Жұмыстың міндеті:
- мәтіндік есептер шығару арқылы оқушылардың танымдық қызығушылығын дамытудың психологиялық-педагогикалық негіздерін және оқушыларының танымдық қызығушылығын дамытуға қойылатын талаптарды анықтау;
- пайызға берілген қолданбалы мәтіндік және практикалық мазмұнды есептер арқылы оқушылардың танымдық қызығушылығын дамытудың негізгі бағыттарын көрсету;
- мәтіндік және мазмұнды есептер арқылы оқушылардың танымдық қызығушылығын дамытуға бағытталған тапсырмалар жүйесін құру.
Зерттеу нысаны: Математиканы оқытудың әдістемесі.
Ғылыми мәселенің қазіргі кездегі шешу жағдайын бағалау. Пайызга берілген қолданбалы мәтіндік есептерді шешу тақырыбын оқытуда түрлі мәселелер кездесіп жатады.Солардың тоериялық мәселелерін анықтап,оқып үйрену керек.
Жұмыстың практикалық құндылығы: Пайызға берілген қолданбалы мәтіндік есептер оқушылардың есептеу дайындықтарына басты назар аударылады, яғни бағдарламалық материалдарды игерту бағытталған жұмыстарда ойша есептеу бiлiктерi қамтылуы тиiс. Мәтiндi есептер оқытудың мақсаты және құралы ретiнде пайдаланылады. Сондай-ақ, бөлшек, пайыз, пропорция және т.с.с ұғымдардың мағынасын түсiндiруге көмектеседi.
Достарыңызбен бөлісу: |