Гипогонадизм - Гипогонадизм – жыныс бездерінің (гонадалар) қызметінің төмендеуімен (болмауымен) немесе шеткі тіндердің туа бітті жыныс гормондарының әрекетіне сезімталдығының бұзылуымен байланысты болатын синдром [1]. Гипогонадизм не жыныс бездерінің (гонадалардың), не гипоталамус-гипофиз аймағының зақымдануынан болуы мүмкін.
- АХЖ-10 коды Е29.1 атабездердің гипофункциясы E34.5 андрогендік төзімділік синдромы E23.0 оқшауланған жыныстық (гонадотроптық) жеткіліксіздік E89.5 бүйректің медициналық емшаралардан кейін пайда болған гипофункциясы Q96 Тернер синдромы Q98.0-Q98.4 Клайнфелтер синдромы Q99.1 таза гонадалық дисгенез
- Амбулаториялық деңгейде жүргізілетін негізгі (міндетті) диагностикалық тексерулер: · Chlamydia trachomatis сәйкестендіру үшін нақты уақыт тәртібінде ПТР; · Терапия басталғанға дейін өзге ЖЖБИ (бірінші кезекте Mycoplasma genitalium сәйкестендіру) ПТР (деңгей II) ; · Иммунофлюоресценция реакциясында биологиялық материалда Chlamydia trachomatis анықтау · Қан сарысуында кардиолипинді антигені бар микропреципитация реакциясы; · Урогениталдық сүртіндіні өзге ЖЖБИ (терапия басталғанға дейін және емделгеннен кейін 2 рет) жалпы клиникалық зерттеу (метиленді көкпен және/немесе Грам бойынша бояу). Амбулаториялық деңгейде жүргізілетін қосымша диагностикалық тексерулер: · Өзге ЖЖБИ сәйкестендіру үшін биологиялық материалды бактериологиялық зерттеу; · Кіші жамбас мүшелерінің УДЗ · Цистоуретроскопия (емдеу-диагностикалық); · Кольпоскопия.
- Клиникалық жіктемесі [1]: Гипоталамус-гипофиз-жыныс бездері (гонадалар) білігінің зақымдану деңгейі бойынша · Біріншілік – жыныс бездерінің зақымдануынан туындаған немесе гипергонадотропты, гипофиздің гонадотропиндерді артық өндіруімен ұласады. 10 жасқа дейінгі балаларда гонадотропиндерді өндіру жоғарыламайды, сол себепті гипогонадизмнің бұл нұсқасын қалыпты гонадотропты деп атайды. · Екіншілік – гипофиздің зақымдануынан туындаған немесе гипогонадотропты, гонадотропиндер өндірудің төмендеуімен ұласады. · Үшіншілік – гипоталамустың зақымдануынан және гонадолибериндер өндірудің төмендеуінен туындаған. Гонадолиберин секрециясының деңгейін анықтау мүмкіндігінің болмауына байланысты, тәжірибеде екіншілік және үшіншілік гипогонадизм «екіншілік гипогонадизм» деген атаумен ортақ топқа біріктіріледі. Гипогонадизмнің қалыптасу кезеңі бойынша: · Туа біткен біріншілік (ер балаларда – Клайнфельтер, атабездік феминизация, Нунан синдромдары; қыздарда – Шерешевский-Тернер синдромы, жыныс бездерінің дамымауы (агенезиясы), толық атабездік феминизация синдромы); · Туа біткен екіншілік (Кальман, Лоуренс-Мун-Барде-Бидль, Паскаулини, Прадер-Вилли синдромдары); · Жүре пайда болған біріншілік (жыныс бездерінің жарақаты, оларды хирургиялық алып тастау, иондаушы радиацияның, жұқпалардың, дәрілік препараттарды қолданудың әсері және т.б); · Жүре пайда болған екіншілік (мидың ісіктері, иондаушы радиацияның әсері, бассүйек-ми жарақаттары, нейроинфекциялар және т.б.).
Достарыңызбен бөлісу: |