§ 5. Психика және жүйке жүйесінің эволюциясы
Организм бейнелеуінің дәлдігі мен теңдігі сезім органдарының және жүйке жүйесінің құрлысына, сондай-ақ, тітіркендіргіштің түрлерін сезіну мен оған әсерлену рецепторларының жетілу деңгейіне байланысты. Мысалы, көру рецепторы күн жарығының шапағын 6ейнелеу арқылы қалыптасады. Қарапайым және көп клеткалы жәндіктер мен ішек қуыстылардың жарыққа реакцияла-нуы фототропизм сипатында болатыны байкалады, Жауын құртының эпидермасында жарықты сезінетін клеткалар бар. Бұл клеткалар жарықтың бар-жоғын анықтауға ғана қабілетті. Былқылдақ денелілердің жарықты сезінетін клеткалар тобы болады. Олар бүкіл денеге тара-
47
ғвн. Көру органының бұл түрі жарықтың дененін қай жағынан түсіп тұрғанын да ажырата алады. Омыртқалы' жануарларда жарықты сындыратын қасиеттер бар. Ондай қасиет зат кескшін анық көр-сетеді. Рецепторлардың жетілуі белгілі мөлшерде жүйке жүйесінің бір типінің дамуына сәйкес келеді. Сезім органдары мен жүйке жүй-есінің дамуы психикалық бейнелеу деңгейін қалтқысыз анықтайды. Ішек қуыстылардың жүйке жүйесі бірімен-бірі өскін арқылы торкөз тәрізді байланысьш, олардың өне бойына таралады. Мұндай жәндіктердің әсерлерге тітіркену тропизм деңгейінде деуге болады. Оларда узқытша байланыстар күштеп жасалғанымен, тез жойы-лады.
Дамудың келесі сатысында жүйке жүйесі сапалық өзгерістерге түсіп, тор және түйін түрінде болады. Түйіндік жүйке жүйесі бар жәндіктер тітіркендіргіштерге едәуір әсерленіп, оларды қайта өңдей алады. Себебі. сезімтал клеткалар тітіркендіргіштерге тікелей әсерленіп, оның сапасын арттырады. Мұндай жәндіктердің негізгі бөлігі — бас түйінінде және оның кұрылысы басқа түйіндерге қарағанда күрделірек. Ек қарапайым танглийлік жүйке жүйесіне ие жәндік — жауын құрты.
Жүйке жүйесінің жоғары типі — түтік тәрізді болып келетін хордалылар. Олардың.эволюциясында біртіндеп; омыртқасы қатайьш, бас сүйегінде орналасқан орталык жүйке жүйесі жұлынмен ұштасады. Ондай жануарлардың рецепторлары дамъш, психикалық бейнелеу түрлері күрделене түскен. Омырткалылардың эволюция-лық дамуында бас миының атқаратын қызметі артып, түрлі дафуякцияларды басқаратын орталықтары жетілген. Жануарлардың әрекеті неғұрлым күрделенген сайын орталық жүйке жүйесінің де қызметі жетіле бермек. Ондай жануарлар сыртқы орта әсерін нәзік әрі дәл етіп бейнелей алады. Жоғары сатыға көтерілген сайын жануарлардың жүйке жүйесі жетіліп, даралық шартты рефлекстер-дің жиынтығын құрайды. Сонымен, психика дамуында рецептордың қызметі де күрделеніп, әралуан әрекеттер жасай алады. Жануарлардың сезім органдарының, дене кұрылысы мен жүйке жүйесінің сандық әрі сапалық өзгеруі олардың тіршілік ортасымен байланысты түрде дамиды.
Көру рецепторының кұрылысы жәндіктердің тіршілік ортасына сәйкестенген. Мысалы, терең суда тіршілік ететін балықтар сәл-пәл түске тітіркенеді. Себебі, олардың
48
көзінің тор қабығында арнайы сезімтал аппарат — таяк- шалар бар, көзінің қарашығы мен жанары әлдеқайда жетілген. Жер бетінде тіршілік ететін жоғары сатыдағы жануарлар көзінің құрылысы ерекше. Ультра күлгін түсті көз жанары мен қасан, қабық тор өт-кізбейді. Күндіз және түнде тіршілік ететін жануарлардың өмір сүру сипатына қарай көзінің құрылысы да ерекше келеді. Ол тіршілік ортасының жағдайына қарай түрлі тітіркендіргіштерді ажыратады. Жалпы дамып жетілуінде жануарлардың сезімталдығы тітіркен-діргіштердіц биологиялық мәнділігіне байланысты. Өрмекші қоз-ғалған кимылға, басқа адамға естілер-естілмес дыбысқа, жар-қанат ультра күлгін түске, ит ең әуелі иіске мән береді.
Психиканың эволюциялық дамуы сан қилы. Бейнелеу денгейі әр түрлі жан-жануарлар белгілі ортада тіршілік етеді. Тіршілік жағдай-лары түрліше болғанымен, жаңуарлардың бейнелеу қасиеттерінен ұқсастық табуға болады. Мысалы, суда тіршілік ететін дельфин мен кұрлықта тіршілік ететін түйе және орманды жердегі аю бұл жағынан бірдей жоғары сатыда тұр. Материяның жалпы даму заңдылығына сәйкес олардың өмір сүру ортасы да эволюциялық өзгерістерге ұшырайды, жан-жануарлар сондай езгерістерге бейімделеді. Ортаның өзгеруі жәндіктердің психикасына әсер етін, олардың функциясының дамуына ықпал жасайды. Өмір сүру орта-сындағы түбегейлі өзгерістер адамзаттың арғы тегінің жануарлар дүниесінен ерекшеленіп, жер бетінде ақыл иесі — адамның пайда болуына қолайлы жағдай туғызды.
§ 6. Еңбек әрекетінде сананың, дыбысты анық тілдің
дамып шығуы және олардың қоғамдық-тарихн сипаты
Жануарлар мен адам психикасының өзіндік ерекшеліктері және сипаттары түрліше, олардың арасында айрықша айырмашылықтар бар. Жануарлардыд “тілі” мен адамның сөйлеу тілін салыстыруға мүлде болмайды. Жануарлар жануарларға белгі берумен ғана шек-телсе, ал адам анық сөйлеу тілі арқылы әр алуан хабарлар беріп, қазіргі жағдай мен болашақ жөнінде басқа адамдармен қарым-қатынас жасайды. Сөйлеу нәтижесінде әлеуметтік тәжірибесін өзгелерге жеткізеді, сөйтіп, пікір алысады. Даму тарихында анық тіл аркасында адамдардың бейнелеу мүмкіндігі қайта құрылып, жаңа сыр-сипаттарға ие болады. Адам өз миында ғасырлар бойы жинақталған өмір тәжірибесін күрделі мәселелер-
-49
ді шешуге пайдаланады, өзі ешқашан кездестірмеген құбылыстар жайында түсінік алады. Сол анық тілі арқылы әр турлі сезімдік әсерлері жөнінде өзіне-өзі есеп беретін деңгейге көтеріледі. Жануарлардың қатынас жасау тәсілдері мен адамның сөйлеу тілінің арасындар ерекшелік — олардың ойлау әрекетінде. Мұндай жайттан біз әрбір жеке психикалық процеетің басқа функциялармен тығыз байланыста дамып отыратындығьш реміз.
Зерттеу тәжірибелеріне қарағанда, жоғары сатыдағы жануарларда әрекетгік ойлау кездеседі. Ойлаудың ондай түрі маймылдың бағдарлау мен айлалы әрекеттеі жасап, мақсатына жету үшін түрлі жағдайларда “құрал” қолдануынан көрінеді, (5-сурет). Жануарлар пси-|
5-сурет.
Майдың “құрал” қолданып жемісті алып жеуі.
хикасы олардың сырткы әсерлерді тікелей қабылдайтын жағдай тәуелді. Ал адамының нақты жағдайларға бейімделуі ойлаудагы дерексіздендіру әрекетіне сүйеніп, іе-әрекет нәтижесін алдын-ала болжай алады. Адам нақты жағдайды бейнелеумеи бірге одан шығатын нәтижені де пайымдайды. Сондай-ақ, ол еңбек құралдарын жасап, қажетіне колданады Ал жануарлар “құралды” тек
50
нақты, көрнекі әрекетке ғана жұмсайды. Өзге жағдайлары жануар-лар “құралды” қажет болар-ау деп тани алмайды, Жануарлар үшін зат тек нақты жағдайда ғана белгілі бір мәнге ие болады. Олардың заттық-құралдық әрекетінде ұжымдық бірлесу сипаты болмайды. Ең әрі кеткенде бір маймыл екінші маймылдың әрекетін бақылауы мүмкін. Бірақ олар өшқашан біріне-бірі кемектесіп, бірлескен әрекет жасамайды.
Адамның жануарлардан басты ерекшелігінің бірі — енбек құралын ойлан, жоспарлап жасауы. Осы қажет кезінде қолданып, сақтайды. Екіншіден, құрал-саймандарды басқа адамдармен бірлесіп қол-данады. Адамның психикалық әрекетіндегі саналылықтың үшінші ерекшелігі - олардың қоғамдык тәжірибені бір-біріне жеткізіп, мұра етіп қалдыратындығы. Адам да, жануарлар да жеке өз тәжірибелерін жинақтайды. Алайда, адам сол тәжірибелерін саналы түрде мең-гереді. Әрбір адамның мінез-құлқында қоғамдык тәжірибенің ізі сайрап жатады. Қоғамдық тәжірнбе адам психикасың дамытуға күш-ті ыкпал етеді, Нәресте жарық дүниеге келісімен, әрқилы әрскеттер жасап, құралдарды қолданып, айналасындағы адамдармен қатынаста болады. Сөйтіп, адамзат баласының психикалық функцияларының жетілуіне әлеуметтік орта әсер етіп, қажетті құралдарды меңгеру-інде сапалық әзгерістерге ұшырайды. Адамға ғана тән жоғары функциялар — ырықты зейін, ырықты ес, абстрактылы ойлау дамиды.
Адам сезімінің дамуы және абстрактылы ойлауы нәтижесінде болмысты бейнелеу тәсілдері өзара ұқсас. Сондықтан, адам айналасында болып жатқан жағдайлардың сырын білуге терең үңіледі. Өзіне әсер ететін заттар мен құбылыстар арасындағы байланыстарды бейнелеп, олардың бір-біріне қатынас себептерін таниды, әр қилы эмоцияларға әсерленеді. Мұндай сипаттар — адам психикасының өзіндік төртінші ерекшелігі. Тек адам ғана басынан кешірген оқиғаларға қайғырып, қуанады. Басқа адамның басына түскен жағдайларға жанашырлық білдіріп, оларға жан дүниесімен тебіренеді. Табиғат әсемдігін қабылдап, оған шаттанады, жасампаздық істердің нәтижесіне қуаныш білдіріп, рақаттанады. Сөйтіп, саналы тіршіліктің түрлі сырларын танып, акыл-ой сезімін байытады.
Адам психикасының. жануарлар психикасынан тағы бір ерекшелігі сол — жануарлар дүниеешін дамуы биологиялық эволюция заңына тәуелді болса, ал адамзат
51
санасы қоғамнык тарихи даму заңдылықтарына бағынады. Адамдардың өзара карым-қатынасы мен өмір тәжірибесі оның көңіл-күйін, ырықты зейіні мен есте сақтауын, абстрактылы ойлау қабілетін жетілдіріп, жеке басының кісілік қасиеттерін қальштас-тырады. Адам психикасының қоғамдық даму сипатын түрлі себеп-термен жас кезінен жануарлар ортасында өскен адам баласының жағдайларынан толык аңғаруға болады. Барлық маугли балаларда жабайы аңдарға тән тіршілік сипаты мен реакциялық әрекеттер болған. Ал адамның жас кезінен қалыптасатын, әлеуметтік ортаға бейімделген сапалары байқалмаған. Егер маймылдың балалары өз үйірінен ажырап қалатын болса, олар тек маймылға тән әрекет-терінен жаңылмайды, Адам баласы адам болып өсуі үшін жарық дүннеге келгеннен бастап адамдар арасында, әлеуметтік ортада өмір сүруі қажет.
Адам психикасы — бүкіл материяның эволюциялық даму нәтижесі. Психиканың даму сатыларын талдау нәтижесінде біз сананың пайда болуы биологиялык фактормен байланысты екенін түсінеміз. Адамның арғы тегі заттық әрекет ету негізінде ойлаған. Сөйтіп, жоғары жүйке жүйесінде, әсіресе, бас миында көптеген уақытша байланыстар жасауға қабілетті болған. Алғашқы адам дар қолға ұқсас алдыңғы аяқтарының көмегімен қажетті құралдар жасап, оларды нақты жағдайға қолдана да білген. Жануарлар эволюциясының мәнін түсінуде сана адамның қоғамдық қатынас-тарыньщ жиынтығы екенін айқын түсіне аламыз. Адамдардың алғашқы қоғамдық қатынастарының сипаты — үйірленіп тіршілік етіп, топ-тасып өмір сүруі. Сөйтіп, олар өз жауынан қорғанған, тамақ табуда біріне-бірі көмектескен. Еңбекке қажетті құрал жасап қолданған, Еңбектёну әрекетінде алдыңғы екі аяғы әр алуан іс-қимылдар жасауға икемделіп, денесін тік ұстаған. Мұндай даму адамның бас миынын жетілуіне зор ықпал еткен.
Еңбек әрекеті — қоғамдык дамудың алғы шарты және нәтижесі. Еңбек әрекеті адамдар арасындағы қоғамдық қатьшастар мен тұрмыс жағдайының күрт өзгеруіне, адам тегінің өсіп жетілуіне қолайлы ықпал етеді. Ортаның күрт өзгеруі адамның тіршілік етуін қнындатып, қажеттіліктерін қанағаттандыруы шиеленісе түсті. Адам қиындықты жеңбесе, тегінің құрып кету қаупі туды, Сондықтан олар қауымдасьш, топтасып тіршілік етуге, біріне-бірі бірлесіп көмектесуге мәжбүр болды. Адам-
52
дардың топтасқан мушелерінің қарым-қатынасы біртін-“өндірістік” қарым-катынасқа ауысты. Адамның нағыз адамға айналуындағы негізгі шарттық бірі еңбек.
Еңбек әрекетінің арқасында адамның санасы дамыды. Эволюция-лық дамудың ең жоғары сатысьша көтеріліп, заттық әрекетінің. мәнін шьшайы түсінетін болды, сөйтіи, акиқат дүниені өзгерту дәрежесіне қолы жетті. Еңбек құралдарын жасап, оны қолдану, сақтау әрекетнің арқасында адам тіршілік ортасына тәуелді болатын бірсьшыра жағдайлардан құтылды, өзін сол ортаның иесі ретінде сезінетін деңгейге көтерілді Өздері жасаған құралдармен әр алуан әрекеттерді жасайтын болды. Бұл — адамдар қауьшдастығының жануарлар тобынан ерекшеленетін ең басты сапалық айырмашылық-тарының бірі. Жоғарыда аталғандай, жануарлар кездейсоқ заттарды пайдаланса, адам өзіне қажетті, тұрақты заттарды пайдаланды. Өз қолынан шыққан құралдары оның қимылын, әрекетін дамытып, материалдық сипат алды. Құрал арқылы бір ұрпақ келесі ұрпаққа түрлі құрал жасау тәсілдерін, іс-қимылын мұра етіп қалдырды. Еңбек әрекетінде адамның зейіні өзі жасайтын құралға шоғырланып, өзінің қажеттіліктерін қанағаттандыруға да бағытталады. Адамның әрекеті — еңбек. Қоғамның бастапқы даму сатысы деңгейінің төмен болуынй орай алғашқыда ойлаудың да өресіз болғаны анық. Өндіріс құралы күрделенген сайын бейнелеу әрекеті де сол шамада болған.
Күрделі өндіріс түрлерінің шығуына сәйкес қоғам мүшелерінің құрал-жабдық жасаулары да бірнеше буынға бөлінеді. Енді қоғам мүшелері әр буынды жеке атқарады іс-әрекеттердін, буындарға тарамдалуы өндіріс құралдарыньщ түр-түрін шығаруға жіктеліп, адамдардың сан алуан қажеттіліктерін қанағаттандыратын деңгейге жетті. Мұндай қажеттіліктер адамдардың абстрактылы ойлау әрекетінің дамуына да пайдалы әсерін тигізеді. Осы орайда,
Қ. Маркстіа адам табиғатқа әсер ете отырып, әз табиғатын да дамытады дейтін пікірі — өте дұрыс қағида. Адам мен табигат арасындағы қатынас өндіріс әрекетімен ұштасады. Енді сол адамдар өздерініқ зат алмасуды реттеп, оны бақылап отыратын дәрежеге жетеді. Табиғаттан өз қажеттерін өтейтін заттарды өңдіріп, іске жарату процесінде адам өзініқ бас, қол, аяқ тәрізді дене мүшелерінің де күшін пайдаланып, олардың
53
дамып, жетілуіне пайдалы әсердін. барын біледі. ДенеІ мүшелері әр алуан қимылды қозғалыстар үстінде өзге~| рістерге ұшырайды. Еңбектену әрекетінде қолдың атка. ратын жаңа қызметтері қалыптасады, ептілігі артып| анатомиклық өзгерістерге ұшырайды. Қол мен иықтыі білектің көлемі өзгеріп, буындар шапшан, қозғалаіыні болады. Қол заттарды ұстау органы қызметін атк.аруг:ен| бірге, адамның таным құралына да айналады. Саусзқ-| тардың жетілуі адамның сипап білу сезімдерін жетілді-і ре түсті, И, М. Сеченев қолдың түрлі қызмет аткарушіа' баса мән беріп, оны сипап сезінудін нәзік органы дегей| болатьш.
Қол еңбек әрекеті нәтижесінде қалыптасып, түрлі за г-қа жанасу арқылы әрбір нәрсені нәзік сезіне алатын бол^ ды. Сондай-ақ, қол материалдық дене жөнінде бағалі мағлұматтар да береді. Қол — тек еңбек органы ғанг емес, сол еңбектердІЕ жемісі. Онын, дамуы адамнын. кіл органдарьшың дамуына да әсер етеді. Қолдың күрделі істерді атқаруға бейімделіп, дамып, жетілуі1! адамды өз бойын билеп, тік жүру деңгейіне жеткізді.:
Қолмев істелетін сан килы еңбек әрекеті көздін, бакы-і лауьшен ұштасып, адамның көру органының дамуыка* әсерін тигізеді. К,ол мен көздің бір-біріне сәйкестеніпі отыруы адам организмінің бүкіл кимыл-қозғалысын рет-і теп отырады да, оның танымдық өресін кеңейтеді. СөЦ тіп, оның сезіну қызметінің өзгеруі бас миыньщ жетіліпз көлемінін, арта түсуіне колайлы жағдай тудырады. Бас миында колдын, зрекетін реттейтін орталыктың жасалуі адамның пскхикасы мен әрекетініи барынша күрделенія| отыруына пайдалы әсерін тигізіп, дүниенің сырын неғұр-лым терең танып білуге баулиды. Мұндай жетістіктер-] дің бәрі — адамның едбек әрекетінің жемісі. Еңбек егуі нәтижесінде адамзаттың қоғамдық" өмірі құрылды, рым-қашнас жасаудың жоғары формасы — олардьщ! дыбысты тілі жетіліп, адам сана аркылы болмыстын шындығын тепе-тең етіп бейнелей алатын болады. Енбск| процесінде адамнық саналы әрекеті калыптасып, бейне-леу формалары жетіле түсті.
Тарихй даму продесінде екі шешуші фактор — енбекі пен дыбысты тіл арқылы адамзат орасан зор табыстарға]1 жетіп, осы заманғы материалдық және рухани мәдение-"-ті меңгерді.
Сана — йсихика дамуының еа жоғары сатысы. Ол -гек ақыл иесі — адамдарға ғана тән қасиет.
54
IV тарау.
ПСИХИКА ДАМУЫН БЕЙНЕЛЕУ ТЕОРИЯСЫ
ТҰРҒЫСЫНАН ТҮСІНУ
§ 1. Психиканыд даму сатылары
Психика (Ч) — тіршілік дамуының белгілі бір сатысында тірі организм мен сыртқы ортаның өзара қатынасын білдіретін бейнелеудің айрықша түрі. Психиканың алғашқы ең қарапайым түрі жәндіктерге тән. Ал психиканың ең жоғары формасы — адамның санасы. Сана — адамның коғамдық тарихи дамуының жемісі. Ол әлеуметтік даму заңына сәйкес үнемі жетіліп, күрделеніп отырады.
Адам психикасының ерекшеліктері біздің санамыздан тыс өмір сүретін заттар мен құбылыстарды, әралуан нәрслерді түйсіну, қабылдау, елестету арқылы-көрінеді. Олардың адамның сезім мүшелері арқылы тікелей көріп білуге, ұстап көруге болмайтын қасиеттері мен белгілері, өзара шартты байланыстары адамның абстрактылы ойлау формалары болып саналатын ұғым, пікір, ой қо-рытындылары арқылы танылып, жанама жолмен бейнеленеді. Соның нәтижесійде біздің айналамыздағы заттар мен құбылыстар-дың заңдылықтары, олардын пайда болып туындауы және өрістеп дамуы адамның дүниені танып білуі мен бейнелеуін көрсетеді.
Жәндіктер мен хайуанаттар тіршілік ететін ортасына. қаншалықты бейімделгенімен, оны өзгертіп, қайта жасай алмайды. Ал адам оны өзінің мақсат-мүддесіне сәйкес жоспарлы түрде өзгертуге шамасы келетінін нақты іс-әрекетімен дәлелдейді. Ол — табиғат қожасы. Осы орайда, В. И. Ленин “Философиялык дәптерлерінде” “Адамның санасы объективтік дүниені бейнелеп қана қоймайды, сонымен катар оны жасайды”1 дейді.
Адамның табиғат пен қоғам дамуында алатын орнын, қызметін ғылыми тіректерге сүйене отырып баяндап, оның мәнін терең түсінуге болады. Біз тіршілік етіп отырған Жер шары бұдан төрт жарым миллиард жыл бұрын шамасында пайда болды деген жорамал бар. Бұдан екі жарым — үш миллиард жыл бұрын оның бетінде ешқандай психикалык қүбылыс болмаған. ¥зақ дәуірлерге созылған эволюциялык даму нәтижесінде Жер бетіңде тіршілік пайда болды. Соныя арқасында тірі
1 Ленан В. И. Шыгармалар. 38-том, 213-бет.
55
организмнің сыртқы ортаның әсеріне тітіркену қасиеті оянды. Мұндай қасиет бертін келе тірі жәндіктерге күрделі кұбылыс — психиканы тудырды.
$ 2. Психика және жануарлар мен
адмның бейнелеу ерекшеліктері
I Психика сезім мүшелерінің бізді қоршаған сырткы; заттар мен құбылыстарға әсерленіп, тітіркенуінен пайда болады. Мұндай жайт психиканың, сыртқы орта мен объективтік шындыктың өзара шартты байланыста екенін көрсетеді Сыртқы нәрселердің адам миына эсер етуі салдарынан түйсінулер мен қабылдаулар, елестер мст сезімдер, тағы басқа да психикалық процестер пайда болады. Сонымен, психика дегеніміз — үнемі болып отыратын қозу мен тежелу сияқты физиологиялык процсетердід ми қабығында жасалуы. Сыртқы заттар мен құбылыстардың әсері мида түйсіну, қабылдау, елес тудырып, олар адамның алуан-алуан ойлау әрекеттері арқылы корытылады. Адам езінің максат-мүдделеріне оран оларға тітіркеніп икемделеді. Осы жайттар психика адамның өзін қоршаған сырткы ортамен қарым-қатынасынан пайда болып отыратын күрделі бейнелеу процесі екенін көрсетеді.
Адам ясихикаеыньщ пайда болуы, дамып жетілуі — тарихи процесс. Ол адамның қоғамдық енбегі, дыбысты тілі және сөйлеуінің даму ерекшеліктерімен тығыз байланысты. Бұл психика дамуында айрықша мәнді физиологиялық құбылыс және адам тіршілігі үшін де маңызды, Психикалық бейнелеудің өзіндік сипаты, ең алдымен, жүйке жүйесінің қызметімен байланысты болса, екіншіден, мұндай бейнелеу адам санасында өз таңбасын, ізін қалдырып отырады да, жан дүниесінің сырына айналады. Психика идея да, материалдық сипаты бар зат та емес, Ол — адамның миында бейнеленетін таңба,; әсер. Адам күнделікті Іс-әрекетінде максатты істерін жүзеге асыру үшін сыртқы ортаның жағдайына бейімделіп, табиғатқа ықпал етеді, оны мақсат-мүдделеріне лайықтап қайта жасайды. Адамның мұндай белсенді әрекеттері, еңбектенуі оның өз табиғатына, психикасын дамытура қолайлы жағдай тудырады.
Жануарлар психикасын адам психикасымен салыстырғанда, адам өзі өмір сүрген ортамея тығыз байланыста болып, белгілі заңдылық-тар бойынша дамиды, сыртқы
56
жағдайлардың әсеріне бейімделіп қана қоймай, оны саналы түрде өзгертеді. Сөйтіп, өз ықпаына бағындырады сырттан алынатыя сан алуан хабарларды бұрынан қалыптаскан іс тәжірибесімен салыстырады. Ненің пайдалы, ненің зияиды екеніне ой жүгіртіп, сарапқа салады.Адам пснхикасының дамуы болмыс пен дүниенің шындығын айна тәрізді бейнелеумен ғана шектелмей, оны ақыл-оймен саналы түрде қорытады. Мұндай әрекет дам психикасының терең сырларын, өзіндік ерекшеліктерін айқындай түседі. Адам психикасының дербестік сипаты сыртқы ортамен қатынаста болып, объективтік дүние мән-мазмұнының субъективтік түрде бейнеленуі үнемі бірлікте болып отыратындығын көрсетеді. Адамның психика-лық құбылыстарды бейнелеуінің тағы бір ерекшелігі — сыртқы дүние мен болмыстын адам миында қалай бейнеленуіне байланысты. Әркімнің өмір тәжрибесіне, білім дәрежесіне сәйкес бұл ерекшелік түрліше болып отырады. Болмыс пен шындықтық қаншалықты дұрыс бейнеленгендігі адамның қоғамдык-тарихи тә-жірибесімен салыстырылады. Мұндай жайт адамның өмір тәжірибесіне сүйене отырып бейнеленген ұғымдарын, ғылыми мағлұматтарын .мүлделерін шындыққа жанастыруда, олардың ақиқаттығын дәйектеуде -елеулі қадам жасайтындығын көрсетеді.
Табиғат пен қоғамның барлық құбылыстары сияқты психика да үнемі даму үстінде болады. Бұл — табиғи заңдылық. Психиканың пайда болуы ғылыми көзқарастарға сәйкес материяның ұзақ дәуірлер бойғы эволюциялық дамуымен бірлікте қарастырылады, Материя табиғатын зерттеу әр қилы қозғалыс түрлерімен ұштастырылады. Қозғалыс ~ материяның өмір сүру тәсілі, оның негізгі қасиеті. Материя ішінде де қозғалыс, даму процестері жүріп жатады. Қозғалыссыз материя жоқ. Бүкіл әлем заттары, әлемнің өзі де мәңгілік қозғалыста болып, үнемі өзгеріп, дамып отырады,
Барлық материяға — жайсыз заттардан бастап ең жоғары дәрежеде дамыған күрделі материя — адам миына да тән қасиет, олардың бейнелеу ерекшелігі — материяның сыртқы әсерге жауан беруі. Жансыз заттың жанды—- материяға ауысуы да, оның қозғалыс түрі де өзгерістерге ұшырайды. Материяға тән жалпы қасиет — биологиялық бейнелеу формасы. Жанды матерняның
белгілі бір даму сатысында психика пайда болады. Бейнелеудің жаңаша түрі туады. Ал материяның биологиялық дамуы тіршіліктің пайда болуымен байланысты.
57
Бұл — сан жөнінен табиғат дамуындағы жана баскьа Эволюциялық даму нәтижесінде тірі организмдер сыртқы жағдайлардың әсеріне тітіркеніп, бейнелеудің көптген түрлері келіп шығады. Организмнің мұндай бейнелеу қасиетіне орай, әлсіз тітіркенуден бастап бейнеле- дің күрделі түрлері болып саналатьш түйсіну, қабылдау ес, ойлау сияқты формалары пайда болды. Сөйтіп, психикалық тіршілік әр түрлі салаға жіктеледі.
Барлық өсімдіктер мен жәндіктер дүниесіне тән биологиялық бейнелеу қасиеті — тітіркенгіштік. Тітіркіну — тірі организмдегі биологиялық мәні бар сыртқ әсерге жауап беретін биотоктік қасиет. Мұндай қасиет өте қарапайым бір клеткалы тірі организмдерде, мысалы, амебаларда да болады. Ал сол қарапайым, көзге кө- рінбейтін организмдердің биотоктік әсерлерге қозғалып тітіркенуі тропизмдер не таксистер деп аталады (бұл мәселе ұшінші тарауда толық баяндалған).
Жәндіктер дүниесінде кездесетін тітіркенудін бір турі — сезімталдық — тірі организмнің сыртқы ортаның әсеріне тітіркеніп, тіршілік етуге бейімделуі. Мұндай сезімталдық сигнал (белгі) қызметін атқарады. Тірі организмдердің эволюциялық даму барысы мен тітіркену қасиетінің сезімталдық қасиетке өту жолында олар- дың тіршілік бейнесіне орай әр түрлі сезім мүшелері қалыптасады. Организмнің сыртқы жағдайдың әсеріне тіркенуі мен бейімделуі жіктеліп, бөліне бастайды. Әр бір мүше өз алдына арнайы қызмет аткаратьш дәрежеге жетеді.
Жануарлар психикасының бұдан кейінгі эволюциялық дамуында инстинкттік (соқыр сезімдік) әрекеттср мен дағдылар қалыптасады. Егер инстинкт жануарлардың әрекеті мен қылығындағы бейімделу қасиеті болса, ал олардың дағдылары әрбір жәндіктің дара тіршілігі-нің әрекеті болып саналады. Жануарлардың психикасы дамып, жоғары сатыға көтерілген сайын олардың өмір-ітіршілігінің ең, жоғары басқышы — иителлекттік мінез пайда болады.
Жануарлардың интеллектті мінезі — олардың заттар арасындағы байланыстар мен қатынастарды бейнелеу үстінде бұрын кездес-тірмеген жаңа міндеттерді шеше бастауы. Интеллекттік мінез — жануарлардың сыртқы ортаға бейімделуі ғана емес, олардың сол орта әсеріі қабылдап, әр қилы әрекет-қылық көрсетуі. Ал адам ба-ласы өзінің саналы әрекеті арқылы өмір сүрген ортсы-
58
на бейімделіп қана қоймай, оны жоспарлы түрде өзгертеді-
§ 3. Сана — психика дамуының жоғары сатысы
Сана — адамның материя дамуының белгілі бір сатысында пайда болған қасиеті. Ол — ең көлемді қалыпқа келген және жоғары деңгейде кемелденіп жетілген мидың кызметі, материялық дүниенің жетілген бейнесі Ф.Энгельстің анықтауынша, адамның жануарлар дүниесінен бөлініп шығуына әсер еткен шешуші факторлар — дыбысты тіл мен еңбек.
Дүниетану теориясының даму жолдарын В. И. Ленин ““Философиялық дәптерлерінде” баланың есеюі, жануарлардың жетілуі, тілдін даму тарихы (“мұны айрықша ескеру керек” дейді де), бұл салалар бойынша пскхология мен сезім мүшелерінің физиологиясын қоса зерттеу қажет деген міндеттерді қосу белгісімен арнайы атап көрсетеді. Сондай-ақ, ол еңбегінде бұл сапалардың бүкіл білім саласын қамтып, оның таным теориясы мен диалектикалық қалыптасуына негіз болатындығын да жазған,
Жоғарыда айтылған мазмұндар мен келтірілген дәйектер психика-ның дамуы мен адаи санасынын қоғамдық-тарихи сипатта болатынын түсініп, оның мәнің жете игеруді қажет етеді. Бейнелеу теориясы негізінде адам дүниетанымының пайымдау мен сезіп білу-ден абстрактылы ойлауға, одан тәжірибеге көшіп отыруы — ақи-қатты, объективтік шындыкты таньга білудің үнемі дамып, күрделеніп отыратын диалектикалық жолы. Бір сөзбен қорыта айтқанда, бейнелеу теориясы ғылыми психнологияның гносео-логиялық негізі болып саналады.
V т а р а у. АДАМДАР АРАСЫНДАҒЫ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС
ПСИХОЛОГИЯСЫ
1- Адамдар арасыидағы қарым-қатынас. Топтар
Жеке адамдар мен топтар күнделікті өмірде басқа да әр түрлі топтармен, адамдармен істес болып, өзара тығыз қарым-қатынас жасайды. Бұл адамның қызмет немесе оқу орнындағы сондай-ак, өмір сүретін ортасындағы адамдардың топтары болуы да мумкін. Ал ұстаздар мектеп окушылары белгілі бір мерзім ішінде мақ-
59
сат-мудделері топтаскан ұжым құрып, ресми топка айналады. Бұл топтағы шәкірттер мен жетекшілер топ ішіндегі әлеуметтік-психологиялық жағдайда мақсатты түрде істес, пікірлес болып, қаръш-қатынасқа түседі. Мұндай жардай ұстаздардан арнайы білімділік пен дағдыларды талап етеді. Ондағы мақсат — әр адамның әлеуметік орнын, қоғамдық мәнін білу. Жеке адамның өзі де — қоғам мүшесі әрі әлеуметгік тұлға. Сондықтан, онын өмір-тіршілігіндегі әрбір қимыл-әрекеті, ісі қоғамдық өмірдің көрінісі болып табылады,
Шартты және байланысты топтар — әлеуметтік психологиядағы топтың екі түрі. Шартты топка жататындарды зерттеуші олардың белгілі бір тұрақты қасиетіне орай ажыратады. Бұл топтарға адамдардың, мысалы, жас ерекшеліктеріне, жынысына, ұлттық белгісіне не мамандығына т. б. сәйкес бөлінуі мүмкін. Оған енгізіл-ген адамдардың бір-біріне және осы топқа тікелей жанама да қатысы болмауы мүмкін. Дегенмен, олар белгілі бір ерекшеліктеріне орай осы топка қатынаста тұрады, Шартты топқа, мысалы, мектеп жасына дейінгі балалар жатады деп есептеліп, сол жастағы бірнеше бала іріктеп алынып зерттеледі Мұндай зерттеу әлеуметтік психология-ның объектісіне жатады.
Байланысты топ — белгілі кеңестік пен мерзім арасында мақсат-мүлделерінің бірлігіне сәйкес біріккен адамдар тобы. Мәселен, бір сыныптағы оқушылар, мектептегі ұетаздар мен тәрбиешілер ұжымы, жұмысшылар брнгадасы, әскери бөлімдер, отбасының құрамы —- мұның бәрі бйаланысты топтар деп аталады. Әлеуметтік психология үшін бұл топтардың маңызы ерекше. Отбасы — адамдардың алғашқы табиғи тобы. Сол топтардан рулар қалыптасты. Бірлесіп еңбектену нәтижесінде адамдар кооперациялар құрды. Ал кооперациялар адамдардың шын мәнісіндегі еңбек тобы болып саналады.
Байланысты топқа адамдар белгілі бір жағдайда бірігіп, ресми емес топ құрайды Мысалы, пойыз ішіңдегі бір купеде келе жатқан жолаушылар біршама уақыт өткен соң өзара тіл табысып, станция-ларда бірі қажетті, нәрселер,сатып әкеледі, енді бірі өзгелерді сөзге айналдырады, қалжың әңгімелер айтып, қасындағыларды көңіл-дендіреді. Сөйтіп, кездейсоқ адамдар тобы арасында' қарым-қатынас орнайды. Әдетте, мұндай топ өз арасындағы біреуді басшы тұтъш, қалғандары оның айтқандарын тыңдайды. Өздерінше ішкі топ болып бірігуі олардың еркінен тыс сыртқы факторларға байланысты. Ұй-
60
ымдаскан осындай бір.топ сыртқы нұсқау арқылы бірігеді. Бұған әскери бөлімдерді жатқызуға болады. Кейде ресми және бейресми топтар бірін-бірі толықтырады, Мәселен, өнеркәсіп саласындағы өндіріс бригадасынын ұй-еңбектенуі, ресми топтағы қожалық шаруашылығы, фермерлер, жеке меншік ретінде құрылған өндіріс бірлестігі осыған мысал бола алады,
Топтар басшысыз не жетекшісіз болмайды. Кезкелген топтың сайлап алған, не белгілеп койған басшысы болады. Әдетте, топ алға қойылған мақсат-мүлделерін жүзеге асыру үшін ынтымақты болып, сайланған басшының жетекшілігімен әралуан істерді атқарады. Топ мүшелері істерінің нәтижелі болуы жетекшіге байланысты. Тәжірибелі ұстаз, тәлімгер мен тәрбиеші сынып ішіндегі топтарды қозғаушы күш етіп тәрбиелеп, оларды пайдалы істерді орындауға бағдарлап отырады.
Ұжымдық топ. Адамдар топтасуының ұйымдасқан түрі-ұжым. Оның шығу тегі — отбасы. Отбасы — белгілі бір тайпаның не рудың негізгі бөлшегі. Адамдардың әлеуметтік өмірінін. тірегі де — осы отбасы. Ұрылар мен гангстерлердің бандасы да — топ. Бірақ, олар ұжым емес Олардың ұйымдасуынын ішкі және сыртқы мақ~ саттары — - жеке бастың қамы, қара ниет құлқы мен қоғамға деген зиянкестік әрекеттер.
Адамдардың ұйымдасқан тобы — ұжымның түпкі мақсаты — адамдардың игілікті мұрат-мүлделеріне сәйкес істерді атқарып, қоғамның дамуына өз үлесін қосу. Ғылыми тұрғыдан алғанда, әрбір жеке адам вз қауымдастығында ерікті болғанда ғана пайдалы істермен шұғылдана алады. Сөйтіп, қоғамға өз пайдасын тигізеді.
Топтағы адамдардың өзара қарым-қатынас түрлері. Әлеуметтік ортада тіршілік етуші азамат өзінщ кім екенін былайғы жұртқа өзін қоршаған орта мен сыртқы дүниеге деген қатынасы арқылы таныта алады. Адамдар қарым-қатынасынын сыр-сипаты қоғамдық өмірде, әсіресе өндірістік істердегі әрекетінен айқын байқалады. Топ ішіндегі адамдардың бір-біріне тәуелділігі, бағын-уы, бірлесіп атқаратын істері, өзара көмектесуі — олардың нағыз топтық тіршілігінің занды түрде қалыптасуын көрсететін сипаттар. Олардың арасындағы қарым-қатынастардың мазмұнды болуы түрлі әлеуметгік жағдайларға және әрбір азаматтың даралық нақты іс-әрекеттеріне байланысты. Мұндағы өзекті мәселе — адамдардың қоғамдық ісінің нәтижелі болуы мен әлеуметтік мақсаттылығы. Адамдар арасындағы тікелей қарым-қатынас
61
бір-бірін ұнатып, қолдау нәтижесінде өрістесе, ал жанама қарым-қатынас олардың бағалы заттарды өзара алмасуы мен бірінің ісін бірі бағалау нәтижесінде қалыптасады. Мұндай қатынас негізінен ұжымдық сипат алады.
Психология пәні адамдар арасындағы жанама қатынастардың түрлі өзгерістерге үшырайтьшын ерекше атап көрсетіп, олардың мынадай деңгейлерде қалыптасып отыратындығына мән береді.
а) диффузиялық топ бұл аралас топ деп те аталады, мұндай топтағы адамдардың өзара қарым-қатынасы топтың негізгі іс-әрекетіне байланыссыз-ақ жүзеге асады; ә) ассоциация — күрделі топ, топтың іс-әрекеті әрбір адамның мүлдесіні сай келетін болғандықтан, топтар ішіндегі қарым-катынас жандана бермек; б) корпорация, мұнда да жеке мүлделерге сәйкес қатынас ассоциациялық негізде дами бермек; в) ұжым —- топтың ен жоғары деңгейде ұымдасқан формасы, мұнда топ ішіндегі қарым-қатынынас жалпы мақсатты іс-әрекеттер арқылы жүзеге асып, бір адамның қоғамдық мақсат-мүлдесімен ұштасып жатады.
Ұжымдық карым-қатьшас жасаудың негізгі объектісі — адамдар-дың ұйымшылдығы мен бірлігі, топтағы психологиялық ахуал, әрбір ұжым мүшесінің көңіл-куйі сергектігі, болашақ максат-мүлдесі әлеуметтік психологияда өзекті жайт ретінде дара түрді қарастырылады. Бұл мәселелердің бәрі ұжымдық мүлде деп саналады.
§ 2. Қарым-қатынастық мән-жайьш зерттеу тәсілдері
Американдык психолог әрі социолог Дж. Морено шағын топтағы адамдардың қарым-қатынасын зерттеу үшін социометриялық әдісті ұсынған болатын. Бұл әдісі бойынша ұстаздар мен тәрбие-шілер, шағын ұжымдардың жетекшілері, өндірістік-кәсіптік мекемелердегі топтардың басшылары қарамағындағылардың өзара рым-катынасын анықтай алады, Бұл тәсілдің негізгі өлішемі (критерий) әр қилы, Басты мақсаты — топ ішіндегі адамдардың тілегі мен мүлдесін анықтау, Топтағы адамдардың өзара карым-қатынастарының үйлесімді болуы, немесе бір-бірін ұнатуы, ұнатпауы олардың сезімдік-эмоциялық күйлеріне байланысты, Топ ішіндегі қатынастар социограммасы мен адамдардың таңдауын көрсететін матрицалық кесте — “А”, “Ә” суреттерінде берілген.
62
5-А сурет. Топтағы адамдардын өзара таңдауын көрсететін матрица
— кесте.
Матрица кестесінде I, II, III деп көрсетілген рим цифрлары таңдалған серіктер ретін білдіреді, ал “—” белгісі партада бірге отырғысы келмейтін құрбыларды көрсетеді I цифр бойынша таңдалғандарды Ә-суреттегідей етіп социограмма жасап көрсетуге болады. Ол үшін сьшыптағы экспериментке қатыстырылған оқушыларды тандау алған санына сәйкес 5 топқа бөлу керек. 1-топқа тандауды көп алғандар жатады. Олар — топ ішіндегі “ұйытқы”. 2-топтағылар құрбылары арасында беделді Олар 25—75% таңдау алған. 3-топтағылар — ішінара, 25% таңдалғандар. 4-топ — бірде-бір таңдау алмай, елеусіз қалғандар. 5-топтағылар — кұрбылары жаратпай не менсінбей, бір партада отырғысы келмейтіндер.
Социограмма құрастыру үшін ұлдар Д, кыздар О белгісімен таңбаланады. Социограммада ұлдарды шеңбер диаметрінің оң жағына, қыздарды сол жағына орналастыру керек*.
Кіші топташ оқушылардың өзара қарым-қатъшасының тұрақтылығы оқу-тәрбие істерін тиімді әдіс-тәсіл-
* Топ ішіндегі карым-қатынас психологияш туралы мэлімет-терді психология оқулығынан оқып, меңгеріп алған жөн.
63
дер қолдана отырып жүргізгенде жемісті болмақ. Социометриялық зерттеу әдісін 4—6 айда бір қайталап, шәкірттердің өзара қатынасын анықтап отыру белгілі бір нәтиже береді. Бұл социограммада оқу-шылардың топ ішіндегі өзара қарым-қатьшас түрлері көрсетілген. Қойылған сұрақтар таңдау критерийлері делінеді. Топта адамдардың жағдайын және оның өзгелермен қарым- қатынасын анықтау үшін сыналушыға, мысалы, “Сен туған күніңе кімдерді шақырар едің?” деп сұрақ койып, “1-кімді, ол келе алмаса, 2-кімді, оның жағдайы болмай қалса, 3-кімді қалар едің?” деп анықтау керек. Сыналушыға теріс жауап беруді талап ететін сұрактар да қойлуы мүмкін. Мысалы, “Сен кіммен бір партада отырғың келмейді?” деген сұрақ қойылады. Таңдаудың дұрыс және теріс түрлерін белгілеу мынадай сызбалар арқы. бейнеленеді.
5-"Э" сурет. Топ ішіндегі өзара қарым-қатынас
социограммасы.
Жоғарыда аталған диффузнялык топтың тағы бір ерекшелігі — бұл топтағы адамдардың өзара үйлес тауып, бір-бірімен сыйысымды болатындығы. Мәселен,
64
5-"Б” сурет
ұзак санарға шыққан кеме экипажы, ғарышкерлердің әлемдік кекістікте ұзақ мезгіл бойы бірге больш, өзара тіл табысуы. Адамдар арасындағы үйлесімділік қатынастар гомеостат аспаптары арқылы зерттеледі. Бұл тәсілде адам организмі мен жүйке жүйесінің қоршаған ортаның киын жағдайына икемделу мүмкіншіліктері ар-найы жасалган үлгі бойынша қарастырылады
Ұйымшылдық пен бірлік топтардың тәжірибелік іс-әкеттерінің мақсат-мүлдесімен байланысты. Мұнда жоспарланған істерді қалайда жүзеге асырып отыру көзделді. Топ ішіндегі тағы бір жайт — жеке адамның топтың аткаратын іс — әрекеттеріне илануы, Бұл ~ психогиядағы ерік сипаты. Илану адамның көнгіштігімен анықталады
Топтар мен ұжымдардың психологиялық ахаулы дифренциалдық диагностика тәсілімен зерттеліп, олардын бағыт-бағдарынан, іс-әрекет түрлерінен келешекте нендей нәтижелер күтуге болады деген мәселе негізгі мақсат етіп қойылады. Днфференциалдық диагнос-тиканың қазақша мағынасы зр қилы іс-эрекеттер мен құбылыс-тардан туындайтын нәтижелерді болжап, олардың мэн-жайын танып білу деген түсінікке саяды.
Шағын топтар мен ұжымдардағы адамдардың өзара қарым -қатынасы және олардың өздеріне серік іздеп, әріптестер таңдауы адам психологиясындағы өзіндік маңызы бар мәселе больш табылады. Қарым-қатынас жасаудың адам өміріндегі қоғамдық-әлеуметтік және психоляогиялық негізі, ең алдымен, адамның күнделікті тіршілік қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатымен байланысты екендігі айқын.
VI тарау. ЖЕКЕ АДАМ ЖӘНЕ ІС-ӘРЕКЕТ
ПСИХОЛОГИЯСЫ
Аяам - табиғаттағы кемелденіп жетілген ақыл-ой ие;сі және қоғамдық тұлға. Осы ерекшеліктеріне орай, адамды ғылымның бірнеше саласы зерттейді. Мәселен, философия ғылымы адамның дүниетанымдык. көзқарасын, ақыл-ой өресін, санасын, анатомия мен физиология адамның денесі мен жүйке жүйесійің құрылысын, қыз-
65
метін қарастырады. Антропология — адамның қоғамдағы алатын орнын, табиғаттағы өзге кұбылыстараден байланыстылығын зерттеуді мақсат етеді. Тарих ғылымы адамның қоғам өміріндегі қарым-қатьшасын саралауды, ал педагогика адамға білім беру жүйесін қарастырып, оның қоғамның белсенді азаматы етіп қалыптастыруды көздейді.Психология ғылымды болса, адам жан дүниеснің сырын, психикасының даму зандылықтары мен жеке қасиеттергінің жетіліп, қалыптасу жолдарын зерттейді.
Достарыңызбен бөлісу: |