Жоғары оку орны студенттеріне арналған оқу


§ 5. Адаптация, сенсибилизация, синестезия



бет7/10
Дата28.01.2018
өлшемі3,28 Mb.
#35628
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
§ 5. Адаптация, сенсибилизация, синестезия

 

Сезім мүшелерінің сезгіштігі әсер ететін тітіркендіргіштерге біртіндеп бейімделуіне қарай өзгеріп икемделеді. Бұл құбылысты адаптация дейді. “Адаптация” — латын сөзі, қазақша икемделу, бейімделу деген мағынаны білдіреді. Сезім мүшелерінің бейімделіп адаптациялануы түйсіктің кез-келген түрінде кездеседі. Мысалы, көру түйсігіндегі адаптацияны қарастырайық. Жарық жерден қараңғы үйге кіргенде көз қарашығы 17 есе ұлғаяды. Бұл — қарашықтан өтетін жарық мөлшері де 17- есе көбейеді деген сөз. Қараңғыда көздің көргіштігіне торлы қабықтың шетіне орналасқан таяқшалар күшті әсер етеді. Олардың әлсіз жарықты да сезгіштік қасиеті % мол. Мәселен, 30—40 минуттан кейін қараңғыдағы көру сезгіштігі 200 мың есе артады. Адаптация құбылысына шеткі жүйке жүйесімен бірге ми қабығы да қатысады. Адаптация тері түйсіктерінде де күшті байқалады. Осы-



135

ның салдарынан кейбір адамдар тітіркендіргіштерді түйсінбей дс қалады. Температуралық түйсіктердің адаптациясы мол. Мысалы, судың бірқалыпты салқындығына дене аз уақыт ішінде тез теселеді де, адамның терісі суыққа тітіркенбейтін болады-

Адаптацня иіс түйсіктерінде түрлі деңгейде көрінеді. Мәселен, камфараның исі 1—2 минуттан кейін сезілмей-тін болса, ал қыша мен нашатр спиртінің иісіне бейім делу тезірек болады. Ауырсыну туйсіктеріндегі адапта-ция өте әлсіз, ауырсыну организмнін қалыпты жу.мысы-ның бұзылғандығын, онын. биологиялык рөлін көрсетеді. Адаптация — үнемі өзгеріп отыратык сыртқы дүние ті-тіркендіргіштеріне талдағыштардын, қалай да бейімдс-ле алатындығын байқатады.

Сенсибилизация” — латын сөзі, казақша мағынасы — сезгіш. Егер адаптация құбылысы талдағыштар сезгіштігінін түрлі жағдайларға орай бәсеңдеуінің көрсеткіші болса, ал сенсибилизация — сезгіштіктің тек артуьш ғана көрсететін құбылыс Сезім мүшелерінің біреуікік әсершен басқаларының сезгіштігі артып отырады. Әлсіз тітіркендіргіштер өзімен бірге әсер етіп тұрған басқа тітіркендіргіштердің сезгіштігін арттырады. Мәселен, көзге түскен жарық мөлшері оның көру қабілетімен қатар, есту түйсігінің де сезімталдығын арттыруға себеп болады. Әдетте, қызыл түс адамның ақ, қара түстерді дұрыс ажыратуына жәрдемдеседі. Ұшқыштардын. түнгі ұшуға даярлану кезінде көздерінс 20—30 мннуг бойы қызыл көзілдірік киетіндері осыдан. Бірсыпыра пснхологиялық зерттеулерде адамның таза ауада жиі демалуы, жеңіл-желпі дене имылдарын жасауы, беті-қолын салқын сумен сүртінуі көру сезгіштігін арттыратындығы анықталған.

Синестезия”— грек сәзі. Қазақша мәнісі қосарласқан түйсік дегенді білдіреді. Тітіркендіргштср сезім мүшелерінің біреуінде ғана түйсік туғызудың орнына сол сәтте басқа түйсіктердің пайда болуына да жағдай жасайды. Мәселен, кейбір адамдар біреудің сезін естігенде, бұған қоса түрлі дәмдер мен түстерді де сезінуі мүмкін Сондай адамдардың бірі қызғылт түстен — жылылықты, екіншілері көгілдір жасыл түстен суыкты сезінсді. Түйсіктердің осылайша қосарланып жүруін синестезия дейді. Есту, көру, сипап сезу, иіс, дәм түйеіктерінде кездесіп отыратын осы кұбылыс өмірде онша жиі кездесе бермейді. Синестезия — түйсіктердің өзара байланысының шамадан тыс дамыған бір көрікісі.

136


Бір ізді бейнелер. Тітіркендіргіш әсерінің тоқтағанына қарамастан, түйсіктін аз ғана уақыт болса да өз күтінде қалатын кездерін бір ізді бейнелер деп атайды. Бұлар көру, есту, иіс, дәм, тактиль түйсіктерінде жиі кездеседі. Мәселен, адам 2—3 секунт бойы көз алмай, шамға карап отырып, содан кейін көзін жұмса, жарықтың ізін айқын көре алады. Бір ізді бейненің бұл түрі оң ізді бейнелер делінеді. Екі парақ ақ қағазды колға альш, бірін сол ақ күйінде қалдырып, екіншісінің ортасына шаршылап қиылған қызыл қағаз жапсырып қойып, бұдан соң қызыл қағаздан 20—30 секунттай көз алмай отырып, көзімізді ақ қағазға сәл аударсақ, онын бетінен көгілдір түсті көруге болады, Бұл — теріс бір ізді бейненің мысалы. Соңғы түс — алғашқы қызыл шаршының теріс бір ізді бейнесі, Бір ізді бейнелер көбіне адамға байқала бермейді, Себебі, мұндайда тітіркендіргіштің бір түрі екіншісімен жалғасып, ілесіп отырады. Оның байқалмауы — көздің тор қабығыяын. ылғи қозғалып тұруынан. Сондықтан адамныд көзі талмайды.Орталык жүйке жүйесінің жоғарғы бөліктерінде түрлі қозулардан қалған іздер бір ізді бейнелердіқ физиологиялык негізі болып саналады.

§ 6. ТүйсІктердің өзара байланысы мен дамуы

Түйсіктердің өзара байланысы ~- психофңзиологиялық зандылықтардың бір түрі. Белгілі бір тітіркендіргішті сезгіштің сол бойда сезіліп тұрған баска тітіркендіргіштерге тәуелділігін түйсіктердің өзара байланыеы дейді. Әдетте, сыртқы әсерлер талдағыштардың жеке түрімен ғана емес, өзара байланысты түрде түйсіну процееін тудырып отырады. Мысалы, тамак ішкенде адам-ның дәм,. тактильдык, температуралық, иіскеу талдағыштары бір мезгілде жұмыс істейді. Денеге бір нәрсе тисе, тактильдік, температуралық, кейде көру рецепторы қатьшасады. Түйсіктін бір түрінің басқаларьша әсер етуі ми орталықтарындағы қозудың үдеуіне байланысты.

Түйсіктердің өзара байланышн айқын елестетін жайт — түйсіну қарама-қарсылығы (контрастыры). Мысалы, әуелі тәтті кәмпит жеп, содан кейін ізінше алма жесеяіз, алма кышқыл дәмді болып түйсініледі; егер алманы бірден жесеңіз, ол тәп-тәтті көрінер еді. Қарама-қарсыға байланысты көршілес және бірімен-бірі жалғасып келетін түйсінулердін. айырмашылығы күшейеді.

137


Мұндай жайт нәрселердің қасиеттерін қабылдау үшін маңызды- Өйткені, түрлі тітіркендіргіштер бірінен-бірі оқшауланып әсер етсе, нәрселердің жеке қасиеттері анық түйсініледі.

Түйсіктердің дамуын өзге де психикалық процеетермен байланысты түрде қарастыра отырьш, оныц барлық психнкалық процестердін негізі болатындығын аңғарамыз. Талдағыштар неғұрлым жақсы қызмет атқарса, адам сыртқы ортадан соғұрлым анық хабарлар алып отырады. Белтілі дәрігер ғалым С. П. Боткин (1832— 1889) түйсік адамның өмірлік токусын белгілі дәрежеде сақтап отыратын процесс екендігін өзінің тәжірибелік зерттеулерінде айқыңдап берді.

Бала түйсіктерінің дамуы оның дүниеге келген күиінен басталады. Ол туғаннан кейін бірнеше күннен соң қант қосқан судан сүтті айыра алады. Оның аузына хинин ерітіндісін тамызса, ерітінді ыңғайсыз реакция тудырады. Осы жайттар балада дәм түйсігінің ерте көрінетіндігін байқатады. Баланың есту түйсігі біртіндеп дамыды. Үш айлық бала анасының еркелеткен даусын естіп көңілденеді, ал жекіріп қатты сөйлесе, ол кемсеңдеп жылайтын болады. 5 айлық бала алдымен заттын, түріне, біртіндеп онын көлеміне, одан соң бояуына көңіл аудара бастайды.

Түйсік түрлері адамның іс-әрекетіне, мамандығына, өмір тәжірибесіне байланысты айқын сипатталады.

Түйсіктерді тәрбиелеп жетілдіру адам талдағыштарының рөлін күшейтіп отыруға байланысты Медицина мен жол көлігі, авиация мен теңіз флоты, телеграф, телефон, музыкалык мамандықта бір сөзбен айтқанда, адам тіршілігшщ түгел дерлік салаларында сезім мүшелерінің қызметін дамытып отыру — түйсіктердің барынша нәзік, әрі өткір болып тәрбиеленуін қамтамасыз етеді. Сөйтіп, адамның сезім мүшелерінің жұмысын жоғары сатыға көтеріп, мәдениетін арттырады.

ХІІ-тарау. ҚАБЫЛДАУ

§ 1. Қабылдау және оның физиологяялық негізі

Адам түйсік аркылы заттар мен норселердің жеке қасиеттерін, мысалы, “салдымнан бір нәрсе жалт -етті”, “маған суық бір нәрсе жармасты” деген сияқты сапаларын білетін болса, ал қабылдау арқылы зат немесе құбылыстың тұтас бейнесін көреді. Мысалы: жарық, ой-

138

Онан жүрген сәби, кең бөлме, өсіп тұрған жеміс ағашы. Қабылдау — затты тұтас бейнелеуге бейімді процесс. Түйсікке қарағанда, қабылдау — шындықты бейнелеудің неғұрлым жоғары формасы.



Сонымен, қабылдау дегеніміз — заттар мен құбылыстардың өз қасиеттері және бөлшектері жяьштығымен қосылып, сезім мүше-леріне тікелей әсер етуі кезіндегі тұтас түрде бейнеленуі.

Қабылдаудың физиологиялық негізі — үлкен мн сыңарлары қабындағы күрделі шартты рефлекторлык байланыстар, олар сыртқы тітіркендіргіштерден келетін қозулардың бірігуі арқылы жүзеге асады. Қабылдауда бірнеше талдағыштардың үйлесімді іс-әрекеті организмнің тітіркендіргіштердің тұтас жиынтығына жауап беру реакциясы нәтижесінде бейнеленеді. Мысалы, біз раушан гүлі-нің бейнесш қабылдағанда, ед алдымен, оның әдемі түрін, тамаша түсін көреміз. Гүлдің жұпар исін иіскеп, жұтамыз, ұстап көріп, оның жапырақтарының нәзік те жұмсақ екенін сезінеміз. Осындай жеке түйсіктердің бәрі мидық қабығында қосыльш, біртұтас болып бірі-геді. Сөйтіп, біз бұл заттын раушан гүлі екенін білеміз. Бұл жерде ес продесі орын алады. Гүлдің исі бізді шаттандыръш, жақсы бір сезім тудырады. Ақырында қабылдауға ойлау процесі де қатысып, біз раушан гүлінің қай сортка жататыны туралы ойланып, өзімізше қарапайым қорытынды жасаймыз. Қай талдағыштың басым екендігіне байланысты көру, есту, иіс, дәм, сипап сезу және кимыл-қозғалыс, кинестетикалық қабылдау түрлері болып ажыратылады.



§ 2. Апперцепция жэне оныц қабылдаудағы рөлі

“Апперцепция”— латын сөзі, қазақша қабылдауға қосымша деген мағынаны білдіреді. Латынша “ап” — үстеме жұрнақ, “перцепцно”— қабылдау.Адамның психологиялық жәй-күйі мен оның өткендегі өмір тәжірибесінің мазмұнын қабылдауда мұның маңызы ерекше. Бұрынғы тәжірибелер жаңа нәрселерді қабылдауда танымдық өлшем қызметін атқарады.Апперцепцияның тұрақты және уақытша дейтін екі түрі бар. Тұрақты апперцепция адамныа қызыруы мен дүниетанымына, мамандығы мен білім деңгейіне байланысты болып отырады. Мысалы, “түбір” деген сөзді филолог пек биологтыа, математик пен химиктіқ қабылдауы түрліше. Уақытша апперцепция адамның әр түрлі алдануы (иллюзия) сал-

139

дарынан жансақ пікірлер туғызады “Иллюзия” — латын сөзі, мағынаеы — алдану. Алдануда қабылданған нәрселер мен заттар біріне-бірі сәйкес келмей, бұрмаланады Стақан ішіндеп суға қасықты салғандағы кескіннің кесінді болып көрінуі де — алданудың бір мысалы. Әдетте, қабылдау заты мен оның сезілген бейнесі өзара тепе-тең адекватты больш келеді. Алайда, көру арқылы қабылдауда алданулар болып тұрады. Мына төмендегі сызба-суреттерде заңдар алдануы, параллелограмм -дануы, кесінділер алдануы тәрізді басқа да түрлер көрсетілген.



Жүйке жүйесінің ауруға шалдығуына байланысты жалған, теріс, бұрмаланған бейнелер туады Осы орайда галлюцинация деп аталатын жағдай бар Бұл термин қиялдану, шатасу деген түсінікті білдіреді. Мұндай жайттар улы дәрілерді қолданған адамдарда, маскүнемдікке салынған кісілер мен нашарқорларда жиі кездеседі. Ондай адамдар жүйке жүйесінің ауруына ұшырау салдарынан әрбір нәрсені бұрмалап қабылдайды да, өзінен-өзі отырса да айқай-шу естиді, үстінде не кеуде-

26-сурег Параллелограмм алдануы АҒ және ҒД кесінді сызықтар мөлшері кандай?

*





27-сурет Зандар алдануы а дөңгелегі мен б, с дөнгелектері ортасын- дағы дөңгелектер қалай -бодып көрінеді?



28 сурет Түзу кеспіділер деп алдану (Мюліер Лиер иллозиясы). а б түзу кесщділерінің өзара шамасы қандай?

140


сінде бір нәрсе жорғалап бара жатқандай болады. Сондай-ақ жүйке жүйесі ауруына душар болғандарда шнзофрения не шизофрениктер деп аталатын қабылдаудың. айрықша бұрмаланған түрі де болады Әдетте, мұндай науқастардың көз алдына қауіпті адам елестеп, өмір-іне ол зиян келтіретіндей күй кешеді. Галлюцинация мен ши-зофрения ауруына ұшыраған адамдар жүріп келе жатып, шалшықты не ойдым жерге жиналған аз ғана суды көрсе, “мынау не деген шалқып жаткан көл еді, мен бұл судың арғы жағына жүзіп өтетін болдым” деп, киімдерін шешіне бастайды.. Қеле жатқан жолында көлденең жатқан ағаш шыбығын көріп, “мынау не деген жуан бө-рене (ұзын ағаш кесіндісі) еді, бұл бөренеден әрі қарай әрмелеп өтейін” деп, келе жатқан жолына етбетінен жата қалады... Алдану, галлюцинация, шизофрения — бұлардың бәрі қабылдау процесінің өз қалпынан ауытқуын көрсететін жалған көріністер.

§ 3. Қабылдаудың вегізгі ерекшеліктері

Сезімдік таным пдоцесі ретінде қабылдаудың езіне тән ерекшеліктері бар:

а) Қабылдаудың тұтастығы. Бұл қасиет бойынша заттар мен нәрселердің сыртқы түріне қарай. бөлшектеніп, ажыратылып тұрғанына қарамастан, оларды тұтас түрінде қабылдаймыз. Мысалы, кесінділер бір-бірінен бөлек тұрғанымен А, оларды ұшбұрыш деп білеміз. Немесе Мәриям Жагорқызының “Дударай> әнінен үзінді еститін болсақ та, сол әннін, мазмұнын толық қабылдаймыз.

ә) Қабылдаудың мағыналылығы. Қабылданған объект тұтас болады, оның мән-жайы сөзбен беріледі, мазмұны тұжырымдалады. Қабылдау мағынасының қарапайым түрі — тану Тану жалпылап тану немесе талғаусыз тану және даралық тану болып бөлінеді. Жалпылап тануда нәрселердің жай-жапсары терең біліне бермейді, ал даралап тануда заттар мен құбылыстарды білу анық толық түрде болады. Мысалы, адам көп кимнің ішінен өз киімін таниды, немесе көп адам ішінен өзіне таныс кісіні ажырата алады. Сондай-ақ, сәбн де бірнеше адамның ішінен өзінің ата-анасын, жақын туыстарын тани алады.

б) Қабылдаудың таңдамалылығы толып жатқан объектілердің бірін тандап алудан керінеді. Мұның мәнісі әрбір нәрсенің сапасын, қасиетін қабылдау болып табы-

141


лады. Қабылдаудын таңдамалы болуындағы тағы бір ерекшелік —заттың сыртқы түрін қабылдауда хабарлаушы мәнінің болуы. Мұны контур деп атайды. Бұл заттың кескіні (фигурасы) мен фонын қабылдау аралығындағы ажырату ерекшелігі. Мысалы, мұғалім кластағы оқушылармен жұмыс істейді. Жақсы жауап бері оқушы фигура, ал қалғандары оның фоны болып есептеледі. Қабылдаудың тандамалылық ерекшелігінде зейін сияқты сананың бір нәрсеге бағытталуы және адамның сол нәрсеге қызығып зер салуы, ынталанып, таньш-білуге ұмтылуы айрықша рөл атқарады.

Қабылдаудың таңдамалылығында объективті {заттың өзіндік ерекшеліктері), субъективтілік (адамның сол нәрсеге қызығуы мен ықылас-ынтасъш аударуы) жағдайлары да ерекше маңызды. Бұл орайда,обьектілерді қабылдаудың екі жақты көріну дейтін түрінің мәні зор. Мысалы, ваза мен адам профилі, қоян мен үйрек балапанының суреттері бар көріністер. Бұл суретерде {№№ 29, а, ә, 30 а, ә, б) кескін мен фон жаксы ажыратылады.

в) Қабылдаудың тұрақтылығы (константтығы).

Сырткы жағдайдың езгеруіне қарамастан, заттар сол





29-сурет. Екіжақты көріну. А. Қоян және үйрек Ә. Профнль және .



30-сурет Ә Келіншек-

А. Қелшшек, Кемпір Б.Кемпір

142

кйінде, өз қалпында қабылданады. Мысалы, телеграф бағаналары, үлкен зал ішіндегі колонналардың жақын тұрғаны биік, алыстағысы кіші болып көрінеді. Бірақ, біз олардың бәрінін. бірдей екендігін біліп, дұрыс қабылдаймыз. Темір жол рельсі ұзақтаған сайын бірігіп истетін сияқты. Мұндай жағдайда алыс пен жақын арасы сол күйінде бір қалыпты болып қабылданады. Балалардың қабылдау тұрақтығы 2—4 жас арасында қалыптасады.



Заттар мен нәрселерді қабылдаудағы тұрақтылық адамның өмір тәжірибесіне байланысты болып отырады. Әрбір зат сөзбен, өз атауларымен атальш, сана мен ойлау процестері байланысып жатады. Қабылдауда ес процесі де шешуші рөл атқарьш, бұрынғы қабылданған - нерселердің бейнесі қайта жаңғырады. Тәжірибе мен көріп білген нәрселер өзара ұштасып, әсерленген бейнелер туын-дайды.

§ 4. Бақылау және бақылампаздық

Бақылау не байқау дегеніміз — белгілі мақсат қойып, объектіні әдейі қабылдау. Көріп кана қою жеткіліксіз, затты білу үшін көзқарас, пікір керек. Бақылау — әрі жүйелі, әрі мақсатты процесс, арнайы жүргізілетін әрекет. Ой жүгірту, зейін қою — бақылаудағы негізгі әрекеттер. Ұлы физиолог ғалым И. П. Павлов бақылауға ерекше мән беріп, лабораторнясының маңдайшасына бақылау” деген сөзді үш қайтара жазып қойған.

Бақылампаздық — адамдағы ерекше бір пайдалы қасиет. Бұл бойынша көпшілік көрмеген нәрсені, сапаны, ерекшеліктерді бақылап, оларды ажыратып отырады. Қазақ халқының өмір тіршілігінде бақылампаздықты дәріптейтін мысалдар көп.

а) Ы. Алтынсариннің “Үш жолаушы” деген әңгімесінде түйесін жоғалтқан адам үш жолаушыға қарсы кездесіп алып, жоғалған малын із-деп келе жатқанын айтады. Жолаушылар малдың ақ-сақтығын, бір көзінің соқырлығын және құйрығы шолақ екендігін айтып береді... Мұндай бақылампаздық жолаушылардың шаруа, өмір тәжірибесі мол адамдар екенін білдіреді. ә) Мал бағып тіршілік еткен қазақ жұрты әрбір мал түлігінін, мінез-құлқы мен қылығын, ауа райы мен жер жағдайына бейімделіп тіршілік етуін жақсы білген. Осы орайда, қазақтар жоғалған малдың ізіне түсіп іздестіріп тауып алатын болған. Бұл ретте, олар мал қай күні жоғалды, сол күні ауа райы қандай болған еді

143

деген мәселелерге ерекше мән берген. Өйткені, уақ мал (қой-ешкі) желді, жаңбырлы, суық күндері ықтап кетеді де, ал жылқы керісінше желдеп кетеді. Осындай жайттардан жақсы хабардар жандар жоғалған түліктің қайсысын қайдан, қалай іздеу керектігін де анық білетін болған. б) Сыр бойының жұртшылығына танымал Қыпшақбай деген қария ошақта кешке жағылған от пен оның сенген шоғына қарап, ертеңгі күнгі ауа райының қандай болатынын тура айтқан. Сондай-ақ, қыс кездері мен жаз айларындағы ауа райын салыстырып, жаңбырлы, қарлы және кұрғақшылық болатын күндерді анық болжаған. Өмірде мұндай мысалдар көп. Малдың мінез-құлқы да ауа райының қандай болатындығын білдіретіндігі елге ерте заманнан-ақ белгілі-



Бакылаудың физиологиялық негізі — “Бұл не?” деген таңдану рефлексі. Мысалы, Аветралиядағы абориген тайпасының адамдары шөл даладағы мың-сан “белгілерді” қатесіз оқи алады (ізшілдік, құпия сырларды ашу, адамның ізіне қарап салмағын, бойын білу). Сондай-ақ, ұстаздар мен тәрбиешілердің, шеберлер мен тә-лімгерлердің оқыту, тәлім-тәрбие істерінде үнемі бақылау жүргізіп, шәкірттердің психикалық дамуын белгілі жүйелілікпен байқап отыруы да— өз жұмыстарында табысқа жетудің кепілі. Бақылау белгілі бір заттар мен құбылыстарды жүйелі түрде қабылдау әрекеті болып саналса, бақылампаздық —- адамның жеке басына тән, та-нып білуге қызығу мен кұмарту қасиеті болып есептеледі. Кабылдау — түйсікке қарағанда күрделі процесс. Бұл процесте бірнеше талдашштар. бірлесіп жұмыс атқарады. Жүйелі, мақсатты бақылау — кез-келген жұмыста табысты болудың, шарты.

§ 5. Кеңістік пен уақытты қабылдау

Матеряалистік ілім материя мен болмыстың өмір сүруінің екі түрлі формасы бар деп санайды. Олар — кеңістік пен уақыт. Бұл формалар шексіз. Уакыт пен кеңістікті түйсіну адамның тіршілік етуіне қолайлы жағдай жасап, дұрыс бағдар көрсетеді. Сол арқылы адам өз түсінігінен тысқары объективті болмысты бейнелегенде оның өмір сүрген ортасы жайында қажетті мәліметтерді біліп, тіршілік ету жағдайына бейімделеді.

Қеңістіктегі объектілерді кабылдау — күрделі процесс. Дүниедегі заттардың барлығы кеңістікте орналасқан. Олардың әрқайсысының белгілі түр-тұрпаты бар:

144

ұзын—қысқа, енді — енсіз, биік — аласа, үлкен — кіші т б .Олар бізден түрлі қашықтықта орйаласқан. Кеңістіктегі заттардың көлемін екі көзбен, яғни бинокулярлық көрудің маңызы зор. Бір көзбен керу монокулярлық нәрселердің терендігі жөнінде дәл мағлұмат береалмайды, Бннокулярлық көруде екі көзге түсетін кескін қосылып, нәрсенің бедері айқын сезіліп, бір ^ескінге ай-налады. Оеылайша көріп, кабылдауда заттар тутасып, олардын қашықтығы, қоршауы, шамасы, түр-түсі, рельефбедері әртарапты байқалып, анық көруге мүмкіидік туады,

Қашықтык пен заттар көлемін қабылдауда көздің конвергенция-сы (жақындауы), яғни екі көзбен көретін затқа бір көздей болып әрекет етуі қажет. Бұл жақын жердегі нәрселерді ажыратудан байқалады. Ал алыстағы нәрселерге қарағанда олардың екіге бөлініп кетуін дивергенция дейді. Қөздің түрліше қашықтықтағы заттарды көруге бейімделу қабілеттілігін аккомадация (кез үйрену) дел атайды. Қашықтықтағы нәрселерді қабылдау адамның өмір тәжірибесімен байланысты. Кеңістікті қабылдау жас кезден басталады. Бұл ретте, орман ішінде өскен бала мен кең далада өскен баланың кекістікті қабылдауы түрліше болып келеді.

Заттың бағытын қабылдау көздің торлы қабығындағы сәулелену-мен қатар дене қозғалысының жағдайына да байланысты. Адам заттардың бағытын тік тұрып не отырып, көлбеу жағдайда ғана дұрыс қабылдайды. Қеңістікті дұрыс қабылдаудың көлік жүргізуші-лер, ұшқыштар мен ғаркшкерлер, суретшілер мен әскери қызметкер-лер, дәлдік аппараттар жасайтын мамандар үшін маңызы зор.

Уақыт та — материяның өмір сүруінің объективті шындық формасы. Дүниедегі материя мен заттардың бәрі де кеңіетік пен уақыт ішінде қозғалыста болады. Уақытты қабылдау бірнеше компоненттерден тұрады, Уақыт құбылыстың белгілі бір ырғағымен өтеді. Уақыт қарқын арқылы өлшенеді. Қарқын — құбылыстардың бірізді тездігінің не баяулышның көрсеткіші.

Уақытты қабылдауда субъективтік мезеттер ерекше орын алады. Өткен шақ жылдам, қысқа мерзімде өткен сияқты. Оны дәуір, кезең, ғасыр, жылдармен өлшейді. Соған орай өткен уақиғалар көмескі болып қабылданады. Осы шақ та ғасыр, жыл, ай, күн, сағатпеи өлшенеді. Бұл нақтылы ізбен қабыдданады- Өткен шақтын тез

145

өтуі, келер шақтық ұзак болып көрінуі субъективтік жағдайларға байланысты. Уакыт кызықты болса, те өтеді, қызықсыз болса, ұзаққа созылады.



§ 6, Қабылдаудағы типтік айырмашылықтар

Қабылдау барлық адамдарда бірдей бола берменді Мұнда топ адамдарға тән типтік айырмашылықтар да бар. Француз психологі А. Бине адамдардың қабылдауын арнайы зерттеп, оның типтік сипатта болатыны әдейі жүргізген тәжірибелер арқылы көрсетеді. Мысалы, біреулер өзі тартқан шылымына қарап отырып оның түрін, сипат-ерекшелігік тәптіштеп айтьш береді Ал екінші біреулер шылым туралы көрген-білгенін әнгіме етеді. А. Биненің зерттеуі бойынша, алғашқылары баяндау типі, екіншілері — түсіндіруші тип.

Қабылдауда қабылданған нәрселердің қасиет-сипаттарына, ұсақ-түйектеріне мән бермеу сияқты біріктіруші (синтездік) және заттардың ұсақ-түйегінен шыға алмау тәрізді талдаушы типтер де кездеседі. Халық даналығында бұл типтер —“Көрмес түйені де көрме”, “Түймедей нәрсені түйедей етіп көрсету” дегендей анықтамаларға ие. Икемді тип — талдағыштық-біріктіруші тип. Қабылдаудағы объективтік және субъективтік типтер де өмірде кездесе береді.

§ 7, Балаларда қабылдаудың дамуы мен калыптасуы

Баланың қабылдауы түйсіну, ойлау процестерімен қатар дамып, қабылдаған нәрселердін атын, мәнін біліп отырады. Бұл — қабылдау процесінің дамуы. Мектеп жасына дейінгі баланың өмір тәжірибесі аз болғандықтан, қабылдауы үстірт болады. Мысалы, 4—5 жасар бала уақыт пен кеңістікті, алыс-қашықтықты нашар ажы-ратады, Балалардың жүйелі қабылдауы тәлім-тәрбие ;мен жеке пәндерді оқытып үйрету нәтижесінде ғылыми тұрғыдан дамып өрістейді.

Балалар кабылдауының күрделене түсуі оның бақылағыштығы-мен тығыз ұштасып жатады. Байқаудын. арапайым түрі 1-сынып оқушыларында да бар. Мысалы, олар қоңыздың мұртшасы, көзі, табаны бар деп көргендерін тізбелеп айтады.

Шәкірттердің қабылдау процесін дамыту үшін белгілі талаитар мен шарттар мектепте бірізділікпен жүйелі түрде жүргізіліп отырылуы қажет және ондай талаптар-

146

дын, мақсат-міндеті — шәкірттердің танымдық -терін неғұрлым жетілдіре түсу болуы шарт. Осы бағдар бойынша мынадай мәселелер қамтылуы тиіс:



1. Көрнекі кұралдарды қолдану (модельдер, суреттер мен кестелер, коллекциялар мен муляждар, сызбалар т. б-).

2. Қабылданған нәрселердің мән-жайын, жалпы, ерекше қасиеттерін түсінуді дамытып отыру. Әдебиеттегі жеке кейіпкерлер-дің мінез-құлқы мен іс-әрекетінің дұрыс ұғынылып, дұрыс қабылдануын бағдарлау.

3 .Қабылданған нәрселерді салыстырып отыру. Осы әдістің білімдік-тәрбиелік мәнін толық пайдалану.

4. Қабылданған нәрселердің мән-мазмұнын, түр-сипатын өздеріне қайталап айтқызу. Бұлдыр еместігін анықтап, толықтырып отыру,

5. Оқушылардың байқағыштық қасиеттерін жетілдіріп отыру. Ауызекі сөзі мен көргендеріне бағыт беру. Дұрыс қабылдауға әдеттендіру-

Қабылдау процесін дамытып, қалыптастырып отыру басқа да психикалық процестермен (ойлану, сөйлеу, есте сақтау, сезім-эмоциялармек) тығыз ұштастырылъш, жалпы, баланын дүннетаным шеңберін кеңейтІп отыруды талап етеді. Қабылдау түйсікпен салыстырғанда, әлдеқайда күрделі және ол адамның дүниені танып білу саласындағы тікелей таным процесіне жатады. Баланың дүниетанымын дамытып, оны үнемі өрістетіп отыру әрбір пән мұғалімі мен тәрбиешілердің, ата-аналардың жалықпай жұмыс істеп, ұстаздық ісін барынша шыңдай берулерін қажет етеді. Ұлы Абайдың “Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға” дегені осыны білдіреді.

ХІІІтарау. ОЙЛАУ

§ I. Ойлаудың адам дүниетанымындат маңызы

Адамның өз өмір-тіршілігі мен күнделікті іс-әрекетінде әр алуан мәселелерді шешіп отыруына тура келеді. Осындай мәселелер мен күрделі істерді шешу жолында кездесіп отыратын қиыншылықтар коршаған ортамызда бізге әлі де беймәлім құбылыстар мен сыры: ашылмаған нәрселердің көп екендігін көрсетеді, Соған орай, біз дүниенің сыр-сипатын ұғьшу үшін заттар мен кұбылыстардың өзара қатынастарыньщ құпиясын тереңірек білуді, оларды ашып керсетуді мақсат етеміз. Мінеэ осындай мақсат-мүлделерге жету жолында әрбір



147

адам өзіяің іс-әрекетінде заттар мен құбылыстардың белгісіз қасиеттерін, ерекшеліктерін кездестіріп отырады, өзінің бұрынғы тәжірибесі мен білімінің, шама-шарқының жеткіліксіздігін аңғарады. Өйткені, әлем шексіз, соған орай дүниені таньш білу де шексіз. Адамның ойы сол шексіз әлемдеғі нәрселердің сырын, құпиясын білуге бағытталады. Әрбір адам ойданып-толғанғанда өзіне беймәлім нәрселердің сырын ашып, жаңалықты біледі. Мысалы, оқушы оқу материалының мәнін түсініп, есеп шығаратын болса, мұның өзі оған жаңалық ашқандай болып көрінеді-

Сонымен, ойлау дегеніміз ~ әлеуметтік жағдаймен ұштаскан, тілмен тығыз байланысты психикалық процесс, сол арқылы болмыстың дүниедегі нәрселердік жалпы және жанама бейнеленуі. Бұл бейнелену адам ойынын, талдау және біріктіру әрекеттері арқылы танылады. Бір сөзбен айтканда, ойлау — сыртқы дүниедегі болмыстың жалпы жанама жолмен біздің санамыздағы ең биік сатыдағы бейнесі. Ойлау адамның өмір тәжірнбесі мен практикалық іс-әрекеттері нәтижесінде пайда болып, тікелей сезім процесінің шеңберінек әлдеқайда асып түседі.

§ 2. Ойлаудын сезімдік таныммен жәие тілмен байланысы

Дүниетану тікелей сезімдік процестер — түйсіку, қабылдау, пайымдаудан басталып, одан әрі ойлануға қарай өрбиді. Таным процестерінің барлығы да тікелей сезімдік процестер — түйсіну, қабылдау, елестетумен байланысты. Елес — заттардың нақты бейнесін көз алдымызға келтіретін тікелей таным процесі — сезімдік танымнан абстрактылы ойға көшу аралығындағы көпір сияқты. Адамдардың сыртқы дүниені танып білуінің шындығы және оның санамызда бейнеленуінің теңдігі мен ақиқаттығы тәжірибе, сондай-ақ, адамдардың табиғат пен қоғамға ықпал етіп, оларды өзгерту жолындағы іс-әрекеттерінің нәтижелері арқылы тексеріліп отырады.

Тікелей сезімдік процестер барысында адам нәрселер мен құбылыстардың дара қасиеттеірін, сол қасиеттердің жиынтығы арқылы нәрседердің тұтастығын бейнелейді, көз алдында жоқ заттың да бейнесін елестеді. Дегенмен, адам тікелей сезім арқылы танып білген нәрселердің белгі-қасиеттері мен мән-жайына терең бойлап, жете танып біле алмайды. Мұндай ерекшеліктерді білу

148


тек ойлау және де затгар мен құбылыетардың өзара байланыстарын, бір тектес нәрселердің жалпылық белгілерін дерексіздендіру арқылы жанама жолмен жүзеге асырылады Мысалы, заттардың, әсер еткен нәрселердіа “ылылығын, оның температурасын тек жанама әдіспен, термометр арқылы ғана анықтауға болады ' Ал ондай жылылықты тері түйсігі арқылы не қолмен сипап анықтау оңайға түспейді.

Ойлау арқылы танып білу тікелей сезімдік процестерге негіз-делгенімен, олардың көптеген ерекшеліктерін тікелей сезім арқылы тану мүмкін емсс және олардың мән-жайы айқын бейнеленбейді Мысалы, осы заманғы физика ғылымдағы аса күрделі проблемалар-дың бірі —өте ұсақ қарапайым бөлшектер жайындағы теория. Мұндай өте майда типті, жай көзге көрінбейірін бөлшектерді микроскоппен де көре қою қиын. Біз осы бөліктерді тек ойлау арқылы ғана пайымдап білеміз. Абстрактылы дерексіз және жанама ойлану нәтижесінде сондай өте ұсақ бөліктердің бар екендігіне көз жеткіземіз, олардың өзіндік қасиетгері болатындығын аңғарамыз.

Сөйтін, тікелей таным процесі арқылы танып білуге болмайтын нәрселерді ойлау аркылы біле аламыз. Ойлаудың өрісі кең. Түйсіну арқылы қозғалыс жылдамдығын қамту мүмкін емес, Мысалы, бір секуктте 300 000 км шапшаңдыкпен таралатын жарык қозғалысын туйсіну арқылы қамту мүмкін болмаса да, ой аркылы пайымдап түсінуге болады. Біз 1 секунтта 50 000 км шапшандықпен ұшатын планетааралык, ғарыш кемесін ойлау арқылы түсіне аламыз, өйткені, ол жарык жылдамдығынан 6 есе кем, Ал мұндай шапшаңдықты, әрине, елестету арқылы білу мүмкін емес. Әрбір адамның шындық-ты танып білуі тікелей сезім мен ойлау арқылы бір-біріне ауысъш, өзара байланысты түрде адам танымын толықтырып отырады. Осы ретте де біз ойлаудың нақты нәрседен абстрактылы нәрсеге ауыс-қанда ақиқаттан алыстамай, қайта оған жақындай түсетінін аңғарамыз. Сөйтіп, нақты пайымдаудан абстрактылы ойлауға, одан тәжірибеге көшіп отыру ақиқатты танып білудің диалектикалық жолы болып табылады-

Ойлау мен сөйлеу, Адамның ойлану әрекеті тікелей сезімдік таным процестерімен ғана емес, тілмен де, сөйлеумен де тығыз- байланысты, Міне, осындай ерекшелік адам психикасыныа жануар-лар психикасынан сапалық өзгешедігін көрсетеді. Жануарлардың қарапайым ойы

149


нақтылы әрекетке байланысты, ол жанама, абстракты ой бола алмайды.

Адам сөйлеу, дыбысты тіл нәтижесінде нәрселер мен кұбылыс-тардың мәнді, тұрақты белгіерін ой арқылы бейнелей алады. Бұл ретте,-тіл адам ойының заттық қабыршағы болып табылады. Адамның ойы әрбір нәрсенің сипаты мен қасиеттерін сөз арқылы ажыратъш көрсете алады Сөйтіп, заттар мен құбылыстарды әртарап-ты танып білуге мүмкіндік туады.

Адам тілдік материалдар негізінде ойлаиады Өз ой-пікірлерінің жүйесің нәрселер жайьшдағы нақты түсініктерін жасайды. Әрбір ойдың ақиқаттығы ой талқысы арқылы қарастырылады. Адам ойының жүйелі больш, оның нәрселердің мәнін тусініп білуі сөйлеу арқылы жүзеге асыпөвзгелерге жеткізіледі. Адамның ойы тілмек, анық сөйлеумен тығыз байланысты және ойлау ош тілдік материал арқылы өзінің шындығы мен ақикаттығын бейнелей алады.

Ойлаудың қогамдық мәні. Ойлаудың тілмен тығыз байланысты болуы және оның қоғамдық мәні адам ойлауы дамуының қоғамдык-тарихи сипатта болатындығын көрсетеді. Адамның дүниетанымы, білімі және өмір тәжірибесінен жинақтаған мағлұматтары ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып ауысьш отырады. Бұл — тарихи фактор. Адам ақыл-ойының дамып жетілуі мен білімішк өсуі әрбір ұрпақ жасаған білім қорын меңгеріп, оларды әлеуметтік өмір қажеттіліктерін қанағаттандырып отыруға пайдаланылады. Сөйтіп, тарихи даму адам баласының қоғам өміріндегі карым-қатынасын нығайтады.

§ 3. Ойлау процесініц психологиялық және логикалық

астарлары

Адамның дүниетанымы қоғамдық-тарихи даму нәтижесінде өрістейді. Ол табиғатқа әсер етіп, қоғамды өзінің белсенді әрекетімен байытады. Сөйтіп, адамзаттың ғылыми білімі дамьш, белгілі бір жүйеге түседі. Басқаша айтқанда, адамдардың танып білу процесінде тіл арқылы жинақталып қорытылған білімі мен оның нәтижелері жүйеленіп, ғылым салаларына бөлінеді. Мысалы: физика, химия, биология, тарих, социология, психологчя т. б. Танымдық процестердід осы тарихи дамуы және олардың ғылым жүйелеріне жіктеліп бөлінуі дүниетану теориясын немесе гносеологияны кұрайды. Гносеология — философия мен логиканың дүниетану теориясын

150

құрайтын құрамдас бөлігі, таиып білудін тсориялық негізі



Таным теориясы — гносеология — философиялық пән Ол дүниетанудыц жалпы заңдылықтарын зерттейді.Адамзат тарихының дамуында қалыптасқан “болмыс”, материя”, “сана”, “сапа”, “сан”, “тартылыс” тәріздес басқа да ұғымы кең категорияларды қара-стырады Осындай таным теориясы мен философиялық принцнп-терге негізделетін ойлау процесі өзара байланысты және бір-бірін толықтырыи отыратын жеке ғылыми пәндер — формальдық логика мен психология арқылы да зерттеледі.

Логика ғылымы ойлаудың формаларын, ұғымдар мен пікірлерді, ой қорытындыларын және ойлау зандарын зерттейді.

Ұғым — болмыстағы нәрселер мен құбылыстардын жалпы, мәнді және өзіндік белгі-қасиеттерін бейнелейтін ойлау формасы. Мысалы, “адам” деген ұғымның мәні оның өндіріс құралын жасап шығаратын қабілеті бар; дыбысты тіл арқылы сөйлесетін ақыл иесі екендігін білдіреді, Ал “емтихан” деген ұғымның мәнісі — оқушы-лардың, студенттердің білім деңгейін анықтап, олардың дәрежесін тиісті белгілермеи анықтайтын оқу процесі. Ұғымдардың мазмұны пікірлер арқылы ашылады. Мұнда нәрсе мен оның қасиет-белгілері арасындағы байланыстар ашып көрсетіледі, Мысалы, металдарды қыздырса, олардың көлемі ұлғаяды. Бұл пікірдіа формуласын — S дегеніміз Р, иеS деғеніміз Р емес деп жазып көрсетеміз. Пікірлер сапаларына қарай қостаушы, терістеуші болады. Мәселен, Жер Күнді айналады — S дегеніміз Р; Су металл емес — S дегеніміз Р емес. Пікірлер ақиқат және жалған болып келеді- Алматы — Қа-зақстанның астанасы (S дегеніміз Р). Пікірлер сан жөнінен жалпы, ішінара, дара болып бөлінеді. Сапа мен сан жағынан біріктіріп, оларды мынадай таңбалармен белгілейміз: А, Е, I, О. Пікірлер екі түрлі тәсілмен құралады: а) Тікелей қабылдау арқылы құралатын пікірлер. Мысалы, “Мына бала сабақты нашар даярлады”. ә; Жанама жолмен не ой қорытындысы, ой талқысы арқылы жасалатын пікірлер. Логика ғылымында пікірлер бұдан баска да негіздерге сүйене отырып, түрлі-түрлі болып бөлінеді.

Ой қорытындылары бойынша алғышарттар негізінде ұғымдар мен пікірлердін, байланысынан жаңа пікірлер аламыз не ой қорытынды-сын шырарамыз. Мәселен, үл-

151

кен алғы шарт: Барлық металдар электр тогін еткізеді кіші алғы шарт: сынап та — металл. Қорытынды олай болса, сынап та электр тогін өткізеді. Ой қорытындыларының мынадай үш түрін ажыратамыз: дедукциялық ой қорытьшдысы, оған металдардың электр тогін еткізетіш туралы жоғарыдағы мысалды келтіруге болады. “Дедукция”— латын сөзі, қазақша мағынасы — шығару. Ой қорытындысының бұл түрі бойынша ой жүйесі жалпы жағдайдан жеке, дара жағдайға қарай өрбиді. Индукциялық ой қорытындысы — ой қорытьшдысының жекеден жалпыға қарай дамып отыратын түрі Мысалы, Алматыда өткек жетіде дүйсенбі күні ауанын температурасы 20°С-тан асқан жоқ. Сейсенбі, сәрсенбі күндері де солай болды. Жұма, сенбі күндері 18—19°С болды. Жексенбі күні 19°С болды. Демек, ауаның температурасы өткен жетіде Алматыда 20°С-тан асқан жоқ Ой қорытындысын үшінші түрі — традукция деп аталады Оған аналогия арқылы жасалатын ой корытындылары жатады. Бүл — жеке-дара жағдайдан жекеге қарай өрбіп отыратын ой қорытындысы. Дедукциялық ой қорытындысының кең тараған түрі — силлогизм. Формальдық логйкада зерттелетін мәселелер — дұрыс ойлаудын формалары мен заңдары. ғылыми пән ойлау формалары мен заңдарды қолдана отырып, нәрселер мен құбы-лыстардың ақиқаттығы мен шындығын танып білуді мақсат етеді.



Ойлау әрекетінің ерекше мәнді тағы бір жағы бар. Ол — ойлау процесінің өзі. Пеихология ғылымы әрбір дара адамда осы ойлау процесінш, қалайша дамып, өрістеп отыратынын зерттейді. Оқыту процесінде ойлаудың дамуы, білімдерді ойлау әрекеттері арқылы меңгеру, ойын, оқу, еңбек процестерінде ойлауды дамыту мәселеле-рі — психология ғылымы қарастыратын жайттар. Әрбір жеке адамда ойлау процесі қалайша пайда болып, дамып жетіледі деген мәселенің мән-жайы психологияда осы бағытта қарастырылады. Ал логика ойлауды таным процесі деп санап, шындықты, ақиқатты нендей әдістер әрқылы танып, білуге болатындығьш анықтауды көздейді. Қорыта айтқанда, логика ойлаудың жемісті болу жолдарын іздестірсе, исихология сол процестің даму зандылықтарын зерттейді.

Ойлау — дербес процесс. Ойлауды психологиялық тұрғыдан зерттеу дегеніміз — оның ішкі, танымдык құпия мәнін және жемісті болуының себебін ашып көрсету, яғни психология детерминизм принцнпіне сүйене оты -

152

рып, ойлаудың мәнін зерттейді, әрбір адамныц өзіндік ойлау ерекшеліктерін дамытып отыруға баса мән бере-



§ 4. Ой процесі мен ойдау әрекеттері

Ойлау процесінде талдау мен біріктіру әрекеттері болады. Талдау дегеніміз — ой арқылы әрбір объекті мен болмыстық ерекшелік-терін, қасиеттерін, белгілерін ашып көрсету тәсілі. Талдау нәтижесінде айқындалған белгілер мен қасиеттер біріктіру (синтез) деп аталады. Талдаудың физиологиялық негізі — мидың жоғарғы бөлігіндегі қозу мен тежелудің өзара байланысты қызметі. Ал біріктірудің физиологиялық негізі — мидың жүйке жүйесіндегі уақытша байланыстардың түйісіп қосылуы. Талдау мен біріктіру — өзара байланысты әрекеттер. Олардың өзара байланысы мен айырмашылығы салыстыру арқылы танылады және сол тәсілден анық көріледі. Салыстыру тәсілі жалпылау әрекетіне қарай ойы-сады. Мұнда заттардың жалпылық және мәнді белгілері ашып көрсетіледі. Ойлау әрекетінде абстракциялау, нақтылау. жүйелеу тәсілдері де жиі қолданылады, Ондай тәсілдер белгілі мәселелердің . түйінін шешуде адамның психологиялык толғаныстарынық түр-сипатын бейнелейді,

Ойлану әрекетіндегі әрқилы тәсілдер мен амалдардың бәрі де жеке адамнық ниеттілегіне, мұқтаждығы мен қажеттілігіне тәуелді болып отырады. Ойланудың кез-келген әрекетінін туындауы белгілі бір ынта-ниетке байланысты. Психологияда ойланудағы ниеттін. пайда болу себебінін мынадай екі түрі бар: 1, Арнайы танымдық ойлану. Әдетте, бұл белгілі тілек-мақсатқа сәйкес пайда болады. 2 Арнаусыз ой. Ойлаудың бұл түрі сыртқы жағдайдың әсеріне орай туады. Мысалы, оқушының сабаққа дайындалуы жайында ойлануың арнаусыз, әрі оның өміріндегі үйреншікті, дағдылы ой деуге болады.

Ойдау және мәселені шешу. Адам белгілі бір мәселезі түйінін шешу барысында түрлі амал-тәсілдер қолданып, алға қойған мақсат-міндетін орындап шығу үшін ойланып, толғанады. Сол мәселені шешудің қолын із-дестіреді. Ойланудың бұл түрі міндет-мақсатқа сәйкес жүзеге асады

Проблемалық ойлау — түрлі мақсат-міндеттерді шешуде шиеленісті жағдайларды сезіп біліп, олардың мән-мағынасын түсінуді қажет етеді. Сөйтіп, неше түрлі ши

153

еленісті жайттардың белгілі себептермен байланысың, олардың құпия сырларьш ашып көрсетуді көздейді. Ойлану әрекетінде ең әуелі сол мәселенің өзін анықтап алу — бірінші кезектегі міндет. Екіншіден, мұны анықтауға адамның білімі мен өмірлік тәжірибесі қажет. Үшіншіден, оқу барысында балалар өздігінен ойланып толғанып, келелі мәселелерді шешуде әралуан қиындықтарға кездеседі. Олардың бұл кедергілерді жеңуі ойлану әрекетінде жаңалық ашумен бірдей.



§ 5, Ойлаудың түрлері және оның даралық ерекшеліктері

Біріншіден, ойлаудың түрі нақтылы іс-әрекет пен: қимыл-қозғалыс жайындағы практикалық існен ұштасқан. Бөбектердің ойы осы іс-әрекеттермен байланысты. Екінші, бейнелі ойлау мектеп жасына дейінгі балаларда қарқынды дамып, олардың заттарды ұстап-тұтынуы нәтижесінде қалыптасады. Олар сол заттардың бейснесін көрнекі түрде қабылдап отырады. Үшінші, абстрактылы ой. Ойлаудың бұл түрі бойынша адамның ұғымды менгеруі нәтижесінде пайымдау әрекеттері дамьш, ғылыми түсініктері өрістейді.

Ойлаудың даралық ерекшеліктері адамның танып білуінің сапалық сипаттары мен ерекшеліктерін қамтитын ақыл-ойдың қызметі болып саналады. Ондай салаларға өз бетінше ойлау, оның оралымдылығы, ойдың тездігі мен ұшқырлығы сияқты қасиеттер жатады. Барлық ойлау әрекетіне тән басты қасиет — дара адамның әрбір нәрсенің мәнді қасиеттерін өздігінен ажыратып, олардан жаңа қорытындылар жасай білуі. Ойлау әрекетіндегі адамның мұндай сапалық қасиеті — нәрсслердің мән-жайын дұрыс ұғынып, олардың жалпы заңдылықтары мен өзара байланысын ашып беруге қабілетті болатындығы. Мұндай әрекет ойлау жүйесін жетілдіріп, адамның ақыл-ойын өрістетеді, Адам ойлауынын дамуына ықпал етудегі бір мақсат — ойлау әрекетінің жасампаздық қасиетін арттыру, сөйтіп, адам ойының мүмкіндіктерін толық пайдалануды жүзсте асыру болып табылады.-

6. Ой болжамы арқылы жұмбақ мәселелерді шешу

Ой болжамы ғылымда гипотеза деп аталады. Гипотеза дегеніміз — әр турлі деректер негізінде объектілер мен құбылыстардың байланысы, олардың себебі туралы

154


қортынды жасау. Бұл — ойлаудың дамуындағы өзіндік тәсіл- Алайда, мұндай шешім — ой болжамын анықтау жолындагы алғашқы қадам. Ал мәселенің шындығында жету үшін ой болжамының ықтималдық сипатын әлі де тексеріп, оны дәлелдеу керек болады. Осындай тексеруден кейін ғана ой болжам анықталса, ол ғылыми теорияға айналады. Егер тексеруде теріс нәтиже алынса онда ол өзгертіледі не теріске шығарылады, Біріне- бірі қайшы ой болжамдары бір объектінің әрқилы қырлары мен байланыстарын түсіндіргеннен кейінгі басқа жағдайларда, екеуі бірдей ақиқат бола алмайды. Қазіргі кездегі позитивистер, эмпириктер т. б. ой болжамдары ғылыми объективтік дүниенің заңдылықтарын қарасты-руға міидетті емес, деректерді тек қана нақтылап тіркеп отыруы қажет дейді. Өйткені, олардың пікірінше, -ой болжам тек “жанама” рөл атқарады да, оның маңызы болмайды. Осы заманғы ғылыми эксперименттік зерттулердің күрделене түсуі әралуан әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы құпиясы ашылмаған мәселелердің сырын ашып отыр. Осы орайда, ғылыми тұрғыда құрылған ой болжамы адамның ойлау процесін дамытуға зор ыкпал ететін қуатты күш болып саналады. Ойлау әрекеті — ғылыми болжам ғана емес, жұмбақ мәселелердің мән-жайын ұғыну үшін күнделікті тәжірибеде қолданылып отыратын күрделі психнкалық процесс және адам-ақыл-ойының жемісі.

ХІУтарау. СӨЙЛЕУ ЖӘНЕ ҚАТЫНАС.

4 § І. Тіл, қатынас және сөйлеу

Адамзаттың жануарлар дүниесінен ерекшеленуі мен табиғатты меңгерудегі басты іс-әрекетініц бірі және дін қасиеті — оның дыбысты анық тілі. Дыбысты арқылы адамзат өзара қарым-қатынас жасап, іс-қимылы мен өмір-тіршілігінің бейнесін қалыптастырады, өмір тәжірибелерін ұрпақтан-ұрпаққа мұра етіп қалдырып отырады.

Тіл. Тіл дегеніміз — сөздік белгілердің жүйесі. Ал белгі- шындық пен болмысты білдіретін бөлшек. Осы белгінің қасиеттеріне орай әр алуан іс-әрекеттер орындалып. жүзеге асады. Белгілердің немесе тілдің екі түрлі-әні бар. Жалпы тілдің белгілерді психологиялық тор әрі құрал деуге де болады. Тіллік белгінің бірінші — оның қоғамдық-элеуметтік мәні. Адамзат та-

155


рихында бұл белгілер қоғам арқылы қабылданъш. әр түрлі нәрселердің мән-жайын түсіндіреді, Мысалы, көшелерде жүріп-тұру мен жол белгілері. Бұл — белгі ал сөз — қару. Тілдік белгілердің екінші мәні — олар арқылы адамдар бір-бірімен қарым-қатынас жасап, пікір алысатындығы. Соған орай дара адам үшін әрбір белгі-лің мәні бар, олар оның саналы түрдегі іс-әрекетіке әсер етеді.

Тіл үш түрлі қызмет атқарады: 1. Адамзаттың қогамдық тәжірибесі. Бұл қызмет адамның тіл арқылы білімді меңгеріп, дүниені танып білуін қамтамасыз етеді. 2. Тілдік қатынас нәтижесінде адамдар тілдесіп, бір-бірімен түсініседі. Тілдің мұндай қызметін ғылыми ату-да коммуникативті қызмет деп атайды. 3. Әрбір адамның өз мінез-құлқы мен іс-әрекетіндегі даралық тәжір-. белерді күнделікті тіршілікте қолданып отыруы, сөйтіп, сыртқы орта мен жағдайлардың өзгеруіне бейімделгі. Адам өзінің ғана емес, езгелердің де тәжірибелерін қолданады, алға қойған мақсат-міндеперін шешеді. Мұндай әрекеттер адамның ақыл-ойымен байланысты

Ақыл-ой не интеллекті әрекет ед алдымен, іс-әрекеттерді жоспарлайды, екіншіден, оны жүзеге асыруды көздейді, үшіншіден, орындалған іс-әрекеттердің жемісін алға қойылған мақсат-мүдделер-мен салыстырады. Осындай ақыл-ой нәтижесінде әр адамның мінез-кұл-қындағы даралық ерекшеліктері қалыптасады. Және әрбір адамның тәжірибесі, оның іс-әрекет түрлері,өзгелердің ісі қоғамдық. тәжірибелер арқылы байып, жаңа, сипаттарға ие болып отырады. Адам өзінің іс-әрекеттерін жоспарлайды, ойлау арқылы оларды тиісті міндеттерді шешуге қолданудың жолдарын іздестіреді, жүзеге асыру тәсілдерін қарастырады. Мұның, бәрі де тіл, сөйлеу әрекеті арқылы дамиды. Осы жайт тіл адамның ақыл-ой әрекеттеріндегі қатынас қүралы екендігін тағи да бір қырынан ашып көрсетеді. Ал қатынас дегеніміз не? Адамдар өзара қарым-қатынас жасау нәтижесінде болмыс пен оқиғалар туралы жаңа мағлұматтарды мен- гереді, білімін өсіреді, өздерінің әлеуметтік-тарихн тәжірибелерін дамытады.

Қатынас жасаудың түрлері қандай? Адамның қарым-катынасында субъектіні (сөйлеуші адам) және объектіні (басқа адамдар, ал оның мәлін білдіретін құрал — тіл) ажыратып қараймыз. Қатынас әрекетіндегі объект — өзге адамдар және олардың санасы мен ниет- тілектері, сезім күйлері меп эмоциясы Қатынас жасау-

156

дағы негізгі әрекет түрлері ең, алдымен, білімдік маңызы бар жаңа хабардарды алмасу болса, екіншіден, сол карым-қатынас жасау нәтижесіиде адамдардың ниет-тідектерінің бағалы болуы, үшіншіден, белгілі іс-әрекеттер жасауға түрткі болатын себептер. Қарым-қатынас жасауда бұл жайттардың бәрі пеихологиялық жағынан түрліше мазмұнда болуы мүмкін.



Тіл арқылы адамдардың қарым-қатынас жасауы жеке адамдар (үш-төрт адам) арасында, не көптеген адамдар тобымен де болып отырады. Мұндай катынас қоғамдық қатынас деп аталады. Бұлардан өзге топтар арасында да қатынастар болады,

Қарым-қатьшас сөйлеу әрекеті арқылы жүзеге асып огырады. Бұл ретте сөйлеу әрекетінің бірнеше сатылардан тұратын заңдылығы бар. Мұны сөйлеудің фазалары не сөйлеу әрекетінің сатылары дсп атайды. Бұлар' — а) сөйлеуге даярлық; б) жоспарлау; б) жүзеге асыру, с) бақылау сатылары, Сөйлеудің көптеген сипаттары ойлау әрекетіне ұқсас. Ойлау әрекеті адамның танып білу мақсатын көздейтін болса, ал сөйлеу әрекеті арқылы қатынас жасау (коммуникация) мақсаты көзделеді.

Ерте замандардан бері адамдар арасындағы қарым-қатынастың кең тараған түрінің бірі — зат алмасу қатынасы болып саналады. Этнопсихологияда әрбір тайпаның халықтың үлттық дәстүрлерге байланысты әдет-~ғұрпы, мысалы, абысын-ажын арасында сақина-жүзік, білезік алмасу, ер-азаматтар арасында ер-тоқым алмасу, сауға тарту, сәлемдеме жолдау тәрізді қатынастың басқа да сан алуан түрлері болған. Сол сияқты, ізет, кұрмет, сыйластық сезімдері де адамдар арасындағы қатынастың бір түрі больш саналады. Қатынас жасаудың ымишара білдіру, бет құбылысы мен көзқарас арқылы үсінісу сияқты түрлері де бар. Сонымен, қатынас -- дегеніміз белгілі мәні бар, айтылатын ой-пікірді, сезім күйі мен эмоцияны басқа адамдарға білдірудің тәсілі болып саналады. Коммуникативті әрекет сөзсіз де жүзеге асады. Дегенмен, адамдардың қатынасында сөйлеу арқылы қарым-қатынас жасаудың, маңызы зор.

Сөздік әрекет. Сөйлеу арқылы іс-әрекет пен қарым-қатынас жасау тілді құрал етіп пайдалану нәтижесінде жүзеге асады. Сөйлесу арқылы әрқилы істер мен мәселелердің түйіні шешіледі. Адамдардың тіл арқылы сөйлесуі, тілді құрал етіп пайдалану әрекеті — күрделі психологиялық процесс. Мұндай жағдай сөйлесу әрекетін тек психология ғылымы тұрғысынан ғана зерттеумен

157


шектеліп қоймай, тіл білші арқылы да қарастырады Психология ғылымы тіл білімінен ерекшеленіп, оның түрлі жағдайда қолданылуы мен атқаратын кызменің адамның мінез-құлық бағытын белгілейді. Содғы 30—35 жыл ішінде тіл білімі мен психологияның түйісуінен психолингвистика (тіл психологиясы) деп аталатын гы-лым саласы пайда болды

Сөйлеу әрекеті психология ғылымындағы өзекті мәселелер қатарына жатады. Соған орай сөйлеу әрекетінің атқаратын қызметтері ғылыми тұрғыдан мынадай үщ түрлі салаға топтастырылып қарастырылады: 1. Сөйлеудің коммуникативтік қызметі. Мұның мән-жайы жоғарыда баяндалды. 2. Сөйлеудің сигнифякативтік қызмст; Бұл латынның “сигнал” — белгі, таңба дегеп сөзінен шыққан. Сигнификативтік қызмет бойынша сөйлеуде адамдар бір-бірін белгілер мен таңбалар арқылы түсінетін болады. Мәселен, қауіпті жағдай туғанда берілетін белгі, адамдар-дың түрлі қимыл-қозғалыстары мен ымишаралары, зат алмасулары арқылы қарым-қатынас жасау — сөйлеудің сигннфикативті қызметін білдіреді. 3. Сейлеудіц экспрессивтік қызметі — әр алуан хабарлар мен жай-жапсарлардың мәнерлі сөзбен, құлаққа жағымды үнмен, дауыс ырғағымен адамның жан дүниесін тебірентіп, өзгелер-ге жеткізілу тәсілі. Экспрессивті сөйлеуде әрбір сөз бен сөйлем адамның сезіміне әсер етіп, тұла бойын шымырлатып жібереді. Сондықтан сөйлеу әрекетінің бұл түрі сөздерді нақыштап айту мен ой жүйесінің қисынды болуын талап етеді Сөйленген сөз, айтылған ой — адам психикасына күшті әсер ететін тітіркендіргіш.



§ 2. Сөйлеудің физиологиялық механизмі.

Сөйлеу әрекетінің рефлекторлық сипаты

Сөйлеу түрлі механизмдер арқылы жүзеге асып отырады да, олардың нақты мазмұны мен мәніне, мақсатына орай дамиды. Сөздерді қабылдағанда біз “сигналдардың сигналы” (2-сигнал жүйесі, бүл — адамның сөйлеу әрекетімен байланысты жоғары жүйке қызметі) арқылы тітіркендіру нәтижееінде нәрселердің мән-жайын қабылдап, олар туралы хабар аламыз. Әрнне, ондай хабарлар саналы да, санасыз да болуы мүмкін. Осы орайда, сөйлеудің физиологиялық негізі И П. Павлов іліміндегі скінші сигнал жүйесіне негізделеді. Ал екінші сигнал дыбысты сөзбен, сөйлеу әрекетімен байланысты.

158

Адам сыртқы тітіркендіргіштерге әсерленіп қана қоймай, оларды тең мағынада сөз арқылы бейнелейді. Халқымызда “Көз жеткізбегенді сөз жеткізеді” деген тамаша мақал бар. Мұның мағынасы тікелсй таным арқылы бейнеленетін заттар мен құбылыстардың қасисттері түйсік, қабылдау, елес процестерінің шектеулі шеңберін тереңдете түсіп, олардың мән-мағынасы сөз бен сөйлеу әрекетінің бейнелеуші-танымдык ерекшеліктері арқылы барынша ұғынықты бола түседі дегенге саяды.



Сәйлеудің динамикалық локализациясы. Осыдан 130 жылдай бұрын (1861 ж.) француз ғалымы П- Брока адамның ми қабығын-дағы сол жақ жарты шардың маңдай алабының үшінші бөлігінде төменгі қатпарларда дыбысты дұрыс айта алмай, сөйлеуде қиналатынын “анықтаған. П. Брока мидың бұл бөлігін “сөздерді бейнелеудің қозғаушы орталығы” деп атады. Кейінірек, 1874 жылы К. Вернике мидың осы белігінің самай жағындагы жоғары қатпарында сөздердің бейнелерін сезіп білу орталығы орналасқан деген қорытынды жасады. Дегенмен, мұндай көзқарастар мен зерттеулердің жеткіліксіздігін Д. Джексон (1835—1911 ж) сынаған болатын. Одан кейінгі кезеңдерде физиологтар мен психологтар

П. К- Анохин, Н. А. Бернштейн, А. Р. Лурия, А. Н, Леонтьев, Д. Н. Узнадзе, АҚШ-та Дж. Миллер т. б. өз зерттеулерінде сөйлеу әрекеті жөніндегі Брока мен Вернике түсініктерінің дәлслдері жеткіліксіз екендігін ашып көрсетті. П К Анохин сөйлеу әрекетініц фи-зиологнялык механизмін арнайы және бірнеше қызмет атқаратын өте күрделі, сөйлеуге арналған жүйе ретінде түсіндірді. Ал екінші бір жүйе оны қамтамасыз етіп отыратын әрекет орталықтары екенін дәлелдейді. Сөйлеу механизмі — Н. И. Жинкиннің зерттеуі бойынша аса күрделі әрі сатылы процесс. Сөздерді қабылдау мен тү-сіну күрделі механизмдер арқылы жүзеге асып отырады.

Адамның сөйлеуі күрделі психологнялық процесс екендігі және оның жоғары жүйке қызметімен байланысты болып түр-түрге бөлінуі, олардың орталықтары мидың түрлі алаптарында орналасуы 31-суреттс арнайы берілген. Мәселен, ауызша сөйлеудің орталығы мидың маңдай алабында орналасқан болса, жазу сөзінін орталығы мидың желке бөлігінде орналаскан.

Сөйлеу әрекетінің бұзылуы мидың белгілі алабынын закымдануы-на байланысты Осындай зақымдану салдарынан адам сөзінің жүйесі және бірізділігі жойылып,



159

31-сарет Мидағы сөйлеу алаптары. ЖСО— жазба сөз орталығы.

ҚСО — козғалыс — сөйлеу орталыгы АСО — ауызша сөйлеу

орталығы.СК.О — сөздерді қабылдау орталығы

афазиялық жағдайға ұшырайды. Афазиялар үлкен ми жарты шарларьшың белгілі бір алаптары жарақаттанып, ісік пайда болғанда, не түрлі ауруларға ұшырағанда пайда болады. Афазиялар динамикалық, эфференттік, афференттік қозғалысты және семантикалық, сенсорлық бөлып бөлінеді. Осы салада зерттеу жүргізген әйгілі психолог ғалым А. Р. Лурия еді. “Афазия” деген грек сезінің мәнісі — мидың зақымдануы салдарынан адамның сөйлеу қабілетінің толық жойылуы, не езге адамдармен қарым-қатынаеындағы сөйлеу қабілетінін. мардымсыздығы дегенді білдіреді Сөйлеу қабілетінін мұндай кемістігінщ түрлері зрқилы. Динамикалық афазияға ұшыраған адам сөздерінің реттік құрылымы бұзылатын болса. ал эфференттік қозғалыс афазиясында сөздер мен сөйлемдердің грамматикалық жүйесі бұзылады.

Афференттік қозғалыс афазиясы — сөздерді буындарға бөліп айта алмай қиналудағы кемістік. Ондай адамдар жеке дыбыстарды да айта алмайды. Семантикалық афазия — әрбір сөздің грамматикалық құрылысы мен мәнін жеткізудегі кемістік. Мысалы, осындай ке-містігі бар адам “әкесі”, “ағасы” деген сөздерді дұрыс айтқанымен, “әкесінің ағасы” не “әкесінің інісі” деген сездердің мәнін ажырата алмайды Сенсорлық афазия ауруына душар болған адамдар сөздерді дұрыс қабылдай алмай, олардың дыбыстық бөлшектерінін мәнісін түсінбейді.

Сөйлеуде кездесстін афазиялық кемістіктердің бәрі де - - жан жүйесі күйзеліске душар болған немесе өзінік кім екенін де анғара алмай, ір түрлі сандырақтарды айтып, елірме ауруға ұшыраған, сөйлеу қабілеті бұзылған адамдарда болып отыратын құбылыс

160




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет