Мүгедектерді қорғау туралы ҚР Заңы.

-

0,5

-

-

-

5

18

Әлеуметтік қоргауга мұқтаж адамдар.

-

-

-

0,5

-

5

19

Қайырымдылық

-

-

-

0,5

-

5




Барлығы:90 (2 кредит)

-

5

-

5

-

90


5 Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

Негізгі:


  1. ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы (27 қаңтар, 2012 жыл)

  2. ҚР Президентінің «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамьгаа қарай 20 қадам» атты бағдарламасы.(11 шілде 2012 жыл)

  3. Абдрахманова Г. Х. «Қазақ тілі» әлеуметтік факультеттің мамандықтарына арналған электронды оқулық (27.01.2009. куәлік № 523)

Қосымша:

4. Абдрахманова Г.Х. «Қазақ тілі» оқу құралы. - Қарағанды. ҚарМУ баспасы, 2009. - 105 б.

5.Әлметова Ә.С. Қазақ тілі сабағында студенттердің сұхбаттастық тілдесім мәдениетін қальштастьфудың ғылыми эдістемелік неғіздері. Алматы, 2009.

6. Қадашева Қ. Қазақша жаңғыртып оқытулың әдістемелік негіздері, өзге тілді дәрісханалардағы қазақ тілі. Алматы, 2009.




Каталог: arm -> upload -> umk
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Методические указания по прохождению учебной практики для студентов специальности 5В020400 «Культурология»
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы
umk -> Бағдарламасының титулдық пму ұс н 18. 4/19 парағы (syllabus) Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
umk -> Бағдарламасы Нысан пму ұс н 18. 2/06 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
umk -> Программа Форма ф со пгу 18. 2/06 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет