Жоғары оку орны студенттеріне арналған оқу



бет8/10
Дата28.01.2018
өлшемі3,28 Mb.
#35628
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
§ 3. Сөйлеудің түрдері

Адамиық сөйлеу әрекеті түрлі белгілеріне қарай бірнеше түрге бөлінеді. Біріншіден, сөйлеу күрделілігіне, өзінің психнкалық және физиологиялық механизміне орай, көпшіліктің бірге қосылып айтатын сөзі — хормен сөйлеу және қарапайым түрде қайталау болып отыратын — жаңғырық сөз болып бөлінеді. Осы негізде сөз-дер атаушы сөздер мен коммуникативті сөйлеу больш та бөлінеді. Ал сөйлеудің жоспарлы түрде мақсат-міндеттерді көздейтін түрі бағдарлы сөйлеу делінеді. Бұл орайда, сөздер үнемі бағдарлы түрде айтылатын актнвті сөйлеу мен сөйлеудің құрылысын талап ететін реактивті сөйлеу болын жіктеледі. Сондай-ақ, сөйлеудін, тағы бір түрі қосалқы сөз деп аталады Сөйлеудің қосалқы түрі сөйлеудің қалыпты құрылысын қатаң талап етесе де, өздігінен сөйлеу түрі болып саналады. Қосалқы сөйлеуге, мәселен, жазба текстерді оқу жатады. Сөйлеу әрекетін топтастырып ажыратуда ерекше маңызы бар жайт — сөйлеудің еркін болуы. Бұл сөйлеуді топтастырьш бөлудегі үшінші негіз.болып саналады. Ал төртінші нсгіз бойынша сөйлеу сыртқы және ішкі белгілеріпе орай жіктеледі. Осы негізге сүйене отырып, сөйлеуді сыртқы сөз — дауыстап естіртіп сөйлеу және іштей сөйлеу (үнсіз сөйлеу) деп екі топқа бөлеміз.

Сөйлеудін адамдар әрекетінде жетекші қызмет атқаратын түрі — коммуникативті сөйлеу. Ол күнделікті қарым-қатынас барысында кеңінен қолданылады. Сөйлеудің бұл түрі: а) монологтық сейлеу (дара адамнын, сөйлеуі), ә) диалогтық сөйлеу (екі не бірнеше адамның сөйлесуі, әңгімелесуі), б) үнсіз (іштей) сөйлеу, в) жазба сөз больш төрт топқа бөлінеді. Сөйлеудің бұл салаларының әрқайсы-сының өзіндік ерекшеліктері бар.

а) Монологтық сөйлеу — сөйлеу әрекетінін, кең тараған түрі. Мұнда айтылуға тиісті ой-пікір толық сипатталып, ұзағынан айтылады, әрбір жайт пен жағдай тыңдаушыларға жете түсіндіріледі. Соған орай ол жүйелі, дұрыс ырғақты, екпінді, бет, дене құбылыстары мен қимыл-қозғалыстар арқылы қажетті сөздерді өзгелерге жеткізудің әдіс-тәсілдерін камтиды.

ә) Диалогтық сөйлеу — оқиға мен болмыс көбінесе, нақты тақырыпка құрылып, әрбір сөйлем мен сөз алғашқы айтылған ойды ұштастырады, Бұл — сөйлеудің ұтымды бір түрі.

б) Үнсіз (іштей) сөйлеу — адамның практикалық іс-

161

әрекеті мен теориялық ой-пікірі жоспарланып, белгілі жүйеге салынуы. Мысалы, бір жерге бару үшін адам немен барады, қалай барады, алдымен соның бәрін жоспарлап алады. Мұнда ой талқысы, талдау сияқты әрекеттер болады. Іштей сөйлеуде адамның ерні жыбырлап, тілі қозғалады, дыбыс сыртка шықпайды. Ішкі сөй-леудің психологиялық мәседелері психолог А. Н. Соколовтың зерттеулерінде қамтылған.



в) Жазу сөзі — мұны монологтық сөйлеудің бір түрі деуге болады. Жазу сөзі ауызша сөйлеуге карағанда, ой-пікірді кеңінен, жүйелі, ерікті түрде жеткізеді. Сөйлеу әрекетін үйретуді жазба сөзден бастаған дұрыс. Жазба сөз мәдениеті жоғары адам өз ойы мен пікірін ұтымды, бейнелі, әрі түсінікті етіп білдіре алады.

§ 4 Сөйлеудің оқыту процесінде дамуы

Сөйлеу — ақыл-ой иесі — адамның хайуанаттар дүниесінен ерекшеленіп тұратын тұрақты белгісінін. бірі және өзара қарым-қатынасының қуатты құралы..

Бала сөйлеуінің дамуы бірнеше сатылардан тұрады Алғашқы саты — сөйлеуге дейінгі кезең. Бұл кезең баланың екі айлығынан 11 айға дейінгі сатысы деп аталады. Екінші саты — баланың алғашқы тілінің шығу кезеңі, 11 айдан 1 жыл 7 айға дейінгі аралық. Үшінші сатыда бала тілдің грамматикасын меңгере бастайды. Бұл кезең үш жасқа дейінгі уақытты қамтып, бүлдіршін сөздердің мән-мағынасын және қолданылуын, жеке сөздердің қызметін де түсіне алады. Бала тілінің шығуы онын дүниетаным шеңберін кеңейтіп, сөйлеу тілін дамытады. Балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес тілінің дамуын психологиялық тұрғыдзн қарастырып, ғылыми жүйеге келтіргеи — әйгілі мамандар Л. С. Выготский мен Швейцария психологы Жан Пиаже,

Қазақ этносы баланың тілін дамытуға айрықша мән беріп, оны бесік жырымен сусындатқан, бала кезінен-ақ оған қысқа-қысқа өлең-жыр, жұмбақ пен тақпак, жаңылтпаш пен ән үйретіп, оның ақыл-ойын, пайымын, сөйлеу мәнерін өрістетуге тырысқан.

Тілді меңгеру осы замангы ғыльшда айрықша маңызы бар мәселе болып саналады. Әсіресе, баланың ана тілінде айқьш сөйлеп, тіл грамматикасын меңгеруінін, шетел тілдерін меңгеруге тұрақты тиянақ болатынын нақты деректер дәйектеп отыр.

162


Тіл адамның санасы мен ақыл-ойын дамытушы фактор екендігін К. Маркс бір сөзбен ғана түйіндеп, “Тіл — сананың жиынтығы” дейді, Осы орайда, тіл ғылымы мен психология пәнінің сабақтасқан буыны психолингивистика ғылымының зерттеитін мәселелері — тіл мен ойдың байланысын және өзіндік ерекшеліктерін тіл білімі, пснхология, логика, социология; этнография, тарих т б. ғылымдар тұргысьшан қарастыру, тілдің, ұлттык сипаты мен дүннетанымдық рөлі, тіл мен сөйлеу әрекетінің жеке психикалық процестері мен өзектестігі сияқты жайттар.

Тіл — қоғамдық құбылыс және табиғаттың адамға берген дарыны. Карталар, сызулар, есептеу құралдары сияқты т. б. шартты белгілермен бірге ол да психологиялық құрал болып табылады. Өйткені, сол белгілердің бәрі объективтік шындыкты біздің санамызда әр алуан таңбалармен бейнелеп, олардың сыр-сипатын, мән-жайын білдіреді, Осы бағытта қарастырғанда тілдің өзі, сөздердің бәрі — таңба, заттар мен кұбылыстардың белгісі. Табиғат шындығы, болмыстағы нәрселер мен олардың сыр-снпаттары адам санасында түйсік, қабылдау, елес, ес пен қиял, ойлау мен сөйлеу, сезім мен ерік сияқты психологиялық таным процестері арқылы бейнеленіп, сезімдік таным мен ақыл-ойды дамытады, Олардың әралуан қасиеттері бейнеленеді. Бейнелеудің аса күрделі сипат-сырлары, өзара байланыстары және қасиет-ерекшеліктері сөз, анық сейлеу арқылы таңбаланып, адамның жалпы дүниетанымдық көзқарасы мен санасын, ақыл-ойын қалыптастырады.

Адам дүниетанымының күрделі, қасиет-сипаттарының әр тарапты және терең болуының мән-жайы да онық сөйлеу әрекетіне, болмысты дыбысты анық тіл арқылы тепе-тең етіп бейнелей алуына байланысты.

ХҮтарау. Қиял



§ 1. Қиял және оның өзге психикалық процестермен байланысы

Адам бұрын өзі көріп білмеген нәрселерінің бейнесін көз алдына елестетіп, олардан жаңа бейне жасайды. Немесе бұрынғы қабылданған, жиналған бейнелерге сүйене отырып, өз басында тың, соны, жаңа елестер мен идеялар тудырады. Осындай жаңа, соны бейнелер мен идеяларды қиял деп атаймыз, Қиял — тек адамға ғана тән,

163

соған меншікті психикалык. процесс. Жануарлар дүниесінде мұндай функіция болмайды. Өйткені, қиял — адамның. енбек әрекетімен дамитын психикалык, кызмет. Ол басқа да психикалық процестердің түрлері сиякты шындықты бейнелеп, болмыстағы оқиғалармен бірлікте пайда болып отырады. Қиял арқылы пайда болып отыра-тын жаңа бейнелер адамның білім қорына, нақты образдарға, тұрақты елестерге негізделеді. Адамның әрқилы психиаалық әрекеттерінде бір ғана процестің дараланып жеке кездееуі мүмкін емес. Ондай процестер бір бағыт-пен, арнамен өзара ұштасып, араласьш жатады. Солардың ішінен адам әрекетінде бір-екеуі жетекшілік кызмет атқарады. Сонымен, қиял дегеніміз — бізді қоршаған сыртқы дүниедегі заттар мен құбылыстардың образдарын жаңғыртьш, оларды өңдеп бейнелеуден тұратын, тек адамға ғана тән психикалық процесс.



Адам қиялына меншікті бірсыпыра ерекшеліктерді мынадай етіп топтастырьш көрсетуге болады: а) әрбір адамның киялы оның жеке басының қызығуы мен ерекшелігіве, алдына қойған мақсат-мүддесіне байланыста болып отырады. Мысалы, жаңадан машина жасауды ойластырып жүрген инженердің белгілі тетіктерді жетілді-ру үшін оларды жасап шығарудың әдіс-тәсілдерін қарастыруын, емтихан тапсырайын деп жүрген студенттщ іс-әрекетін, шөл далада сусап келе жатқан жолаушының қиялын салыстыра отырып, олардың әрқайсысының мүдде-мақсатын айқындауға болады. ә) Қиялдың мазмұн-мәнісі, түр-сипаты адамның жас ерекшелігіне, білім дәрежесі мен өмір тәжірибесіне, дара басының ерекшелік-теріне байланысты. Мысалы, өмір-тіршілігінде көріп білгені мен көкейге түйгені көп білімдар адамның қиялы мен жеткіншек жастың қиялын бір мөлшермен салыстырып қарауға болмайды. б) Қиял адамның барлық психикалық құбылыстарымен тығыз үштасып жатады Мысалы, мақсат еткен мүдделі ісін жүзеге асыру үшін адам оның әр түрлі жолдарын іздестіреді. Бұл қиялмен тығыз байланысты. Адамның ерік-жігері, қайраты оньщ жоспарлаған мудделі ісін жүзеге асыруынан көрінеді. Киял-да ойлау процесі ерекше орын алады. Осы ретте, кенес. психологі А. В. Брушлинский қиялды ойлаудың ерекше бір түрт деп санайды. Бұл пікірді қостаушылар казірігі уақытта да кездесіп жүр. Өйткені, ойлау белсенділігі адамды шығармашылық істер мен әрқилы әрекеттергс жетелейді.

Физиолог И. М. Сеченевтьщ қиялға байланысты пікі-

164

ріне сүйенсек, адамның басына оның есіндс орын тепкен элементтсрден кұралмаған бірде-бір ойдың келуі мүмкін емес. Ол тіпті ғылыми табыстарға негі болатын жаңа ойлардың өзін бұл ережеден шығарьш тастауға болмайды дсген пікір айтқан еді. в) Адамнын қиялы еңбек процесінде іс~әрекет үстінде дамып отырады. Мұндағы шарттар: синалы максат, болашакты болжай білу,оны өңдеп елестеге алу. Адам қиялына тән мұндай қасиеттер оның психикасын жануарлар психикасынан өзгешелеп тұрады.



§ 2. Қиялдың физиологиялық негізі

Қиялдың жаратылыстық-физиологиялық негізі — мндағы оңашаланған орталықтар емес, мидың үлкен жарты шарларының қабығы. Адамның қиялдау әрекетіне қозу мен тежелудің іздік процестері, иррадиация мен концентрация, оқ және теріс индукциялар, талдағыштардың ми бөлігіндегі талдау мен біріктіру қатысып отырады. Сөйтіп, көптеген жүйке процестерінін түйісуі нә- тижесінде адамның нақты қабылдауында бұрын болмаған жаңа образдар мек елестер туады.

Мұндай жүйкелік байланыстар екі түрлі: І) санамың қатысуьшсыз-ақ, кездейсоқ тітіркендіргіштепдің әсерінен ми қабының жоғарғы бөліктерінін бақылауы бәсеңдеп, әлсірегенде туатьш жүйкелік байланыетар. Мысалы түс көру, галлюцинациялар. 2) Адамның өз алдына саналы түрде мақсат қоюы мен ми қабығыныя тиісті орталықтарындағы қозудың басқа орталықтар қызметімен үйлесуі нәтижесінде туаткн жүйкелік байланыстар. Бұл — ырықты қиял Осы саладағы қиялға жетекші болатьш нәрсс — екікші сигнал жүйесі. Ол — сөз. Сөз бұрынғы байланыссыз, уақытша жүйкелік байланыстарды жаңғыртып, заттың сипатын айқьш ажыратуға, жаңадан байланыстар тудыруға, қиялды дамытып, өрістетуге жәрдемдеседі. Қиялдың бұл түрінің физиологиклық, негі-зі домннанта принципуіне бағынады.

§ 3 Қайта жасау қиялы мен шығармашылық қиял

Өзіндік ерекшеліктері мен олардан туындайтьш себетерге орай, қиял ырықсыз, ырықты болып екіге белінеді. Психологиялық әдебиеттерде ырыксыз қиялды пассив қиял, ырықты қиялды актив қиял деп те атай береді.

165

Ырықсыз қиял адамның алдына мақсат қоймай-ақ. басындаьы елестердің ағытылып, бірінен соң бірі өтіп жататын кезінде туады. Қиялдын бұл түрі төменгі сынып оқушыларында жиі кездеседі. Ұйқылы-ояу кезде де ырыксыз қиялдар өздігінен туындап жатады. Пассив (әлсіз) қиялдың айқын түрі түс көруден байқалады. Көрген түстің қисьшсыз шым-шытырык болатыны да ~ осы ырықсыздықтан. Мұндай қиялдардың пайда болуы адамның өз ойының тізгінін босатып жіберуіне де байтанысты. Мысалы, аспандағы бұлтқа қарап, оны әр нәрсеге ұқсату, немесе біреу әңгіме айтып отырғанда, оның басынан кешіргендері тыңдаушының көз алдынан ағыльш өтіп жатуы, Осы екі мысалдың бірінші жағдайын-да — қарапайым қиялдау затты қабылдаса, ал екінші жағдайда сөзді қабылдаудан елес пайда болады. Елее— қиялдың пассив түрі.

Қиялдың саналы әрі жемісті түрі — ырықты қиял,

Бұл — адамның алдына сақалы түрде мақсат қоя отырып, әдейі образдар жасау мен қажетті бейнелер тудыруы. Қиялдың бұл түрі балалардын ойын әрекетінен де анық байқалады. Ұшқыш, дәрігер, ғарышкер, т. б. болып ойнауларына қарап, олардың ырықты қиял-дарын аңғаруға болады. Өйткені, ырықты қиял еңбектену процесінде дамып, әрбір адамнын іс-әрекеті мен жұмыс нәтижелерін алдьш-ала көз' алдарына елестетеді, Оларды орындауға, қимыл-әрекеттерді жоспарлы түрде жасап отыруға міндеттейді. Ырықты қиял түрлерін топ-тап қарастырудың жолдары бар. Олар — қайта жасау қиялы және жасампаздық қиял.

Қайта жасау қиялы адамның өмір тәжірибесінде кездестірген, бұрын болған бейнелерді қайта жаңрыртып елестететін сөздік тітіркендіргіштерге байланысты туындайды. Мұндай қиялдың пайда болуында сөздік тітіркендіргіш қызметін әр түрлі суреттер мен сызулар, сызбалар мен кестелер, ноталар атқарады. Ал бұл қиялдың психологпялық құрылысын іздестіріп көретін болсақ, ол —- екінші сигналдық тітіркендіргіштерді бірінші сигналдык бейнелерге айналдыру. Мысалы, мұхитты көрмеген адам басқа біреудің сол мұхитты суреттеп жазғанымен таныса отырып, оның ұшы-қиырсыз бейнесін қиялдайды. Қайта жасау қиялындағы мақсат жаңа, соны бейнелер жасау емес, табиғаттағы заттарды адамның өзі тікелей қабылдамаса да, сол қалпында қайта елестету болып табылады.

166

Қайта жасау қиялы — адамның ой-өрісін дамытып ,тыратын психикалық процесс. Қиялдын бұл түрінін, тәлім-тәрбие ісінде ерекше маңызы бар. Мысалы, оқырмандар Мұхтар Әуезовтың “Абай жолы” эпопеясьшдағы Дәркембайдың бейнесі арқылы кедей шаруалар мен жатақтардың тұрмыс халін көз алдарына елестетіп, пайымы кең, ақыл-парасаты терең кісілердің оқымаған адамардың арасынан да жиі кездескендігіне көз жеткізеді. Мектете оқытылатын жеке пәндердің де қайта жасау қиялын дамытуда мәні зор. Геометрия, сызу сабақтарында сызба суреттердің мәнісі әрбір машина тетіктері, олардың қызметі, жұмыс принципі арқылы түсіндіріледі. Қайта жасау қиялы адамның барлық қызметі мен іс-әрекетіне қатысты. Өйткені, әрбір адам өэі істеген жұмысының нәтижесі мен пайдасын күнілгері көз алдына келтіріп, қиялы арқылы оларға шолу жасайды. Қайта жасау қиялы адамның білімі мен бұрынғы тәжірибелеріне сүйенеді. Сөйтіп, қиялдың бұл түрі арқылы пайда болатын елестер алға қойған мақсат пен тілеккс сай екшеледі, бұрынғы қабылданған процестерді болмыстағы шындықпен жақындатады.



Балалардың қайта жасау қиялын дамытьш, нәтижелі іс-әрекеттеріне күшті әсер ететін жайт — олардың алдына белгілі практикалық міндеттерді қоюы. Айталық, заттың суретін салу немесе түрлі материалдардан сол заттардын, бейнесін жасау т. б. Мұндай істер балаларды сөзбен айтылған объектілерді, нақты нәрселерді ұсақ-түйегімен қоса түгел елестетуге баулиды.

Қиялдың ен жоғары түрі — жасампаздық қиял. Қиялдың бұл түрі арқылы жаңа бейнелер мен образдар' жасалады. Шығармашылық жасампаздық қиял қайта жасау қиялы сияқты нақты суреттер мен шартты бейнелерге сүйенеді. Адамның шығармашылығы, ол жасаған туындылар — қоғаммен бірге дамуда рух беріп, жігер-лендіріп отыратын күш Жасампаздық қяял — қоғамдық мәні бар жаңа, соны өнімдер жасап шығаруда жетекші қызмет атқаратын психикалық процесс. Машиналардың жана түрлерін ойлап табу, бұрьшғы машнналарды реконструкциялау, мал тұқымын асылдандыру, өсімдіктердін, жаңа түрлері мен сорттарын өсіріп шығару, ғылымда, өнер мен әдебиетте, құрылыс пен халык шаруашылығының баска салаларында жаңалық ашу — мұның бәрі де шығармашылық қиялға жатады. Мұндай процеске тек қиял ғана емес, тұрақты зейін, әр түрлі

167

ойлау әрекеттері, ерік процестері г. б. әрекеттер де қатысады. Дегенмен, ырықты қиял жетекші рөл аткарып, адамның барлық процестері мен істеріне жол сілтейді.



Шығармашылық қиял арқылы жасалатын жаңа туындылар мен өнімдер әрқилы жорамалдар жасап, көп ізденуді талап етеді. Алға қойған міндеттерді шешуде капке дейін нәтиже шықпай, іздеген образ жасалмайды, зат тетіктері үйлеспейді. Шығармашылық қиялдану үстінде адамның іздегені күтпеген жерден, кенеттен тууы да мүмкін. Адам басында көптен бері жүрген мәселенің кенеттен, күтпеген жерден шешімш табуы, оған тиісті жауап алынуы психологняда интуициялық процесс деп аталады. “Ингуиция” латьщ сөзі — шұғылданып қорау деген мағынаны білдіреді. Кертартпа психологтар интуицияға “іштен жарқырау” не “құдыреттің күшімен тану” деген анықтама береді. Дегенмен, бұл шындыққа жанаспайды. Ғылымн тұрғыдан қарастыратьш болсақ, дұниені интуиция арқылы танып білу — ми қабығының белгілі түрде атқаратын қызметі. Бұл мәселені ғылыми-табиғи негізде дәлелдеп берген — И- П Павлов зерттсу лері. Ол “Ми алқабы көлемінін белгілі дәрежеде тежеліп жаткан орталықтарында да синтездеу процесі жүріп жатады. Кезінде мұндай әрекет адамға сезілмесе де, оның болып өткені — ақиқат. Сондықтан қолайлы бір жағдай туа қалса, қайдан келгені белгісіз сияқты болып, даяр күйінде ол шыға келуі мүмкін”' деген болатын.

Ғылыми жаңалықтарды, келелі мәселелер мен істерді шешуге керекті жана байланыстар адам өзінін, рухани қуатын сол проблемалар төңірегіне шоғырландырғанда ғана туады. Міне, осындай жағдайда адамда шабыт пайда болады. Шабыт билеген адам әрқашан да жемісті иәтнжеге жетпек. Осы орайда, ғылым тарихынан бірнеше мысалдар келтірейік:

Ерте заманда өмір сүрген ғалым Архимео. заттардың салмағын ажыратып білуді үйіндегі астауға шомылып жатқанда ашады Сөйііп, “таптым” — “эврика” деп ай-қайлап, көшеге жалаңаш жүгіріп шығады. Ал ағылшын инженері Дж. Уатт жаңа машина жасап шығаруды қиялдап жүргенде, пештің үстіндегі шәйнек қақпағынын қақпаған судың буынан діріл қағып, орнынан қозғалғанын аңғарып қалады да, “бұл не деген күші” деп таңданады. Осыдан кейін Дж Уатт бу машинасын ойлап тапты деген сөз бар.

Павлов И. П Полн собр трудов. М ,-Л, т 4 1947, с 340.



168

Кибернетика ғылымының негізін қалаушылардың бірі, атақты американдық оқымысты Н. Винер электрондық-есептеу машинасыи адам миының қызметіне негіздей отырьш ойлап тапқан. Жалпы ал-ғанда, ғылым мел техника, өнер мен білім жаңалықтарынын ашылуы адамның шығармашылық қиялының жемісі болып табылады. Сондай-ақ, әрқилы құрал-саймандардың да адамның әр алуан іс-әрекеттері нәтижесінде жасалғаны белгілі, Мәселен, тырма — қол-дың бес саусағының бірігіп әрекет жасауының, ожау екі қолды қосып сұйықтықты ішудің жемісі деуге болады (32, 33-суреттер).



К. Э. Циалковский- менің ғарышқа сапар шегу талабым фан-тастикалық шығармаларды оқудан пайда болды. Ынта соңынан акыл-ой әрекеті туды. Егер ғылым тарапынан көмек келмегенде,



32-сурет. Қолдың түрлі жағдайларына сәйкес адамның қиялымен жасалған аспаптар.

тек ақыл-ой еш нәтиже бермеген болар еді,— дейді. Қазақ халқы-ның ертедегі қиялы да ұшқыш кілем, таусоғар, көлтауысар, желаяқ тәрізді басқа да кереметтер жөніндс қиялғажайып ертегілер туғызды. Сол арман-тілектің көпшілігі бүгінде нақты шындыққа айналып отыр, Қазіргі танда ел қажеттілігін, мұқтаждығын өтеп отырған пойыздар мен автокөліктер, ұшақ типтерінің





33-сурет Шығармашылық қиял туындылары—сфинкс және кентавр.

169

сан алуан түрі — адамның жасампаздық және шығармашылық қиялының жемісі.

Шығармашылық қиялдың көркем әдебиет пен өнер саласында да алатын орны айрықша. Қоғамдық өмір мен әлеуметтік құбылыстар-ды, адамдардың топтарың, типтерін көрсетуде шығармашылық қиял арқылы сан алуан бейнелер жасалып, типтік тұлгалар туындайды Бұл ретте, М. Әуезовтың “Абай жолы” эпопеясы түрлі топтарға, кесек бейнелер мен кейіпкерлерге толы. Мәселен, Құнанбай, Майбасар, Ысқақ, Тәкежан мен Әзімбай — бір топ болса, Абай, Әбіш, Мағауия, Базаралы, Дәркембай ~ өз алдына бір бағыттағы кейіпкерлер Сонымен қатар жазушының шығармасында Тоғжан, Әйгерім, Зере мен Ұлжан тәрізді әйел образдары да тарихн түлғалық бейнелер ретінде суреттеледі. Шығармашылық қиялды түсіншілік, сәулет, сурет, әдебиет, мәдениет сынды өнер салаларына тән деуге болады.

§ 4. Арман, мұң

Адам қиялының ерекше бір түрі — арман. Бұл — актнв әрекетшіл қиял, өз мақсатымыз бен мүддемізге орай бейнелср жасау, игі мақсат-мүддемізді іс жузіне асыруды қиялдау. Басқаша айтқанда, арман — келешектегі әрекеттсрге арналған киял. Ол — шығармашылық қиял емес, бірақ, соған дайындыктың бастапқы сатысы. Арманды бағалауда ескеретін жайттар: а) арманның әре-кстке қатысы; ә) шындықпен жанасуы; б) оның келешек үшін мәні.

Арман бос қиялдаумен түк те жанаспайды. Бос қиялдың өмір үшін ешбір пайдасы жоқ, ол — арманның тиімсіз түрі. Бұл — қажырсыз қиял. Мұндай қиял адамды белгілі бір мақсатқа не нәтижеге жетелемейді Арман — қиялдың ерікті түрі, ол әрі саналы, әрі белсенді сипатқа ие. Әрекет етудің орнына адам бос қиялға берілсе, онда оның бұл жағдайы босқа адасу, жігерсіз әрекет болар еді.

Адамның жігерсіз іс-әрекетіндегі қиялдың бір түрі — мұң. Мұн — адамның бұрын басынан кешірген қолайсыз оқиғадары мен сәтсіз істері жайындағы ойы, мақсатты істерінің жүзеге аспауы туралы, оған себепкер болған жайттар жайындағы қиялы. Осындай қолайсыз бейнелердің тізбегі кім-кімнің болмасын тынышын кетіріп, ойын бөледі. Бұл — қиялдың әрекетсіз түрі, сондай-ақ, шындықтан жалтару болып саналады. Әдетте, еркі

170

күшті адам мұндай қолайсыз қиялдан арылудьщ жолын іздестіріп, мақсатгы істі жүзеге асыру әрекетіне ауысады да, өзің-өзі меңгереді.



§ 5. Қиялдың даралық айырмашылықтары

Әр адамның қиялы әр түрлі. Бір адамнын қиялы бай, өрісі кең, шындыкпен орайласып, тиісті мақсат-мүддені жүзеге асырумен, шындықпен ұштасып жатады. Ал екінші біреулердің қиялы өрісі тар, жетілмеген, пәрменсіз. Шындыққа сай келетін қиялдардың мазмұны терең олар өмір тәжірибелеріне, білімге негізделген. Мысалы, американдық ғалым Эдиссон қиялы күшті дамыған адам болған. Ол бір машинаны үш түрлі жолмен жасауға болады деген пікірмен келіспей, оны 48 түрлі жолмен жасауды ұсынған. Мұндай қиялдан жаңаны іздеп табу, белгісіз нәрсені ашуға ұмтылу әрекеті байқалады.

Шындық нәрсенің өңін айналдырьш, теріс түсінетіндер де болады. Адамдардың қиялы бір-бірінен пәрменділігімен де ажыратылады. Мысалы, біреулер мәселент шешерден бұрын бар ақыл-ойын сонын төңірегіне жинақтап, әр сөзін таразылап, терең ойланаду, басқалармен кеңесіп, тәжірабе жасайды. Мұндай іс-әрекетте адам өз кейіпкерлерімен іштей араласып, сырласады, олармен бірге өмір сүреді.

Қиялы әлсіз адамдар кітап оқыса, қызықты оқиғаларды ғана іздеп, оны түгел оқымайды. Шын мәнісіндегі қиял ғана адамды жемісті іс-әрекетке. белгілі мүддені орындауға жетелейді, оның рухани өсуіне де ерекше ыкпал етеді.



§ 6. Балалардың ойыны мен ересек адамдардың әрекетінде

қиялдың дамуы

Жаңа туған нәрестеде қиял болмайды. Бала өмірінде қиялдың алғаш көрінуі бір жастан асқан кезде байқалады. Екі жасар бала ертегі не әңгіме тыңдап отырып жылап жібереді. Бұл факті жас баланың басында ес елесінің және қиял елесінің туа бастағанын көрсетеді. Бала қиялының мазмұны бастапқы кезде жұтаң, әрі ырықсыз түрде болады. Өсе келе тәрбие мен өз іс-әрекетінің тәжірибесі негізінде бала қиялы дамып, сапасы артады. Дамудың бұл кезеніндегі өзгешілік — балалардың ойын әрекетінде шығармашылық қиялдық элементтері туа бастайды. Мұндай қиял олардың сюжеттік ой-

171

ындарынан айқын аңғарылады Балабақшадағы бүлдіршіндер “Теміржол” ойынын ойнағанда, әрқайсысы белгілі рөлді орындайды. Осындай ойын әрекеттерінен олардың қиялы толыға түседі, жаңа рөлдер тауып алады. Бұл шығармашылық қиялдың белсенді қатынасынан туындайды.



Ойын әрекеті бала қиялыи тәрбиелеп, дамытуда күшті рөл атқарады. Сондай-ақ, ол балалардың табиғи белсенділігін, қозғалғыштығын, дара психикалық процестерін де дамыта түседі. Мысалы, құрылыс ойындары, теміржол салу, үй тұрғызу, сауыт-фабрикалар орнату т. б.

Жеткіншектер қиядың дамытудағы әрекет — сурет салу, Сурет салуда олар түрлі елестерін, есте қалғандарын сыртқа өздерінше шығарады. Мектеп жасындағы балалар қиялының жүйелі дамуы ғылым негіздерін меңгерумен байланысты. Олар өз қиялының өнімін енді сын елегінен өткізіп, шындыққа жақын бейнелер жасауға ұмтылады.

Ересск адамдар қиялы олардың өмір сүрген ортасы мен тіршілік тәжірибелерінің нәтижелеріне орай дамып отырады, Әр алуан ғылыми жетістіктер, техника мен өнердегі орасан зор табыстар, өндіріс пен ауыл шаруашылығындағы жаңалықтар, мұның "бәрі — ырықты қиялдың жемістері.

Адам қиялсыз өмір сүре алмайды, қиял шындық болмыспен ұштасып, адамды жаңа істерге, меңгерілмеген нәрселерді игеруге, ғылым мен техникадағы, өнер мен көркем әдебиеттегі жаңа белестерге ынталандырьш отырады.

XVI тарау ЕС

§ І. Ес. Ес жайындағы теориялар

Адам өзінің өмірде көріп-естіп білгеңдерін, басынан кешіргендерін, түрлі ойлары мен сезімдерін, әрқилы іс-әрекеттерін ұмыта бермейді. Олар баста сақталады, қажет кезінде кайта жаңғыртылады,

Сонымен, адамның бұрын қабылдаған нәрселері мен құбылыс бейнелерінің, көңіл-күйлерінің ойда сақталып, кажет кезінде қайта жаңғыруы ес процесі деп аталад” Жүйке процесінін уақытша байланыстары негізінде бұрынғы қабылданғандар еске түседі.Естің бұл күйі қайта жаңгырту делінеді.

Қайта жанғыртуда тану мен еске түсіру қызметі бірін-

172

бірі толықтырьш отырады. Қабылданған нәрселердің есте қалғаны естң материалы делінсе, ал есте сақталып, кайта жаңғырғаны естің мазмұны болып саналады. Адам өзінің, басқалардың ойы мен бастан кешкен сезімдерін, іс-әрекеттерін сөз арқылы қайта жаңғыртады.



Есте қалдыру, қайта жаңғырту, тану ес процестері болып саналады. Ес адам тіршілігінде маңызды орын алады. Есте қалдыру адамның өмір тәжірибесін байытады. Адамның есі үнемі дамып, жетіліп отырмаса, онда ол жаңа туған нәресте дәрежесінде қалып қояр еді.Өмір тіршілігіне қажетті нәрселердің бәрінің ес процесінсіз болуы мүкін емес. Ес осы заманғы психалогия ғылымының даму сатысында өзекті мәселенің бірі болып саналумен қатар, техникалық ғылымдар саласында да ерекше маңызды. Есті осы заманғы психология ғылымы тұрғысынан зерттеуде негізгі әрі жанды болып отырған — ссте қалдырудың механизмі туралы мәселелер.

Қазіргі кезде ес туралы түрлі анықтамалар мен теориялық болжамдар бар. Алайда, тұрақты түрде тұжырымдалып, бір жүйеге түскен теория жоқ. Бұл жайт ес процесінің осы кезге дейін әр-тарапты қызу зерттелгендігін, ол жөнінде бірнеше ғылыми жорамал-дар мен концепциялар және әрқилы модельдер бар екендігін көр-сетеді. Соңғы жылдары ес психологиядан басқа ғылым салалары арқылы да қарастырылуда. Осы орайда, бүгінде естің механизмі мен оның заңдылықтары жайында қальштасқан психологиялық және нейропсихологиялық бұрынғы бағыттарға қосымша үшінші бағыт — биохимиялық тұрғыдан іздестіру қосылып отыр. Сондай-ақ, есті бұлармен қатар кибернетика ғылымы тұрғысынан зерттеуде де едәуір қальштасқан жүйелер бар.

Естің психологиялық теоркясы ес механизмін зерттеудің ең бастапқы бағыты болып есептеледі де, осы тұрғыдағы зерттеулер мен кезқарастар көптеген бағыттарға және теорияларға тарам-далады. Осындай тарамдалудың негізі ретінде естік дамуындағы адамның белсенділік әрекеті алынады. Ал ес жайындағы бірсыпыра теориялар (бұлар өзгелерінен гөрі басымырақ) басты мәселе етіп сол күйінде объектіні (“материалды”) немесе “таза” сананың белсенділігін (субъектіні) алады. Бұл бағыт адам іс-әрекетінің материалға қатысы жоқ деп санайды, Мұндай көзқарастың сыңаржақты, үстірт пікірді білдіретіндігі анық.

' Психолоғиялык тұрғыдағы көзқарастар тобы — ассоциациялық (байланысты) бағыт делінсе де, оның не-

173

гігі мәеелесі мен өзекті ұғымы — ассоциациялық байланыстар Осы байланыстар психикалық міндетті түрде жасалу принципі болып саналады. Сөйтіп, екі түрлі елес пен әсерлену санада бір мезгілде бой көрсетеді. Осыған орай есте әр түрлі сыртқы жағдайларға байланысты пайда болып отыратьш әсерлер мынадай үш типке бөлі-неді: а) әсерленген объектінің кеңістік пен уакытқа орай араласып келуі; ә) өзара ұқсастығы; б) бір-бірінен айырмашылығы мен қарама-қарсылығы. Сыртқы дүние құбылыстарының өзара қатынасынан ассоциациялардың мынадай үш түрі жасалады: 1) Аралас не іргелес ассоциащиялар (мысалы: түс (реңк) — сары). 2. Ұқсастық ассоциациялар (қарындаш, дәптер). 3. Қарама-қарсылық асссоциациялар (ақ — қара; ұзын—қысқа т б } Мұндай ассоциация-лық принциптерді тұңғыш рет зерттеп, оларды тұжырымдаған — ертедегі грек философь Аристотель (б. з. д 384—322 жж.) Атақты физиолог-ғалым И. П, Павлов ассоциацияларды шартты рефлекг теориясымен түсіндіріп, ми қабығындағы екі қозу процесінің қабаттасьш келуінен пайда больш, сан рет қайтталау нәтижесінде бекіп отыратын уақытша байланыстар деп анықтады. Бұл ілім естің физиологиялық теориясы деп аталады. Аталмыш теорияға естің физикалық теориясы да жатады. Ол бойынша жүйкелік импульстер нейрон арқылы өткенде, өзінің ізін қалдырады. Бұл нейрондық модель теориясы деп те аталады Осы заманғы нейропсихологиялық зерттеулер нейрондар мен молекулдық дәрежедегі жүйке қызметінің механизмдерінде естің сақталуы мен беку жағдайына терең мән беруде жүйке клеткаларынан таралатын аксондар басқа клеткалар-дағы дендриттермен жанасады, не өзі орналаскан клетка денесіне қайта оралады. Жүйке клеткаларындағы осындай құрылымдарға сәйкес байланыс пайда больш, күрделілігі жөнінен түрліше қозулар реверберикалық қозғалыста болады. Сөйтіп, клеткалардьщ өз-өзінен жандануы -іске асады. Кейбір зерттеушілер мұндай құбылыстар-жүйесін іздердің сақталын қалу процестерінің физиолргиялық субстраты деп есептейді. Мұнда сақталатын іздер қысқа мерзімді есте сақтаудан ұзақ мерзімді есте сақтауға ауысып отырады. Кейбір зерттеушілер осындай есте сақтаудың негізінде бірыңғай механизм'-дер болады десе, ал екінші біреулері мұнда әр түрлі сипаттағы екі түрлі механизм болады деп жорамалдайды. Мұндай болжам-жорамалдар биохимиялық зерттеулер арқылы ғана дәлелденбек.



174

Естің биохимиялық теориясы. Ес механизмін нейро-физио-логиялық дәрежеде зертгеу мәселелері осы кездегі биохимиямен ұштасады. Осы бағыттағы зерттеу нәтижелері есте сақтау екі сатылы сипатта болады деген жорамал жасайды. Бұл жорамал бойынша алғашқы сатыда тітіркендіргіштер тікелей әсер еікеннен кейін мида электрохимиялық қысқа реакциялар пайда болып, олар клеткаларда физиологиялық өзгерістерге ұшырайды. Екінші саты-сында бірінші саты негізінде биохимиялық реакция пайда болып, жаңадан протейндер дейтін белокты заттар құрайды. Бірінші саты тек секунт, минуттарға созылады. Ол — естің қысқа мерзімді физиологиялық механизмі. Ал екінші сатыда клеткаларда химиялық өзгерістерге ұшырайтын заттар ұзақ мерзімді есте сақтаудың механизмі болып табылады.

Мұндай жорамалдардың шындығын анықтау мақсатымен сабаукуйрық тышқандарға арнайы тәжірибе жүргізілген. Адам есінен уақытша танып қалғанда, науқастанбастан бұрын көрген-білгендерін ұмытьш қалатыны мәлім. Бұл жайт адамдарға кысқа мерзімде әсер еткен нәрселердің ізі-электрохимиялық реакция-лардың биохимиялық өзгерістерге жетпей, басылып қалатындығын керсетеді.

Естің химиялық теориясын қолдаушылар есте сақтаудың физиологиялық негізі клеткалардағы нуклеин дейтін қышқыл молекулаларының бөлінуімен байланысты деп санап, бұл генетикалық немесе нәсіл қуалау арқылы беріліп отырады деп есептеледі. Ал онтогенетикалық не дара адамның есі рибонуклеин қышқылына байланысты (РНК) делінеді Мұның мәнін айқынырақ түсіну үшін мынадай бір мысал келтірейік. Алматы қаласынан Ке-ген ауданы жаққа бір самосвал машинасы кетеді. Машина сағатына 50 км жол жүреді. Сол машина 95 км жол жүргенде апатка ұшырап, жүргізуші жарақаттанады, Жүргізуші емделіп шыққан соң одан апатқа кімнің кінәлі екендігін сұрағанда, ол 70—75 км-ге дейінгі көргендері мен кездестіргендерін айта береді. Бірақ 75 км-ден 95 кн-ге дейінгі аралықта болган оқиғаларды айта алмайды. Оның себебі — мағлұматтардың консолидация күйіне енбегендіктен, жүргізуші есінде сақталмағандығы.

Швеция биохимигі Хиденнің зерттеулері клеткаларда тітіркендіргіштерді күшейтудің РНК затын көбейтіп, ұзак уақыт бойы химиялық іздер қалдыратынын анықтаған РНК өте өзгергіш; оның өзіндік өзгеруі 1015--І02°-

175


ға дейінгі сандар арасында болып отырады. Осындай биохимиялық зерттеулер арқылы табылган жаңа мағлұматтар болашақта адамның ес процесін басқаруда үлкен жетістіктерге жеткізуі мүмкін. Адамның ес процессі — өте күрделі және адамның іс-әрекетіне орай жоғарыдан төмен қарай дамып, бүтіннен бөлшекке — организмнен мүшеге, одан клеткаға және керісінше ауысып отыратын процесс. Сондықтан, естің механизмін әр түрлі дәрежеде анықтаған зерттеу нәтижелері бір-бірін толықтырып отырады-

§ 2. Естің түрлері

Ес адамның әр алуан іс-әрекеттерімен байланысты болып, тіршілікте аса маңызды қызмет атқаратын болғандықтан, оның түрлері мен көріністері де әрқилы. Естің бөлінуі адамның түрлі әрекет ерекшеліктеріне сәйкес жүргізіліп, олар есте қалдыру, қайта жаңғырту процестерімен тығыз ұштасады. Мысалы, адамда есту мен көру есі психикалық қасиеттер ретінде көрінеді әрекет сипаттарына орай, ес мынадай үш түрге негізделіп бөлінеді: 1. Психикалық белсенділік сипатына байланысты: қимыл-қозғалыс, эмоциялық-сезімдік, бейнелі- көрнекілік және сөздік-мағыналық (логикалык); 2. әрекеттін, мақсат сипатына қарай: ерікті, еріксіз ес. 3. Адамның материалдарды қанша уақытқа дейін ест сақтай алатындығына қарай кысқа және ұзақ мерзімді "(түпкілікті), сондай-ақ оперативтік -ес. Естің кейбір түрлері арнайы аспап-мнемометр арқылы өлийнеді (34-сурет).





34-сурет. Есті өлшеу аспабы — мнемометр.

Қимыл-қозғалыс есі дегеніміз — ойын, спорт, енбек оқу әрекеттеріне байланысті әр түрлі қимыл-қозғалыстар мен әрекеттерді есте қалдырып, оларды қайта жаңғыртып отыру. Мысалы, кокьки тебу, машинада жазу, өлең-сөздерді жаттау, қой қырқу т. б. Естің бұл түрі қозғалыс дағдыларын қалыптастырудың негізі болып табылады. Адамның бастан кешірген түрлі сезімлері мен эмоция

176


лық күйлерін есте калдырып отыруын сезімдік ес деп атаймыз. Өз айналасындағы нәрселер мен құбылыстарға көңіл-күйінің қандай қатынаста болғанын кайта жаңғыртып, оларды тітіркендіргіш ретінде есіне тусіруі амамды қызықтырьш, түрлі іс-әрекеттерді атқаруға жетелейді.

Эмоциялық ес бойынша адам басынан кешіргендерін еске түсіргенде, бозарады, не қызарады, Өйткені, оның басынан өткен әр алуан жағдайлар оған күшті әсер етіп, эмоциялық күйге ұшыратады. Белгілі мәні тұрғысынан алғанда, бұл естін, басқа түрлерімен салыстырғанда әлдеқайда күшті болады.

Бейнелі-көрнекілік ес заттар мен құбылыстардьщ қасиеттерін, нақты бейнесін ойда қалдырып, қайта жаңғыртуда айқын көрініс береді. Естің бұл түрі арқылы табиғат көрінісі, бастан кешкен оқиғалар, дыбыс, иіс, дәм жаңғыртылады. Осығай орай бейнелі-көрнекілік: ес — көру, есту, сипау, иіс, дәм естері болып та бөлінеді. Егер қалыпты дамыған адамдар үшін есту есі мен көру_ есінің маңызы зор болса, ал соқыр, саңырау адамдарда мұның егесіне сипау, иіс, дәм естері (түйсіктердід осы түрлеріндегі сияқты) өте жақсы дамып, басқа естердің кемістіктерін толықтырады.Бейнелі ес, әсіресе, көркемөнер кәсібімен шұғылданатын адамдарда жоғары әрі өте нәзік түрде дамыған болады.

Кейде эйдетикалық есі бар адамдар да кездеседі. Мұндай адамдар заттар мен құбылыстарды көз алдына нақты елестетіп, олардың жеке қасиеттері мен бөлшектерін айқын ажырата алады. Олардың сезім мүшелері сыртқы тітіркендіргіштерге күшті қозудың нәтижесі больш саналады-



Сөздік-мағыналық (логикалық) ес біздегі ой, ұғым, пікір, ой қорытындылары сияқты түрлі формалар арқылы. Із қалдырып отырады. Ойдың қандай формасы болса да тілмен, сөзбен байланысты. Естің бұл түрінің сөздік-мағыналық (логикалық) деп аталуы да сондықтан. Бұрын қабылдаған нәрселерді қажет кезінде біз сөз, не олардың мәнін есте сақтау арқылы жаңғыртамыз. Егер бейнелі есте бірінші сигнал жүйесінің қызметі басым болса, сөздік-мағыналық есте екінші сигнал жүйесі шешуші рөл атқарады. Нәрселердің мән-жайын есте сақтау логикалық-мағыналық, ал белгілі үзінділер мен сөз тіркестерін, мазмұндарды сөзбе-сөз жаттап алу~-механикалық түрде есте қалдыру делінеді. Сөздік-мағыналық ес оқушылардың білім жүйесі мен оқу материалдарын

177


есте сақтауында жетекші мәнге ие.Естің бұл түрлері адамның әрқилы іс-әрекеттерінің алмасып отыруына ннет-тілегіне, мақсат-муддесіне Орай түрлі тәсілдерін ауысып, оның бойындағы тұрақты қасиеттері болып қальштасады

Ерікті және еріксіз естер. Естерді ерікті және еріксіз деп бөлу орындалуға тиісті әрекеттердің маңыздылығы мен қажеттілігіне байланысты. Белгілі мақсат қоймай-ақ, арнайы есте қалдырмай-ақ есте сақтау мен жанғьгр ту, еске тусіру еріксіз ес деп аталады. Егер мақсат қоятын болсақ, онда бұл ерікті ес болады. Мұнда есте қад-дыру мен жанғырту, еске түсіру, жаттап алу үшін мнемоникалық амалдар қолданылады. Естің бұл түрлері бірізділікпен дамып отыратын естің сатылары болып табылады. Еріксіз естін, орасан зор орын алатынын әр адам өз тәжірибесінен жақсы біледі. Дегенмен, адам қажетті деп тапқан нәрселері үшін арнайы амалдар қолданып, ерікті есте қалдыруды да жиі қажет етіп отырады, Естің адам санасында тұрақтанып, жемісті болуының өзіндік сипаттары бар. Олар — естін, көлемі, тездігі, дәлдігі, ұзақтығы, даярлығы (№ 2 сызба).

Қысқа мерзімді жәке түпкілікті ес. Оперативтік ес. Қажетті материалдар мен нәрселерді есте сақтау үшін адам тиісті әдіс-тәсілдер қолданьш, оны қалай да жадында қалдыруды мақсат етеді. Бұл сол әсер еткен нәрселер ізінің консолидациясы немесе мағлұматтардың есте берік қалуы деп аталады.Мұндай есте осыдан біршама уақыт бұрын қабылдаған нәрселердің бейнесі адамның көз алдына елестеп, құлағына дауысы естіледі. Бірақ, мұндай процестер тұрақсыз. Дегенмен, бұл ерекшеліктің, сырттан алынған хабарларды есте сақтап, оларды қайта жаңғыртуда ерекше маңызы бар. Естің бұл түрін қысқа мерзімді ес деп атайды. Ал түпкілікті ес қабылданған нәрселерді, құбылыстарды олардың белгі-қасиеттерін, тиісті материалдарды есте сақтау, оларды бірнеше рет қайталау арқылы ұзақ уақыт бойы есте қалдырады. Түпкілікті есте қалдырудың тағы бір ерекшелігі — әсер еткен нәрселердің ұзақ мерзімге созылуына және адамның арнайы мақсатына да байланысты. Сондықтан, нәрселер ізінің консолидациясы қабылданған материалдардың мәнісіне қатысты. Мағынасына түсінбей, нәрселердің әсерін қайталай беру мида қорғаныс тежелулерін тудырьш, түпкілікті еске айналуды қиындатады.

Көркем әдебиет пен ауызекі тілде қысқа мерзімді ес “алғашқы ес”, “шапшаң көрініс” деп те айтыла береді.

178

Дегенмен, психология ғылымында ол оперативтік ес рлі амал-тәсілдер есі) деген атпен белгілі.



Ес түрлерінің өзара байланысы. Ес түрлерінін бөліну прнципі адамдардың іс-әрекет сипатына орай жүргізіледі де, олар өзара тығыз ұштасыц, бірін-бірі толықтырып отырады. Мысалы, сөздік-мағыналық ес мағыналы туымен бірге еріксіз не ерікті де болады, Сондай-ақ, кысқа мерзімді не түпкілікті болуы да мүмкін. Осы қысқа мерзімді ес пен түпкілікті ес жалпы есте қалдырудың екі түрлі басқышы больш есептеледі. Қысқа мерзімді ес сырткы мағлұмат-тарды өткізуші көпір тәрізді. Онсыз түпкілікті еске хабарлар келіп түспес еді. Барлық ес қысқа мерзімді ес процесінен басталады. Естің күрделі адам өмірінде алатын орнының ерекше екендігін мына № 1 сызбадан көруге болады.

Естің таным жүйесінің орны





§ 3. Естің жалпы сипаты

Ес — курделі психикалық процеес, ол бірнеше дара процестерден тұрады. Олардың негізгілері: есте қалдыру, қайта жаңғырту, ұмыту.

Есте қалдыру дегеніміз — жаңадан қабылданған бейнелер мен материалдарды, олардың мәнін есте бұрынғы сақталғандармен байланыстырып отыру. Есте қалдыру процесі талғамалы. Өйткеңі, біз санамызға бұрын әсер еткен нәрселер мен кұбылыстардан, болмыс пен оқиғалардан өмір мен тіршілікке қажетті материал-

179


дарды ғана тұрақтандырьш, жадымызда қалдыруды мақсат етеміз. Есте қалдыру арнайы есте калдыру, еріксіз есте қалдыру болып екіге бөлінеді. Еріксіз есте қалдыруда адам алдына арнайы мақсат қоймайды. Ал ар-найы есте қалдыру үшін мьшадай шарттар қажет: 1} арнайы мақсат қою, оны меңгеруге ұмтылу; 2) есте қалдырудың қоғамдық, тәжірибелік мәнінің адам қажетін? байланысты болуы; 3} есте қалдыруды жоспарлап оқылған материалдардың жемісі мен оның ішінен еске түсерлік түйінді мәселелердің ізін, мәнін білу; 4) сол мән-мағыналарды түсіну үшін оларды ойлау процесімен

 

 



 

 

 



Естің жемісті болуы № 2 сызба.

180


тығыз ұштастыру; а) қабылдаған нәрселердің байланыс жуйелерін, тірек боларлық желісін табу; 6) қабылдаған әрселерді өз сөзімен құрастыру, сөйтіп қажетті материалдарды есте қалдыруды жеңілдету; 7) өз еңбегін, оқуын дұрыс ұйымдастыра білу; 8) сапалы түрде қайталап, асықтап отыру.

Мұндай талаптарды орындау адамның ақыл-ой кені болып саналатын ес пен жадында сақтауын дамытып отыруға пайдалы ықпал етпек.

Есте 'сақтаудың тиімді әдісі мен жемісті болуы кажетті материалдарды жаттап алуға байланысты. Бұл тәсілдің де өзіндік амал-әрекеті, жүйесі бар. Кез-келген жаттау жемісті бола 'бермейді. Ғылымда есті дамытуға арналған жаттау тәсілін — мнемоника деп атайды. Бұл атын сөзінен шыққан. Мәнісі — жаттап алу амалы, ес-

ті дамытудың тиімді жолының бірі. Естің жемісті болу арттары № 2, 3 сызбаларда көрсетілген.




Каталог: Книги
Книги -> 3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
Книги -> АҚША, несие, банктер
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет