§ 2. Жоғары жүйк€ жүйесінің қызметі
Жүйке жүйесінің қызметі жайында зерттеу жүргізіп алғаш рет байсалды пікір айтқан - француз ғальмы Р Декарт (1596-1654) Ол өз еңбектерінде жүйке жүйесінің рефлексі жайында өз дәуірінің талабына сәйкес құнды пікір айтып, оны дәлелдеп те берді. Ал реф-лекстің биологиялық сипатын ашьш көрсеткен чех ғалымы Иржи Прохаске (1749-1820) Ол ғылымға “рефлекс” ұғымын ендіріп, оның мәнін ашып түсіндіреді “Рефлекс” —латын сөзі, қазақша бейнелеу деген мағынаны білдіреді. Ал рефлекс терминінің нақты мағынасы — сырттан не іштен келетін тітіркендірпштерге организмның жауап қайтару реакциясы Рефлекстер — жануарлар мен адамдардың тумысынан пайда болатын қасиеттері. Мысаты, электр тоғымен иттің аяғына әсер еткенде, ол аяғын жылдам тартып алады. Анасы жаңа туған нәрестені емізетін болса, бала еме бастайды. Осындай әрекеттердің бәрі — сан алуан рефлекс түрлері
Организмнщ рефлекторлық қызметін ғылыми тұрғыдан жете зерттеген әйгілі физролог ғалымдар И Мсеченев
81
пен И П. Павлов өз еңбектерінде жоғары жүйке қызметінің заңдылықтарын (қозу мен тежелу, динамикалық стереотип, бірінші және екінші сигнал жүйелері ашып көрсетті. Организмнің сыртқы әсерлерге тұтастай не жеке мүшелермен жауап беруі (рефлекстер) клеткаларының тітіркеніп, физиологиялық процестердің туындап отыруына байланысты екендігі анықталды.
Қозу мен тежелу — шартты рефлекстердің жасалуына психика-лық әрекеттердің пайда болуына негіз болатын физиологиялық процестер. Олар бір клеткадан екінші клеткаға афференттік және эфференттік клеткалардың түйісетін жері с и н а п с арқылы тара-лады. Қозу мен тежелу — организмді еыртқы ортамен теңдестіруге қатынасып отыратын негіагі физиологиялық процестер. Ми — психиканың анатомиялық негізі болса, ал сырттан келетін әсерлерге байланысты оның қабығында пайда болаттын қозу мен тежелу — психиканың физиологиялық негізі.
Қозу мен тежелу — жүйке клеткаларына меншіктелген, оның негізгі табиғи қалпы және жоғары жүйкел әрекет физиологиясының күрделі проблемасы. Нейрондардың қозуы — осы клеткалармен байланысты мүшелер әрекетінің нәтижесі, ал тежелу — осы әрекеттің сендеп не мүлдем тоқырауының сипаты. Осы процест өза-ра байланысынсыз организм реакциясының іске мүмкін емес. Рефлекстің жасалу жолы мынадай: оргнизм рецепторына (сезгіштік жүйке аппараты: көзі кұлақта, теріде, т. б.), сыртқы әсерлердің немесе мүшелердің тітіркендіргіші әсер етеді, қабылданған сол тітіркену жүйке процесіне айналып, қозу пайда болады.
Ми қабығында түрлі алаптарда қозудың пайда болуы мен оның қозғалысьш электроэвцефалограф дейтін аппаратпен зерттеп, өлшеп отырады. Осы аппарат арқылы қозудың барысы қағаз бетіне сызу түрінде жазылады. Мұндай сызба жазуды электроэнцефалограмма деп аталады (15-сурет).
а — көз ашық кезде (бета — толқындар басым);
б — көзін жұмғанда (альфа —- толқындар айқын көрінеді);
в — қалғыған кезде;
д — шырт ұйқыда жатқанда.
Электроэнцефалограмма арқылы мидың биолотенциасының түрлі ритмдерін бақылауға болады. Ритмдер тұрлі:
82
15-сурет Адам миы шүйде бөлігінің электрознцефало-граммасы.
1 — бір секунтта 8 — 12 жиілікпен өтетін альфа — ритм
2 — бір секунтта 14 — 16 жиілікпен өтетін бета ~ ритм
3 — бір секунтта 3,5 — 7 жиілікпен өтетін бета — ритм
4 — бір секунтта 3,5 және одан да аз жиілікпен өтетін дельта -- ритм т. б.
Ми қабығының, функциялық қалпы өзгерсе, жазу да өзгереді Мысалы, адам ұйықтағанда оның миындағы альфа жеке бета толқыңдар бәсеңдеп, олардың орнын солғын толқындар басады. Ал адам ояу отырғанда оның миы жарты шарлары қабығында туатын қозу эфференттік жолдармен белгілі бір жұмыс мүшесіне келеді де, белсенді реакцияға айналады. Қозудың осындай қуатты түрінде қарама-қарсы болғанымен, онымен тығыз бірлікте өтіп жататын физиологиядық тежелу процесінін де органнзмге тигізер пайдасы зор.
Тежелу процесі — жүйке клеткаларының әрекетсіз пассивті қалпы емес екендігі ғылымда анықталған мәселе. Керісінше, тежелу — нейронның энергетикалық қуатын жаңғыртуға қатысып отыратын белсенді процесс. Шынында да, нейрон клеткаларына потенциалдық энергия беруде тежелу белсенді рөл атқарады. Тежелудің бірнеше түрі бар: 1) Сыртқы тежелу — көлденең тітіркендіргіш әсерінен шартты реакция тоқтап қалады. Мәселен, шам жанғанда, шартты рефлекс салдарынан -иттің сілекей аға бастағанымен, кенеттен қоңырау қағылса, сілекей тоқтап қалады, өйткені, жүйкелік рефлекторлық тежелу процесі туады. Мұндай тежелу жүре пайда болмайды, организм бойындағы жүйкелік әрекеттің тума механизмі. Сойдықтан тежелудің бұл түрін шартсыз пассивтік тежелу деп те атайды. 2) Шартсыз тежелудін
83
тағы бір түрі — шектен тыс тежелу. Мұндай тежелуден жүйке клеткаларының қызметі солғындайды. Өйткені қозудың күшоюінің шегі бар. Сол шекке жеткенде қабығының әрі қарай қозуы тоқтайды да, оның орнын шектек тыс тежелу басады. Тежелудің бұл түрін фи-ологияда кейде қорғаныс шектелуі деп те атайды. Өйкені, тежелудің бұл түрі клеткаларды шаршаудан сақтандырады. 3} Ішкі тежелу белсенді сипатта болады. Организмде жүре-бара пайда болады. Ол белгілі жағдайға байланысты, Мұны ғылымда шартты тежелу деп те атайды. Оның түрі — сөнетін тежелу. Әлсін-әлсін шартсыз тітіркен-діргішпен бекіп отырмаса, шартты рефлекс өшіп қалуы мүмкін. Алайда, шартты сигнал реакция арасында уақытша жүйкелік бай-ланыс мүлдем жойыльш кетпейді. Шартты сигнал қайта берілсе, шартты реакция жаңғырады.
Тсжелудіқ тағы бір тобы — дифференциалдық тежелу. Бұл— ішкі тежелудің өте нәзік түрі. Ол ми қабығының өзіне келіп түскен әсерлерді жіктеп, ажыратуына байланысты. Шартты рефлекс орна-тудың бастапқы кезеңінде оның бір ғана емес, бірнеше ұқсас сигнал-дардың көпшілігіне жауап ретінде туа берілетіндігі арнайы зертеу-лермен дәлелденген. Мәселен, тамақтың сигналы ретінде белгілі музыкалық дыбысты қолданып, итке шартты рефлекс жасатсақ, алғашқыда ол сол дыбыстар, ұқсас түрлеріне реакцияланады. Бұл жайтты психологияда генерадизация деп атайды. Дегенмен, итке әр түрлі музыкалық дыбыстармен қатар әсер еткенде, өзге дыбыстарға әсерленбей, тек мн сигналына ғана сілекей ағызатын болған. Міне, осындай белгілі бір әсерге ғана реакция жасап, ал соған ұқсас дыбыстарға келге жауабын тоқтатуды дифференциалдық тежелу деп атады.
Шартты рефлекстің кешігуі — тежелудің бір тармағы. Мұңдай тежелу итке тамақты кешіктіріп беріп әсер ету нәтижесінде байқалған ішкі тежелуге байланысты шарты рефлекстің кешігуі.
Ұйқылық тежелу, Тежелудің бұл түрін кейде жайылмалы тежелу деп те атайды. Өйткені, тежелу процесі ми қабығындағы орталықтарға түгелдей жайылғанда, ұйқы пайда болады. Ұйықтаған кезде адамның ми қабығындағы орталықтармен бірге ми бағанасындағы орталықтар да тежеледі. Мұндай қалыпта сана болмайды, сезгіштік мүлдем бәсеңдейді, шартты рефлекстер сөніп, ми тынығады. Біз бұл жайттан тежелу мен қозудың өзара
84
тығыз байланысты физиологиялык процсстер екендігін анық аң-ғарып олардың үнемі өтш жататындығына көз жеткіземіз және бұл процестер мн жұмысының негізгі заңдарына бағынады.
Мидың талдау және біріктіру қызметі, Талдау мен біріктіру организмнің үнемі өзгеріп отыратын ортаға бейімделіп шартты рефлекс жасауы үшін қажетті жүйелі процестер. Сондаи әрекетгері арқылы организм өзінің мінез-құлқын тіршілік ортасымен сәйкестендіріп отырады. Сондықтан, мидың талдау мен біріктіру қызмсті --органнзм өмірі үшін негізгі шарт.
Талдау дегеніміз — ортаның ішінен организмге әсер ететін күрдслі нәрселерді талдап ажырату әрекеті. Ал керісінше, сол талданған жеке нәрселер мен элементердің басын құрап біріктіру, тұтастырып комплекс жасау әрекеті. Мәселен, жануарлар үшін әрбір сыбдыр, әр түрлі көлеңке, болмашы иіс, ауадағы нәзік дірілдер т. б, сондай әсерлер — тамақтын не қауіп-қатерден алыс жақындығын хабарлап отыратын сигналдар. Жануарлар сол сигналдар арқылы өздеріне төнген қауіпті жағдай не тамақ туралы уақытында хабар алып отыру нәтижесіиде ғана, басқаша айтқанда, мидың талдау және біріктіру әрекетіне сүйене отырып, тіршілік етеді
Талдау мен біріктіру әрекеті хайуанаттар тіршілігінде қаншалық-ты манызды болса, ал осы жүйкелік әрекеттердің адам өмірінде атқаратын қызметі мен алатын одан да жоғары. Талдау мен біріктіру әрекеттерінмеңгеріп, олардың мән-жайын түсіну, күнделікті іс-әрекет пен тәжірибеде қолданып отыру — адам психикасын же-тілдіре түсудегі қажетті шарттың бірі.
Шартты және шартсыз рефлекстер. “Рефлекс” деген ұғымды ғылыми тұрғыдан қарастырып, оның табиғатын ашып көрсеткен — И. М. Сеченен пен И. П, Павлов. Өзінің “Бас миының рефлекстері” деген еңбегінде И. М. Сеченев: “Өмірдің, саналы және санасыз әрекетіерінің барлығы да шығуы төркіні тұрғысынан — “рефлекс-тер”деп анықтайды. Ал И. П Павловтың жоғары жүйке қызметі жайындағы идеяларының бәрі тұтасымен — рефторлық теорпя “Рефлекс” — латын сөзі, қазақшаласақ, бұл сөздің мағынасы — бейнелеу. Рефлекс — организмнің жәнс оның жеке мүшелерінің сыртқы және іш-
Сеченев И м. Избранные философские психологические произведения -М ; Л., Госполитиздат 1974
85
кі тітіркендіргіштерге қайтаратын жауабы. Қозу процесінің рецеп-тордан орталықтарға жетіп, организмнің реакциясына дейінгі жүр-ген жолы рефлекс доғасы аталады.
Рефлекс доғасы қарапайым және күрделі болып екіге бөлінеді. Қарапайым рефлекторлық доға кемінде кейроннан (афференттік, аралық, эфференттік) құралады. Қарапайым рефлекторлық доғаның бойымен жүріп отыратын қозу — шартсыз рефлекстің физиология-лық негізі. Шартсыз рефлекс — тума құбылыс. Оньщ орталықтары жұлын мен мн бағанасыида орналасқан. Күрделі рефлекторлық доға бойымен жүріп отыратын қозу — шартты рефлекстердіц (жүре пайда болатын, қайталау нәтижесінде туатын рефлекстің) физиологиялық негізі. Бұл рефлекстің орталығы — ми қабығы. Күрделі рефлекторлық доғаның құрылуына көптеген нейрондар қатысады. Ми жұмыс органына хабар жеткізумен шектелмей, өзі жолдаған хабарлардан мағлұмат та алады. Сыртқы ортадан хабар ала алмаса, мидың организмі түрлі тітіркендіргіштерге жауап беруі қиындар еді. Айналадағы құбылыстар жайында тиісті мәліметтер натижесінде ғана ми нақты мұқтажын өтеуге бағдарланып отырады.
Кейінгі зерттеулерде рефлекстердің тек жасалу үш мүшелі доға принципімен шектелмейтіндігі, яғни рефлекс қызметі жұмыс орнына жетумен аяқталмай сондай-ақ миға қайтадан хабар жеткізіп отыратынды анықталып отыр. Қибернетика ғылымының қалып-тасып, жарыққа шығуынан әлдеқайда бұрын кеңестік физиоги ғалым П. Қ. Анохин ұсынған теория 1935 жылы белігілі болып, рефлекс жайындағы ілім шығармашылықпен мытылған-ды. Ал физиолог Н. А. Бернштейн рефлестердің доғамен емес, “рефлекс шеңбері” арқылы жасалатындығын ашып көрсетті. Бұл тұжырым-ның қазіргі кездегі нағыз ғылыми түсінік екенін тәжірибе дәлелдеп отыр.
Шартсыз рефлекстер мен шартты- рефлекстердің мәні жайын жалпы рефлекторлық теория тұрғысынан қарастырғанда, олардың өзіндік ерекшеліктерін атап көрскен кен ұтымды болмақ. Шартсыз рефлекстің мынадай ершеліктері бар: 1) Шартсыз рефлекс — тума; 2) шартсыз рефлекстер жұлында, ми бағанасында жасалады,
3) рефлекстің бұл түрі тума болғандықтан, тұрақты, 4) рефлекстің жасалуы үшін ешқандай шарттын қажеті жоқ (мысалы, тамақ ауызға түсісімен, сілекей пайда
86
болады). Ал шартты рефлекстер организмде жүре-бара, ми қабығында жасалады; ол уақытша; шартты рефлскстер жасалу үшін мида шартты және шартсыз екі түрлі тітіркендіргіш мезгіл жөнінен ұштасып, соның нәтижесінде уақытша жүйкелік байланыс орнауы қажет. Сондықтан шартты рефлекс жасалу үшін организмнің сырт-қы ортамен уакытша байланысы орнығып, атқаратын қызметіне орай ол сигналдық сипатта болады. Шартсыз рефлекс пен шартты рефлекстің жасалуы 16, 17, 18-суреттерде бейнеленген.
16-сурет. Шартты рефлекстін жасалу жолы.
I. Сілекей шығаратын шартсыз рефлекс, II. Жарықтын әсерімен мидағы көру орталығында қозудың пайда болуы. III Жарықпен (шартты тітіркендіргіш), тамақ-пен {шартсыз тітіркендіргіш) күшейту, мида бір мезгілде қозудың екі алабы пайда болады, IV. Шартты рефлекстің пайда болуы
17-сурет. Шартсыз сілекей бөліну рефлексінің сызбасы.
87
18-сурет. Шартты рефлектің жасалу сызбасы.
Осындай ерекшеліктеріне орай рефлекстің екі түрінің арасында ешкандай байланыс жоқ екен деген түсінік тумауы керек,
И. П. Павлов пен оның ғылыми қызметкерлерінің ұзақ жылдар бойы жүргізген тәжірибелері шартты рефлекстердің сыртқы жағдайдын өзгеруіне сәйкес және сол жағдайларға бейімделу нәтижесінде шартсыз рефлекстерге әуысып отыратындыгын дәлелдеп береді. Сөйтіп екі түрлі бұл рефлекстердің арасында өзара байланыс болып отыратыншдығын нақты мысалдармен анықталды. Шартты рефлекс-тердің жасалу негізінен организмнін сыртқы тітіркендіргіштерге әсерленіп, мидың белгілі алабында қозу процесінің пайда болуы және сол тітіркендіргіштін, қайталануы мен жүйкелік байланыстар нәтижесінде нығаяды. Мұны И Павлов ми қабығындағы уақытша жүйкелік байланыс деп атады Осындай байланысты зерттеу үшін жарық жағылып, итке тамақ берілген. Кейін бұл тәжірибс қайталанбаса да, ит сілекей шығара берген. Жеке алған да оған мүлдем қатыссыз, бейтарап тітіркендіргіш болып саналатын жарык. тамақпен бекіндірілу нәтижесінде үшін биологиялық маңызы бар тітіркендіргішке айналу отыр. Организмге қажетті осы тәрізді құбылыстарі білдіретін әр түрлі сыртқы тітіркендіргіштердің әсері- нен пайда болатын ми қабығының қызметі сигналдық қызмет деп аталады. Шартты рефлекстер табиғи жағдайда да, сыртқы ортаның өзгерген жағдайларына байланысты жасалады. Мысалы, жабайы аңдардың кейбірі адамды алғаш көргенде сескенбеуі мүмкін. Бірақ адам оларды ұстай бастаса, жануарлар өз мінез-құлқы өзгертеді, адамды керісімен тығылады, не қашуға тырысады. Демек, мұндай жағдайда жасалған рефлекс аи тіршілігі үшін өте пайдалы шартты рефлекс бодып табылады.
88
Бірінші және екінші сигнал жүйелері. Жоғары жүйке қызметіне жүргізілген ұзақ жылғы зерттеулерінде физиолог ғалым
И. П. Павлов мидың қызметінде екі түрлі жүйе болатындығын ашып көрсетті. “Сигналатын тілінде — “сигнум” — қазақша — белгі, а деген сөз. И. П, Павлов осы сигналдарды жүйке жүйесінің қызметіндегі ерекшеліктерді білдіретін шартты белгі ретінде алып қолданады да, оның табиғн .мән-жайын тәжірибелік зерттеулер арқылы түсіндіреді.
Мидын қызметінде екі сигналдық жүйе бар. Оның бірі заттармен бетпе-бет кездескенде тері, көз, кұлақ т.б мүшелер арқылы түйсіну, қабылдау, елестету. Бұл—сануарларға да, адамдарға да тән бірінші спгналдық жүйе. Жануарлар мен жәндіктер үшін айналадағы дыбыс, жарық толқьшдары, қысым, заттың химиялық құрамы, табиғи ортадары физикалық, химиялық сипаттар сигнал болалы. Бірінші сигнал жүйесі еңбек процесінің түрлерінде де маңызды орын алады. Сондай-ақ, ол — суретшінің, сазгер мен жазушының, ақын мен әртістің шығармашылық қиялының сыртқа шығуы үшін қажетті шарт. Тағылым мен тәрбие істерінде, оқыту процесшде көрнекілікті кеңінен пайдаланьш отырудын пснхология-негізі — осы бірінші сигналдык жүйе болып табылады Айналадағы болмыс пен шындық жайында дұрыс елес тудыру да бірінші сигнал жүйесінің қызметіне байланысты
Адамның әлеуметтік ортада тіршілік етіп, өзін қорғаған ортадан қажетті мәліметтер алып, елестерін, танымдық әрекеттерін неғұрлым тереңдете түсуінс мүмкініпілік тудыратын тағы бір жағдай бар, ол — екінші сигналдық жүйе. Сөз, сөйлеу және соның негізінде туатын уақытша байланыстар екінші сигналдык жүйсге жатады Сигталдың бұл түрі тек адам баласына ғана тән — бірінші сигналдық сигналы. Мұның мәнісі мынада адам өз сезім мүшелері арқылы таньш білгендерінің мазмұны мен түр-сипатын қабылдап қана қоймай, дыбысты тіл мен сөйлеу әрекеті нәтижссінде оларды айнытпай бейнелейді Ол шартсыз тітіркендіргіштерге сүйенбей-ак, дыбысты сөйлеу мен сөз арқылы уақытша жүйкелік байланыстар жасауға қабілетті. Мұндай ерекшеліктің болуы адамның жоғары жүйкелік әрекстінің жәндіктер мен жануарлар әрекетінен сапалық айырмасының бар екендігін дәлелдёйді. Дыбысты сөз бен сөйлеу әрекетіне сәйкес заттар мен құбылыстарды белгілеп қана қоймай, оньщ сипат-қасиеттерін ажыратуға да, аб-
89
стракциялауға да, дерексіздендіруге де адамның күші жетеді. Сөйтіп, сөз шартты тітіркендіргіштердің рөлін-атқарады. Ал жануарлар дүниесінде шартты рефленс биологиялық мәні зор бұрынғы бейтарап тітіркендіргі термен байланысуы қажет. Екінші сигналдық жүйені бірінші сигналдық жүйеден бөліп алуға болмайды. Олар бірімен-бірі өзара тығыз байланысты. Екінші снгнаық жүйе бірінші сигналдық жүйеге сүйеніп қызмст атқарады. Өйткені, адамның екінші сигналдык, жүйе арқылы алынған білімі шындықты дұрыс бейнелемеуі мүмкін
Біз жоғарыда бірінші сигналдық жүйенің жануаларға да, адамдарға да тән құбылыс екенін атап көрсеттік, Алайда, бірінші сигналдың, адам мен жануарлар бірдей болуы оның тек физиология-лық механизміне ғана байланысты. Дегенмен, бұл екі сигналдық жүйенін. асуы мен қалыптасуын танымдық рөлі жағынан қарас- тыратын болсақ, онда екеуінін, айырмашылығы бар, Бұл айырма-шылық адам өмірінде қоғамдық, әлеуметтік факторлардын басьш болуынан туындайды.
Динамикалық стереотип, Бұл гылыми физиологмлық терминнің мәнісі “динамикос” — қазақша —қозғалыс жағдайында болу, “стресс тупос” — қазакша —қатты таңба деген грек сөздерінен шыққан. Динамикалық стереотип белгілі тпіркендіргіштерді бір қалыппен ұзақ уақыт бойы қайталаи отыратын болса, ми қабығында
қозу мен тежелудің тқрақты, бір ізге түскен жүйелері қалыптасады. Соның салдарынан рефлекстердің бекіген жүйесін қайта жаңғыртып отыру көп күш жұмсауды талап етпейді, Мысалы, итке күрделі тітіркендіргіштердің жиынтығы ретінде бірінеше рефлекстер туғызылса (қоңырау, жарық, метроном т. б.) және олар жеткілікті түрде белгілі ретпен қайталанатын болса, кейін осы тітікендіргіш-тердің біреуімен ғана әсер етсе болды, ит бұрынғы жауап реакция-сын түгелдей қайта жаңғыртады. Осы секілді үнемі қайталанып отыратын тітіркендіргіштерге организмдердің төселуін және соның нәтижесінде ми қабығында қозу мен тежелу процесініц жасалуы
динамикалық стереотип деп атаймыз. Қозу мен тежелудің осындай бірқалыпты стереотиптсрі сыртқы ортадан келетін тітіркендіргіш-тердің бірсыдырғы тұрақталға жағдайында ғана жасалады. Динамикалық стереотмптер сыртқы ортаньщ өзгеруіне қарай жаңадан жасалып, ал сол ортаға сәйкес келмеген жағдайларда қантадан жаңғырып тұрады. Адамның әр алуан дағдылары мен әдет-
тері, мінез-құлкы бітістерінің бірқалыпты көріністер
90
осы динамикалық стсреотиптерден тұрады және адамның бірсыпыра писологиялық ерекшеліктерінін табиғи ғылыми негізін құрайды. Динамнкалық стереотипті тауып зертгеген — И. П. Павдов.
3. Иррадиация, концентрация жэне индукция —
жоғары жүйке қызметінің заңдылықтары
Жоғары жүйке қызметінің күрделі мәселелерін анықтаудағы аса қажетті шарттың бірі — иррадиация, концентрация және индукция заңдарының мазмүн мәністерін-ашьпі көрсету. Сырттан келген әсерлердің арқасында жүйке талшықтарында туған қозу мен өзінің тиісті орталығына жеткеннен кейін маңайындағы көршілес басқа орталықтарға тарап отырады Бұл — қозу мен тежелуде болатын құбылыс. Қозудың да, тежелудің де белгілі орталықтарда тұрақтап қалмай, көршілес орталықтарға таралуын (жайылуын) иррадиация деп атайды. Мәсслен бала ауыр жұмыс істейтін болса, қолының. ғана емес, бүкіл денесінің, тіпті бетінің де бұлшық еттері қатынасатынын байқаймыз. Бұл — иррадиацня заңының, нәтижесі
Біршама уакыттан соң, дағдылану аркасында әрекетке қажетсіз бұлшық еттердің қозғалысы тиылып, керекті бұлшық еттерді қимылдауға мәжбүр етсді. Міне, осындай процестер — концентрация занының құбылыстары. Концентрация заңы деп қозу болмаса, тсжелудің көршілес орталықтарда солғындап, мүлдсм сөніп,өздерінің іздеген орталықтарына орналасуын айтады. Басқаша атқанда, ол — қозу мен тежелудің ми қабығында бір жерге жинақталып, шоғырлануы.
Мн жарты шарларының қабығында жаңадан пайда болатьн қозу не тежелу алдымен жайылады да, содан кейін қайталану нәтижесін-де өз орталықтарына шоғырланып, жиыла бастайды. Жоғары жүйке қызметіндегі жайылу мен шоғырланудан өзгешс тағы бір заңдылық бар. Оны өзара иидукция заңы деп атаймыз, Егер де мн қабығының белгілі бір алабында қозу процссі туса, маңайындағы басқа орталықтарда тежелу пайда болады немесе бір орталықта тежелу басталса, басқа орталық қоса бастайды. Мұндай зандылықты өзара индукция дейді. Өзара пндукцияның екі түрі бар. Оның бірі — қозу не тежелу бір орталықта пайда болған кезде басқа ор-талықтарда, керісінше, тежелу не қозу туатын жагдай. Ми қызмсті-нің мұндай ерекшеліктерін бір мезгілдік ин-
91
дукция деп атайды. Екінші түрі — бір орталықтың де екі жүйкелік процесс — қозу мен тежелу тізбез бірінен соң бірі туатын кез. Бұл — бірізділік индукция делінеді. Иррадиация мен концентрация және индукция; зандылықтарының бейнесі мына төмендегі сызбалда неленіп көрсетілген.
Жоғары жүйке қызметінің заңдылықтары
а) Иррадиация және концечтрация заңы
қосу мен тежелудің Қосу мен тежелудің жапылуы жайылуы шоғырлануы
6} Өзара индукция заңы
Тежелу қосуды тудырады (оң индукция)
Қосу тежелуді тудырады (теріс индукция)
Бір мезгілдік индукция
Бірсізділік индукция
92
Екінші бөлімі
АДАМНЫҢ ДАРАЛЫҚ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ
СИПАТТАРЫ
VIIІ тарау. ТЕМПЕРАМЕНТ
§ 1. Темперамент туралы жалпы ұғым
Сыртқы бейнесі мен түр-тұлғасы жағынан адамдар біріне-бірі ұқсас болғанымен, мінез-құлқы, темперамент ерекшеліктері, қабілеті мен икемділігі жағынан олардың, әрқайсысының өзіндік даралық қасиеттері болады. Табиғатта жеке дара ерекшеліктерімен сипатталатын үш түрлі нәрсе бар. Оның бірі — бір түп ағаштағы 200000-жуык жапырақтың бедері жағынан бір-біріне ұқсамай, даралық өзгешелігімен көзге түсетіндігі; екіншісі— темпераменті, мінез-құлқы жағьшан бірдей екі адам болмайды; үшіншісі — дүние жүзіндегі 6 млрд. адамның әр-қайсысының саусақ бедері біріне-бірі
ұқсамайды. Осы деректер табиғаттағы кемелденіп жетілген ақыл-ой иесі адамның өзіндік қасиеті мен ерекшелігін білдіреді.
Әрбір кісінің жеке басына тән дара езгешеліктің бірі — осы темперамент. “Темперамент” сөзінің шығу тегіне тоқталар болсақ “красис” деген грек сөзін латынша-— темпераментум дейді. Мұйдай атаудың мәні нәрселерің не заттардың мөлшер шамаластығы деген түсінікті білдіреді. Бұл өзгешелік — ең алдымен, адамның эмоциялық сезіміндегі және жүріс-тұрысы мен қимыл-қозғалысындағы, сөйлеген сөзіндегі, өзге адамдармен қарым-қатынасындағы ерекшеліктері. Сөйтіп, біз темпераментті жүйке жүйесінің табиғи типтік қасиеттеріне елді, жеке адамға тән дара өзгешелік деп білеміз. Адамның мұндай өзгешелігшің сыр-сипатына зерттеуші-ғалымдар ерте замандарда-ақ айрықша мән берген. Адамның осындай өзгешелігінің мәнін ашуға алғаш көңіл аударып, еңбек жазған — ертедегі грек жұртының дәрігер-ғалымы Гиппократ (б. з. д. 460—356 жж.) болды. өз шәкірттерімен бірге органнзм өзгешеліктері денедегі "тіршілік шырындарына" байланысты деп санады. Яғни олардың пікірінше, денені жылытатын — қан, салкындататын — сөл, құрғататын өт, дымқылдандыратъш — ка-
ра, Бұлар бірімен-бірі белгілі бір пропорциялық қатынаста болады. Осы заттар қатынасынын, қай мөлшерде екендігіне қарай әрбір адамның өзіндік даралық өз-
93
гешелігі болады. Қанның пронорциялық мөлшері болса — сангвиник (латыпша — сангуис); сел көп болса — флегматик (грекше — флегма), өт көп болса холерик (грекше — холе) және күшті пропорция қара өтте болса — меланхолик — грекше — мелайнехоле қара өт) дсп төрт типке бөлген. Сол кезден бастап ғылымда темперамент атауы тұрақты орын алды.
§ 2. Темиерамент туралы ілімнің дамуы
Қазіргі кезде темпераменттің сангвиник, флегматик, холерик, меланхолик деп аталатын типтері туралы психологияда ерте замандардан бері қалыптасқан тарихи мәліметтср белгілі бір жүйегс кслтірілді. Гиппократт соң Римнің атақты дәрігері ғалым Гален (129—199) темпераменттің санын көбейтін, он үшке жеткізді. Ол темпсрамент түрлеріл Гнппократтан өзгеше, яғни оның фи-зиологпялық ерекшеліктеріне қоса, психологиялық, тіптен адамның адамгершілік қаснеттеріне қатысты сапалармен байланысты деп түсіндірді
Ал медицина ғылымының ерте замандағы өкілде. темперамент жайындағы ілімді ықшамдап, оиьщ бұры| ғы төрт тиліл сол күйінде қалдырды. XVIII ғасырда атақты неміс философы И. Кант (1724—1804) 1798 жылы жарық көрген “Антропология” деген еңбегінде пераменттіц төрт түріне сипаттама беріп, оларды тек психология-лык қасиеттер деп анықтады. Темперамент туралы ілім жаңа дәуір-ге дейін, негізінен, психологлық қасист деп саналып келді. Осы көзқараска сәйкес енді темперамент типтері жайындағы түсініктер-дің мазмұн-мәнісі де өзгере бастады. Темперамент түрлерін физиологиялық қана емес, психологиялық ерекшеліктері тұрғысы-нан қарастыруга баса мән берілетін болды. Бұл мәселеге келгенде
И. Канч сезім күйінің әрқилы болуымен бірге адам өз іс-әрекетінің белсенділік деңгейі арасындағы қатынастарға тәуелді болып отырады деген пікір айтты. Ал XIX ғасырдың соңында әйгілі неміс психологі В. Вундт темпераменттер адамның “жан дүние тебіреніс-терінің” күш- қуаты мен жылдамдығының арақатынастарына тәуеліі болады деп есептеді.
Мұндай пікірлер темперзмент тінітсріне түрліше сипаттама беріп, олардың түрлерін әркім өзінше анықтуға тырысты. Мәселен, Галеи темиераменттің төрт түрнің басқа да бірнеше түрі болады десе, өзге зерттеушілер алты, тіпті сегіз типі бодады деген пікірлер айтты-
91
И.Канттан басқа да бірсыпыра оқымыстылар темперамент ерекше-ліктерін адамның жеке басына тән мінез-құлық сипаттарынан бөліп қарастыра бастады. Алайда, пен адамнын даралық снпатгарын білдіретін психологяялық өзгешеліктерді анықтап көрсетудің нақтылы тіректері мен өлшемі ұзақ жылдар бойы айқындала қоймады.
Темперамент туралы ілімнің тарихын сез еткенде, оның типтерін түсіндіру барысында екі түрлі бағыттың тартысы болғандығын ескерген жөн. Оның бірі — неміс психологі Кречмер мен американ психологі Щелдонның темперамент типтері ішкі секреция бездері қызметінің арақатынасына байланысты болады деп санауы, ал екін-ші бағыт — И, П. Павловтың жүйке жүйесі типтерінің қызметі жайындағы ілімі. Бұл ілім темперамент типтері жайындағы түсінікті ғылыми тұрғыдан дәйектеп, сара жолға салды.
Темперамент жайындағы бұл зерттеулерден басқа неміс анатомы Гейне мен көрнекті орыс педагогі П. Ф. Лесгафттың (1837—1909) көзқарастарын да атап өткен жөн. Гейне темпераменттердің түрліше болуы жүйке жұйесінің тонусьша байланысты десе, орыстың антрополог ғалымы Зеланд мұндай әр түрлілік ми қабықшасындағы молекулярлык қозғалыстың жылдамдыгы мен біркелкілігіне байланысты дейді. Ал П. Ф. Лесгафт темпераменттер қан сауыттарының жуандығы мен кеңдігіне байланысты деген тұжырым айтады.
Темперзмент жайында арнайы сөз етіп, оның типтері мен түрлерін, адамның мінез-кұлқы мен әр алуан қимыл-әрекетіндегі көріністерін тәлім-тәрбие істерімен ұштастыра отырып іздестірген — қазақ халқынын. көрнекті жазушысы Жүсіпбек Аймауытов. Ол өзінің 1928-жылы Мәскеуде араб әрпімен басылып шыққан “Жан жүйесі және өнер таңдау” деген еңбегінде тек темперамент түр-лерінің ғана емес, жалпы психология ғылымының өзекті мәселе-лерін өз кезіндегі ғылымың деңгейінде қарастырып, өте құнды пікірлер айтты.
Темпераменттің физиологиялық негіздерін ғылыми тұрғыдан дәйектеп түсіндірген — академик Й. П. Павлов. Жүйке жүйесінің типтері ми қабығындағы қозу, тежелу процестерінің негізгі үш белгісі — қозу мен тежелудің күші, олардың тепе-теңдігі және қозғалғыштығы жиынтығынан құралады. Жүйке процестерінің күші ми қабығының жұмыс істеу қабілетіне немесе сыртқы ортаның тұрлі тітіркендіргіштеріне мидың өзімділігі жата-
95
ды.Ал жүйке процестерінің тепе-теңдігі қозу мен тежелудің бір-біріне теңдігіи көрсстеді. Жүйке процестерінің қозғалғыштығы деп козу мен тежелудің бір-біпімен алмаса алу қабілетін айтады. Міне, осындай принциптерге сүйене отырып, жүйке жүйесінің тнптері мен темперамент түрлері, олардың қасиет-сннаттары №1,2 кестелерде сызып көрсстілген
Темпераменттердің физиологиялык негіздері. Жоғарры жүйке
туралы ілім
Күшті
|
Әлсіз тип (мелохолик)
|
Күшті қозу тежелуі-нен басым(ұстамсыз тип)
|
Күшті қозу мен те-гежелуі тең (ширақ тип)
|
Күшті қозу мен те-желуі тең (баяу тип)
|
2 кесте
Темпераменттер мен жүйке жуйесі типтерінің өзара қатынас-
тары және темпераменттердің ұнамды, ұнамсыз жағы
Темепра-мент түр-лері (Гип-пократ тер-минология
сы бойын-ша)
|
Жүйке жүйесінің типтері (И.П Павлов тер-минология-сы бойынша)
|
жүйке процестерінің қозу,тежелу қасиет
|
Ұнамды жақтары
|
Ұнам-сыз жақтары
|
Күшті
|
Тепе-тең-дігі
|
Қозғалғыш-тығы
|
Холерик
|
ұстамсыз
|
Күш-ті
|
Тең емес қозуы теже-луінен басым
|
|
шапшаң белсенді
|
Ұстам-сыз,күй-гелек
|
Сацгвиник
|
ширақ тип
|
Күш-ті
|
тепе - тең
|
қозғал-ғыш
|
пысық, оқтайлы,
бейім-делгіш-
|
тұрақты
|
Флегматик
|
Баяу тип
|
Күш-ті
|
|
баяу қозға- лады
|
ұстамды сабырлы
|
баяу сыл быр
|
Меланхо
|
әлсіз тип
|
әлсіз
|
|
|
сезімтал
|
тұйық
|
Жоғары жүйке қызметінін. типтері мен темперамент туралы зерттеу жұмыстарын кенестік психолог мамандарБ.М.Теплов,
В. Д. Небылицын т. б. жалғастырды. И.П. Павлов зерттеулеріне сүйене отырьш, олар жүйке жүйесінің қызметтерін өте нәзік аспаптарды қолдана отырып қарастырды. Солардың нәтижесінде әрбір адамның даралық қасиетіне сай жүйке жүйесі қызметтерінің өзара тығыз байланысты болатындығы анықталды.
3 Жүйке жүйесінің ткптері және темперамент
Жүйке жүйесі типтерінің, негізінен, үш түрлі процеске байланыс-ты екендігі жоғарыда айтылып өтті. Енді осы типтердік әрқайсы-сына қыскаша сипаттама берелік.
Жүйке жүйесінің куші дегеніміз — оның клеткаларындағы физиологиялык заттардың қоры. Қлеткада қор мол болса, қозу мен тежелу процестері де-күшті, ал қор тапшы болса, әлсіз болады. Процестері теңдес болса, қозу мен тежелу де тепе-тең, ал шамалас болмай, екеуі екі дәрежеде болса, онда бірінен-бірі алшақ, тең емес болады. Ми қабығының бір бөлігіндегі қозуды сол бөліктегі тежелу, керісінше, тежелуді козу оңай ауыстырып отырса, онда жүйке жүйесі қозғалғыш, ал оңай ауыстырмай, керенаулап қалса, онда жүйке жүйесі енжар болады. Демек, жүйке жүйесіндегі қозу мен тежелу процесі тең емес, бірінен ~ бірі алшақ, Қозғалғыш болса, оны шы-дамсыз тип, ал күшті, теңдес болса, оны сергек тип дейміз. Күшті, тендес, енжар болса — тыныш тип, егер жүйкесі шыдамсыз, күшсіз болса, әлсіз тип делінеді.
И .П. Павловтьщ жануарлардыа жүйке жүйесінің физиологиялық негіздерін зерттей отырып анықктаған жайттары адамның да жүйке жүйесіне типтеріне негіз бола алады. Енді осы негіздерге сүйене отырып, “Темперамент деген не?” деген сұрауға жауап берейік.
Темперамент — адамның жалпы мінездемесі. Анық мінездеме жеке адамныңщ барльщ іс-әрекетінен көрініп тұрады. Жүйке жүйесі типтерінің сыр-сипаты темперамепт типтерімен бірдей. Мұның екеуі де дара адамның бойындары, өзгешеліктерін сипаттайды. Жүйке жүйесінің типі шыдамсыз болса — холерик, сергек болса — сангвик тыншы болса — флегматик, әлсіз болса — меланхолик болады. Жуйке жүйесінің типтері мен темперамент түрлері салыстырмалы түрде № 2 кестеде көрсетіл-
97
§ 4. Темперамент типтерінің сипаты
Психологияда жүйке жүйесінің белгілі типі адамның қылығынан, іс-әрекеті мен еңбегінен, оку әрекеті мен ойынынан, сөйлеген сөзі мен спортпен щұғылдану әрекетінен белгі беріп, меншікті дара өзгешелігін көрсеуі не байланысты сангвиник, холерик, флегматик, меланхолик деп төртке бөліп сипаттаймыз.
Сангвиниктің эмоциялық қозуы шапшаң, күшті, бірақ тұрақсыз. Көңіл-күйі әп-сәтте өзгереді. Ол — әсершіл адам. Ұнатқан, сүйген нәрсесіне елігіп әуестенуі де оңай, жеңсігінің басылуы да жылдам. Төңірегінде уақиғаларға, нәрсенің мән-жайына елең етіп, көнілде де, басқа нәрсеге ауып кетуі де тез. Көңілі көтеріңкі болып келеді. Ұзақ уақыт мұңайып жүрмейді. Бастаи кешкен сезім күйлері санасында елеулі із қалдырмай. Шапшан, да икемді, қозғалғыш та кызу, еті тірі, серіген. Сезім күйлерін сыртқы қимылдары әйгілеп тұрады. Кө-теріңкі, мәнерлі сөйлейді, мимика қимылы көп. Ақжарқын, ашық. Мұндай адам басқалармен жылдам жақсы дасады, бірақ қатынас-байланысында үстірттік болады қызықтырған іске бейімділігі, талабы, талпынуы көп, бірақ оп-оңай солғындап қала береді, бастаған ісіне тыңғылықты болмай, жұмысы аяқсыз қалады. Уәде береді бірақ оны орындай алмайды. Ойынға қызу қатысады,ойын процесінде рөлін өзгертіп отырады, өкпелеп қалу оңай, өкпелесе, жылап жібереді, алайда, ренжігенін лезде ұмытады, көзінің жасы кеппей-ақ, күле бастайды
Холериктің эмоцияға берілуі шапшаң. Сезім күйлі оқыс ауытқып, құмарта көтеріліп кететін шыдамсыз күйгелек кісі. Әп-сәтте қызып кетіп, күйіп-піседі. Ашуланса, бұрқ-сарқ етіп, қызу екпіні сарқылып барьш басылады, бастан кешкен сезімі санасында терең із қал-дырады, қимыл-қозғалысы шапшаң.. Икемсіз оқыс қылып тарына қарамастан, қызулы, жігерлі, пысық және іс-әркет атқаруға бейімді келеді. Жұмысқа құмарта беріліп екпінмен істейді, анық, әсерлі, мәнерлі сөйлейді. Сезім күйлері сөзінен, мимика, пантомикасынан білініп тұсды.
Холерик бала белсенді, батыл келеді, іске шапші кіріседі, бастаған іс-әрекетін аяқтап шырады. көп адам қатысқан ойындарға құмар. Өзі де ұйымдастырып, аяғына дейін белсене қатысады, шыдамсыз, күйгелек, лезде өкпелейді, әп-сәтте ашуланады және ашуын ұзақ сақтайды.
98
Меланхоликтін эмоциялық көтерілуі табйнды, күшті, болады, сыртқы көрінісі әлсіз келеді. Әр нәрседен ауыр әсер алады, олар бойын билеп, санасында терең із қалдырады, кеңіл-күйлері бір-қалыпты ұзақ сақта-мінезі баяу өзгереді, көңілі көбінесе жабырқау, кейде қайғылы да болады. Сыртқы жағдайдан үрейле-сескеніп тұрады, кедергі кездессе, уайымдап кажи түседі, кимыл-қозғалыс-тары ақырын, баяу болады. Мәнерсіз, ақырын сөйлейді, сезім күйлері сыртқы қимылдарынан көрінбейді. Өзі тұйық, жасқаншақ келеді, кісімен көп араласпайды. Іске бірден кірісіп кетпейді, егер кіріссе, іс-әрекетін толық аяқтап шығады.
' Меланхолик бала сыпайы, момақан, жасқаншақ келеді, біреу сұрақ қойса, қысылып, ұялып қалады, көңілденуі де, өкпелеп ренжуі де қиын, ренжіп қалса, көпке дейін ұмытпайды, ойынға бірден қосылып кетпейді, жатырқап тұрады, кешігіп барып қатысады, іске де бірден кіріспейді, бір бастап кетсе, ойынды да, жұмысты да аяқтап шығады.
Флегматик эмоциялық қозуы әлсіз болады, қызуланып желік-пейді, елеуреп ашуланбайды, көңіл-күйлері байсалды, орнықты қалпында ұзақ сақталады, баяу өзгереді, жарқырап қуануы да, жабырқап қайғыруы да қиын, аз қозғалады, сылбыр, керенау қимылдайды, сезім күйлерін дене қимылдары білдіріп тұрмайды, мимикасы, өзге қимылдары мәнерсіз. Бір сарынды монотонды сөй-лейді. Кісімен араласьш жақындасуда мардымсыз, іске ырғалып-жырғалып барып қіріседі. Іс-әрекетін байсалды, тиянақты орындайды, бастаған ісін қадағалап істейді аяқтап шығады.
Флегматик бала байсалды, баяу, орнықты болады. Кісіге үйірлігі аз, өзі ешкімге тиісіп, соқтығыспайды. Біреу жанжалға шақырса, есебін тауып жалтарып _кетеді, тыныштықты жақсы көреді. Көңіл көтеретін сауыққа да әуес емес, бөтен кісіге міндет артып өкпелемейді.
Әрбір жеке адамның темперамснтінде жалпы адамдарға ортақ, типтік бірсьшыра сипаттар болады. Сол сипаттарымен әр кісі темпераменттің белгілі бір типіне қосылады. Жоғарыда атап айтылғандай, таза темперамент типтері өмірде сирек кездеседі. Көп адамдарда бір типтің сипаттары басқа типтердің сипаттарына қосылып, араласып жүреді. Мәселен, холерикте меланхолик пен флегматиктін, сангвиникте холерик пен флегматиктің сипаттары аралас келуі мүмкін. Аралас типте холерик, сангвиник сипаты көп көрінсе, сангвиник дейміз. Алайдаг
99
темперамент типтерінщ аралас сипаттары түрліше жағдайда белгі береді. Тұрмыс жағдайында бір типтін, әрекет, еңбек процесінде басқа типтердің ерекшелігі сезіледі. Мұндай кылықты спортшы-лардан көруге болады. Кейбір боксер, футболистер стадионға келгенде, өзгеріп кетеді, Темпераменттің жайшылықта байқалмайтын жаңа сипаттарын көрсетеді.
§ 5. Темперамент типтерінің өзгеруі және адамның жеке
басының мінез-құлқындағы көрінісі,
оларды тәрбиелеу-
Жүйке жүйесінің типтері өзгеріп, дамиды Бұл жайты И, П. Павлов өз еңбектерінде ерекше атап айтқан болатын. Жүйке жүйесі іс-әрекетінің дамуы мсн өзгеру тек оның табиғи типтерік ғана билеумен шектеліп қоймай, организм тіршілігі өзгерістерінің бәріне дерлік әсер етеді. Жоғары жүйке қызметінде адамның шексіз-шетсіз жаңа байланыстар жасауға күшті қабілеті және пластикалық төзімді қасиеті болады.
Адам өмірінде жасалған уақытша байланыстарды тұрақты жүйесі оның қылывдна, Іс-әрекеттеріне күрдел өзгерістер енгізеді. Кісінің қоғамдык-әлеуметтік қөзқарастарының ұнамды қасиеттерін жетілдіріп дамытуынг әсер етеді. Жеке адамның даралық өзгешелігі болып саналатын мінезі уақытша байланыстар жүйесі бойынша қалыптасады. Осы орайда, біз темпераменттің жүйкке жүйесінің туа пайда болатын типтік қасиеті, ал мінездің адам бойында жүре пайда болатын психологиялык, ерекшелік екеніне көз жеткіземіз. Балалар мен шәкірттердін психикалық дамуында олардың мінез қырлары жетіліп, темперамент мінез құрамына қосылады.
Темперамент типтерін жақсы, жаман деп ажырату дұрыс емес, Өйткені, әрбір темпераменттің жарамды, жарамсыз және ұнамды, ұнамсыз сяпаттары болатындығына көз жеткіздік. Мәселен, ұстамсыз тип холерикт( шапшаң қимылдап, істі жігерлі атқаруға баулу флегматиктен оңай. Ал флегматикті салмақты, сабырлы болуға үйрету холерикті үйретуден жеңіл. Сангвиниктің сергек, қайырымды қаси еттері, флегматиктің асықпайтын салмақтылығы, холериктің жігерлілігі, меланхоликтің ұзақ сақталатын терең сезімі темперамент типтерінід аса бағалы сипаттары болып саналады.
Темперамент ерекшеліктерінің ұнащда қасиеттеріа
100
баланың бойында сіңіру үшін оларды жастайынан тәрбиелеп,мінез-құлықтарының жағымды қырларын қалыптастырьш отыру -ата-аналардың, ұстаздар мен тәрбиешілердің борышы және қоғам алдындағы жауапты міндеті. Соидай-ақ, тәлім-тәрбие істерінде балалар мен шәкітердің бойындағы темперамент типтермен хабардар болып, олардың даралық ерекшеліктерін ескерш отыру-лын да маңызы зор. ,
Баланың типтік сипатын жақсы білу үшш флегматикті жұмысын, сабақ кезендерінің басында қадағалаған жөн. Дер кезінде ескерілмей, назардан тыс қалған бала темпераментінің ұнамсыз жақтары кімге болса да опық жегізуі мүмкін .Мысалы, сангвиникті ісін бастаған кезінен бақылауға алу керек. Олай етпеген жағдайда ол ауытқып кетуі мүмкін. Бала сабақ үстінде, үзіліс кезінде тәртіпсіз қылық көрсететін болса, оның өзіндік даралық еремшелігіне орай әралуан әдіс-тәсілдермен ықпал ету тиімді болмақ. Меланхоликке мұндай жағдайда ұстаздың суық қабақпен бір қарағаны да жеткілікті. Ал холерикке байсалды үнмен қатан ескерту жасау, қажет болғанда оны қайталау да керек. Тәлім-тәрбие істерінін,
басты мақсаты — шәкірттердің темперамент типтерімен жете танысып, олардың ұнамды қасиеттері мен сапалы ерекшеліктерін дамытып отыру.
Тәлім-тәрбие, өмір тәжірибесі темперамент типтеріндегі кейбір қылықтарды дамытып, жағымсыз жақтарын тежеп отыруды талап етеді. Мысалы, холериктің күйгелек, ашуланғыш, құбылмалы оқыс қылықтарын, мазасыздығын, менмендік сипаттарын тежей отырып, оның алғырлығын оқу материалын ұғына білуге бағыт-таған абзал. Сангвиниктің жеңілтек, тиянақсыз, үстірт қылықтарын тәрбие арқылы өзгертіп, ұнамды сипатка айналдыру керек. Флегматиктің керенау, жалқау, салқын қылықтарын жүрек тебірентерлік өткір сезімге айналдыруға, сергімейтін мінезін және күнделікті тіршілігшен ғана шұғылданатын әрекетін өзгертіп, оны қоғамдык өрелі істермен айналысуға баулуға болады. Болмашы нәрсені ауыр алатын кінәмшіл, уайымшыл, тұйық кылықты меланхоликтің де қажырсыз, селкос мінезін өзгертіп, басқа типке жақындастыруға болады.
Темперамент типтерін тәрбиелеуді баланьщ ерік-жігерін, мінез бітімін, сезім-эмодияларын дамытумен ұшстыра жүргізген тиімді болмақ. Ерік-жігері күшті адамның ез темпераментін тәрбиелеп, ұнамды сипаттарын жетілдіруі оңай. Еркі күшті адамға темпераменттің
101
қандайы болса да жарасымды. Мәселен, нағыз холеик темпераментінің өкілі болған ұлы қолбасшы А В.Суворов — ерік жігерінің аса күштілігі нәтижесінде темперамент жетегінде кетпей, батылдық пен ерліктің керемет үлгісін көрсетіп, Отанының құрметіне бөленген жан
Совымен, темпераменттің адам психикасындағы мәнін жоғары бағалай отырып, оның адам бойындағы табиғи қасит — жүйке жүйесінің типтерімен байланыс екеніне көз жеткіздік. Дегенмен, темперамент адам пихологиясының бүкіл дерлік мазмұн-мәнін құрай алмады. Өмір-тіршілігінде адамның темперамент сипаттары өзгеріп, жаңа сапаларға ие болып отырады. Әрбір адамның темпераменті оның психикалық әрекетінің сыртқы көрінісінде із қалдырғанымен, ақыл-ойының, дүние танымының әдістеріне елеулі әсер ете алмайды, Өйткені темперперамент — адамның дара психологиясының өзіндік бір сипаты ғана.
ІХтарау. МІНЕЗ
§ 1- Мінез. Мінездің фенотиптігі, темпераменттің
генотиптігі
Әрбір адам басқа адамдардан өзінің даралық өзгешелігімен ерекшеленеді. Бұл орайда, адамдар мінез ерекшеліктерінде орай ажыратылады. “Мінез” деген психолиглық қасиеттің төркіні гректің “характер” дег( сөзінен шыққан. Мәнісі-із қалдыру. Психологияда бұл- дербестіқ; мағынасы бар адамға байланысты ұғым.
Мікез — әрбір адамның жеке басына тән езіндік псхологяялық қасиеттер мен ерекшеліктердің жиынтығы .Мінездің қасиеттері мен ерекшеліктері әркімде әрқилы жағдайда байқалып, адамның сол жағдайларға қатынасын білдіреді Мінез ерекшеліктері — адамның даралық өзіндік психикалық қасиеттері. Дегенмен, адам бойындағы ерекшеліктердің бәрі бірдей, мысалы, естудің нәзіктігі, көздің көргішті, есте сақтаудың шапшандығы, ақыл-ойдың тереңдігі мінез ерекшеліктеріне жатпады.
Адам мінезінің көріністері әрбір жеке жағдайда, оныі оқиғаларға қатысуынан аңғарылады Адамның іс-әрекеі сапасы сол іске деген қатынасымен қатар ерік-жігеріне көңіл-күйіне, зейініне, ақыл-ойына да байданысты болады.
102
Сонын нәтижесінде адамның әр алуан психикалық процестері оның іс-әрекет түрлеріне ықпал етіп, адамның ақыл-ойын, көңіл-күйін, эмоциясын, ерік-жігер қасиеттерінің ерекшеліктерін айқын аңғартады.
Адам мінезнің даралық ерекшелік екекдігін ғылым тарихында тұңгыш рет сипаттап жазған — ертедегі грек философы Теофраст (б. з. д. IV—III ғғ). Бірақ ол мінезді адамның адамгершілік сапасына тән қасиет дейді.Лабройер де (XVIII ғ.) “Теофраст мінездері” деген еңбегінде мінезді осы мағынада қолданған. Алғашқы кезде мінез адамның әлеуметтік-адамгершілік ерекшеліктерін білдірген. Бұл—әрине, темпераментке кері анықтама. Өйткені, темперамент — адамда туа пайда болатын генотипті организм қасиеті. Осы көзқарасқа орай, мінез —адамның туа пайда болатын фенотипті ерекшелігі.
XIX ғасырда француз ғалымы А. Бен мінезді тек психологиялық ерекшелік, дара адамның ақыл-ойы мен сезімнің және ерік ерекшеліктерінің қасиеті деп санады. Т Рибо мінезді сезім мен ерік ерекшелігі десе, ал орыс медигі әрі педагог П. Ф. Лесгафт ерік қасиеті деді.
И Кант (XVIII ғ.) мінезді темпераментпен салыстыра отырып, оны адамда жүре пайда болатын қасиет деп анықтады. Сондай-ақ, ол адамның даралық қасиеттеріндегі туа пайда болатын ерекшеліктер мен жүре пайда болатьш ерекшеліктерді бөліп көрсетеді. Т. Рибо мінезді адамда туа пайда болатын икемделу десе, ал Малапер, Фулье т б. мінездің туа пайда болумен қатар жүре пайда болатьш ерекшеліктері де бар дейді. Полан мінездің. барлық сипаттары адамның тіршілік жағдайымен байланысты деген пікір айтады- Сонымен, мінез жөніндегі осындай екі түрлі көзқарас қазірге дейін өзара талас-тартыс туғызып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |