ҚОРЫТЫНДЫ
Математиканы оқытудың басқа салаларына қарағанда меңгеруге қиын, логикалық ойлау деңгейіне қойылатын талаптың жоғарлығына байланысты ерекшеленеді.
Математиканы оқытудың басты мақсаттарының бірі - оның теориялық негіздерін білу және оларды практикада қолдану дағдыларын меңгерту.
Сонымен қатар, оқушылардың логикалық ойлауын, дәлелдеу қабілетін, талқылауды есептеу, ойды дәл және анық тұжырымдай білу мәселелері де маңызды міндеттер болып табылады.
Орта мектеп математика бағдарламасы, оқулықтар, оқу әдістемелік құралдардағы иррационал ұғымына байланысты мәселелер толық қамтылып талданды.
Сонымен қатар, иррационал теңдеулер мен теңсіздіктерді шешуге байланысты кездесетін барлық ұғымдарға тоқтала отырып, оқушылардың теориялық және практикалық білімдерін дамытуға бағытталған тиімді оқыту жолдары қарастырылды:
Иррационал теңдеудің екі жағын бірдей дәрежеге дәрежелеу үшін оны ыңғайлы түрге келтіріп алу керек;
Берілген теңдеуді дәреже көрсеткіштері бірдей түбірлер түрінде берілсе, түбір астындағы өрнектерді бір түбір астына алып, өзара көбейтеді;
Айнымалының табылған мәнін берілген теңдеуге қойып тексеру;
Теңдеуде бөлшектің бөлімінде түбір кездессе, бөлшектің бөлімі нөл болмауы тиісті екенін ескеру керек.
Қорыта келгенде, зерттеу жұмысымыз «Иррационал теңдеулер мен теңсіздіктерді шешудегі әдістемелік ерекшеліктер» бойынша төмендегідей қорытынды жасадық:
- иррационал теңдеулер мен теңсіздіктердің ерекшеліктерін айқындадық;
- иррационал теңдеулер мен теңсіздіктерді шешуге қойылатын талаптарды анықтадық;
- иррационал теңдеулерді шешудегі тиімді тәсілдердің әдістемесін дайындадық;
- иррационал теңсіздіктерді шешудегі тиімді тәсілдерді көрсеттік.
Иррационал теңдеулер мен теңсіздіктерді шешудің әдістемелік ерекшеліктерін ескеру арқылы көптеген жетістіктерге қол жеткізуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |